74. 1917 жылы шілдедегі Жалпықазақ съезі және Алаш партиясын құру туралы шешім.
Бірінші жалпықазақ съезі - 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан 20-дан астам қазақ өкілдерінің қатысуымен Орынбор қаласында өткен сиез. Ол Х.Досмұхамедұлының төрағалығымен, А.Байтұрсынұлының, Ә.Көтібаровтың, М.Дулатовтың, А.Сейітовтың хатшылығымен өтті. Бірінші жалпықазақ сиезінің күн тәртібіне сол тарихи кезендегі елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне Қатысты төмендегідей 14 мәселе қойылды:
Қазақ автономиясы.
Жер мәселесі.
Халық милициясы.
Земство.
Оқу мәселесі.
Сот мәселесі.
Дін мәселесі.
Әйел мәселесі.
Бүкілресейлік құрылтай жиналысы.
Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі.Қазақ саяси партиясы.
Жетісу оқиғасы.
Киевте өтетін Бүкілресейлік федералистер сиезіне және Санкт-Петербургтегі оқу комиссиясына Қазақтан өкіл жіберу.
1917 жылы шілде-тамыз айларының өліарасында жалпықазақтық І құрылтай шақырылып, Алаш партиясы тарих сахнасына шықты.
Алаш партиясының ұлттық ұстанымы бес түрлі тұжырымға негізделді. Тұрсын Жұртбай съезде көтерілген қазақ мәселелерін жіпке тізгендей былайша баяндайды:
Бірінші ұстаным: жер, жер және жер. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша: Қазақтың байыр¬ғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмейді!
Екінші ұстаным: жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек!
Үшінші ұстаным: Ә.Бөкейхановтың жобасы бойынша, Қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі керек, яғни, толықтай экономикалық тәуелсіздік пен бірлікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс!
Төртінші нысана: қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстем¬дігі болуы керек, яғни, Х.Дос¬мұ¬хамедовтің пайымдауына жүгінсек, ұлт¬тық мәдениет үстемдігі сақталуы тиіс!Бесінші, түпкі мақсат: тәуелсіз ғы¬лым¬ға, ұлттық салт, дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құру еді.
Алаш партиясын тарих сахнасына шығарған тұңғыш жалпықазақ съезін қазақ зиялыларының мемлекет болу жолында жасаған маңызды қадамы деп айтуға болады
Достарыңызбен бөлісу: |