Қазақстан тарихы Сессия билеттері Қазақстан аумағындағытасғасырынақатыстыархеологиялықескерткіштердіңашылуы. Қазақстан там дәуірініңзерттелутарихын археолог Ж.Қ. Таймағамбетов «Палеолит Казахстана


Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны.Ашаршылықтың салдары



бет16/20
Дата04.01.2023
өлшемі213,34 Kb.
#60359
түріДиссертация
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Қазақстан тарихы Сессия билеттері

83. Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны.Ашаршылықтың салдары
1927 жылы партияның ХV съезінде елді коллективтендіруге бағыт алуға шешім қабылданды. Бұл науқан 1929 жылы Сталиннің „Правда” газетінде жарияланған „Ұлы бетбұрыс” деген мақаласынан кейін аса қарқынмен жүргізілді. 1928 жылы Қазақ АКСР Атқару комитеті мен халық комиссарлар Кеңесінің „Бай шаруашылықтарын тәркілеу” туралы қаулысы шықты. Осы қаулының негізінде жеті жүзге жуық ірі бай шаруашылықтары тәркіленіп олардың иелері қанаушы тап ретінде атылды. Осы саясат кейіннен колхоздастыру кезінде де жалғасып, оған орта шаруалар да ұшырады. Қазақстандағы коллективтендіру аса жылдамдықпен жүргізілді. 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруа қожалықтарының 2% колхоздарға біріксе, 1930 ж. Олардың саны 50% -ке жетті. 1931 ж. Олардың саны 65% болды. Қазақстандағы коллективтендіру қазақ халқының ғасырлардан бері қолданып келе жатқан көшпелі тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын ескерілместен жүргізілді. Шаруаларды еріксіз, зорлап колхоздарға кіргізді. Қазақтарды күштеп отырықшылыққа көшірді. Халықтың қолындағы мал еріксіз колхозға тартып алынды. Бұл істердің барлығы дайындықсыз жүргізілгендіктен және қысқы жем-шөптің болмауынан Қазақстандағы мал шаруашылығы үлкен апатқа ұшырады. 1932 жылдың ақпан айына дейін колхоздардағы малдың 87% -і апатқа ұшырады. Сонымен бірге индустрияландыру жылдарында Ресейдің орталық аудандарындағы ірі құрылыстардағы жұмысшыларды етпен қамтамасыз ету мақсатында малдың біраз бөлігі Ресейге жіберілгеннен кейін 1928 жылға дейін Қазақстанда 40 миллион мал болса 1933 жылғы Қазақстанда 5 миллионға жуық қана мал қалды. Қолындағы күн-көріс малынан айырылғаннан кейін және көптеген салықтардың салынуына байланысты қазақтардың өзі де аштыққа ұшырады. Коллективтендіру жылдары жіберілген өрескел қателіктердің салдарынан 2 миллион 200 мың адам қазаға ұшырады. Бұл сол кездегі қазақ халқының 49% -і еді. 1 миллионға жуық адам шет мемлекеттерге кетті.Шабындық және егістік жерді қайта бөлу, тәркілеу, азық-түлік салығы, күштеп отырықшыландыру мен ұжымдастыру барысындағы зорлық-зомбылықтардан көп азап шеккен ең алдымен қазақ халқы болды. Бар дүниесінен, мал-мүлкінен, құрал-саймандарынан, тіпті жертөлесінен де айырылған қазақтар ашаршылыққа ұшырап, босқын күйге көшті.
Ауыл шаруашылығында егіншілік көлемі күрт азайып кетті. Мал шаруашылығы терең күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн бас мал болды, ал 1933 жылдың 1 қаңтарында олардан қалғаны бар болганы 4,5 млн бас еді. 1931—1933 жылдары бүкіл Қазақстанды құшағына алған аштықтан 6,2 млн республика халқының 2,1 млн-ы қырылды.
84. Сталиндік қуғын-сүргін, оның ауқымы және ауыр зардаптары. 1930 жылдары Кеңес Одағында социалистік қатынастар қалыптасты,сталиндік тоталитарлық жүйе толық орнықты. 1928 жылы Кеңес үкіметінің басшылығына келген И. Сталин 1929 жылды «ұлы бетбұрыс» жылы деп атады. Халықтың есінде ешбір жазықсыз миллиондаған адамның өмірін əкеткен сталинизмнің «ұлы бетбұрыс» кезеңі басталды. Аштық пен жаппай қуғын-сүргін, тоталитарлық режимнің жазықсыз адамдарды қуғындауы мен күштеп жер аударуы осы жылдардағы басты оқиғалар болды. Қазақстанда халыққа қысым жасау саясаты, əсіресе, 1925 жылы қыркүйекте БК(б)П Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшылығына Ф.И. Голощекиннің келуімен күшейді. 20 жылдардың соңында ел ішінде адамдардың бір-біріне деген жаппай сенімсіздігі, қорқыныш пен қорғансыздық күйі өрши түсті. 1928 жылдың соңында «буржуазияшыл ұлтшылдар» атанған «Алашорданың» бұрынғы қайраткерлерінің бəрі тұтқындалды. «Алаш» партиясының өкілдерін қудалау мақсатында кез келген айла-шарғы пайдаланылды. Баспасөзде олардың атын қаралайтын мақалалар жарияланып, тікелей арандату əрекеттері жасалды, олардың отбасы мүшелері, жақындары тұтқындалды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшылдар» деген айып тағылды. 1937 жылы БК(б)П ОК-нің, И.В. Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жаулары мен олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жоюдың» қажеттігі жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты. 1936-1938 жылдары Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-іне «халық жауы» немесе «халық жауының сыбайластары» жəне т. б. айыптар тағылды. Танымал қазақ зиялылары, Алаш қайраткерлері саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Олардың отбасы мүшелері де жазықсыз қудаланды. Бұл кездегі ең ауыр жаза “Халық жауы” деген айыппен Ату жазасы болды
85. Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау – ұлттық ар-намысты кемсітудің үлгісі. 1920-1950 жылдары тұрғындарды күштеп көшіру сталиндік қуғынсүргіннің негізгі құрамдас бір бөлігіне айналды. Жалпы КСРО-да депортацияға ұшырағандардың саны 1920 жылдан 1949 жылға дейін 3,2 миллион адамға жетті. КСРО-да күштеп қоныс аударту төмендегідей белгілер бойынша жүзеге асырылды: -этностық белгілері бойынша депортация жазаланган халықтар, сенімсіз халықтар бойынша жүргізілді; -əлеуметтік-таптық белгілері бойынша депортация (1934 жылға дейінгі кулақтарды жер аудару) кезінде келгендер, арнайы көшірілгендер . саяси мүдде негізіндегі 1934-1944 жылдары көшірілгендерді «еңбек қоныстарындағылар» деп атады. 1944 жылдан бастап «арнайы қоныс аударылғандар» деген атау қолданылды. Жоғарыда аталған күштеп жүргізілген депортациялардың ішінде мерзімі жағынан большевиктік əлеуметтік-таптық геноцид бірінші болып жүзеге асырылды. Кубань казактары, зиялылар, діни адамдар алғашқы большевиктік тəжірибенің құрбанына айналды. Одан кейін кулақтар мен байларды тап ретінде жою басталды. Кулак деп аталған миллиондаған шаруаның көзін құртқан этнодемографиялық дағдарыс КСРО халықтарына зор зиянын тигізді. Олар арнайы комендатураларда есепте тұрды. ГУЛАГ қызметі жүйесіне күшпен тартылып, көмір өндіру, металл өндірісі, темір жол мен электростанциялар, құрылыс объектілерінде, мақта өсіру, қызылша, қант өндірістерінде жəне т.б. салаларда жұмыс күші ретінде пайдаланылды.
86. Кеңестік білім беру жүйесін құру. Арабтан латынға, кейін кириллицаға көшу. Кеңес үкіметінің жергілікті билік органдары Азамат соғысы жағдайында мүмкіндігінше мектептер ашты. Халықты ағарту арқылы большевиктер өздерінің идеологиясын сіңіруді жəне қарапайым адамдардың сеніміне кіруді көздеді. Халық ағарту ісінің барлық жүйесін қайта құру революцияның алғашқы күндерінен басталады. 1917 жылы 9 қарашадағы декрет бойынша, Ағарту ісінің мемлекеттік комиссиясы ұйымдасты, ол негізінен халыққа білім берудің жаңа жүйесін құрудың негіздерін талдаумен айналысты. Халық ағарту комиссары Луначарский жұртшылыққа мұғалімдерге жəне оқушыларға үндеу жариялады. Бұл үндеуде ол халық ағарту саласындағы Кеңес үкіметінің негізгі қағидалары мен міндеттерін сипаттап берді: жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқыту, мектептердің барлық сатыларында жалпы білім алуға болатындығы, мектептің діні болуы, білім беруді демократияландыру, жергілікті жəне ұлттық ерекшеліктерді ескеру. 1918 жылы 30 мамырда барлық оқу орындары мен жалпы білім беретін мекемелерді Халық ағарту комиссариатының қарамағына беру декретке қол қойылды. 1918 жылы 20 қаңтарда Халық комиссарлары кеңесінің “Шіркеулік жəне діни қоғамдарда ар-намыс еркіндігі туралы” декрет қабылданды. Онда шіркеуді мемлекеттен жəне мектепті шіркеуден бөлуді жариялады. 30 жылдардың соңына қарай мемлекеттің сыртқы саяси бағытына байланысты мемлекет жалпылай кирилге өтеді. Бұл жолы қазақ əліпбиі мен орфографиясын құру мəселесі бірге талқыланады. Орыс графикасына құрылған əжаңа əліпбиді қолдай отырып, ұйымдастыру комитетінің кей мүшелері "қ" жəне "ғ" əріптерінен бас тартып, орнына "к" жəне "г" əріптерін қолдануды ұсынады. Дегенмен бұл ұсыныс қабылданбады. Бұл мəселе "ə", "ө" жəне "ү"əріптерінен бас тартып, орнына "о" мен "у" əріптерін орыс тіліндегі "ь" əрпі арқылы қолдану мəселесі айтылды. Оқылуға қиындық тудырып, бірізділік сақталмайтындықтан бұл ұсыныс та талқылаудан алып тасталды. Тілшілер, əдебиетшілер мен педагогтар арасында араб-парсы сөздерінде кездесетін "һ" əрпі үлкен дау туғызды. Ұзақ талқылаудан кейін арабпарсы сөздерінен енген сөздердің барына қатысты бұл əріп əліпбиде қалдырылды. Ал орыс тілі арқылы келген ғылыми-техникалық терминдерді дұрыс жазу мақсатында жаңа қазақ əліпбиіне "ц", "ч", "щ", "ъ", "ь", "э", "ю", "я"əріптерін енгізу шешімі қабылданады. Осылайша, орыс графикасына негізделген 41 əріптен тұратын (32 əріп орыс тілінен жəне қазақ тілінің ерекшелігін сақтайтын 9 əріп) жаңа қазақ əліпбиі 1940 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Президиумында бекітіледі.
87.Қазақстандықтардың майдан іс- қимылдарына, партизандық қозғалысқа қатысуы
Жауабы: Партизандар туралы Кеңес Ақпараттық Бюросының хабарламаларында, мерзімдік басылымдарда айтылды. Бұл қаулыда ерекше айтылатын міндет герман жаулаушылары үшін адам төзгісіз жағдай жасау, олардың байланыстарын үзіп, əскери техникаларын істен шығару, барлық іс- шараларын жүзеге асыруға жол бермеу, басқыншылар мен оларды қолдаушылардың көзін жою, атты жəне жаяу əскер партизандық бөлімдер жүйесін құру болды.
Партизандық қозғалыстың маңызды қорытындылары Л.Н. Бычковтың «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы партизандар қозғалысы», «Советские партизаны» еңбектерінде берілген.
88. Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің көрсеткен ерлігі.
Жауабы: Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға шақырылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті.
1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының “Құрман” колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев 1 гектардан 155,8 ц. тары алып, әлемдік рекорд жасаса, ал 1945 жылы – 1 га-дан 202 ц. тары алып, өзінің алғашқы көрсеткішін бірнеше рет өсірді.
1986 жылға дейін, яғни соғыс кезі мен одан кейінгі уақытты қоса алғанда 89. Соғыс тұтқындарының тағдыры. «Түркістан легионының» тарихы. адам Социалистік
Ері атағын алған. Көп деп айтуға да келмейді. Десе де еленбей қалған ерліктер ел жадынан ұмытылмақ емес.
89. Соғыс тұтқындарының тағдыры. «Түркістан легионының» тарихы.
Жауабы: соғыс басталған 1941 жылдың 22 маусымынан бастап желтоқсан арасында 2 млн-ға жуық кеңес әскері тұтқынға түсті. фашистердің жасақтаған уақытша лагерьлерінде адам төзгісіз жағдайда ұсталды.
лагерьлер орналас­тырмай, алғашқы кезде Белоруссия, Ук­раина, Балтық елдері жерінде ашылды. Ченстохово, Сувалки, Легионово жә­не басқа лагерьге сұрыпталып әке­лін­ген тұтқындар әдейі осындай азап­ты жағ­дайда ұсталды. Мысалы, Ченстохово лагеріне жинақталған 30 мың түркімұсылман тұтқындарынан екі-ақ мың адам аман қалған. Олардың бәрі сүзек және басқа аурулардан жаппай қырылған.Тұтқындар лагерінде оларды ұлтына қарай бөліп, тұтқындарды жұмысқа салды, оларға неміс армиясына қызмет етуді ұсы­нып, үгіт-насихат жүргізді.
Германия тұтқынға түскендерді ірік­теп алып, солардан құрылған легион­дарды кеңес әскерінің өзіне қарсы айдап салу идеясы іске асырыла бастады.
Түркістан легионы үлкен Шығыс легионының бір бөлігі болатын. Мұны 1941 жылы Мұстафа Шоқайға ұсынады. Бірақ, ол келіспегендіктен Түркістан легионының басшысы ретінде Уәли Қайюмды сайлайды. Оларды біріктірген негізгі мүдде Түркістанды орыстарды зұлымынан азат ету болды. Лагердегі кез-келген тәртіпті бұзғаны үшін адамдар ату жазасын алатын. Аштық пен аурудан (тиф, дизентерия, өкпенің қабынуы, туберкулез) күн сайын 100-ге жуық адам өлім құшатын».
Адам айтқысыз аштық тұтқындардың басын айналдырды, каннибализмге-де (адам жеу) жол берілді.
90.Соғыс жылдарындағы ғылым,мәдениет және халыққа білім беру:
Ұлы отан соғысы жылдары кезінде Қазақстанның ғылыми дамуы едәуір өсті,дамыды.Ең алдымен дамуына көшіріліп әкелінген ірі ғылыми мекемелер мен білікті ,білімді ғалымдардың республикада уақытша тұруымен байланысты болды.КСРО ғылым академиясы Қазфилиалының жеті жаңа институты құрылды.Соғыс жылдарында жоғары оқу орындарының 130ға тарта оқытушысы ғылым кандиданты, ғылым доктары сынды ғылыми дәрежелер иеленді.Қазфилиал 350ден астам экспедициялық топтар ұйымдастырды , олар Қазақстанның табиғи байлықтарын майдан мұқтаждықтарымен қамтамасыз ету үшін зерттеп,өз қлестерін қосты.Академик А.С.Орлов соғыс жылдарында орыс-қазақ тілдерінде сөздік құрастырып, батырлар жыры атты еңбегін жазды.Мәдениетте тоқтаусыз даму үстінде болды.Өнер шеберлері өздері қамқордыққа алған ұжымдарда 20мың спектакль мен концерттер көрсетіп, мыңнан асиам майдан шебінде өнер көрсетті.
91.Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан.Бейбіт құрылысқа көшудің қиындықтары:
Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақстан еңбекшілері бейбіт құрылысқа қайта оралды. Экономиканы бейбітшілік жағдайға бейімдеп қайта құру еңбекшілердің қоғамдық-саяси белсенділігі жағдайында жүргізілді. 1945 жылы қазан айында Алматыда Республиканың 25 жылдығына арналған Қазақстан Жоғары Кеңесінің мерекелік сессиясы болып, оған туысқан республикалардың, Мәскеу мен Ленинградтың делегациялары, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының озаттары, ғылым мен мәдениет қайраткерлері қатысты. Осы мерекеге орай 5304 адам ордендермен және медальдармен наградталды.
1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастауға үлкен мән берілді
Республикада ауыр индустрияны жедел дамыту, сондай-ақ, жеңіл және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Тұрғын үй құрылысын және қалалар мен жұмысшылардың тұрақты аудандарында мәдени-тұрмыстық орындар жүйесін кеңейтуге ерекше көңіл бөлінді. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын өркендету негізінде республика еңбекшілерінің материалдық және мәдени тұрмыс дәрежесін одан әрі көтеру көзделді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы көлемі одақ бойынша үшiншi орынға шықты. Мұнда күрделі қаржы кәсіпорындарды қалпына келтіруден гөрі бұрынғыларын кеңейтіп, жаңа кәсіпорындар салуға бағытталды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 40 пайызға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есеге арту көзделді. Бесжылдық қорытындысында Қазақстан өнеркәсібінің жалпы өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5, мүнай-1,5, газ-1,9, электр қуатын өндіру 4,1 есе артты.
946 жылы республикада Ғылым академиясы құрылып, оның президенттігіне көрнекті ғалым, академик Қ. И. Сәтбаев сайланды. Осы жылдарда Ақтөбе, Гурьев, Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Шымкент екi жылдық мұғалімдер институттары жоғары бiлiм беретiн педагогикалық институттар болып қайта құрылды.
Жалпыға бірдей жетіжылдық білім беру туралы Заң одан әрі жүзеге асырылды. 1952 жылдың аяғында Қазақстанда жалпыға білім беретін 9 мыңдай мектеп, 125 техникум мен арнаулы оқу орны жұмыс істеді, бұларда 1,5 млн. адам оқыды. Алайда, мектептердiң материалдық жағдайы онша болған жоқ. Олардың көпшiлігiнiң ғимараты болмады. Сондықтан оларға ғимарат салу, мектептердің ескірген, тозған үйлерін жөндеуге халықтың, село мен қала еңбекшілерінің тарапынан үлкен көмек көрсетілді. Сонымен бірге олар клуб, кітапханаларға да жәрдемдесті. Кітап қорларын толықтыру үшін кітап, радиоқабылдағыш, т.б. мәдени құралдарды жинап берді.
92.20 ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестіу реформалардың қайшылықтары мен салдары
1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды.
1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды.
1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды.
1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я.Рудзудақты, А.Рыковты, В.Губарьды актағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды.
Кеңестік қоғамның саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарысы.
Саяси саладағы дағдарыс себептері
1. Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздігі және дәрменсіздігі. 2. Қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан басқарылуы. 3. Партиялық және мемлекеттік функциялардың бірігуі мен төрешілденуі. 4. Заңдылықтың бұзылуы. 5. Жариялылықтың болмауы.
Экономикалық салада дағдарыстың себептері
- Шаруашылықты жүргізудің шығындық тәсілі. - Ғылыми-техникалық және технологиялық прогресте артта қалушылық. - Бақылаусыз басқару аппараты. - Инфляция. - Товар зәрулігі.
Әлеуметтік саладағы дағдарыстың себептері
- Халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауы. - Теңгермешілдік. - Әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы. - Күнделікті тіршіліктің бұрмалануы. - Ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер. - Маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, парақорлық, жезөкшелік және коррупция.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет