3.Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі.
Энеолит дәуіріндеалғашретмыстанпышақтар, түйреуіштержәнеинелержасалабастайды.Мыстанжасалғаншоттыңнемесебасқа да құралдардыңтастанжасалғаншапқығақарағандажұмысістеутиімділігібірнешеесеартты. Мыстанжасалғанқұралдартиімділігінашартасқұралдардыжаппайығыстырыпшығарабастады. Мыс қалыптардыңойлаптабылуықұралдардыкөбейтіпшығаруғамүмкіндікберді. Мыстанжасалғанөткіржүздіқұралдардыңпайдаболуынанқармақсияқтыбұрынбелгісізболғанқұралдар да ойлаптабылды. Металлдыңадам мен қоғамөмірінеенебастауы энеолит дәуірініңбастыерекшелігіболыптабылатын.Мал шаруашылығы дамыған аймақтарға энеолит кезеңіүлкенөзгерістералыпкелді. Бұл дәуірде климат ылғалдыеді. Сол себепті де мұндай табиғи орта сүтқоректі жануарлардың, әсіресе жылқы малыныңкөбеюінежағдайжасады. Бұрынбіржерденекіншіжергежиіқонысаударатынаңшытайпаларөздерініңкөшуаумақтарынқысқартып, бірорындаұзақуақыттұрақтайбастады. Аңаулауалқаптарыныңбосауы мал саныныңодан ары ұлғаюынаәкелді. Ал энеолит тұрғындарытөрттүлікмалды, әсіресежылқылардыкөптеп қолға үйретіп, анағұрлым үлкенаумақтардашаруашылықтыңбіртүріменшұғылданабастады. Осыданолардың неолит кездегіденбөлекөздербесмәдениеттеріпайдаболды.ҚоныстарәдеттеТорғай, Терісаққан, Тобыл, Обаған, Шағалалысияқтышағын дала өзендерініңбиікалаптарындаорналасқан. Олардыңкөлемдері 2-3 гектардан 15 гектарғадейінжетеді. Бұлқоныстардыңішіндежақсызерттелгені – Ботай қонысы. Олшамаменб.з.б. ХХІҮ-ХХІІ ғасырлараралығында 200 жылдайөмірсүрген. Қазіргедейін 158 тұрғынүйдіңорнытабылған. Қоныстың тұрғынүйлерітығызорналасып, бір-біріменжалғасатынөзіншебіркварталдардықұраған. Бұлардыңбіреуінде 30-ға дейінүйлерболған.ҚоныстарәдеттеТорғай, Терісаққан, Тобыл, Обаған, Шағалалысияқтышағын дала өзендерініңбиікалаптарындаорналасқан. Олардыңкөлемдері 2-3 гектардан 15 гектарғадейінжетеді. Бұлқоныстардыңішіндежақсызерттелгені – Ботай қонысы. Олшамаменб.з.б. ХХІҮ-ХХІІ ғасырлараралығында 200 жылдайөмірсүрген. Қазіргедейін 158 тұрғынүйдіңорнытабылған. Қоныстың тұрғынүйлерітығызорналасып, бір-біріменжалғасатынөзіншебіркварталдардықұраған. Бұлардыңбіреуінде 30-ға дейінүйлерболған.ТарихиүдерістіңдамуындаэнеолиттенкейінгіжалғасатынқолакезеңіҚазақстантарихындаорыналғанкөптегенерекшеліктеріменсипатталады.Қоладәуіріндерулыққатынасжойылып, тайпалықбірлестіктерқұрылды. Қоладәуірініңхронологиясы - б.з.б. ІІ-І мың жылдықтар. Мысты-тасғасырыаяқталғаннанкейін, қолағасырыбасталады. Қолағасырыдепаталуыныңсебебі, осы кездеЕуразиядақолаөндірутәсілімеңгеріліп, қолазаттарынжасайбастады. Қола еңбек құралдары мен қаруүшінқолданылатыннегізгішикізатболды.Қоладәуірініңбастыүшерекшілігіболды. Алдыменбұлерекшелікқоламеталлургиясыменбайланысты. Қазақстанжерқойнауындаполиметалдардың, еңалдыменқалайы-мыс рудаларыныңбарыншамолдығыбұлтерриториядаметалургияныңмықтыошағышығуынынбірсебебіболды. Қазақстанныңбірнешеөңірлеріндекенөндірілгенорындардыңтабылуыбұғандәлелболады. Кейінгіерекшелікшаруашылықтықамтиды. Біздіңзаманымызданбұрынғы II мыңжылдықтыңортасындаҚазақстанныңдалалықтайпаларында алғашқы өндірістің өрлеуі байқалды, мал өсіруинтенсивтітүрдеөрістеді. Осы уақыттанбастапдалалықЕуразияхалықтарының шаруашылығында мал өсірунеғұрлымкөбірекорын ала бастады. Б.з.б. II мың жылдықтың аяғында –I мыңжылдықтыңбасындадалалықөңірлердегіхалықтардың көпшілігі шаруашылықтың маманданған жаңа түріне - көшпелі мал шаруашылығынакөшеді.Егіншілікорташадәрежедедамыды. Қоладәуіріндегіэкономиканыңбасты – екібағытыболыптабылатын мал шаруашылығы мен металургияның, сондай-ақегіншіліктіңдамуыеңалдыменеркектердіңеңбегінқажететті, мұныңөзіқоғамдағы ер азаматтардыңрөлінарттырды. Сондықтан аналықрулыққатынастыңорнынааталықру (патриархат) орнады.Қоғамдықөмірдегііріөзгерістерөндіргішкүштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануының күшеюіне, патриархаттыққатынастыңдамуынабайланыстыболды. Жеке семьялароқшауланды, семьялықменшіккеңейді, рулыққауымішіндемүліктеңсіздігіөсті.
4)Солтүстіĸ Қазақстандағы Ботай мǝдениеті. Ботай мǝдениеті — энеолит дǝуірінде Солтүстіĸ Қазақстанды меĸендеген тайпалар мǝдениеті.Солтүстіĸ Қазақстан облысы Айыртау ауданының Ниĸольсĸое ауылынан оңтүстіĸ-шығысқа қарай 1,5 ĸм жердегі Ботай қоныстарына байланысты аталған. Қазба жұмыстарын жүргізген Солтүстіĸ Қазақстан университетінің археологиялық эĸспедициясы (1981 — 83, жетеĸшісі В.Ф.Зайберт) 15 га жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылды. Олар қабырғалары бір-біріне жалғастырып салынған бірнеше тұйықталған бөліĸтерден тұрады. Кейбіреулерінде 30-ға тарта үйлер болған. Шаруашылық құралдары түрлі тастардан, балшықтан жǝне сүйеĸтерден жасалынған. Ботай мǝдениетін жасаған тайпалар жылқыны қолға үйретĸен. Тастан жасалған пышақ,қанжар,жебенің, найзаның ұштарының ĸөптеп табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын ĸөрсетеді. Сонымен қатар гарпун,ине,жуалдыз,тесĸіштер,тұмар жǝне ǝшеĸей бұйымдардың ĸездесуі шаруашылықтың ǝр саласынан хабар береді. Ботай мǝдениетінің қалыптасуына Атбасар неолиттіĸ мǝдениетін жасаған тайпалары араласқан. Ботай мǝдениеті Жайық пен Ертіс өзендерінің аралығын қоныстанған тайпалар мǝдениетіне жатады 5)Қола дǝуірі мǝдениеттерінің шығу тегі мǝселесі мен таралу аймағы Қола дǝуірі – адамзат қоғамындағы тарихи-мǝдени ĸезең. Ол қола металлургиясының ĸең қанат жайып, еңбеĸ құралдары мен қару-жарақ жасауға арналған негізгі материалға айналуымен сипатталады. Бұл ĸезде неолит дǝуірінің мǝдениеті дамып, металл игеріле бастады. Негізінен, қола дǝуірі мǝдениеттері осы металл ĸендері ĸөп жерлерде дамыды. Мұндай өңірлерде дайындалған қола бұйымдар бірте-бірте іргелес жатқан жерлерге де тарады.Адам баласы мысты энеолит дǝуірінде игерген болатын. Оған қарағанда, қоланың қатты ǝрі беріĸ болуы құрал-саймандардың сапасын арттырып, еңбеĸ өнімділігін жоғарылата түсті. Қола дǝуірінің хронологиялық шегі б.з.б. 4-мыңжылдықтың аяғы мен б.з.б. 1-мыңжылдықтың басын қамтиды. Ежелгі қола құралдары Оңтүстіĸ Иран,Түрĸия мен Местопотамиядан табылды. Кейініреĸ олар Мысырға (б.з.б. 4-мыңжылдық аяғы),Үндістанға(б.з.б. 3-мыңжылдық соңы),Қытайға(б.з.б. 2-мыңжылдық ортасы) жǝне Еуропаға ,Қазақстанға(б.з.б. 2-мыңжылдық) тарады. Қола дǝуірінің Америĸада өз тарихы бар. Мұнда металлургия орталығы Перу мен Боливия жерінде болды.Африĸадағы қола дǝуірі туралы мǝселе археологиялық зерттеулердің жетĸіліĸсіздігіне байланысты ǝлі толық шешілмей ĸеледі.
6)Қола дǝуіріндегі өнер:петроглифтер.Ешĸі өлмес,Тамғалы ĸешендеріндегі тасқа қашалған суреттер Қола дǝуірінде өнер түрлері, оның ішінде петроглифтер, яғни жартасқа сурет салу өнepi дами бастады. Ерте заманның суретшілері жартастың теп-тeгic жазық бетіне аңдардың, адамдардың бейнесін немесе белгілі бip сюжеттіĸ желіге ĸұрылған тұтастай ĸомпозицияны шеĸімелеп түcipгeн. Жартастағы суреттер - нǝзіĸ те, ĸүрделі өнер, оның ĸұпиясын түсініп, мǝн-мағынасын ашу үшін зерттеуші археология, тарих, этнография, геология, өнертану жǝне мифология салаларынан хабардар болуы ĸереĸ. Олар жартастағы суреттер арқылы айналада болып жатқан құбылыстарды, өздерінің білетін білімімен тǝжірибесін, өздері жөніндегі мǝліметтерді символдармен ĸейінгі ұрпаққа бере білген. XX ғасырдың 60-70 жылдары археология ғылымында петроглифтерге деген аса ĸызығушылық ғалымдардың жеĸе-дара зерттеулерінен ĸөрініс тапты. Тамғалы немесе Таңбалы деп аталатын петроглифтер Жетісу өңіріндегі ең есĸі тарихи мұралардың бірі. Тас ĸешен 2004 жылы халықаралық дǝрежеге ие еліміздегі есĸертĸіштердің қатарына қосылды. Шатқалдағы тастың бетіне түсĸен ĸеремет суреттердің алғаш табылған уақыты – 1957 жылдың 19-қырĸүйегі. Оның тарих бетіне шығуы А.Г.Маĸсимовтың жетеĸшілігімен жүргізілген КСР Ғылым Аĸадемиясы Тарих жǝне археология институтының Оңтүстіĸ Қазақстан археологиялық эĸспедициясының Жетісу отрядына тіĸелей байланысты. Бұл орын ашыла сала, ǝлемдіĸ ғалымдардың назарын аудартып, 2004 жылы ЮНЕСКО-ның дүниежүзіліĸ мǝдени мұрасының қатарына ĸірді.
11) Б.з.б. 4-ғасырда гректер сақ жеріне қауіп төндірді. Александр Македонский (Ескендір Зұлқарнайын) бастаған грек әскері Орта Азияға басып кіріп, Сырдария өңіріне қарай аттанады. «Жеңілмейтін әскер» атанып келген Александрдың қалың қолына сақ тайпалары қарсы тұрып, олардың алға жылжуына кедергі жасаған.
Грек-македон басқыншыларына қарсы күресті Спитамен атты сақ басқарды. Ол македон әскеріне 3 жыл бойы қарсы партизан соғысын жүргізді. Ежелгі грек тарихшысы Арриан қолбасшы Александр Македонскийдің Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтарға қалай шабуыл жасағаны туралы жазады. Бұл шабуылдан грек әскеріне қауіп төніп, олар қырғынға ұшырай жаздады. Күннің ыстығы, сақтардың жиі-жиі шабуылдауы мен соғысу тактикасы гректерді әбден әлсіретті.
Осылайша Александр Македонскийдің Сырдарияның арғы жағын мекендейтін сақ тайпаларын бағындыру үшін жасаған жорығы сәтсіз аяқталды. Сақтар оның Шығысқа қарай жүретін жолын бөгеп тастады.
12)Көне парсы жазба ескерткіштеріне жататын «Персеполь», «Бехистун» жазуларында тур тайпаларының ортақ атауын сака деп береді. Біраз кейінірек табылған жазбаларда сақтарды ендігі жерде үш топқа бөледі. Олар — парадарайя сацтары, тиграхауда сацтары және хаомаварга сақтары. Парадарайя сақтары дегеніміз — теқіздіқ арғы жағындағы сақтар. Бүгінгі күні көп зерттеушілер парадарайя сақтарының мекендеген жерін Қара теңіз жағалауы деп есептейді. Тиграхауда сақтарының негізгі орналасқан жері Каспий теңізінің шығысынан Жетісуға дейінгі аймақ деп көрсетеді. Ал массагеттер осы тиграхауда сақтарының грек жазбаларындағы атауы деген пікірлер де бар.
Тиграхауда сақтары жөніндегі деректерді Ахеменид патшалары II Кир мен Дарийдің оларға қарсы жасаған жорықтары жөніндегі жазба мәліметтерден де білеміз. Олар осы күнгі Ташкенттің маңайын, Тянь-Шаньды мекендеген.
Грек жазба деректерінде хаомаварга сақтарды кейде амюргия сацтары деп те атайды. Олар Ежелгі Бактрия мен Маргиана аймақтарында, яғни Әмудария мен Мұрғаб өзендерінің жағалауларында орналасқан. Сонымен қатар хаомаварга сақтарының біраз топтары қазіргі Ташкент облысын, Ферғана маңын жайлаған.
Сарматтар ірі саяси одаққа б.з.д. II—I ғасырларда ғана біріккен. Ғалымдар сармат тайпалар одағының языг, роксолан, аорс, алан сияқты бөлігі осы савроматтардан бөлініп шыққан деп есептейді. Олар Оңтүстік Орал, Еділ бойы мен Донның шығыс жағалауына дейінгі далалық аймақтарды мекендеген, негізінен, көшпенді тайпалардың тобын құрады.
Сарматтар ірі саяси одақтар құрып, олардың батыс тобы Солтүстік Кавказ, Солтүстік Қара теңіз жағалауы елдерінің ежелгі тарихында елеулі рөл атқарды. Б.з.д. II—I ғасырларда Скифияның көп бөлігін жаулап алып, Қырыммен Солтүстік Қара теңіздегі антикалық қалаларға қоныстанған. Б.з.б. I ғасырда Оңтүстік Кавказда Рим империясына қарсы күреске қатысты.
Сарматтардың шығыс тобының тарихы Орталық Азия мен Хорезм, Сырдария бойы сақтарымен байланысты болды. Каспий, Арал теңізінің солтүстігінде савроматсарматтық мәдениет таралды. Оларда зергерлік өнер жақсы дамыды. Елек өзеніндегі Орск қаласының маңынан табылған Бесоба қорымынан әшекейлі заттар (алтын сырғалар) мен Ахеменидтік Ираннан әкелінген шыныдан жасалынған ыдыстар табылған. Олар Жерорта теңізі жағалауындағы елдерде жасалынған (б.з.д. V—IV ғ.). Бұл жәдігерлер сарматтардың басқа өркениеттермен байланыс орнатқандығын көрсетеді. Батыс Қазақстан, Орал, Елек, Ор өзендері алабында сармат қоғамы жақсы дамыды. Ембі арқылы Әмудария мен Шығыс елдеріне апаратын керуен жолы өтті.
Сарматтар «Халықтардың ұлы қоныс аударуына» белсене араласты. Ғұндар келгенше осы жерде басты саяси және әскери күшке айналды. Батыс Еуропадағы құлиеленуші құрылыстың күйреуіне әсер етті. Олардың жекеленген бөлігі (аландар) Еуропаны кесіп өтіп, Испанияға, Солтүстік Африкаға жеткен. Сармат тайпаларын IV ғасырда ғұндар талқандады. Осыдан кейін олар Еуропадағы оңтүстік-шығыс славян, Кавказ өңіріндегі тайпаларымен араласып кірігіп кетті.
13)
Ғұндар — көшпелі халық. Ғұндар тәңіршілдік дінді ұстанып, түркі жазуын пайдаланған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Шығыста Мөде «шығыс қу» тайпаларын бағындырды, ал оның құрамына, шамамен алғанда, Керулен және Онон алқаптарында мекендеген сәнби және ұқуан тайпалары кірген. Мөде батыста юеди (юечжи) тайпаларына қарсы жорықтар жасаған. Бұл кезде қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ ғұн шаңюйлерінің қол астына түскен, ал солтүстікте ғұн конфедерациясына біріккен тайпалар Байкөлден арғы оңтүстік аудандарға дейінгі аумақты алып жатты. Деректемелерде ғұндардың Саян-Алтай тайпаларына жасаған жорықтары туралы да айтылады. Шежіреші б.з.б. 201 жылы сүннулердің солтүстікке және солтүстік-батысқа қарай жорығын жалғастырып, Қуңюй, Түсүйше, Динлин, Гекүң және Сіңлі елдерін бағындырғанын хабарлайды. Мәтінде берілген түсініктемеде әлгі айтылған бес елдің сүннулердің солтүстік жағында жатқаны айтылады, ол батысында Кем (Енисей) өзенінен Іле алқабына дейін созылып жатса керек. Б.з.б. 201 жылғы жорық кезінде ғұндар Алтай тайпаларын түгелдей дерлік бағындырған, бірақ олар бұл аумақты толық қол астына қаратқан жоқ. Қалай дегенмен де, сол кезде осылай болғанын жазбаша деректемелер де, археологиялық материалдар да көрсете алмады.
14) Біздің заманымыздан бұрынғы 138 жылы ғұндарға қарсы одақ құру жөнінде «Батыс өңірге» келген Қытай елшісі Чжан Цянь «Қазір үйсіндер күшті елге айналыпты, халқы 630 мың адам, әскері бір мың сегіз жүз сексен сегіз мың сегіз жүз жауынгерден құралған» деп жазады. Үйсін мемлекеті шығыс, батыс және орталық болып үшке бөлінген.
Қытай деректерінде «Шығысында ғұндармен, батыс жағында қаңлы елімен шектеседі. Жері ұлан-байтақ, кең әрі жазық, жауын-шашыны көп. Ауа-райы суық. Тауларында қалың қарағай өседі» деп суреттейді. Үйсіндердің малдарының құрамында жылқыдан басқа қой және сиыр, қос өркеш түйе, есек, ешкі де болған. Үйсіндер жануарлардың терісін илеп, аяқ киім, тері шалбар мен атәбзелдерін дайындаған.
Таптық қоғамда байлықты жылжымалы және жылжымайтын мүлік деп бөлуге болатыны мәлім. Олардың біріншісіне – мал, қол өнер бұйымдары, тұрғын үй тағы басқалар, ал екіншісіне – жер, жатқызылады. Жылжымалы мүлік ертерек жекеменшік түрлеріне айналды, өйткені ол айырбас жасауға мүмкіндік берді. Мұның өзі, әсіресе, көшпелі тайпаларда, соның ішінде Жетісудағы үйсіндердің белгілі бір топтарында мал түріндегі байлықтың жинақталып, мүлік теңсіздігінің дамуына себепші болды.
Үйсіндерде жекеменшіктің кеңінен тарауына байланысты бөлінбейтін байлық болып есептелетін жерді пайдалану ісінде де теңсіздік орын алды, тіпті оны мұрагерлік жолымен пайдалану да көрініс тапты. «Менің ата-бабаларымның сүйегі жатқан жер немесе менің қыстауым тұрған жер, менің жерім» деген белгілі қағида орын алды. Бұл көшпелі қоғамның бәріне тән жазылмаған заң – кімнің малы көп болса, іс жүзінде жердің де қожасы сол болуы керек деген қағида үйсіндердің де нақты әлеуметтік өмірін бейнелегенін көрсетеді. Мысалы, бай үйсіндердің төрт-бес мыңнан жылқысы болса (ал қыс кезінде бір жылқыны асырау үшін шамамен 8-10 гектар жайылым керек), мұншама жылқыны бағу үшін шамамен алғанда 30-50 мың гектар жайылым қажет екенін есептеп шығару қиын емес.
Үйсін мемлекетінің патшасын гуньмо деп атаған.
Біздің заманымыздан бұрынғы 53-інші жылы мемлекет екі бөлікке бөлінді: ұлы гуньмо және кіші гуньмо. Үлкен гуньмодан кейінгі мемлекеттік лауазым кіші гуньмо болды. Бұл бас уәзір еді. Одан кейінгі лауазым – тулы (дулы), бұл Қытай мемлекетіндегі үлкен уәзірмен дәрежелес болды. Мемлекет әскері оң және сол қанатқа бөлінді, оларды екі қолбасшы басқарды. Әскери қолбасшылардың көмекшілері «Дарту» атағын алып отырды. Елдің жоғарғы сотының қызметін оңқа билер, діни басшылықты абыздар жүргізді.
Үйсіндердің кейбір әскербасылары мен шенеуіктерінде және сарай жанындағы басқа да лауазымды адамдардың алтын және мыс мөрлері болған. Сол кездегі қалыптасқан тарихи ахуалға байланысты үйсіндердің көрші ғұндармен, Хан империясымен, қаңлылармен қарым-қатынасы өзгеріп отырды.
Біздің заманымыздан бесінші ғасырға дейін Жетісуда өмір сүрген Үйсін мемлекетін аварлар (жужандар) құлатты.
15. Қаңлылардың шығу тегі ж\е этностық тарихы
Қаңлы тайпасының шығу тегі «қаңқ» деп аталған жүк арбасын ойлап табумен байланыстырылады, ол туралы көптеген аңыздар мен тарихи естеліктер бар. Әбілғазы бойынша арба Оғыз хан дәуірінде пайда болған. Ол былай деп жазады: «Оғыз хан тұсында бір керемет шебер өмір сүрген екен. Өзінің қолынан келгенше ол екі аяқты күймені /арбаны/ ойлап тапқан. Оған ұқсап өзгелер де жүкке арналған арба жасай бастаған. Арбаны «қаңқ» деп атаған /қаңқа/. Арбаны жүргізушіні «қаңқалы» деп атаған және оның ұпақтарының барлығы қаңқалылар болған» Б. з. б. II ғасырдың екінші жартысындағы «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталып кеткен тарихи оқиғалардың нәтижесінде Орталық Азияда жаңа мемлекеттік бірлестіктер, соның ішінде Үйсін, Қаңлы мемлекеттері қалыптасады. Тарихшы Бернштамның пікірінше олар түркі тілді халық болған. Қаңлылар ұлы жүз руының ең байырғы тайпасының бірі.Қаңлы мемлекеті үлкен аумақты қамтыды. Олар оңтүстік Қазақстан мен Ташкент жазирасынан бастап Сырдария, Жаңадария, Қуандария өзендерінің арнасын, оңтүстік-батыс Жетісуды және Сырдарияның солтүстігінен Сарысу, Шу, Талас өзендеріне, Ұлытау және Қаратау тауларына дейін аумақты мекендеді.Жазба деректерде тайпа атауы қаңғар, қаңлы, кангюй, қаңхы, қаңғылы, қаңғар-оғлы, күңгөй, қаңғарлы, қангют деп кездеседі. Қаңлылар оңтүстігінде Қытаймен және Үйсіндермен көршілес жатты. Ал солтүстігіндегі көршілері сарматтар мен аландар болды. Қаңлылар күшейіп тұрған кезде сарматтар, аландар оларға тәуелді болған.Қаңлылар Сырдария арқылы Еділге қарай өтетін Ұлы Жібек жолын бақылап отырды. Олар Қытай, Рим, Кушан мемлекеттерімен саяси, экономикалық және мәдени байланыста болған.Қаңлылар ел ішінде бес иелікке бөлінген. Қаңлы тайпалар одағында 120 мың түтін, 600 мың адам, 120 мыңға дейін әскері болған
16.Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы.
«Түрік» этнонимінің алғаш рет аталуы қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпақтары деп санаған.Түркі қағанатының саяси-әскери бірлестік ретінде қалыптасқан мекені - Жетісу деп пайымдалады. Ерте Түркі мемлекеті - Түркі қағанаты 552 жылы құрылды. Оның негізін салған - Бумын қаған 553 жылы қайтыс болады. Бумын өлгеннен кейін таққа оның інісі Қара-Еске отырады, оның бастауымен түріктер жоғары жағында бір жердегі Бұкрат (Мула) тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескенің мұрагері деп шежіреші оның інісі Иркинді (Ицзинь) атайды, ол кағандық тағына Мұқан қаған деген атпен отырады, оның лақап аты Йанту болды. Мұқан қаған (553-572) билік құрған жылдарда Түркі қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады, Солтүстік Қытайды алым-салық төлеп тұруға мәжбүр етеді. 563-567жж. эфталит патшалығын басып алады. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға дейін және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан. Отырықшы аудандардың байлығын иеленуге ұмтылу түріктердің батыстағы, Орта Азиядағы саясатының негізі болды. Алтыншы ғасырдың 60-ыншы жылдары Түркі қағанаты сол кездегі ірі мемлекеттер – Византия, Иран, Қытаймен өзара қарым-қатынас жасады. Түрік қағанаты нығайған кезінде (алтыншы ғасырдың жетпісінші жылдары) Маньчжуриядан Босфорға және Сібірден парсы еліне (Иран) дейінгі жерді алып жатты.
Иштеми қаған тұсында түркілер әскери жағынан қуатты империяға айналды. Түркілердің батысқа жылжуы тек жаулап алушылық қана емес, түркі тайпаларының ірі көші-қонына ұласты. Жергілікті тайпалар түркілерден құралған мемлекетке қосылды немесе Шығыс Еуропаға қарай жылжыды.
Алтыншы ғасырдың сексенінші жылдары соңында түркілер Парсы елімен одақтасты. Оңтүстік Кавказ бен Орта Азиядағы эфталиттер мемлекетін талқандады. Эфталиттер мұрасын бөлуге байланысты одақтастар арасында жанжал шығып, түркілердің өз әскерін алып кеткені үшін парсылар оларға үлкен көлемде алым төлеуге міндеттенді.
Түркілер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Қытайдан Жерорта теңізі елдеріне баратын Ұлы Жібек жолының едәуір бөлігіне ие болды. Жібек матасы түркі қағандарына орасан зор кіріс әкелді. Жібек матасын сатып алушы негізінен Византия еді.
568-інші жылы түркі елшісі Маниах Византиға қағанаттың елшілігін басқарып барды. Император сарайы түркі елшілігін аса үлкен құрметпен қабылдады. Түркілер мен Византия арасында парсыларға қарсы әскери-сауда келісімі жасалды.
Алтыншы ғасырдың соңы және жетінші ғасырдың басында қытайдың күшеюі билік басындағы түркі әулетінің ішінде өзара қырқыстың басталуымен және даладағы сұрапыл жұтпен тұспа-тұс келді. Мұның бәрі қағанатты дағдарысқа ұрындырды.
Түркілерді әскери күшпен жеңе алмаған Қытай 603-інші жылы дипломатиялық жолмен қағанаттың ыдырауына қол жеткізді.
Біртұтас мемлекет Түркі қағанаты 603-інші жылы Шығыс (Моңғолия) және Батыс (Орталық Азия мен Қазақстан) болып екіге бөлінді. Қағанат ыдырағанмен қуатты мемлекет болып қала берді. Түркі қағанаты 603-інші жылы Батыс, Шығыс болып бөлінгеннен кейін олардың территориясы анықтала бастады.
17.Батыс Түрік қағанаты: құрылуы, аумағы, этникалық құрамы. Саяси тарихы.
Батыс Түрік қағанаты 603-інші жылы ежелгі үйсін мемлекетінің жерінде құрылды. Батыс қағандық оңтүстік-шығысында Іле, Шу өзендерінен бастап, солтүстік-батысында Еділ мен Кубань өзенінің төменгі ағысына дейін, ал солтүстік-шығысында Есіл мен Ертіс өзендерінің жоғарғы ағысы аралығын алып жатты. Ал оңтүстік-батысында Тарым, Әмудария өзендеріне дейінгі аймақты қол астына қаратты. Батыс қағанаттың орталығы Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Мыңбұлақта орналасты. Қағанаттың негізгі этникалық-саяси ұйытқысы «он тайпа» он оқ бұдун тайпалары мекендеген Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Сонымен қатар ол Түркі қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядан басып алған отырықшы егіншілік алқаптарына да үстемдік етті. Ұлан-байтақ территорияны мекендеген түрік тілдес жергілікті үйсін, қаңлы, дулат тайпаларымен қатар шығыстан келген түркеш, қарлұқ, теле, басымыл, қыпшақ, оғыз, шығыл, шымыр, нүшбе баға т.б тайпалар қағандықты құрған. Шығыстан келген тайпалар жергілікті тайпаларға араласып етене болып, сіңісіп кетті. Енді бұл тайпалар Батыс Түрік қағанатының "оң оқ халқы" болып аталады. Оның бесеуі - "бес арыс дулат" болса, бесеуі- "бес тайпалы нушеби" деген жаңа аттары мен тарих сахнасында белгілі болады. Бұл тайпалар қағандықтың негізгі тірегі, үйсіндердің ата мекені, Жетісу мен Жоңғар ойпаты аралығында өмір сүрген. Алғашқы кезде қағанатты Тардуш(дато) хан басқарған. Бұл уақытта Батыс түрік қағанатының өкімет билігі саяси басқару жағынан күшейген кезі еді. Ал, Шығыс Түрік қағанаты керісінше саяси басқару жағынан әлсіреп, қытайлардың шабуылына ұшырап отырды. Шығыс қағанатының бұндай күйге түсіп отырғаның білген Тардуш қаған оларды басып алуды, 2 қағандықты қайта қосуды да ойластырды. Ол өз ойын іске асыру үшін Алтайдағы телелерге(теле тайпасы) шабуыл жасап, олардың жерін басып та алған. Сөйтіп өзін Шығыс қағанаттың да қағаны деп жариялайды. Алайда телелер қайтадан оған қарсы көтеріледі. Батыс түрік қағанатының саяси билігінің күшейген кезі Шегу мен оның інісі Тон жабғу қағандардың билік құрған мезгілі болды.
18. Түркеш мемлекетінің құрылуы мен нығаюы
Түргеш қағанаты — 704-756 жылдары өмір сүрген, Батыс Түрік қағанатының ыдырауы нәтижесінде құрылған ерте ортағасырлық түркі мемлекеті. Батыс Түрік қағанатының мемлекеттік-әкімшілік, әскери және мәдени дәстүрлерін жалғастырған және уақытында сол елдің сол қанатына жатқызылған. Дулу тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. Негізін салған Үшлік қаған. Түргеш қағанатында Үшліктен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал қаған (706-711) таққа отырады. Оның кезіңде Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік болмайды және қағанат үнемі арабтармен, қытайлармен күрес жүргізіп отырды. Түргеш қағанаты Сұлу қаған (715-738) тұсында күшейді. Оның тұсында түргештер үш майданда күрес жүргізді. Батыстан арабтар, шығыстан Тан әулеті, солтүстікте Шығыс Түркі Қағанаты күш көрсетті. Елшілік жолымен (неке байланысы) және әскери шаралар арқылы Сұлу шығыстан келетін қатерді болдырмады. Бұл жағдай түргештердің батыста белсенді әрекет етуіне мүмкіндік туғызды.
19-сұрақ.Қарлұқ тайпаларының қоныстану аумағы және тайпалық құрамы
Қарлұқтар Алтай мен Балқаш көлі аралығындағы жерлерді мекендеді.Жазба деректерде қарлұқтар біздің заманымыздың V ғасырында тирек тайпаларының құрамында кездеседі. Қытай деректерінде қарлұқтарға жататын бұлақ руы Алтай тауында мекендегендігі айтылды.Бірлестіктің билеушісі-елтебер.Жетекші тайпасы-Бұлақ. Vlll ғасырдың ортасы (756 ж) Қарлұқ қағанаты Ұйғыр қағанатынан жеңіліп Он оқ еліне қашып, Жетісуға қарай қоныс аударды.
Түргеш қағанаты әлсірегеннен кейін,756 жылы билікті қолдарына алып,өздерінің мемлекетін құрды.Жетісу аумағында өздерінің саяси үстемдігін орнатты.Қағанаттың орталығы Суяб қаласы болды.Қарлұш қағанатының көпшілік ақсүйек шондарлары екінші астана-Баласағұн қаласында тұрды.Қазақстан аумағында қарлұқ кезеңінде(Vlll-Xғасырларда) жергілікті тұрғындарды түркілендіру үрдісі белсенді жүрді. Қарлұқ тайпаларының қоныстану аймағы жөнінде Худуд әл-алам қолжазбасында жазған болатын.Ол жерде:”қарлұқтар тұрған аймақ-халық неғұрлым жиі қоныстанған және ең бай жерлер.Қарлұқтар елінде 25 қала мен қоныс бар”деп жазылған.Олардың ішінде:Құлан,Мирки,Атлах,Балық,Барсхан,Талғар сияқты атақтылары бар.”Қарлұқтар еліндегі қоныстардың көпшілігі Ұлы Жібек жолы бойында орналасты.Әл-Идриси”Қаған қаласының халқы көп,бекінісі мықты,әскери қару-жарағы мол” деп жазған.Vl ғасырда Қытайдың “Таньшу” хроникасында қарлұқтардың құрамында бұлақ,жікіл және ташлық тайпалары көрсетілген.Араб тарихшысы Әл-Марвази қарлұқтардың құрамында 9 тайпа болған деп жазады: үш жікіл,үш бескіл,бұлақ,көкеркін,тухни және де лазана мен фаракия.
20-сұрақ.Сырдария бойындағы Жабғу мемлекеті
Жабғу немесе Оғыз мемлекеті Х ғасыр басында Сырдарияның орта және төменгі ағысын,сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алды.Батыс Қазақстан аумағына келгенге дейін оғыздардың Жетісуда “Ескі Грузиния” деп аталатын ордасы болды.Оғыз мемлекеті жайлы алғашқы дерек Әл-Якубидің географ Әл-Факихтің жазбасында бекітілген.М.Қашқаридің еңбегінде оғыздар Жетісу,Ыстықкөл мен Шу аралығында тұрған. Оғыздар Сырдария аймағында жергілікті кангар-печенегтердің қарсылығына тап болды.”Күлтегін” жазуында Күлтегінді жерлеу салтына қатысқан түрік тайпаларының ішінде “оғыз білге таңбасының”болғаны жазылған.Оғыздардың орталығы-Ягникент.Оғыз сөзінің мағынасы:1)уыз;2)садақтың оғы;3)өгіз.
Қытай деректерінде Оғыздардың 3 тайпасын көрсеткен:имур,баяндур,кайлар.
М.Қашқари:”Оғыздар 24 тайпадан тұрған”деп айтқан.
Әл-Марвази олардың 12 тайпасы жайында жазған. Иналдар-тақ мұрагері. Атабек-Иналдың тәрбиелеушісі.Жабғу-жоғарғы билеушісі.Ол ұлдарын боз оқ және үш оқ деп оң жақ және сол жаққа бөлген.”Оғызнама” дерегі бойынша жабғу өзінің жерін 12 аймаққа бөліп басқарған.Оғыздар жартылай көшпелі,жартылай отырықшы мал шаруашылығымен айналысты.Тұрақты қысқы жайылымдары Сырдың орта және төменгі ағысында,Арал теңізі жағалауларында болды.Әл-Бируни–оғыздардың күз айларында Хорезм шекарасына дейін, ал кейбір бөлектерінің Ұлытау баурайына дейін көшіп жүргенін айтады.Ибн Хаукәл — Түркістан аймағындағы оғыздардың елтірі беретін қойларды өсіретінін жазған.Оғыздар айыр өркешті ірі түйе тұқымын да өсірген.Мал өнімдері көршілес жатқан Орта Азия,Қытай сияқты елдермен айырбас сауданың шикізат көзі ретінде пайдаланылған.Оғыздар айналысқан егіншілік түрі:суармалы.Оғыздарда кәсіпшілік пен қолөнердің басты,дамыған түрі малдан алынған өнімді өңдеу болды.Малдың терісінен аяқ киім,ыдыс,қорамсақ,торсық т.б бұйымдар жасаған.
21-сұрақ.Қимақтардың мемлекеттік құрылымындағы ежелгі түркі әлеуметтік-саяси дәстүрлерінің сабақтастығы
Қимақ (Кимек) қағанаты - Шығыс және Орталық Қазақстанда IX ғасырдың ақыры – XI ғасырдың басында болған ертедегі мемлекет. Қимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректерінде ұшырасатын яньмо тайпасы атауымен тығыз байланысты. Яньмо (немесе қимақтар) VII ғ. басында Моңғолияның солтүстік-батысында өмір сүрген. VII ғ. ортасында олар Алтайдың солтүстік бөктеріне, Ертіс маңына қарай қоныс аударған. 656 ж. Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін тайпа көзге түсе бастайды.Қағанат сыртқы жаудан қорғану үшін және өз жерін кеңейту үшін көрші елдерге үнемі шапқыншылық жасап отырған. Ондай хабарлар жазба деректерде көптеп кездеседі. Мәселен, оларда қимақтардың 11 ғасырда "тоғыз-ғұздар" жерінің бір бөлігін қол астына қаратқаны айтылса, ал X ғасыр басында тоғыз-ғұздардың шекаралық қаласы-Шығыс Түркістандағы Жамлекес қаласын басып алғандығы баяндалады. Сонымен бірге, қимақтар Енисей бойындағы бойындағы қырғыздарға да шабуыл жасап тұрған. Ал Сыр бойындағы оғыздармен бірде тату тұрып бірде өзара соғысып қалатын кездері де болады. Міне, осындай жағдайлардан бұл тайпалардың тілдік қатынас жағынан да, мәдениеті жағынан да ұқсас тұстары өте көп.
22-сұрақ.Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қараханидтер
Х ғасырдың орта шенінде Жетісу мен Шығыс Түркістан аймағында Қарахан мемлекеті құрылды. Орталығы Баласағұн қаласы болды. Қарахан әулетінің негізін салушы-Сатұқ Боғра хан. Боғра хан елді түрік кезеңінде басқарды. Қарахандар әулеті Яғма тайпасының өкілдерінен болды. Қарахан мемлекетінің этникалық құрамына жікіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы, үйсін, сияқты түрік тілдес тайпалар кірген. Қарахан мемлекетінің құрылуын тездеткен жағдайлардың бірі - қарлұқ қағанатының ыдырауы болатын. Қарахан мемлекетінде жер иеленуді “Иқта”, ал иеленушілерді “иқтадар” (парсы сөзі) деп атаған. Арабша жерді иеленушілерді “муқта” деп атаған. ХІ ғасырдың 30-жылдарында Қара-хандықтар мемлекеті шығыс және батыс бөліктерге бөлінді. Батыс бөлікке-Мауреннахр, Ходжент жерлері кірді. Астанасы Бұхара қаласы болды. (кейін Самарқантқа ауысты). Шығыс бөлікке Жетісу, Шығыс Түркістан жерлері, Тараз, Испиджаб, Шаш қалалары кірді. Орталығы Баласағұн, кейіннен Қашғар қаласы болды. Қарахан әулеті мемлекетінде аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болды. Хандар өз туыстарына белгілі бір территорияның, сол уақытқа дейін мемлекет пайдасына деп алынған салықты өздері жинап алу құқын берді. Мұндай салық «икта» деп аталады, ал оны жинаушыны «мукта», немесе «иктадар» деп атаған. Халық көшпелі, жартылай көшпелі болды. Мемлекеттік дін ретінде — Ислам діні болды. Исламның (960 ж. Мұса жариялады) енуіне байланысты, араб әрпіне негізделген жаңа түркі жазуы қалыптасады. Түрік этносының ой-санасы өседі. • Қарахандықтардың екі бөлігі арасындағы өзара қырқыстар мен орталық биліктің әлсіреуін көшпелі қарақытай (қидан) тайпалары пайдаланды. Он екінші ғасырдың бас кезінен бастап Жетісу үнемі қидандардың шапқыншылығына ұшырап отырды. 1141-інші жылы Жетісудың негізгі аумағындағы саяси билік қарақытайлар қолына өтіп, олар қарахандық билеушілерді өздеріне тәуелді етті. Алайда қарақытайлар тек салық алумен шектелді. Олар өз бодандарының мемлекеттік құрылымына, дініне, мәдениетіне тиіспей, мұрагерлік қаған билігін де сақтады. Соған қарамастан қарақытайлардың үстемдігі қарахандардың саяси құлдырауының бастамасы болды.
1210-ыншы жылы наймандармен соғыста Шығыс Қарахан әулеті талқандалды. 1212-інші жылы Самарқанда Хорезм шахы Мұхаммед Батыс Қарахан әулетінің соңғы өкілін тағынан тайдырды. Бір кездегі аса қуатты Қарахан мемлекетінің тарихы осылайша аяқталды.Қарахандар дəуірі Қазақстан аумағында феодалдық құрылыстың нығаюының маңызды кезеңі болды.
23.Қыпшақтар туралы айтқанда,біз,міндетті түрде қимақ тайпаларын еске аламыз.Өйткені бұл тайпалардың тарихы бір-бірімен тығыз байланысты.Сыртқы жауларының соққысынан құлаған Қимақ хандығының қолына толығымен көшеді.Ол жерлер шығыста Алтай мен Ертістен басталып,батысынан Еділ мен Оңтүстік Оралға дейінгі,солтүстігінде Құланды даласынан,оңтүстігінен Балқаш көлі мен Жоңғар Алатауына дейінгі кең байтақ аймақты алып жатыр.
Қыпшақ хандығы күшейке бастаған кезінде оңтүстік жағындағы шекарасын кеңейтіп,Сырдарияның орта және төменгі бөлігін,Арал мен Каспий өңірі далаларын өздеріне қаратқан.Қыпшақ шонжарлары Сыр бойындағы қалалардың билеушілеріне айналған.
Қыпшақтардың этникалық құрамы VII-VIII ғасырларда құрыла бастаған.Жалпы қыпшақтардың этникалық құрамы екі бөліктен тқрған.Бірінші-қыпшақтардың батыс бірлестігі,бұлардың тайпалық құрамы он бір тайпадан тұрады:елбөрілі,тоқсоба,йетиоба,дуруи,т.б.Екінші-қыпшақтардың шығыс бірлестігі,бұлардың тайпалық құрамы он алты тайпадан тұрған.Олардың сегізі негізгі тайпалар,ал қалған сегізі ұсақ тайпалық бөлімшелер.
Жалпы Қыпшақ бірлестігіне түрік тілдес қимақ,оғыз,қуман,ежелгі башқурыт тайпалары енген.XII ғасырдан бастап қыпшақтар Арал маңына билік жүргізген кезде олардығ құрамына қаңлылар,қарлұқтар мен жікілдер де болған.Бұл тайпалардың тіл,наным-сенім,қоғамдық құрылыстары,шаруашылықты жүргізу жағы бір-біріне ұқсас болды.Әрине тіл жағынан кейбір жергілікті диалектілер сақталған.Бірақ ол бірыңғай қыпшақ халқы болып қалыптасуға кедергі болмаған.Оны Плано Карпинидің ‘’қаңлылар қыпшаұша сөйлейді екен’’ дегені толық дәлелдейдә.Тайпалар бірлестігінің ішіндн мұндай жақындасу жағдайлары тығыз жүріп жатты.Сондықтан да Дешті Қыпшақта қыпшақ халқының қалыптасуы заңды құбылыс еді.Бірақ моңғол шапқыншылығы бұған үлкен нұсқан келтірді.
24.Наймандар. ҮІІІ ғ. жазба деректерде сегіз тайпа бірлестігі Орхон өзені мен Алтай тауы аралығында өмір сүрген. Монғолша «найман» сөзі «сегіз» деген мағынаны білдіреді. Сондықтан монғолдар оларды «найман» деп атап кеткен. Ал кейбір деректерде Монғолияда Секиз деген өзен бар, сол өзен бойында тұратын тайпаларды монғолдар «найман» деп атады ма деген ой айтылады. Найман мемлекетінің аты шыға бастаған кезі – ХІІ ғ. екінші жартысы. Орталығы Орхон өзені бойындағы Балықты қаласы. Мемлекет найман ханы Наркеш Дайын кезінде (1160-1203 жж.) дами бастайды. Егін шаруашылығы дамып, отырықшы қалалық өмір салты орын алады.
Ханның інісі Инанч-Білге өзінің қабілеттілігімен көзге түседі. Халықты өз төңірегіне топтастыра білген ол елді өнерге, күнкөріс-тіршілікке баулып, бейбіт өмір салтын таратады. Сондықтан халық оған Білге хан деген атақ береді. Осы ханның білімділігінің арқасында наймандар қарақытайлардың үстемдігінен құтылған. Хан наймандар одағының басын қосып, Найман мемлекетін күшейтеді.Алайда Найман мемлекетінің бейбіт дамуы ұзаққа созылмаған. Білге хан дүниеден қайтқаннан кейін, оның екі ұлы Бұйрық хан мен Даян хандар арасында билік үшін талас басталады. Хандық екіге бөлінеді. Наймандардың әлсіреуін аңдып жүрген монғол ханы Шыңғыс хан керейттер ханы Тоғырыл ханмен бірге наймандарға шабуыл жасап, Бұйрық ханды жеңеді. Хан Енисей қырғыздарына қарай қашады.Енді Шыңғыс ханның күшейіп келе жатқанынан қорыққан қырғыз, меркіт, найман, т.б. тайпалар 1201 ж. құрылтайға жиналады. Оны ұйымдастырушылардың бірі Бұйрық хан болды. Соғақ суаты деген жерде осы тайпалардың одақтас қолы Шыңғыс хан мен Тоғырыл хан әскеріне қарсы шайқасты. Бұл шайқаста одақтастар ойсырай жеңілді. Бұйрық хан Алтайдың оңтүстігіне жылжиды. Шыңғыс хан әскері оны қолға түсіріп жазалайды. Даян Көксу Сәуірік бастаған әскерін Тоғырыл ханға қарсы аттандырады. Мұны естіген монғол ханы 1204 ж. Даян ханға қарсы жорыққа шығып, оны біржола жеңеді. Даян ханның баласы Күшлік Жетісуға қашып кетеді.
Керейіттер. Тайпаның аты Керлин (Керулен) өзенінің бойында қоныстанғандықтан, керілер (керілендіктер) деп аталған. Жазба деректерде бұл тайпалар Орхон, Керулен, Селенгі, Аргун өзендерінің бойында тұрған. Керейттер батысында наймандармен көршілес отырған ұйғырлармен де тығыз қарым-қатынаста болған.
«Монғолдың құпия шежіресі» кітабындағы деректерге қарағанда, ХІ ғ. аяғы – ХІІ ғ. басында Керейттер хандығы мен жаңадан құрылған монғол хандығы арасында жақсы қатынас орнаған. Екі хандық одақтаса отырып меркіт, найман, т.б. тайпаларға шабуыл жасаған.Керейттер мемлекетінің орталығы қазіргі Улан Батор қаласы жанындағы Хантәңірі тауының шығыс жағындағы Битөбе деген жерде болған. Монғол тарихшыларының айтуынша, Улан Батор қаласының орналасқан жері керейіт ханы Тоғырылдың жайлауы болған. ХІ ғ. екінші жартысында Керейт хандығының құрамына керей, жыркиы, қоңқай, сақай, тутау, албат, тунхай, қыркун атты сегіз аймақ кірген.
Керейт мемлекетінің шарықтау шегі – Х-ХІ ғғ. аралығы, Маркус пен оның баласы Құршақұз хандар кезі. Құршақұз хан билігінің алғашқы кезінде татарлардан жеңіліп, баласы Тоғырыл мен шешесі Илма ханым тұтқынға түседі. Осы кезде керейттің екінші бір тайпа көсемі, Құршақұз ханның күйеу баласы Сарық хандықты қолына алып, билік жүргізеді. Ол керейттердің шет аймақта отырған Хажар ханынан көмек сұрап,татарларды жеңіп, Құршақұз ханды баласымен тұтқыннан босаттырып алады. Одан соң Тоғырыл хан ел билеген.
Монғолдың шежірелеріндегі деректерге қарағанда, керейттер мен монғолдардың арғы аталары өзара бейбіт қарым-қатынаста болған. Алайда керейттер билеушісі Тоғырыл мен Шыңғыс хан арасындағы достық қатынас ұзаққа созылмаған. 1202 ж. бұлар өзара жауласып, Шыңғыс хан керейттерді жаулап алады. Керейттердің қалған жұрты әр тайпаның құрамына қосылса, бір бөлігі Қазақстанның шығысына келіп орналасып, қазақ халқының қалыптасуына өз үлесін қосты.
Жалайырлар. Бұл тайпаның өз алдына жеке мемлекеттік дәрежеде өмір сүргендіктері жайлы мағлұматтар араб, парсы жазба деректерінде кездеспейді. Тек монғол шежірелеріндегі кейбір деректерде ғана жалайырлар туралы сөз болады. Онда жалайыр тайпасының монғол жеріндегі Селенгі, Хилок өзендерінің бойында және Орхон өзенінің жоғарғы ағысында, Қарақорым таулы қыраттарында өмір сүргендігі айтылады.
Жоғарыда көрсетілген шежірелерде Шыңғыс ханның жалайыр тайпасының ішіндегі ең жақын адамы атақты ақын, шешен, әрі батыр Мұқылай болған. Хан өзіне көрсеткен адал қызметі үшін оған «күй үн чінсан тәйжі» деген атақ беріп, сол қанаттың түменін (әскерін) басқартқан.
Шежірелерде жалайыр Жамұқа Шыңғыс ханның бірде анда болып, серттескен ең жақын досы ретінде, бірде оның жансызы есебінде, бірде қас жауы ретінде көрінеді. Деректерге қарағанда, Жамұқа 1201 ж. Аргун өзені бойында құрылтай шақырып, өзін «гурхан» деп жариялап, таққа отырған. Бұл жағдайды естіген Шыңғыс хан Тоғырыл ханмен одақ құрып, Жамұқаны жеңіп, жалайырларды қол астына қаратқан.
Тарихшы Әбілғазы ханның «Түрік шежіресінде» жалайырларды Шыңғыс ханның қолға түсірген тұтқындары есебінде көрсетеді.Олар өздерінің адал қызметтері арқылы монғолдарға сіңісіп кеткен. Қазақтың орта ғасыр тарихшыларының бірі Қадырғали Жалайыри Шыңғыс заманында Сартақ ноян болғанын айтады. «Оның ұлы – Жалайыр Саба. Оның ұрпағы – Жалайыр Тебре бек. Оның ұрпағы – Айтөле бек. Ол атақты адам болған. Ұрұс ханның сол қолын басқарған.Ол Алаш мыңы үш сан қанат түменін басқаруынан жалғасып келе жатқан дәстүр болуы да ықтимал.
Ал тарақ таңбалы аталуы қазақ халқының құрамына кірген кезі. Бұл тайпаның өкілдері бүкіл Орта Азия жеріндегі түрік тілдес халықтардың құрамына кірген. Қазақ халқының құрамына кірген жалайырлар Жетісу аймағында орналасқан.
25. Түркі мәдениетінің дамуына және одан ары таралуына ең басты рөлді «Ұлы Жібек жолы» атқарды. Ұлы жібек жолы Шығыста Қытай империясынан басталып, Батыста Рим империясында аяқталды. Бұл жол Кушан, Соғды және Парфия империяларын басып өткен жүктерді тасымалдап жеткізуді Еуразияның таулы және далалық аймақтарын мекендеген малшылар іске асырған. «Ұлы Жібек жолы» 2 мың жыл бойы өмір сүрген.
Ұлы Жібек жолындағы түркі қалалары.
Осы кезеңде Шу, Талас және Сырдария алқаптарында қала орталықтары қалыптасады. Бұл қалалар Арал бойындағы құрғақ шөлейт аймақта өте жақсы сақталды. Олардың күн қаққан сары қабырғалары әлі күнге дейін биіктен көрінеді, ал төбелер астында үлкен көне қорымдар сақталған. Тараздың жанында Жамуқат қаласы болған. Оның қалдықтары Талас алқабында жатыр. Бұл орын қазір Қостөбе деп аталады. Жібек жолының бойында бірнеше жаңа қала пайда болып, ал бұрынғы қалалар дами түсті.
6 ғасырдың екiншi жартысында түркiлер Ұлы Жiбек жолының бiраз бөлiгiне иелiк еттi. Нақты осы түрiк кезеңiнде Қытайдан Жетiсу арқылы батысқа және Қазақстанның оңтүстiгiне өткен Ұлы Жiбек жолы бойында жандану байқалады. Бұл жолдың негізгі бөлігі болды және керуен саудасы мен елшiлiк сапарлары 6-13 ғасырларда осы жермен өттi. Бұл жағдай Жетiсу мен Қазақстанның оңтүстiгiнде жаңа қала орталықтарының пайда болуына түрткi болды, осыған дейін бар қалалардың тез өсуiне әсер еттi. Жiбек жолының түрiк бөлiгi бойынан мұндағы қызу керуен саудасының көптеген заттық дәлелдерi табылды.
Қорытындылай келе, Ұлы Жібек жолының маңызды бөліктерінде бірқатар ғылыми семинарлар өткізілді. Бағдарламаның «Ұлы Жібек жолы» атты қорытынды конференциясы Парижде өтті. Онда Орталық Азия халықтарының түрлі жүзжылдықтардағы мәдени жетістіктерін көрсеткен үлкен көрме ұйымдастырылды. Және де ЮНЕСКО ежелгі халықтар қалдырған үлкен мұраны зерттеуге ғана емес, сақтауға да ерекше көңіл бөледі. Қазақстан ЮНЕСКО-ның Бүкіл әлемдік мұрасы нысандарының тізіміне «Ұлы Жібек жолы» номинациясында 30-дан астам тарих және археология ескерткіштерін енгізді.
Достарыңызбен бөлісу: |