33. Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468 жж.) немесе Әбілқайыр хан мемлекеті. Аумағы және этникалық құрамы.
ХҮ ғ. 20-жылдарында Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс аймақтарында тәуелсіз феодалдық иеліктер пайда болды. 1428 жылы Шайбан ұрпағы Әбілқайыр (1428-1468) осы аймақтардағы билікті қолына алды. Ол Сырдария бойындағы қалалар мен Хорезм үшін Темір ұрпақтарымен ұзақ соғысты. Шығыс Дешті-Қыпшақтың бытыраңқы тайпаларының басын қосып «Көшпелі өзбектер мемлекетін» құрды. Әбілқайыр хандығының территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдарияның төменгі жағы мен Арал өңірінен солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі ұлан байтақ жерді алып жатты. Астанасы – алғашқыда Тура, 1431 жылдан Орда-Базар, 1446 жылдан Сығанақ. Халқы - өзбектер деп аталған түрік тайпалары (қыпшақтар, қоңыраттар, наймандар, маңғыттар, қарлұқтар, қаңлылар, үйсіндер т.б.). Елді 40 жыл билесе де, Әбілқайыр хан мемлекетінің ішкі саяси жағдайын тұрақты ете алмады. Мемлекет бір орталықтан басқарылмай бірнеше иеліктерге бөлініп, оларды Шыңғыс әулетінің билеушілері басқарып, олардың арасында билік үшін толассыз соғыстар тоқтамады. Әбілқайыр хан өз билігін нығайтып, жаңа жерлер қосып алу үшін көптеген соғыстар жүргізіп 1430 жылы Тобыл өзені бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды жеңді, Хорезмді басып алып, Үргенішті талқандады. Сырдария өңіріндегі далада Жошы әулетінің Махмұд және Ахмет хандарын жеңіп, ОрдаБазар қаласын тартып алды. 1446 жылы Мұстафа ханды тізе бүктіреді. Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркөкті жаулап, Сығанақты астана етті. Әбілқайырдың мұрагері Шайх-Хайдар хан ішкі тартыста өлтірілді. Ал Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани (1470-1510) қазақ хандарымен Сырдария мен Қаратау аймағындағы қалалар үшін ұзақ соғыс жүргізді. Қазақ хандығы құрылғаннан кейін Әбілқайырдан тараған Шайбанилар ұрпағының Шығыс Дешті-Қыпшақтағы билігі бітеді. Бұл жерлердегі билік қазақ хандарына толық көшті. ХҮІ ғ. басында көшпелі өзбектердің бір бөлігі Шайбанилердің бастауымен Мәуереннахрға көшіп кетті. Ондағы Темір ұрпақтарынң билігінің әлсірегенін пайдаланып, Шайбанилер Орта Азиядағы өкімет билігін тартып алды. Қазақстан жерінде қалған тайпалар Қазақ хандығының қол астына қарайды.
34.Ноғай Ордасы. Аумағы және этникалық құрамы.
Ноғай Ордасының жер аумағы Еділ мен Жайық аралығында болды. Орталығы Жайықтың төменгі ағысы бойындағы қазіргі Атырау жанындағы Сарайшық қаласында орналасты. Қаланың негізін XIII ғасырдың екінші жартысында Жошы ұрпақтары қалады. Ноғай Ордасының орталығына айналған Сарайшық әкімшілік пен сауда орталығы ретінде өзінің гүлдену деңгейіне жетті. XVI ғасырдың соңында Дон және Еділ қазақтары қаланы басып алып, тонауға ұшыратты.
Жаңа мемлекеттің атауы Алтын Орданың әскербасы Ноғай есімімен байланысты. Ноғай үлкен ұлысты басқарды, мемлекеттегі маңыздылығы жағынан екінші орындағы беклербек лауазымын иеленді. Жайық пен Еділ аралығындағы тайпалар бірлестігі Ноғай ұлысына енген маңғыт тайпасының атымен Маңғыт жұрты деп аталды. XV ғасырдың бірінші жартысында маңғыт жұртының (Ноғай Ордасының) қалыптасуы аяқталды. Ноғай Ордасының этникалық құрамы Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығындағы сияқты түркі және түркіленген монғол тайпаларынан тұрды. Ноғай Ордасының негізгі тұрғындары маңғыттар тайпасы еді.Ноғай Ордасының тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы Едіге тұсында басталды. Едіге Алтын Ордада бірнеше жыл бойы беклербек болды. Едіге билік еткен тұста Ноғай Ордасы Алтын Ордадан бөліне бастады
35.Қазақ халқының қалыптасуының алғышарттары.
VI ғасырда Қазақстан жері түгелдей құдіретті бір тұтас мемлекет – Түркі қағанаты құрамына кірді. Түрік қағанатынан(Батыс, Шығыс) кейін Түргеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ Қарахан мемлекеттері өмір сүргендігі белгілі. Осы мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуына, әсіресе екі мемлекеттің тарихи рөлі ерекше болған. 1) Қарахан мемлекеті. Бұл мемлекеттің кезінде халық болып қалыптасу пісіп – жетіліп, қалалық өмір өркендеп, отырықшылық жанданып, қолөнер дамып, көрші жатқан елдермен сауда қатынасы артып, жалпы мәдени экономикалық дамуы өскен. Алғаш рет ислам дінін – мемлекеттік дін ретінде қабылдаған.
Қыпшақ хандығы (XI – XIII) Ертіс пен Еділ арасындағы кең жерді иемденді. Хандықтың құрылуына байланысты этникалық процестер жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Бұл кезде қазақ тілінің негізі - әдеби қыпшақ тілі құрылып, сонымен бірге қазақтардың өзіне тән антропологиялық кескіні қалыптасты. Қазақ этногенезінде қыпшақтар этнос ретінде маңызды рөл атқарды, “Қазақ” сөзінің шығу тегінің өзі қыпшақтар мекен еткен аймақтар- да пайда болды.Ертіс пен Еділ арасындағы кең жерді иемденді. Хандықтың құрылуына байланысты этникалық процестер жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Бұл кезде қазақ тілінің негізі - әдеби қыпшақ тілі құрылып, сонымен бірге қазақтардың өзіне тән антропологиялық кескіні қалыптасты. Қазақ этногенезінде қыпшақтар этнос ретінде маңызды рөл атқарды, “Қазақ” сөзінің шығу тегінің өзі қыпшақтар мекен еткен аймақтар- да пайда болды.
Қазақстан жерінде қаншалықты жойқын шапқыншылықтар болғанымен халық болып қалыптасудың негізгі шарты тіл бірлігі жойылмады. Керісінше, уақыт өткен сайын моңғол – шапқыншылығының өздері жергілікті халықтың түркі тіліне, әдет-ғұрпына, салт-санасына көшіп XIV ғ. толық түркіленіп кетеді.XV ғ. – II жартысы мен XVI ғ. қазақ халқының негізгі этникалық территориясын мемлекет етіп біріктіру, халықтың да қалыптасу процесінің аяқталуын тездетті.XV ғ. – II жартысынан бастап, қалыптасқан халық өздерінің көршілері арасында “қазақ” деген атпен белгілі болған.
39. Керей мен Жәнібек хандар Қазақ хандығының негізін қалаушылар. Қазақтардың басын қосып, Әбілқайыр ханның иелігінен шығып Жетісуға келеді. Ең алғаш хандардың жанына жиналған қазақтар саны 200 мыңды құрады. Таққа жасы үлкендігіне қарай алдымен Керей хан отырды. Қазақ хандығының құрылуы оңайлықпен келмеді. Және оның ары қарай дамып, территориясын сақтап қалу үлкен қиыншылық тудырды. Дәл сол уақытта Сырдария маңындағы қалалар үшін Әбілқайырдың немересі Шайбани Керей мен Жәнібек хандармен күрес жүргізді.1470 жылы қыста Қазақ ханы Керей қол бастап Түркістанға шабуыл жасады. Сауран түбінде қазақтардан соққы жеген Мұхаммед Шайбани Бұхараға қашты. Ал Сырдария жағасындағы Созақ және Сауран қалалары Қазақ хандығының құрамына кірді.
40. Бұрындық хан — 1480-1511 жж. аралығында Қазақ хандығында билік құрған. Бұрындық ханның қазақ тарихында есімінің есте қалуы әсіресе 15 ғасырдың 70-90 жылдары болды. Бұл жылдар Қазақ хандығы үшін этникалық тұрғыдан күшею мен нығаю жолындағы күрес кезеңі болды. Оның себебі ол Сыр бойы үшін Мәуереннахрлық және Шайбанилік билеушілермен күресуі болды. Сыр бойы 9 ғасырдан бері Дешті Қыпшақтың территориясы болып келді де тек аз ғана уақыт Мәуереннахрға тиесілі болды.Қыс мезгіліне қарамастан Бұрындық хан бастаған қазақ әскерлері Мұхаммед Шайбани хан бекінген Сығанақ, Сауран және Созақ өңірлерінде ұрысқа түседі. Бірнеше рет болған ұрыстарда жеңілген Шайбани хан қашуға мәжбүр болады.Осылайша күрестің алғашқы кезеңі Қазақ хандығы үшін сәтті басталып, аймақтың солтүстік өңірлері Қазақ хандығына өтеді. Ал XV ғасырдың 80-жылдарында Шайбани мен Мәуереннахр, билеушілеріне арқа сүйеп, аймаққа тағы да еніп, солтүстік өңірді басып алады. Бұрындық хан және Жәнібек хан ұлдарының қарсы қолданған әрекеттері нәтижесінде Әбілқайыр ханның немересі Түркістан аймағынан кетуге мәжбүр болады. Ал қазақ хандығы болса аймақтың солтүстік өңірін қорғап қана қоймай, аймақтың орталық және оңтүстік өңірлерінде өз ықпалын күшейте бастайды. Осылайша, XV ғасырдың аяғында Бұрындық хан басқарған Қазақ хандығы көршілеріне елеулі қаһары бар Шығыс Дешті-Қыпшақтағы бірден-бір мемлекетке айналды.
41. Қазақтың атақты билері: Төле, қаз дауысты Қазыбек, Әйтекеден қалған сөз билігі дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес. Олардың заманында, Ахмет Байтұрсынов пікірімен айтқанда, «әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын таптырмас дәрі еді». Билер жақсы мен жаманды, жақын мен алысты, қымбат пен арзанды, қиын мен жеңілді салыстырып алға тартқан.Кез келген қазақ ол кезде мылжыңдықты, далбасалықты, жағымпазды мін көріп, қорлық санаған.Қазақ халқының өмірінде билер институтының алар орны мен үлес-салмағы, маңыздылығы айрықша болды.Билер ел, жер, жесір дауын, мал-жан, кәсіп мәселесін түйінді төрт-ақ ауыз сөзбен тындырып отырған.Қазақ тарихындағы билер институтының есімі белгілі алғашқы өкілі – Майқы би. Ол – Шыңғыс ханның замандасы әрі оны ақ киізге отырғызып хан көтерген 12 бидің төбе биі. Халық жағында Майқы би тек қана сот үкім-келісімдеріне байланысты билік айтып қана қоймай, сонымен бірге үлкенді-кішілі саяси мәселелерді түйіндеп, шешім шығара білген қоғамдық қайраткер есебінде сақталған. «Түгел сөздің түбірі бір, түп атасы – Майқы би» деген халық арасындағы мәтел осының дәлелі бола алады. Билер институтының сол тұстың өзінде-ақ тек қана әлеуметтік немесе құқықтық қана емес, сонымен қатар саяси рөл атқарған Майқы бидің хан атаулының кеңесшісі, қара бұқараның жақтасы, қорғаушысы аталды.Саяси өмір саласындағы билер қызметінің маңызы зор болды. Осы арқылы олар ел ішіндегі өзара ауызбіршілікті, тыныштықты қамтамасыз етуге тырысты.
42. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, Жәнібектің баласы Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында нығайды. Оның сыртқы саясатындағы негізгі бағыт бұрынғысынша Сырдария бойындағы қалаларды өзіне қаратып алу жолындағы күрес болды. Осы арқылы өзіне қарасты қазақ жерін кеңейте түсті.XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ территориясын өз қол астына қаратты. Бұл кезде хандықтың шекарасы Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы қалаларды басып алды.Солтүстік және Шығыс солтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейін жетті, Батыс солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтыды. Қасым ханның батыстағы территориялық иеліктері де ұлғая түсті.Қасым ханның қол астына қараған халықтың саны 1 миллион адамға жеткен.Қасым хандығына Ақ Орда иеліктері, көшпелі ноғайлықтар, шығыстағы түрік тайпалары, дулат, үйсін, қаңлы және Моғолстанның батысындағы тайпалар енді. Аумағы: Жайық өзені, Сырдария, Ұлытау, Балқаш көлі, Жетісудың бір бөлігі, Шу, Талас, Қаратал, Іле өзендері.
43. Қазақ хандығының қайта өрлеуі. Хақназар ханның билігі
Хақназар хан (1538-1580жж.)
Ол Қасым ханның Ханық сұлтан-ханым атты әйелінен туған.
Ол әкесі тәрізді қазақ пен ноғайға бірдей хан болған.
Ол өзінен бұрынғы Тахир хан мен Бұйдаш хан тұсында бытырап кеткен Қазақ хандығын қайта біріктірді. Қазақ-қырғыз одағын ұдайы нығайтып отырды. Осы арқылы ол Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстық көл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс бере алды.
44. Шығай хан. Тәуекел хан, оның саясаты.
Шығай хан ( 1500-1582) Қазақ хандығының 9-шы ханы
Жасы 80ге келген болсада, қазақтардың ішінде беделді хан болды. Ол Қазақстан хандығының сыртқы саясатындағы Хақназар хан ұстанған саясатты жалғастырды.
1582 жылы Бұхара ханы Абдолла, қазақ ханы Шығай мен оның баласы Тәуекел сұлтан күш біріктіріп, Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы жорық ұйымдастырады. Шығай хан сол жорықта қайтыс болады.
1582 жылы Шығай ханның кейін таққа Тәуекел сұлтан отырды.
Ол 1582-1594 жылдары өзге сұлтандармен тақ үшін күресті. Біраз уақытын соған жұмсады.
Тәуекел хан билікті алған кездегі хандық жағдайы өте ауыр еді. Алайда Тәуекел хандық билікті нығайтып, қазақ жерін кеңейтіп, хандық тың беделін халықаралық деңгейге көтерді. Хан өзінің баласын қарақалпақтардың бірқатар руын басқаруға, ал інісі Шахмұханбетті қалмақтарды басқаруға қойған.
Тәуекел ханның XVI ғасырдың 90- жылдарының ортасында жүргізген сыртқы саясатындағы басты бағыттың біріне- Орыс мемлекетімен елшілік байланыстарды орнатуын жатқызамыз.
45. XVIIғ. және XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығы
17ғасырдың басында ішкі тартыстардың әсерінен Қазақ хандығы әлсіреген еді. Тәуекел ханның інісі Есімнің таққа келуі бұл жағдайды тоқтатты. Ол қазақ хандығының нығайту үшін шаралар қолданды. “ Есім ханның ескі жолы”атты заң жүйесі қабылданды.
Есім хан 1628жылы қайтыс болды. 1635 жылы ойраттар басты қарсыласымызға айналған Жоңғар хандығын құрды. 17 ғасырдың 30-50 жылдары қазақтар жоңғар басқыншылығына қарсы тұрды. 1643 жылы Орбұлақ шайқасы болды. Жәңгір хан 600 сарбазы мен жоңғар дың 50 мың әскеріне тойтарыс берді. 1680жылы Тәуке ханның билікке келуі Қазақ мемлекетін жаңа сатыға көтерді. 17 ғасырдың аяғында “Жеті жарғы” жаңа заңы қабылданды. 1715ж үш жүзге билік жүргізген соңғы қазақ ханы Тәуке хан қайтыс болды. Оның өлімінен кейін қазақтың әр жүзінде өз ханы пайда болды.
49.XVII ғ. және XVIII ғ. Қазақ халқының рухани мәдениеті.
XV-ХҮІІІ ғ. басы Қазақ халқының тарихи мәдениеті басты орын алған кезең болды. Тура осы кезде халықтың ауызша шығармашылығының әр түрі дами берді және де ауызша, жазбаша әдебиеттер, шынайы музыкалық өнер де дамыды.XV-XVII ғғ. үлкен көлемде әр-түрлі жанрдағы халықтың ауызша шығармашылығы дамыды. Шығармашылық жанрлардың бір түрі ертегі болып саналды. Қазақ халқының өмірін ертегімен айқын көрсетеді. Ертегіде қызықты өмірді, тұрмысты бейнелейді. Ертегілердің көбісі мұсылман дінін қабылдағанша шықты. Халықтың мәдени-тұрмысын ертегі сюжетінен көреміз. Ертегілердің жанрының өзі әр көлемде. Мысалы: жануарлар әлемі туралы, тұрмыс жайлы, ғажайып оқиғалар, т.б.Ертегілер: “Ер Төстік”, “Құла мерген”, “Еділ-жайық”, “Алтын сақа”, “Қара мерген”, Аламан-Жоламан”, “Асан қайғы” т.б. Қазақ эпосы – бұл ауызша шығармашылықтың бір түрі. Ол ежелгі дәуір тереңіне байланысты. Ежелгі түрік батырларын алуға болады.Ол эпостар “Қарабек”, “Ер Көкше”, “Қобыланды”, “Қамбар”. Бұлар ХІІ-ХІV ғасырға жатады.XVI-XVII ғғ. дамудың жаңа этаптары басталды: сюжеттік поэмалар. Онда өз отандарын басқа елден келгендерден қорғау барысы бейнеленген. Мысалы: “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Қыз Жібек”, “Күлше қыз”, “Назымбек”, “Сұлу шаш”, “Мақпал қыз”атты поэмалар. Қазақта және басқада халықтарда тек музыка мәдениетін қорғаушы, ұрпаққа жеткізуші аспап-саздармен орындаушы, солистік әншілер болды. Әрбір ақынның, әншінің баға жетпес құралы ұшбұрышты, сопақ түрдегі — домбыра. Өз кезінде қос ішекті, іші қуыс, асты терімен жабылған қобыз сияқты құралдар болған.XVI-XVII ғғ. халық ойындарында, мерекеде, эпикалық, тарихи, ертегі және тұрмыстық жырларды халық талантары жаңғырта білген.XV ғ. басы ХІХ ғ. қазақ әдебиетінде жыраулық ерекше дамыған. Жыраулар көбінесе қоғамдық жұмыстарда, ханның кеңесшісі, соғыс басшылары болып қызмет атқарған.Қазақтардың көрнекті де беделді жырауының бірі Қазтуған Сүйіншіұлы.Қазтуған жыраудың артынан өмір, болмыс туралы, атамекен, туған ел жайлы және әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жырдан құралған мол мұра қалған. Бірақ жырларының көпшілігі сақталмаған. Бізге жеткен шығармаларынан қазіргі кезде «Бұдырайған екі шекелі», «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Белгілі биік көк сеңгір» деп аталатын үш толғауы ғана бар. Алайда аталған үш шығарманың өзі-ақ Қазтуғанның қазақ әдебиет тарихынан орын алуына негіз бола алды.Жыраулар поэзиясын жалғастырған және байытқан Марғасқа-жырау мен Жиембет-жырау (XVII ғ.).Марғасқа тек қана жырау болған жоқ, сонымен қатар ол батыр да болған. Ол Тұрсын ханға қарсы соғыстарға қатысқан. Ол “Есім” деген батырлық жырдың авторы болып табылады. Ақтамберді жырау (1675-1768) Оңтүстік Қазақстанда Қаратау ауданында дүниеге келген. Ол бала кезінен ақын-импровизатор ретінде таныла бастады. Ол барлық жоңғарларға қарсы күрестерге белсене қатысты, ал XVIII ғ. 50-ші жылдары халықтың шығысқа, жоңғарлардан тартып алынған жерлерге қарай, қозғалысын басқарды.Үмбетей (1706-1778) халықтың жоңғарларға қарсы батырлық күресін, бейбіт өмірге ұмтылысын жырлаған. Үмбетейдің ең атақты шығармасы Бөгенбай батырға арналған.XVIIІ ғ. ерекше атаққа Бұхар Қалқаманұлы(1668-1781) ие болған. Бұхар-жырау Тауке-хан мен Абылай кезіндегі атақты билердің бірі болған. Ол – мемлекеттің біртұтастығына, оны сыртқы жаулардан қорғауға арналған көптеген өлеңдердің авторы. XVIIІ ғ.аяғы мен ХІХ ғ. басында Тәттіқара, Көтеш, Шал сияқты атақты ақындар болған.Бізге XVI-XVIIғ. жазылған тарихи шығармалар да жеткен. “Тарихи Рашиди” шығармасы Мағұлстанның және Қазақ хандығының тарихына арналған. Оның авторы — ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан Мұхаммед Хайдар. Қазақтардың ең маңызды тарихи көркем шығармасы “Жәми ат-тауарих” оның авторы Тәуекел хан тұсындағы ықпалды би болған жалайыр руынан шыққан Қадырғали Қосымұлы.Қазақтардың мәдени өміріндегі орын алатын халықтық мерекелері болады. Ол мерекелер адам өмірінде басты қызмет атқарады, мысалы: үйлену тойы, баланың дүниеге келуі, құда жол яғни ас беру және басқалары. Мерекелерде әртүрлі ойындар ұйымдастырылады: бәйге, күрес, сайыс немесе көкпар т.б. ойындар. Әр мерекеде өзіне сәйкес келетін халықтық ойындары болады көк-бөрі және қызбөрі деген.XV-XVIII ғғ. жерлеу ғұрыпы аралас болды: ислам дәстүрлерімен қатар “тәңірлік” салттарға да негізделді. Қазақтар о дүниелік өмірге сенді. Сондықтан өлген адамның моласына садақ, найза, ер, сүйікті атының басын бірге қойған: өлген адамның қасына ас-суын қалдырған.Қазақстандағы үстем дін — ислам діні. Исламдінінің басты орталары Түркістан, Хорезм және Бухара болды.ХҮ-ХҮІІІ ғғ. “тәңірлік” ислам дінімен қайшыласты. Ислам жазбаларына қарап қазақтар ата-баба рухына табынған, өздерінің әкелерінің мүсіндерін қолданған. Бұл мүсіндерді олар “бұттәңірі” деп атаған. Рузбихан былай деп жазған: “Қазақтар арасында кейбір сенбеушілік әдет-ғұрыптар таралған, оларда қандайда бір мүсіннің бейнесі болған, оны олар құрмет тұтады және оған бастарын иеді”.Қазақтардың нанымы бойынша от-үйдің, от басының қоршаушысы болған. Қалыңдық жаңа үлкен үйдің отбасына келген кезде отқа сиынып және отқа май құйып құрбан шалған. Қазақтарда отпен тазалану ғұрыпы ертеден сақталған. Бұл ғұрып қыстаудан жайлауға көшу кезінде жасалған. Жылқылар тазартуға жатпаған. Себебі жылқыны қазақтар таза жануарлар деп есептеген.XVI-XVII ғғ. халық арасында уақыт есебімен айналысқан есепші мамандар болды.Олар көптеген ұрпақ тәжірибелерін алған және жылдан жылға бақылаулар жүргізген, ауа-райы жайлы болжамдар берген, мезгілдік жұмыстардың уақыттарын белгілеген.Жұлдызды аспан картасын қазақтар негізінен темірқазық шұғыласымен ашқан. Бұл жұлдыз адам өмірінде маңызды орын алған. Қазақтар түнгі уақытта көшкен кезде осы жұлдызға қарап жолды анықтаған.
50. .Ауызша тарих айту дәстүрі және оның ерекшеліктері мен маңызы.
Мұхаммед Хайдар Дулатидың, Қадырғали Қасымұлы Жалайыридің аса
көрнекті еңбектерінің маңызы.
Түркі халықтары мен басқа халықтар арасындатарихитаным, білім – ауызшасөйлеудәстүріндепайдаболды. Tарихи аңыздар — әр халықтың тарихи білімінің ең қызықты, есте қаларлықтайнысаны. Тарихиаңыздарпайда болған сәттенбастап халықтың тарихисұраныстарынақызмететіп, халықпенбірге жұмыс істейді.ХV-ХVI ғғ. қазақ хандығыныңтарихытуралыбаяндайтынортағасырлықшығармалар аз болуымен және қазақтар туралымәліметтеркөршіелдертарихындасиреккездесетіндігіменбайланысты. Бұл оқиғаныалғашжазған М. Х. Дулати. Ұлыбабамыз Қазақ хандығыныңқұрылуытуралы 80-90 жылданкейінжазған, ал екіншіден, Отанынанжырақта 1542-1546 жылдары Кашмир өлкесінде «Тарих-иРашиди» аттыеңбегіндежазады. Сонымен, ұлығалымның жұмысы жергілікті халықтың тарихиаңыздары мен әңгімелеріненегізделген. «Жаһаннаме» аттышығыстықүлгідегі, түркілікдүниетанымбиігінен ой толғайтын, даналық сөз айтатынклассикалықжыр-дастаны. «Жаһаннаменің» негізгітақырыбымахаббатқадегенадалдық, адамгершілік, адамды сүю, қастерлеу, əділдіктіардақтауболыпкеледі. XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың ең алғашқыжылдарындажазылғантүркіескерткіштерініңбірі – ЖалаириҚадырғалиҚосымұлының қолынаншыққантарихитуынды «Жамиғат-аттауарих» («Шежірелержинағы»). Соныменқатар автор сол тарихикезеңдегімәденидамудыңдеңгейі мен сипатынасайжазбатарихпенқатар, жатқа айтылғантарихты да жақсымеңгерген. Өйткені, олөмірсүргентарихикезеңдекөшпелітүркіқоғамдарындаауызшатарихайтудәстүрі кең тараған еді. Шежірелержинағында берілгеншежірелікматериалдар, түркі халықтары арасында кең тараған Едігежайлыэпостанүзінді, пайдаланылғанқанаттысөздер мен мақал-мәтелдерсоның айғағы. Халық арасындаауызданауызға тараған халық ауызəдебиетініңбірсаласы – шежіреғылымитұрғыдаталданған. Қазақ қоғамындажазудәстүріненегізделіп, жазбатүріндеқолданылғаншежрелерменқатар,ауызшадәстүргенегізделгеншежірелер өте көп.Ауызшатарихайтукелессаласы — халық ауызәдебиеті. Бұл салаға ХҮ-ХІХ ғ.қазақтыңжыраулықпоэзиясыжатады. Мұндажекелегенавторлардыңшығармаларауызшаайтылып,бізгедейінжеткен.Қазақауызәдебиетініңөкілдеріне: Асан-Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалгиіз, Жиембет, Марқасқа, Бұқар, Ақтамберді ж.т.б. жыраулардыжатқызамыз. Бұл жыраулардыңтуындыларындажекеадамныңсубъективтікөзқарасыбасымдесек те, өз кезеңініңахуалы, қоғамдыққарым-қатынас, жекелегенсаясиқайраткерлергеберген бағасы, үлкенді-кішілітарихиоқиғалартуралымәліметтердікездестіреміз.
Сонымен, қазақтың ауызшатарихайтудәстүрітуындылары қазақ тарихыныңдеректануыныңнегізгібөлімдерініңбірі бола алады. Бұл туындыларды нақты тарихизерттеуарқылы, айналымғатезіректүсіруқажет. Қазақстан тарихыныңхрестоматияларынанаузшытарихайтудәстүрітуындыларының толық заңдыорыналатынуақытыжетті. Бұл туындыларғадегенкөзқараста жаңа ұстанымғанегізделгенбағыт, әдіс-тәсілқажет. Көшпелі қазақ халқы және оның ата-бабаларытүріктер, оғыздар мен қыпшақтар, олардыңжазбашатарихыдамымағанымен, VII ғ.ортасындатүріктердің өз жазбаларыболды, «Мәңгіліктаста» (Орхон-ескерткішісейескерткіші) өз күштері мен даңқын, қиын-қыстаукезеңдердеөздерініңауыртағдырынқалдырды. Ауызшабаяндаутарихының шарықтау шегі-тарихиөлең XVIII ғасырдабасталып, ХІХ ғасырдаөзініңшыңынажетті. Белгілітарихшы-ғалымЕ.Бекмахановтың «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» аттыдокторлықмонографиясы, оны мұрағатқұжаттары мен фольклорлықдеректердікеңіненпайдаланаотырыпзерделейотырып, ауызша халық шығармашылығыныңмаңызынатапкөрсетеді : «фольклор Қазақстан тарихынзерделеукезіндегі аса маңыздыдереккөзіретіндеерекшемәнгеие. Себебі, ХІХ ғасырдың 2 жартысынадейін қазақ халқындажазбашаәдебиетболмаған. Ірітарихиоқиғаларұрпақтан-ұрпаққаберілетінхалықтың ауызшашығармашылығы: дастан, поэма, қиса, батыр жыры, ертегі, аңыз және т. б. қазақ халқыныңжадында».
Жоңғар хандығының күшеюі: «Ақтабан шұбырынды», «Алқакөл сұлама» жылдары.
Жоңғар-қазақ соғыстары (Отан соғысы деп те аталады) – Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, 18 ғасырдың 50-жылдарына дейін оның аумағына ойраттардың бірде өршелене, бірде беті қайта жасаған шапқыншылықтары. Қазақ халқы ойраттардыалғашқыда қалмақтар, кейінжоңғарлардепатаған.Қазақ жерінің, қазақ елінің ең сұрапыл қасіреті — Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама оқиғасы. 1723 жылдың көктемінде қазақ елінің қас жауы жоңғарлардың жеті түмен әскерімен басып кірген еді. Бейбіт өмір сүріп жатқан халықты талан-таражға салып, азық-түлік, мал-мүлкін тартып алуды көздеді. Қысты әрең қыстап шыққан қазақтар шетінен қырғынға ұшырады. Барлық қазақ жан-жақа тарап, кейбірі Самарқандқа, кейбір тайпа-рулар Қызылқұмға, Қарақұмға өтеді. Бұл кезең (1723-1727 жылдар) қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен аталады. Оның қазақ халқына тигізген зардабы — қайғы-қасіреті, аштығы мен қайыршылық халге душар етуі өте-мөте ауыр болды. Мың-мындаған адам қырылды немесе тұтқын ретінде айдалып кетті. Жүздеген, мындаған ауыл қатты күйзеліске ұшырады, мал-мүлік талан-таражға түсті, бір кезде гүлденіп тұрған қалалар жау қолында қалып, аяусыз қиратылды. Қазақтар қырғыннан аман қалу үшін елдің батыс аймақтарына қарай жылжып, Жайық бойына дейін жетті. Қазақтардың жаппай қоныс аударуы Ресей империясын және оның қол астындағыларды - башқұрттар мен қалмақтарды едәуір мазасыздандырды. Патша үкіметі өзіне бодан болған халықтарды қорғау үшін бірқатар кешенді шаралар қабылдады: шекара күзеті күшейтілді, Орал аймағында жаңадан әскери бекіністер салу шаралары қолға алынды. Қазақтардың едәуір бөлігі Орта Азия мемлекетінің аумағына қарай ойысты. Сөйтіп бұл оқиға «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы деген атауға ие болады.Осы кездегі бар қалған қазақтың қасіретін «Елім-ай» әні баяндап дүниеге келеді. Өз күшіне бірте-бірте енген қазақтар 1726 жылы үш жүз батырлары, қолбасшылары бірігіп, құрылтай өткізеті. Осы құрылтайда әр рудың басшылары жауға қарсы аттануға бел буып, шешім қабылдайды. Сол кезден бастап жоңғарларды бірте-бірте қазақ жерінен қуа бастайды.Қазақтардың жеңіліп, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» душар болуының бірнеше себебі бар. Біріншіден, қазақ жүздері ыдырап, Қазақ хандығының басшылығында ауызбірлік қалмады. Екіншіден, жоңғарлар бұл шабуылға өте тыңғылықты әрі мұқият әзірленген еді. Оның үстіне, шабуылдың басталатын уақыты Қазақ ауылдарының бір-бірінен алыс, қыстаудан көктеуге көшіп шығар абыр-сабыр кез болатын. Үшіншіден, 1723 жылы қазақтар қатты жұтқа ұшыраған-ды. Жорыққа мінетін жөні түзу ат жетіспеді. Төртіншіден, аймақта қалыптасқан осындай геосаяси жағдайды қалмақтар дұрыс әрі мұқият ескере білді. Қытаймен бейбіт келісім жасасты. Таяуда ғана аяқталған орыс-швед соғысынан кейін әлі ес жиып үлгере алмаған Ресейдің күрделі жағдайы да есепке алынды. Бесіншіден, шабуылдың күтпеген жерден, тұтқиылдан жасалу да қазақтарға қолайсыз әсер етті. Ақыр соңында, алтыншыдан, жоңғарлар жақсы қаруланған болат факторын, әрі соғыс қимылдарын қалай жүргізудің мол тәжірибесіне де қанық еді.«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» қазақ қоғамына тигізген зардабы орасан зор болды.Көршілес мемлекеттермен сауда-саттық байланысы да уақытша үзіліп қалды. Бірақ ең ауыр азапты қайғы-қасірет туған-туыстар мен жақын жандардың қазасы болды. Шәкәрім Құдайбердіұлының келтірген деректері бойынша, қазақтардың үштен екі бөлігі қырғынға ұшыраған. Енді бір бөлігі құлдыққа сатылып кеткен. Халық ашаршылыққа душар болды. Өлмей аман қалу үшін қайыңның сөлін ішкен. «Қайың сауған» деген сөз содан қалған. Тірі қалғандар басқыншыларға шектен тыс ауыр алым-салық төлеп тұрған. Қазақ хандығының халқы елдің әр түрлі алыс аймақтарына, тіпті шекаралас жатқан шет мемлекеттерге де тарап, босып кетті. Қазақтардың батысқа қарай жаппай ағылуы қарақалпақтармен, түрікмендермен, өзбектермен, башқұрттармен және қалмақтармен жерге таласқан дау-дамайларға алып барды. Қазақтардың Орал Қазақтарымен де, Батыс Сібірден орыстармен де өзара қарым-қатынастарын шиеленістіріп жіберді. Міне, мұның бәрі әбден әлсіреп, қожыраған Қазақ хандығын Ресей империясының оңай олжа ретінде отарлап алуымен аяқталды.
52. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күресі. Бұланты шайқасындағы жеңістің маңызы. Аңырақай шайқасы. Жоңғар шабуылының салдарынан қазақтарға қалайда күш біріктіру қажет болды. Жауға соққы беруді ұйымдастыру жөнінде бастама көтерген кіші жүздің ханы Әбілқайыр болды. Ол 1723 жылы 20 мың жауынгерімен жоңғарлардың қандас одақтасы Еділ бойындағы қалмақтарға қарсы бірнеше жеңісті жорық жасады. 1724ж көктемде Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласына жетіп, оны тікелей шабуылмен азат етті. Қаланы бір жыл бойы ұстап тұрды. Бірақ жаудың еселенген көп күшінен Түркістанды және сол аймақтағы қалаларды тастап шықты. 1726 жылы қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі басталды. 1726 жылы Бұланты өзенінің жағасында қазақ қолы жоңғар әскерін тас-талқан етіп жеңді. Мұнда қалмақтар ойсырай жеңілгендіктен, осы жер кейін «Қалмақ қырылған» деп аталды. Осыдан кейін жоңғарлар қазақ жерінің солтүстік-батыс өңірінен ығысты. Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресіне Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгнбай, Шаңшақ Жәнібек, Малайсары, Баян, Ер Жәнібек, Наурызбай, Райымбек, Саурық, Көкжал, Барақ батырлар қолбасшылық жасады. Қаракерей Қабанбай батыр (1691-1769) Шыққан тегі – Орта жүз, найман тайпасы, қаракерей руы. Шын аты – Ерасыл. Қабанбайдың әйелі Гауһар (Майсара) батыр болған. Қанжығалы Бөгенбай (1690‐1775) Шыққан тегі – Орта жүз, арғын тайпасы, қанжығалы руы. Әкесі – Ақша батыр. Оның өмірі көбіне жоңғарларға қарсы күреске айгалды. Щапырашты Наурызбай батыр (1706-1781) Шыққан тегі – Ұлы жүз, шапырашты тайпасы, асыл руы. Туған жері – Алматы. Ол жоңғар батырлары Шамалған мен Қаскелеңді жекпе-жекте өлтірді. Раймбек Түкіұлы (1730-1829) Шыққан тегі – Ұлы жүз, албан тайпасы, олжан руы. Жоңғарларға қарсы күресті 17 жасынан бастады. Бұланты щайқасындағы жеңістің маңызы Қазақ халқының рухын көтерді, Қазақстанның солтүстік-батысы азат етілді. Аңырақай шайқасы 1729ж Балқаш көлінің оңтүстігінде қазақ әскерлері тағы да жоңғарларды жеңіліске ұшыратты. Бұл жер кейін «Аңырақай» деп аталды. Үш жүздің біріккен әскеріне Әбілқайыр басшылық жасады. Аңырақай шайқасы 1730ж болды. Аңырақай шайқасынан кейін Әбілқайыр мен Сәмеке таққа таласты. Хандыққа қолы жетпеген Әбілқайыр Кіші жүз әскерін бастап, ұрыс даласын тастап кетті. Аңырақай шайқасынан кейін Ұлы жүз жоңғарларға бағынышты болып қалды.
53. Сейітқұл Қойдағұлрв пен Құтлумбет Қоштаев басқарған Әбілқайыр хан елшілігі Кіші жүзді Ресей империясының құрамына қосуды бастаған Әбілқайыр хан бірнеше мақсат көздеді:
1. Ресей империясына арқа сүйеп, жоңғар шабуылына тойтарыс беру;
2. Башқұрттардың қазақ жеріне шабуылын тоқтату;
3. Қазақ еліндегі билік жолындағы қарсыластарын ықтыру, хан тағына отыру;
4. Еділ мен Жайық өзендерінің бойындағы мал жайылымдарын реттеу;
5. Батыс пен шығысты жалғастыратын керуен жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 1730ж қыркүйек айында Әбілқайырдың батыр Сейітқұл Қойдағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілігі Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтініштің табыс ету үшін СанктПетербургке келді. 1731ж императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды. Анна Иоанновна Әбілқайырдан ант алу үшін Кіші жүзге 1731 жылғы 30 сәуірде Санкт-Петербургтен А.И.Тевлекев бастаған елшілікті жіберді. 1731ж 10 қазанда Әбклқайыр хан, Кіші жүздің 27 старшыны Ресей бодандығын қабылдау туралы ант береді. Бұл оқиға Ырғыз және Тобыл өзендерінің арасындағы Майтөбе деген шатқалда өтті. Бұл жағдай Ресей империясының қазақ жерін отарлауының басы болды.
54. Орынбор экспедициясының ұйымдастырылуы мен қызметі Кіші жүз қазақтарының шекара аймағындағы жерінде патша үкіметінің жағдайын нығайтып, бекіте түсу үшін 1734ж Қырғызқайсақ экспедициясы құрылды. Оны I Петрдің сыбайлас жақын серіктерінің бірі И.К.Кириллов басқарды. Ал оның көмекшісі қазақтардың дәстүрлі әдет-ғұрыптары мен заңдарын жақсы білетін тілмаш А.Тевкелев болды. Кейінірек Қырғыз-қайсақ экспедициясы Орынбор экспедициясы деп аталды. Оның құрамындағы 2700 адамның 2500-і әскери қызметшілер еді. Экспедицияға үкіметтің берген тапсырмасы Кіші жүздің жағдайын жан-жақты зерттеу болды. Атап айтқанда, олар табиғи ресурстарды зерттеумен, жер бетінің картасын түсінумен айналысты, сауданы ұлғайту, Сырдария бойында бекіністер салу, Ор бекінісін тұрғызу сияқты мақсатпен қазақ жеріне аттанды. 1735ж Ор бекінісі салынды. Орынбор Батыс Қазақстан аумағын отарлаудың стратегиялық орталықтарының біріне айналды. Ол Ресейдің еуропалық бөлігі мен қазақ даласының, Орта Азияның аралығындағы ірі сауда орталығы қызметін атқарды. Міндеті: қазақ даласының жер жағдайын зерттеу және жер бедерін картаға түсіру еді. Аталмыш экспедиция отарлау стратегиясын жүргізудің қызметін атқарды. Нәтижесінде, Кириллов «Қырғызқайсақ ордалары туралы түсіндірулер» атты еңбек жазды. Осы экспедиция басшысы Кирилловқа қатын патша өз тарапынан тікелей 18 мамыр күні былай деп тапсырма берген: • Ордада болып жатқан оқиғалар жайлы хабар алып келу; • Қазақтардың жоңғармен соғысы жайлы толық мәлімет білу; • Қазақтардың Ресейге көзқарасы қандай? • Жоғарыдағы мәселелерді толыққанды атқару үшін башқұрт пен қазақтардың арасынан сенімді адамдарды іріктеп, сол өңірге жіберіп (тыңшылық мақсатында) олар әкелген мәліметті Сібір губернаторына хабарлау Кирилов қайтыс болғаннан кейін Орынбор экспедициясының бастығы болып В.И.Татищев тағайындалды. Сол себепті Кириловтан кейін бұл істі өз қолына алған Татищев болды. Ол өзінің ғылыми еңбектерінде қазақтардың тұрмысын, мінез-құлқын, мәдениетін сипаттап жазады. Осы экспедиция Қазақияның батыс өңіріне барлау-зерттеу тыңшылық жұмысын жүргізу барысында қазақтар тарапынан болуы мүмкін шабуылды болдырмауға Әбілқайыр хан кепіл етіп отырды. Нәтижесінде Әбілқайыр ханға қарасты аумақты басып, тарихта тұңғыш рет Орта Азияға патшаның сауда керуені өтті.