Қазақстан тарихы Сессия жауаптары(Админ-11) 1)Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


) КОКП ОК-ның Бас хатшысы М.С. Горбачевтың «қайта құру» саясаты



Pdf көрінісі
бет56/66
Дата14.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#107515
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   66
Байланысты:
Тарих ответы(Админ-11)

77) КОКП ОК-ның Бас хатшысы М.С. Горбачевтың «қайта құру» саясаты. 
КСРО құрамындағы одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі кезең басталды. 
Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздігі мен дәрменсіздігі, 
қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан 
басқарылуы, партиялық және мемлекеттік функциялардың бірігуі, заңдылықтың бұзылуы, 
жариялылықтың болмауы, ғылымитехникалық және технологиялық прогресте арттақалушылық, 
бақылаусыз басқару аппараты, инфляция, тауар тапшылығ, халықтың тұрмыс деңгейінің 


нашарлауы, теңгермешілдік, әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы, ұлтаралық қатынастардағы 
шиеленістер экономикалық дағдарысқа алып келді. 1985 жылдың көктеміне қарай елде 
экономикалық реформа жүргізу қажеттігі айқын сезілді. 1985 жылы наурыз айында КОКП Орталық 
комитетінің бас хатшысы болып М.С. Горбачев сайланды. Қызметінің алғашқы күнінен бастап елдегі 
дағдарыс жағдайының себептерін ашу үшін батыл шаралар жүргізіп, күн тәртібіне кадр мәселесін 
қойды. М.С. Горбачев экономикалық реформаны жүргізуді бастау үшін жас кадрларды тарта 
отырып, өз «командасын» жинады. Партия мен мемлекет басшылығына жаңа адамдар келді. 1985 
жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне 
сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. Бұл бойынша қоғамды түбегейлі 
өзгерту және әлеуметтік экономиканы дамытуды тездету тапсырылды. Қоғамдағы адамдардың 
рөлін арттыра отырып, өндірісте тәртіпті күшейту, еңбекке ынталандыруды жетілдіру көзделді. М.С. 
Горбачев саясатының ұраны: жариялық, жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы 
КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми 
айқындамасыз жүргізілді. М. Горбачев командасы экономика мәселелерін әлі бұрынғыша әмір 
беру әдістерімен шешуге болады деген сенімнен арылмады. Коммунистік басшылық әр республика 
өз шаруашылығын өзі басқаруы керек деген пікірлер мен талаптарды жершілдік, ұлтшылдық 
бағыттағы саяси ойын деп санады. Қайта құру бағыты алғашқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай 
бастады. 1987 жылғы Маусым пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселелеріне арналды. 
Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда 
тауар-ақша қатынастарының рөлі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес тауар 
өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге 
көшуге негіз жасалды. Алайда бұл шаралар іске асырылмады. Халықшаруашылығындағы жағдай 
ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын тауарлар жоғала бастады, азықтүлік түрлері 
азайды. Қоғамның саяси құрылымдарын жаңартпайынша шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері 
нәтиже бермейтіні айқын болды. Қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа 
еңгізу керек болды. 1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР-нің егемендігі жөніндегі декларация 
қабылданды. Қазақстанда одақтық заңдардан республикалық заңдардың басымдығы туралы 
ұстаным жария бола бастады. Қабылданған шешімдер мен қарарлар бұрынғыдай орталықтың 
емес, республиканың мүддесіне сай болатын болды. 1990 жылы желтоқсанда Қазақстан президенті 
болып Н.Ә. Назарбаев бекітілді. Қазақстанда «Қазақ КСР-індегі меншік туралы заңның» қабылдануы 
экономикада түбірлі бетбұрыс жасап, нарықтық қатынастарды енгізудің бастамасы болды. Бұл заң 
өндіріс құралжабдықтарына мемлекеттік меншіктен өзге, жекеменшіктің болу мүмкіндігін 
дәйектеп берді. Өзге одақтас республикалардағыдай Қазақстан экономикасы да нарықтық 
қатынастарға бағыт алды, түрлі кооперативтер, жекеменшік фирмалар, шағын кәсіпорындар 
құрыла бастады. Алайда республика бұрынғыша шикізат көзі болып қала берді. Рухани 
идеологиялық өмір отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын 
қаржыландыруда «қалдықты» ұстаным сақталды. Аса маңызды мәселелердің барлығы Мәскеуде 
шешіліп отырды. Республикалар егемендігі сөз жүзінде ғана болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет