Қазақстан тарихы Сессия жауаптары(Админ-11) 1)Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


) 1986 жылғы Алматыда және республиканың басқа қалаларында болған Желтоқсан оқиғасы



Pdf көрінісі
бет57/66
Дата14.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#107515
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   66
Байланысты:
Тарих ответы(Админ-11)

78) 1986 жылғы Алматыда және республиканың басқа қалаларында болған Желтоқсан оқиғасы. 
Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ 
жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-
қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып 
табылады Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен 
санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1- хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-
хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау 
басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы 
шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы 
қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді 


79) 1991 жылғы тамыз бүлігі және КСРО-ның ыдырауы. 
1991 жылғы тамыз «бүлігі» және КСРО-ның ыдырауы. 1991 жылдың көктемінде Одақ пен егеменді 
республикалар арасындағы қарымқатынастар жаңа сатыға көтерілді. Одақтас республикалардың 
егемендікке деген жаппай ұмтылысы — 1991 жылдың сәуірінен маусымына дейін Мәскеу түбіндегі 
Ново-Огареводағы президент резиденциясында одақтас республика басшыларының бірнеше 
дүркін бас қосуларына алып келді. Ново-Огоревада 1991 жылы 23 сәуірде РКФСР, Украина, 
Қазақстан, Белоруссия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан 
басшылары кездесіп, нәтижесінде «9+1» деп аталатын жаңа Одақтық шарт дайындалды. Бұл Одақ 
енді Кеңестік Егеменді Республикалар Одағы деп аталатын болды (КСРО-ның тоғыз Одақтас 
республикасы мен КСРО Президенті). Тоғыз сағаттық келіссөздерден кейін, елдегі жағдайды 
тұрақтандыруға шұғыл шара қолдану және дағдарысты еңсеру туралы мәлімдемеге қол қойылды. 
Құжатта мемлекеттердің егемендігі, Одақтық өкімет орындарының қайта сайлануы мен Одақтық 
жаңа Конституцияның қабылдану қажеттілігі айтылды. Мәлімдеменің мәтінінде болашақ Одақ 
турасында «КСРО» деген түсінік аталынбады. КСРО-ның тағдыры туралы 17 наурыздағы 
референдумда азаматтардын көпшілігі Одақты сақтап қалу жөнінде өз пікірін білдірсе, екінші 
жағынан республика басшылары, бірінші кезекте Б.Н. Ельцин, Одақтың арқасында өз ұстанымын 
күшейтуге тырысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет