Қазақстан тарихы Сессия жауаптары(Админ-11) 1)Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


) Қазақстандағы ерте темір дәуірінің зерттелуі



Pdf көрінісі
бет8/66
Дата14.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#107515
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   66
Байланысты:
Тарих ответы(Админ-11)

13) Қазақстандағы ерте темір дәуірінің зерттелуі. 
Қазақстандағы ерте темір дәуірінің басы б.з.д. VIII - VII ғасырларына жатады. 
Ерте темір дәуірінің басталуымен Евразия кеңістігіндегі далалык этностар өмірінде шынайы ғаламат 
өзгерістер басталды. Бұл дәуірде шығыстағы Монғолиядан батыстағы Дунайға дейінгі далаларды 
мекендейтін бақташы, бақташы-егінші тайпалардың жайылымдар мен су көздерін пайдалануды 
маусымдық шектеудің күрделі де қатаң жүйесіне негізделген малшылық шаруашылықтың 
жылжымалы түрлеріне көшуіне тура келді. 
Ерте темір дәуірі басталысымен, Евразия далаларында ірі тайпалық бірлестіктер қалыптаса 
бастайды. Олардың мүдделерінің қақтығысы, айналасындағы отырықшы-егінші халықтармен 
қарым-қатынастарының өзіндік түрлері қоғамның белгілі дәрежеде әскериленуіне әкеп соқты. 
Тарихи сахнада гректер мен парсылар скифтер, сактар, савроматтар деп атаған тайпалар пайда 


болды. Этникалық туыстығының, даму деңгейі мен өмір салтының ұқсастығының өзара тығыз 
байланыстылығы нәтижесінде бірұдай, етене жақын мәдениеттер құрылды. Скиф-сақ заманында 
тайпалардың материалдық мәдениетінде қару-жарақтың, ат әбзелдерінің айрықша түрлері пайда 
болды, "скиф-сақ аң стилі" деген атау алған өзіндік өнер кең таралды. Кей ретте ерте темір 
дәуіріндегі қоғам тұрғындарының бұл материалдық мәдениетін "скифтік үштік" (ат әбзелдері, қару, 
аң стилі) деп те атайды. 
Ерте темір дәуірінің далалық тұрғындары ерекше қарқынмен дамыды, металл өндірісі, сауда 
айырбасы гүлденді. Тайпалық одақтардың ат төбеліндей бай шоғыры: патшалар, әскери мансап 
иелері пайда болды. Үлкен "патша" обалары, яғни қайтыс болған ауқатты адаммен бірге өзінің 
құндылығымен мәнді болып саналатын бұйымдар - қару-жарақ, ат әбзелдері, әшекейлер бірге 
қойылды. 
14) Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы. 
Қаңлы мемлекеті – Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ. айтылады. 
Сырдария,Талас өзендері бойында орналасты. Саны 600 мың адам, 120 мың әскерімен Орталық 
Азиядан келген. Астанасы Битян қаласы. Б. з. б. II ғасырдың екінші жартысындағы «Халықтардың 
ұлы қоныс аударуы» деп аталмыш кеткен тарихи оқиғалардың нәтижесіңде Орталық Азияда жаңа 
мемлекеттік бірлестіктер, соның ішінде 
Үйсін, Янцай, Қаңлы мемлекеттері қалыптасады. Соңғысы Қазақстан тарихында елеулі рөл атқарды. 
Қытай деректеріне қарағанда, қаңлы тайпаларының иелігінде Сусе, Фуму, Юени, Ги, Югень деп 
аталатын бес аймақ болған. Бұл жерлерді кәзіргі кезеңдегі аудандармен салыстырып қарайтын 
болсақ: Югень-Хорезм; Ги- Сырдарияның саға-сы; Фуму-Жаңақорғанның солтүстік батысынан 
Қазалыға дейін; Сусе-Сырдарияның орта ағысы, Арыс өзенінің аңғары, Қаратау беткейі; Юени-
Ташкент аймағы. 
Қазақстан және Орта Азия жерінде қаңлы тайпаларының ескерткіштеріне жүргізген зерттеу 
жұмыстарының қорытындысы бойынша, олардың қалдырған материалдары шартты түрде үш 
мәдениетке бөлінеді. 
1. 
Қауыншы. 2. Жетіасар. 3. Отырар-Қаратау мәдениеті. 
Бірінші- Қауыншы мәдениеті, Ташкент маңындағы кенттерден табылған заттармен байланысты, 
оның бірі Қауыншы қаласының атымен аталған. Бұл мәдениеттің тарихи түрғындарының өмір 
сүрген кезеңдері б.з.б. III ғасырмен б.з. I ғасыр арасы. Қазақстан ғалымдары бүл мәдениетке 
Ташкент аймағына жақын орналасқан Шардара су қойма-сының жеріндегі ескерткіштерді де 
жатқызады. Олар Ақт-өбе I, Шаушықүм қалашықтарының орындары. Бүлардан керамикалық ыдыс-
аяқтар, егіншілік кәсібіне және мал шаруашылығына қажет қүрал жабдықтар мен қару-жарақтар 
табылған. 
Екінші - Жетіасар мәдениетіне Сырдарияның төменгі ағысындағы және Арал бойындағы қаңлы 
тайпаларының тарихи ескерткіштері жатады. Бұлардың қатарына - Алтынсар, Томпақасар, 
Бидайықасар, Үңгірліасар, Жетісар қалашықтары кіреді. Мүндағы табылған заттар б.з. Імың 
жылдығының алғашқы жартысында өмір сүрген қаңлы тайпаларының тарихы туралы мәлімет 
береді. Жетіасар мәдениетінің халқы Қауыншы мәдениетінің тұрғындарына қарағанда тұрақты 
мекен-жай салу және оның күрделі әрі сапа-лы болуымен ерекшеленеді. Сондай-ақ бұларда 
керамикалық заттар жасауда айырмашылықтар болған. 
Үшінші- Отырар-Қаратау мәдениетіне Сырдарияның орталық ағысы, Отырар аймағы мен 
Қаратаудың солтүстік және күнгей бетіндегі ескерткіштер жатады. Жазба дерек-тер бүл жерлердегі 
қаңлы тайпаларының негізгі өсіп- өнген, этникалық ата-мекені болғанын көрсетеді. Сондықтан да 


Қазақстан ғалымдары Отырар, Қаратау мәдениетінің тарихи ескерткіштерін тереңірек зерттеуге 
ерекше назар аударған.
Б.з.б. II ғасырдың екінші жартысында қаңлылар жерінің оңтүстік аймағы юечжиге, ал солтүстік бөлігі 
ғұндарға тәуелді болғаны көрсетіледі. Ал б.з. 1-ғасырында мүндағы жағдай өзгеріске ұшырайды. 
Бүл кезде Амудария мен Сырда-рия аралығындағы ю 
ечжилердің негізгі белігінің оңтүстікке, 
Бактрияға қарай ығысуы, қаңлы тайпаларының күшеюіне мүмкүндік береді. Қаңлылар одағының 
құрамына жоғарыда аталған бес иелік кіреді. Қаңлылар Арал-Каспий өңіріндегі сармат-алан 
тайпалар одағы мен Орал өңіріндегі сармат тайпаларын бағындырады. Қаңлы билеушілері Қытай 
империясымен қатынаста еркін, тәуелсіз бағыт үстайды. 
Ұсынылған әдебиеттер 1. Гумилев Л. Көне түріктер. А.,1994. 2. Әбілғазы Б.Түрік шежіресі. 1992. 
3. Кадырбаев Казахстан в эпоху Чингиз хана и его премников ХІІ-ХІҮ вв А.,1992 4. Масанов Н. 
Кочевая цивилизация казахов. М.,1995. 5. Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті. А., 2002. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет