Қазақсьан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Жоспар:
Кинематиканың негізгі ұғымдары. Кинематиканың негізгі ұғымдары
Түзусызықты қозғалыс. Түзусызықты қозғалыс
Денелердің еркін түсуі. Еркін түсу үдеу. Денелердің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі
Қисықсызықты қозғалыс. Шеңбер бойымен қозғалыс. Қисықсызықты қозғалыс. Шеңбер бойымен
5. Айналмалы қозғалыс.
Айнымалы қозғалыс
Кинематика - механикалық қозғалыстың себебін түсіндірмей, қозғалыстың математикалық сипаттамасын қарастыратын механиканың бөлімі.
Механикалық қозғалыс - дененің немесе оның жеке бөліктерінің уақыт өтуіне қарай санақ денесіне қатысты орнын өзгертуін айтпды.
1. Кинематиканың негізгі ұғымдары Материялық нүкте-қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдері еленбейтіндей денені айтады. Қозғалыс траекториясы – дененің (Материялық нүкте) қозғалыс кезінде қалдырған ізі. S [м] ← Жүрілген жол – дене бойымен қозғалған траекторияның ұзындығы. l[м]← Орын ауыстыру – қозғалыс траекториясының бастапқы және соңғы нүктелерін қосатын бағытталған кесінді. Санақ жүйесі – санақ денесімен байланысқан координаталар жүйесі және уақыт өлшейтін прибор.
Жылдамдық - бірлік уақыт ішіндегі дененің орынауыстыруының мәнін көрсететін векторлық шама [м/с]. Жиі кездесетін жылдамдықтың өлшем бірлігі – км/сағ. 1 м/с = 3,6 км/сағ.
Лездік жылдамдық - траекторияның берілген нүктесіндегі, берілген уақыт мезетіндегі дененің жылдамдығы.
Орташа жылдамдық - барлық жүрген жолдың барлық уақытқа қатынасымен өлшенетін физикалық шама [м/с], скаляр.