Қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет25/42
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#14567
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42
 
 
1. XX-шы ғ. басында Ресей империясы құрамындағы Қазақстан алты облыстан 
тұрды:  Түркiстан  генерал-губернаторлығында  -  Сырдария  және  Жетiсу  облыстары  ( 
орталығы  Ташкент);  Дала  генерал-губернаторлығында-  Ақмола,  Семей,  Орал,  Торғай 
облыстары.  Бөкей  Ордасы  Астрахань  губерниясының  құрамында,  ал  Маңқыстау 
Закаспий  облысының  құрамында  болды.  XIX  ғ.  аяғында  Бүкiлресейлiк  халық  санағы 
бойынша  Қазақстанда  4,2  млн  адам  тұрды,  олардың  81,7  пайызын  қазақтар  құраған. 
1914  жылға  қарай  өлке  халқының  жалпы  саны  5,9  млн  адамға  жетiп,  олардың  65,1 
пайызын  қазақтар  құрады.  Халық  саны  көбеюiнiң,  бірақ  жергілікті  халықтың  үлес 
салмағының азаюының негiзгi себебi Ресей үкемiтiнiң жүргiзген отарлау саясатының бiр 
бағыты - Жетiсу, Торғай, Ақмола облыстарына славян халықтарын көшiруде болды.  
 
Жергiлiктi  халықтың  көпшiлiгi  ауылдарда  тұрып,  әдеттегiше  жартылай  көшпелi 
мал  шарушылығымен  айналысатын,  соның  iшiнде  мал  ұстаудың  жайылымдық-
жартылай  қолда  бағу  жүйесi,  егiншiлiкпен, шөп шабумен шұғылдану тәсілi болды. XX-
шы ғасырдың басында да ата-салт бойынша қазақтар төрт түлiк мал (жылқы, қой, түйе, 
ешкi) және iрi қара мал өсiрдi. Осы кезде егiншiлiкпен айналысу кең тарап, 1897 жылғы 
мәлiметтер  бойынша  бұл  кәсiппен  айналысатындар  арасындағы  қазақтардың  үлес 
салмағы 55% жетiптi.  
 
Егiншiлiк Сырдария облысының Шымкент пен Әулиеата уездерiнде кең көлемде 
болып, жедел қарқынмен дамыды. Бұл өңiрдегi әр тұқым себушi шаруашылыққа егiстiк 
орта  есеппен  10,7  десятинадан  келдi.  Жетiсу  облысының  Қапал  уезiнде  1910  ж.  қазақ 
шарушылықтарының  81  пайызы,  ал  Верный  уезiнде  79,3  пайызы  егiншiлiкпен 
айналысатын.  Қостанай  уезiнде  егiншiлiкпен  үй  қожалықтарының  88  пайызы 
шуғылданып,  олар  әрбiр  тұқым  себушi  шаруашылыққа  22,2  десятина  жерден  келетiн 
107,4  мың десятина егiстiкке тұқым сепкен. 
 
Жер  өңдеушiлiк  кәсiбiн  дамытуда  қоныс  аударғандар  елеулi  рөл  атқарды. 
Егiншiлiктiң  қазақ  арасында  тез  тарауы,  жаңа  ауылшаруашылық  құралдары  мен  жер 
өңдеу  тәсiлдерiн  меңгеру,  рыноктарға  астықтық  және  жемдiк  дақылдарға  сұраным, 
егiстiктерде  бидайдың,  арпа  мен  сұлының  барған  сайын  көп  орын  алуына  себепкер 
болды. Күрiш, бақша дақылдарының егiстiктерi кеңейтiлдi. 
 
Бұрын-соңды байқалмаған тағы бiр ерекшелiк - XX-шы ғасырдың басында қазақ 
жерiнде қала халқының жүйелi өсуi байқалды. Тек бiрiншi 15-жылдықта қала халқының 
жалпы  саны  1,5-есе  өсiп:  Оралда  -  47,5  мың,  Петропавл  мен  Верный  де  -  43,2  мың, 
Семей де - 34,4 мыңға жетiп, олар iрi қалалар қатарына қосылды. Қалалардың көпшiлiгi 
әкiмшiлiк  орталықтары  ретiнде  пайда  болып,  тез  арада  сауда  мен  өңдеушi 
өнеркәсiптердiң  орталығына айналды.  
 
Қазақстан  қалаларының  өзiндiк  әлеуметтiк-экономикалық  жағдайлардан 
туындаған  бiрқатар  ерекшелiктерi  болды.  Бiрiншiден,  олар  жалпы  дүниежүзiлiк 
эволюция  заңдылығымен  ұштасады  және  сол  процестiң  нәтижелерiнде  көрiнедi. 
Екiншiден,  қазақ  жерiндегi  қалалардың  пайда  болуы  мен  өсуi  өлкенi  отарлаудың 
тарихымен,  орыс-қазақ  саудасынының  ұлғаюымен  байланысты.  Мысалы,  отарлаудың 
нәтижесiнде  қазақ  өңiрiндегi  казак  елдi  мекендерiнiң  саны  осы жылдары 30-дан 400-ге 
дейiн  көбейген.  Қалалардың  қалыптасу  процесiне  Ресей  империясының  шеткi 
аймақтарындағы XIX-шы ғасырдағы саяси реформалар зор әсерiн тигiздi. 


 
111 
 
Реформалардан  кейiнгi  кезеңде  қалалардың көбi ұсақ қалалар санатына жатты. 
Сырдария облысында ұсақ қалалар саны барлық қалалардың 71 пайызын алды. XX-шы 
ғасырдың басында Қазақстан қалаларындағы халықтың саны төмендегiдей болған:  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет