Қазақстан тарихы


ҚАЛА       ХАЛЫҚ САНЫ      ҚАЛА    ХАЛЫҚ  САНЫ



Pdf көрінісі
бет26/42
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#14567
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42
 
ҚАЛА       ХАЛЫҚ САНЫ      ҚАЛА    ХАЛЫҚ  САНЫ 
 
Орал                36446                  ¤скемен              8721 
Верный           22744                  Кереку                 7738 
Семей              20216           Перовск (Ақмешiт)   5058 
Қызылжар      19688            Көкшетау                      4962 
Жаркент         16094            Қарқаралы                     4451 
Қостанай        14275            Зайсан                           4402 
Әулиеата        11722            Атбасар                         3038 
Ақмола           9688              Ырғыз                           1512 
Атырау          6322            Торғай                           896 
 
 
Қала  халқының  саны  артып,  оның  әлеуметтiк  құрамы  өзгердi.  Қалаларда 
офицерлер,  құрметтi  азаматтар  мен  көпестер,  казак  ұлықтары  (Оралда,  Орынборда, 
Семейде,  Верныйда)  тұрған.  Қала  халқының  көпшiлiгi  шаруалар,  жұмысшылар  және 
ерекше топ мещандар болды. Құқы жағынан бiртұтас бұл сословие әлеуметтiк жағынан 
iс  жүзiнде  бiртектес  емес  едi.  Мещандар  арасынан  көпестердiң  қатарын толықтырған 
саудегерлер,  кәсiпкерлер  шығып  отырды.  Алайда,  мещандардың  негiзгi  бөлiгi 
шаруашылық  жағынан  дербестiктен  айырылып,  бара-бара  кедейлер  құрамын 
толықтырып отырған. 
 
Бастапқы  кезде  қала  халқы  негiзiнен  казактардан,  әкiмшiлiк  аппаратынан  және 
қызмет  адамдарынан  қалыптасты.  Одан  әрi  ол  қоныс  аударушы  славян  крестьяндар 
есебiнен  көбейдi.  Қазақстан  қалалары  XX-шы  ғасырдың  басында  өнеркәсiп 
шоғырланған  iрi  орталықтар  есебiнде  болмаған  едi.  Ресей  империясының  шығыс  шет 
аймағы  ретiндегi  Қазақстанның  жағрафиялық,  жағдайы  мұнда  ауыл  шаруашылығы 
шикiзатын  алғашқы  өңдеумен  байланысты  негiзiнен  ұсақ  өнеркәсiптiң  таралуына 
себепшi  болды.  Ұсақ  өндiрiстiң  үлес  салмағының  жоғары  болуы  мен  оның  сипатына 
байланысты шағын қалалар басым болды. Қалаларда ең алдымен тамақ салалары, терi 
илеу  өнеркәсiбi  және  механикалық  ұстаханалар,  негiзiнен  темiр  жол  жанындағы 
шеберханалары шоғырланды. 
 
XIX ғасырдың аяғында Қазақстан қалалары өлкенiң аграрлық-сауда және мәдени 
орталықтарына  айналып,  оларда  ауыл  шаруашылық  және  жер  қойнауындағы 
шикiзаттарды өңдейтiн өренкәсiп  пен ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң  саудасы дамыды. 
 
XX-шы ғасырдың басында Қазақстанда өнеркәсiп өндiрiсi  қанат жая бастады. Ол 
үшiн өлкеде қолайлы жағдайлар толық болды. Жер мен шикiзат арзан, жұмысшылардың 
жалақысы  төмен,  басы  артық  жұмыс  қолы  мол  едi.  ¤неркәсiп  саласының  негiзiн 
құрайтын кен өндiру өнеркәсiбi елiмiзде сол кездiң өзiнде маңызды сала бола бастады. 
Ғасырдың  басында  Қарақаралы  уезiнде 70-ке жуық шағын мыс рудниктерi, 170 күмiс-
қорғасын,  3  темiр,  2  никель-күмiс,  4  мырыш  руднигi  болған.  Атбасар  уезiнде  15 
участектен  мыс,  күмiс,  қорғасын  өндiрiлетiн  кәсiпорындары  толық  болмаса  да  iске 
қосылған. Сiбiрде алтын шығатын жерлер ашылған кезде Омбы, Петропавл, Көкшетау 
және  басқа  алтын  кәсiпкерлерiнiң  құқы  Қазақстанның  қазақ  даласы  мен  таулы 
аудандарының көмбелi байлықтарына ауды. 
 
Кен-зауыт  өнеркәсiбi  негiзiнен  Ақмола  облысының  Ақмола,  Баянауыл  және 
Қарақаралы,  Семей  облысының  ¤скемен  уездерiнде  шоғырланды.  Жеке  адамдар 
ұйымдастырған жарналы серiктестiктердiң саны көбейдi. Мәселен, Ақмола облысының 
Көкшетау  уезiнде  70-шы жылдардан бастап алтын өндіретін Подсосовтың, Петровтың, 
ағайынды Шевелиндердiң, Бутбриндердiң сауда фирмалары пайда болды. 1878 жылдың 
қазанында  Петербургте  Түмень  көпестерi  Л.Д.  Хотинский  мен  М.  Катымскийдiң 
арасында уезде алтын шығару жөнiнде жарналы серiктестiк ұйымдастыру жөнiнде шарт 
жасалынды.  Осы  кездерде  Рязановтар,  Брониковтар,  Меньшиковтар  ж.б.  секiлдi 
акционерлер  шықты. 


 
112 
 
Елiмiзде  негiзiнен кен қазып шығару және тау-кен зауыттық, сондай-ақ өңдеушi 
кәсiпорындар  дамыды.  Тау-кен  өнеркәсiбi  түстi  металдар  мен  темiрдiң  бай  кен-
орындарын  пайдаланып  жатқан  Алтай  мен  Орталық  Қазақстанда көбейдi. Бұнда мыс, 
алтын, темiр ж.б. өндiрiстiк шикiзат шығатын орындар шетелдiк акция иелерiнiң қолына 
көштi.  Мысалы,  ағылшын-француз  акционерлiк  қоғамы  Спасск-Успенск  кен  зауытын, 
Саран-Қарағанды  таскөмiр  кенiн,  темiр  рудниктерiн  сатып  алды.  Көбiнесе  акция 
ұстаушылар  американдықтар,  немiстер,  шведтер,  австриялықтар  т.б.  шет  ел  өкiлдерi 
болған.  1914  жылы  Екiбастұз  қорғасын-мырыш  зауытының  құрылыстары  басталды, 
темiр жол салынып жатты. 
 
XX  ғасырдың  бас  кезiндегi  өлкедегi  түрлi  иелiктегi  өнеркәсiптiк  орындардан 
алтын,  көмiр  (Екiбастұз,  Қарағанды,  Саран),  тұз  (батыс  және  солтүстiк-шығыс 
аймақтарда)  шығарылды.  Кәсiпорындардың  бiршамасы  артельдерге,  серiктестiктерге 
және қоғамдарға арендаға берiлдi. Батыс Қазақстандағы Жайық-Жем аймағында мұнай 
өндiрiсi  дамыды.  1912-1914  жж.  мұнай  өндiру  саласын ағылшындықтар қолына алып “ 
Орал-Ембi  қоғамы”,  “Батыс-Орал  мұнай  қоғамы”  және  “Солтүстiк  -Каспи  мұнай 
компаниясы”  деген  кәсiпорындары  арқылы  өлкеде  экономикалық  билiк  жүргiзген. 
Cөйтiп,  олар  жұмысшы  қолын,  бәсекесiз  және  мұнайдың  бай  кен  орындарын 
жыртқыштықпен пайдалану арқылы ұшан-теңiз пайда алған. 
 
Тұтас  алғанда  өлке  өнеркәсiбiнде  ауылшаруашылық  шикiзаттарын  өңдейтiн: 
терiден  былғары  жасайтын,  май  шыжғыратын,  сабын  қайнататын,  спирт  шығаратын, 
май  шайқайтын  кәсiпорындары  басым  болды.  Жетiсу,  Ақмола  және  Семей 
облыстарында  өнiмдерiне  әскери  ведомстволар  ерекше  ынталық  танытқан  жүн-шұға 
фабрикалары,  ет-консервi  зауыттары,  сондай-ақ  ұн-жарма  өнеркәсiбi  дами  түстi. 
Оңтүстiк Қазақстанда шикiзатты өңдейтiн майда кәсiпорындардан басқа мақта тазарту 
өнеркәсiбi өркендедi. XX ғасырдың басында Шымкентте төрт, Түркiстанда  - екi мақта 
тазартатын зауыт салынған.  
 
Қазақстанда  балық  кәсiпшiлiгi  едәуiр  дамыды.  XX-шы ғасырдың басында 150-
ден  астам  балық  кәсiпшiлiктерi,  Жайық  өзенi  мен  Каспий  теңiзiнiң  жағалауында 
шоғырланған  едi.  Баутин,  Жылықосын,  Гортамбаев,  Забурин  және  Ганюшкин  балық 
зауыттары iске қосылды.  
 
Жем  мен  Жайық  өзендерiнiң  өңiрiнде  балықшы  кәсiпкерлер  балық саудасымен 
шұғылдана  бастады.  Олар  балықтарының  бiразын  Астраханьға  және  басқа қалаларға 
апарып  сатып,  олардан  сатып  алған  астық  пен  өнеркәсiп  тауарларын  қайтадан ауылға 
әкелiп сататын болды. XIX-шы ғ. 70-шi жылдарынан бастап Арал теңiзi мен Сырдарияда 
да балық аулау кәсiпшiлiгi кең қанат жаяды. Осы жерден балық Ырғыз бен Жаманқала 
арқылы Троицкiге  жөнелтiлiп  тұрды. 
 
Балқаш  көлiнде  балық  аулайтын  тұрақты  кәсiпшiлiк  1880  жылдан  қызмет  ете 
бастаған.  Iле  мен  Шу  өзендерiнiң  және  Балқаш  көлiнiң  жағаларында  балық 
кәсiпшiлiгiмен  шұғылданған  135-ке  жуық  отбасылары  аулаған  балықтарының  денiн 
Верный  мен  Қарақараланың  базарларына  сатып  отырған.  Дамып  келе  жатқан  балық 
кәсiпшiлiгi  қазақ  шаруашылығында,  әсiресе  кедейлер  үшiн  үлкен  сүйенiш  едi.  Семей 
облысында  әртүрлi  балығы  көп  су  қорларының  болуы  бұл  өңiрде  балық 
кәсiпшiлiктерiнiң  өркендеуiне  себепшi  болды.  ¤лкеде  ауланған  балықтың  көлемi 
жөнiнен  Зайсан  көлi  мен  Қара  Ертiстiң  сағасы  бiрiншi  орын  алатын  едi.  Балықшылар 
басы  артық  балығын  жақын  жердегi  жәрмеңкелерге  апарып  немесе  жергiлiктi 
алыпсатарларға өткiзiп отыратын болды. 
 
Сайып  келгенде,  XX-шы  ғасырдың  басында  қазақ  жерi  Ресей  империясының 
толық  отаршылдығында  бола  тұра  өзiнiң  табиғат  қорларына  сүйенген  өнеркәiсiп 
салаларының  дамуына  нық  қадам  жасаған.  ¤лкенiң  өнеркәсiп  орталықтарының  бiрi 
Батыс  Қазақстан  болды.  1894  жылы  Оралға  темiр  жол  келiп  бүкiл  елiмiздi  Едiл 
жағалауындағы  халықтармен  жалғастырды,  Жайық  өңiрiнiң  өнiмiн  Ресейдiң  Еуропа 
аймағындағы рыноктарына жеткiзудiң торапты нүктесiне айналды.  
 
Екiншi  маңызды  өнеркәсiп  орталығы  Ақмола  облысы,  оның  iшiнде  Петропавл 
қаласы  болды.  Мұнда  1895  жылы  1155  диiрмен,  216  өңдеушi  өнеркәсiптiң  зауыттары 
жұмыс iстеп, олар жылына 1 миллион сомның тауарларын шығарып тұрды.  
 
Қатынас  жолдары.  Барлық  жолдар,  пошта  қатынастары  негiзiнен  Ақмола, 
Көкшетау,  Гурьев,  Орал,  Орынбор,  Омбы,  Петропавл,  Семей,  Павлодар,  Верный, 


 
113 
Ташкент  сияқты  қалалардың  төңiрегiне  шоғырланды. Тауарлар өгiзбен, түйемен, атпен 
тасылып  тұрды.  Шикiзат  пен  өнеркәсiп өнiмiнiң, азық-түлiк пен жұмыс күшiнiң бағасы 
да  едәуiр  дәрежеде  сол  қатынас  жолдарының жағдайына байланысты болды. XIX-шы 
ғасырдың  80-ші    жылдарынан  бастап  Ертiс  бойымен  және  Балқашта  тұрақты  кеме 
қатынасын  жолға  қоюға  әрекет  жасалды.  Омбы,  Семей,  Павлодар  секiлдi  қалаларда, 
Ертiстiң жағасында қойма жайлар салынды. 1860 жылдан бастап кеме жүзу маусымында 
Балқаш көлi мен Iле өзенiнiң  бойында жыл сайын ерсiлi-қарсылы жүк тасылып тұрды. 
 
Iшкi Ресейден Қазақстанға темiр жолдар салу жөнiндегi алғашқы қадамдар XIX 
ғасырдың  70-шы  жылдарынан  басталды.  1874-1876  жылдары  Орынбор  темiр  жолы 
(Самара-Орынбор) салынып, ол Торғай облысы мен Орынборды империя орталығымен 
жалғастырды.  1880-1890  жылдарда  Каспий  теңiзiнiң  шығыс  жағалауынан  Ташкентке 
дейiн жол салу iсi онан әрi жүргiзiлдi.   
 
1891-1893  жылдары  Рязань-Козловск  темiр  жолының  акционерлiк  қоғамы 
Покровская  Слобода-Орал  жолын,  1897  жылы  Урбах-Астрахань  жолын  салды. 
Cаратовтан Оралға дейiнгi темiр жол 90-шы жылдарда салынып бiттi.  
 
Сiбiр  магистралы  құрылысының  Батыс  Сiбiр  учаскесi  Ақмола  облысының 
Петропавл  және  Омбы  уездерiнiң  жерiмен  178  шақырым  бойына  өтетiн  едi. 1901-1905 
жж.  толық  iске  қосылған  Орынбор-Ташкент  темiр  жолы  Түркiстан  өлкесiн  өнiм 
шығаратын  және  өңдеу өнеркәсiбiнiң басқа орталықтарымен байланыстыратын бiрден-
бiр  жол  болды.  Бұл  жол  Орынбор-Ақтөбе  бағытында  Жайық,  Елек,  Жем  су 
айырықтарының  бойымен  Шалқар  көлiне  қарай,  Мұғалжар  таулары  мен  кiшi  Борсық 
құмдары  арқылы  Арал  теңiзiне,  Қазалыға,  Сырдария  жағалауына,  Перовск,  Түркiстан 
және  одан  әрi  Ташкентке  қарай  тартылған  едi.  Жалпы  1917  ж.  дейiн  қазақ  жерiнде 
барлығы  2793  шақырым  темiр  жол  төселiп,  оның  2557  шақырымы  жалпылай 
пайдаланатын, тек 236 шақырымы ғана жергiлiктi маңызы бар жолдар болған.  
 
¤неркәсiптiң  дамуы  және  түрлi  байланыс  тораптарының  iске  қосылуы 
Қазақстанда XIX ғасырдың орта тұсынан бастап жұмысшы кадрлардың қалыптасуына 
негiздер  қалады.  ¤лкеде  оларды  қазақ  шаруаларының  кедейленген  бөлiгiнен  шыққан 
жалданушылар  мен  қоныс  аударған  славян  крестьяндары,  қайыршылық  күйге  түскен 
қолөнершiлер  мен  жергiлiктi  қалалардың  жарлы-жақыбайлары,  төменгi  шен  әскери 
адамдары,  сондай-ақ  Ресей  империясының  iшкi  және  басқа  губернияларынан  келген 
маман жұмысшылар мен кедей шаруалар құрады.  
 
Қазақстанда  өндiрiс  жұмысшыларының  қалыптасу қарқыны мен оның санының 
өсуi барлық облыста бiркелкi болған жоқ. Кен өнеркәсiбi бар аудандарда жұмысшылар 
саны тез өсiп, XX ғасырдың басында 11225 адамға теңелдi. Жұмысшы күшi бiрте-бiрте 
шоғырлана бердi және олардан тұрақты кадрлар құрала бастады. Дегенмен, Қазақстанда 
мерзiмдi  жұмыс  басым  болуы  және  техниканың  артта  қалуы  жағдайларында  бұл 
процесс Орталық Ресейдегiден гөрi баяуырақ жүрiп жатты. 
 
¤лке жұмысшы кадрлары ең алғаш қалыптасуынан бастап -ақ көп ұлтты болған 
едi.  Мысалы,  XX  ғасырдың  басында    Екiбастұзда  Орталық  Ресейдiң  23-тен  астам 
губернияларынан  келгендер жұмыс iстедi. ¤неркәсiп ұжымдарындағы жұмысшылардың 
жалпы  санының  50-60  пайызы  қазақ  жұмысшылары,  қалғандары  орыстар,  украиндар, 
татарлар, башқұрттар және басқалар болған едi. 
 
1913  ж.  Қазақстанның  барлық  кәсiпорындарында 75 мыңға жуық жұмысшылар 
қызмет  еткен.  Олардың  iшiнде  51  мыңы  еңбек  еткен  675  таза өндiрiстiк кәсiпорындар 
болды, ал жұмысшылардың 19 мыңнан астамы iрi өнеркәсiп орындарында iстедi. Темiр 
жол  мен  су  қатынасы  орындарында  25  мың  жұмысшы  еңбекпен  қамтылды.  Бiрiншi 
дүниежүзiлiк  соғыс  жылдарында  жұмысшылар  саны  iрi  өнеркәсiп  және  қатынас 
салаларында өстi. 1917 жылғы Қазан оқиғалары кезiнде өлкедегi жұмысшылар саны 90 
мыңға  жеттi.  Жалпы  Қазақстандағы  жұмысшы  кадрлардың  өлкеге  тән  ерекшелiктерi 
болды:  а)  тұрақты  және  уақытша  еңбекпен  қамтамасыз  етiлгендер;  б)  өнеркәсiп 
орындарында  шоғырлануына  байланысты  (орта  есеппен  әрбiр  кәсiпорынға  20 
жұмысшыдан  ғана  келдi).  Жұмысшылардың  шоғырлануы  жоғары  болған  темiр  жол 
шеберханалары мен деполар болды, ал мұның өзiнiң Қазақстанда жұмысшы және саяси 
(социал-демократиялық)  қозғалыстың  дамуына  ерекше  маңызы  болды.  Петропавл, 
Омбы,  Орынбор,  Ақтөбе,  Қазалы,  Перовск,  Шалқар,  Түркiстан  станцияларының 
теміржолшылары осы қозғалыстың алдыңғы қатарлы отрядына айналды. 


 
114 
 
Фабрик-зауыт жұмысшыларының арасында әдетте жергiлiктi тұрғындар басым 
болды.  Неғұрлым  жоғары  мамандық  дәрежесi  және  техникалық  дағдысы  барларды 
талап  ететiн  темiржол  жұмысшыларының  басым  бөлiгiн  орыстар  құрады.  Ал  күндiк 
немесе  уақытша  жұмысшылардың  ұлт  құрамына  келетiн  болсақ  онда  қазақтар  көп 
болды.  Жұмысшылардың  шоғырлануы  неғұрлым  жоғары  және  тұрақты кадрлары бар 
тау-кен  және  өндiру  өнеркәсiбiнiң  ұжымдарын  құрады.  1887  ж.  өзiнде  Зайсан  уезiнiң 
бастығы өздерiнде өткен бiр ереуiлге байланысты оған “қырғыз тау-кен жұмысшылары” 
қатысты,  ал  оларды  “орыс  мастеревойлары”  басқарды  деп  жазды.  Мұның  үстiне  ол 
¤скемен  және  Зайсан  уездерiнiң  “қырғыз  тау-кен  жұмысшылары”  кен  қазу 
жұмыстарымен  10  жылдан  астам  уақыт  бойы  айналысып  келе  жатқан  “тәжiрибелi 
адамдар, көбi орысша сөйлей алатындар” екендiгiн атап көрсеткен-дi. 
 
¤лкенiң  өнеркәсiп  жұмысшыларының  хал-ахуалы  Ресейдiң  өнеркәсiбi  дамыған 
өңiрлерiмен  салыстырғанда  әлдеқайда  ауыр  болды.  Мысалы,  мұнай  кәсiпшiлiктерiнде 
жұмыс  күннiң  ұзақтығы  12  сағатқа  дейiн,  алтын  шығаратын  кендерде - 10-12 сағатқа 
дейiн,  тұз  өндiрiлетiн  кәсiпшiлiктерде  -  14-16  сағатқа  дейiн,  темiр  жол 
кәсiпорындарында  да  осы  шамаға  созылды.  Еңбек  ақы  да  Ресей  орталығындағы 
кәсiпорын  жұмысшыларының жалақысынан орта есеппен алғанда 3-4 есе кем болды. 
 
Тау-кен  кәсiпорындардағы  еңбек  құралдарының  техника  жетiстiгi  деңгейiнен 
төмен  болуы,  еңбек  қауiпсiздiгiн  сақтаудың  қарапайым  шараларының  болмауы, 
жұмысшылардың  зақымдануы  мен  өлiмге  ұшырау  оқиғалары  жиi  кездесетiн  жаппай 
жарақаттануға соқтырып отырған. Жұмысшылардың көбiнiң тұрғын үйi болмады, тек 40 
пайызға  жуығы  ғана  құранды  лашықтарда,  жер  үйлер  мен  барақтарда  жайласты. 
Cондықтан  әрi  дәрiгерлiк  көмек  көрсетудiң,  әрі  санитарлық-тазалық  жағдайының 
жоқтығынан  жұмысшылар  мен  олардың  от-басыларында  эпидемиялар  мен  жұқпалы 
аурулар жиi  шығып тұрды. 
 
Осының бәрi, еңбектерiне төленетiн ақынның әдiлетсiз төменгi деңгейi, көптеген 
жаза мен айыптардың түрлерi, кем өлшеп, кем есептеу және үкiмет пен қожайындардың 
тағы  басқа  озбырлықтары,  еңбектiң,  тұрғын  үй,  тұрмыстық  жағдайларының 
жайсыздығы  жұмысшыларды  өздерiнiң  экономикалық  және  саяси  хал-ахуалдарын 
жақсарту үшiн күрес-ереуiлдерге шығуға итермеледi. 
 
2. XX-шы ғ. басында Ресей µкiметiнiң отарлау саясатының негiзгi бағыты қазақ 
жерiнде  жаңа  аграрлық  қатынастарды  жүргiзу,  дәлірек айтсақ қоныстандырудың жаңа 
кезеңін  жүргізужоспарланды.  Осы  кезден  былай  империяның  орталық  аудандарынан 
крестьяндардың  қоныс  аударуы  ұйымдасқан  әрi  жаппай  сипат  алды.  Орталық 
губерниялардан шаруалардың елдiң шеткер3 аудандарына, соның iшiнде Қазақстанға да 
қоныс аударту арқылы отаршылдық саясаттың жаңа белесi ашылды. Жер артығын алу 
деген желеумен жұрттың жерiн тартып ала отырып, Ресей үкiметi қазақтарды түгелдей 
күйзелту  арқылы  “қоныс  аудару  қоры”  дейтiндi  жасады.  Бұл  қор  “жергiлiктi 
халықтардың  жер  жөнiндегi  құқыларын өрескел бұзу жолымен жасалады, ал Ресейден 
қоныс  аудару  ”  шет  аймақтарды  орыстандыру’’  жөнiндегi  бәз-баяғы  ұлтшылдық 
принциптi  дәрiптеу үшiн жасалады’’.  
 
“Қоныс аудару қорын” ұлғайту мақсатымен XX ғасырдың басында Қазақ өлкесiн 
“зерттеу”  үшiн  арнаулы  экспедициялар  жұмыс  жасап,  оның  қорытындысы  бойынша 
шаруалардың  пайдаланатын  жерiнiң  көлемi  шектелдi.  Егер  1893  жылдан  1905  жылға 
дейiн қазақтардан 4 миллион десятинадан артығырақ жер тартып алынса, 1906 жылмен 
1912 жыл аралығында 17 миллион  десятинадан астам жер тартып алынды. Ресей µкiметi 
тарапынан  ғасырдың  басында  қабылданған  бiрнеше  құжаттарда  қоныс  аударудың 
негiзгi  ережелерi,  мерзiмi  мен  аймағы,  қоныс  аударушыларға  берiлетiн  жеңiлдiктер, 
пайдалануға  бөлiнетiн  жердiң  көлемi  және  қоныс  аударатын  аймақтар  көрсетiлген 
болатын. 
 
Аталған  құжаттар  бойынша  Ресей  үкiметi  Қазақстан  территориясын  қоныс 
аударатын  бес  аймаққа  яғни,  Торғай-Орал,  Ақмола,  Семей,  Сырдария  және  Жетiсу 
жерлерiн  бөлдi.  Сонымен  қатар  ол  құжаттар  да:“Қырғыздардың  шаруашылық 
қажеттерiне  немесе  уақытша  тұруына  арналған  құрылыстар  жердi  тартып  алу  үшiн 
бөгет бола алмайды,-” деп ерекше көрсетiлген. 
 
Қазақ  жерiне  қоныс  аудару  қозғалысының  шешушi  қадамы  Ресей  министрi 
Столыпиннiң аграрлық саясатынан айқын көрiнiс тапты. Жаңа аграрлық саясат негiзiнде 


 
115 
орталық  Ресей  үкiметi  “Қазыналық  жерлерге  қоныс  аудару  туралы  ережелерге” 
түсініктеме  бердi.  Оған  сәйкес  шаруалар  мен  егiншiлерге  мещаньдардың  қауымынан 
шығуына,  үлестi  жерлерiн сатуына және шеткерi аумақтарға қоныс аударуына, немесе 
қоныс  аударатын  қазыналық  бос  жер  iздеу,  болып  жатса  иелену  үшiн  Азиялықтарға 
Ресейге ходоктар жiберуге рұқсат етiлдi. 
 
Жалпы  XX  ғасырдың  басынан  былай  қоныс  аудару  үдей  түстi.  Егерде  1896 
жылдан  1905 жылға дейiн Ақмола, Торғай және Орал облыстарына 234134 адам қоныс 
аударса, келесi алты жылдың iшiнде 400327 еркек адам қоныстанған.  
 
Қоныс  аудару  жөнiнде  ол  кезде  қолданылған  жүйе  қоныс  аударушылардың 
басым  көпшiлiгiн  күйзелттi,  олардың бiразы керi қайтуға мәжбүр болды.  Қазақстаннан 
Ресейге жыл сайын 40-110 мыңға дейiн  қоныс аударушы отбасылар қайтып отырды. Бұл 
шаруалардың жағдайы өте ауыр бола тұрсада шаруалар қозғалысы тоқтамады, мұның 
өзi Столыпин  аграрлық реформасының күйреуiн  тездеттi. 
 
Қоныс аудару саясатын жүргiзген кезде орталық  үкiмет көздеген отаршылдық-
реакциялық мақсаттарға қарамастан, шаруаларды Қазақстанға қоныс аудартудың өзiнiң 
әлеуметтiк-экономикалық және саяси нәтижелерi жөнiнен объективтiк жағынан алғанда 
прогрестi  маңызы  болды.  Мұның  өзi  өлкенiң  өндiргiш  күштерiнiң  дамуын  тездеттi, 
егiншiлiк  пен  отырықшылықтың өрiс алуына, жалпы ұлт-азаттық, таптық күресте орыс 
және  қазақ  еңбекшiлерiнiң  жақындасуына  да  себебiн  тигiздi.  Cонымен  бiрге  қоныс 
аударту  саясаты  Қазақстанда  аграрлық  қатынастардың  шиеленiсуiне,  бүкiл  қазақ 
жұртшылығының  ата-тегiнен  иеленген  жерiнен  айрылып,  күйзелуiне  әкелiп  соқтырды.
 
 
 
3.  Ресейдегi  тұңғыш  буржуазиялық-демократиялық  революция  Қазақстан 
еңбекшiлерiнiң  саяси  оянуына,  өлкеде  езгiнiң  отаршылдық,  әлеуметтiк  және  басқа 
түрлерiне  қарсы  ұлт-азаттық,  жұмысшы,  аграрлық  қозғалыстардың  жедел  қарқынмен 
дамуына  серпiн  бердi.  ¤лке  халқының  әртүрлi  топтарының  Ресейдегi  1905-1907  жж. 
революцияға  көзқарасы  бiрқалыпты  болған  жоқ.  ¤лкенiң  экономикалық  және  саяси 
дамуы  дәрежесi  баяу  болғандықтан  Ресей орталығынан көрi жұмысшы қозғалысының 
қарқыны  төменiрек  болып,  тек  революция  жылдарында  жаңа  сатыға  көтерiлдi.  Оған 
өнеркәсiп  пен қала жұмысшылары белсене қатысты. 
 
1905  жылғы  9  қаңтардағы  қанды  оқиға  және  одан  кейiнгi Ресей империясының 
өндiрiстiк  орталықтарындағы  халық  қозғалысы  туралы  хабарлар  қазақ  даласына  тез 
тарады.  Верный, Әулиеата қалаларының, Перовск,  Қазалы, Орал, Ақтөбе, Семей темiр 
жол  станцаларының  демократиялық  ниеттегi  еңбекшiлерi  наразылық  бiлдiрдi,  ал 
Ақмола  облысы  мен  бүкiл  Дала  өлкесiнiң  орталығы  Омбыда  бүкiлхалықтық  ереуiл-
шерулер болды.  
 
1905  жылдың  ортасында  бүкiл  Орынбор-Ташкент  темiр  жолы  бойындағы 
(Түркiстан,  Перовск,  Жосалы,  Қазалы,  Шалқар)  станцаларда  жұмысшылар  өздерiнiң 
экономикалық  жағдайын  жақсартуды,  жұмыс  күнiн қысқартуды талап еткен ереуiлдер 
өттi.  Петропавл  темiр  жол  депосының  жұмысшылары  саяси ереуiл ұйымдастырып, ал 
олардың  Орынбордағы  әрiптестерi  жұмысты  тоқтатты.  1905  жылғы  қаңтар-ақпан 
аралығында  өлкенi  қоныстанған  кедейлердiң  патша  үкiметiне  ашу-ызасын  бiлдiрген 
көптеген жиналыстар өттi. 
 
Бiрiншi  орыс  революциясының  өрiс  алу  барысында  әлеуметтiк  таптар,  саяси 
бiрлестiктер мен партиялардың бағдарламалық көзқарастары айқындалды. Әрбiр саяси 
партия  революциядағы  өзiнiң  таяу  кездегi  iс-қимылын,  өзге  партиялар  мен  ағымдарға 
көзқарасын,  сондай-ақ  мемлекеттiк  бағыт-бағдарларға  сын-ұсыныстарын  айқындап 
белгiледi.  
 
1905-1907  жж.  Қазақстандағы  жұмысшы  қозғалысы  қалыптасып  орталықтағы 
әрiптестерiнiң  тәжiрибесiне  сүйенiп,  өзiнiң  дамуының  жаңа  кезеңiне  қадам  басты. 
Ресейдегi  революциялық  оқиғалармен  ұштасып  Қазақстанның  жұмысшылар 
шоғырланған  аудандарында  iрi-iрi  саяси  және  экономикалық  ерулер  болып  өттi.  Оған 
1905  жылы  желтоқсанда  Успенск  мыс  руднигiнде,  1907 жылы маусым айында Спасск 
мыс  қорыту  зауытында,  Қарағанды  кен  орындарында  және  Семей,  Орал,  Ақтөбе, 
Верный,  Қостанай  және  басқа  қалалар  мен  кәсiпорындарында  өткен  ереуiлдердi 
жатқызуға болады. 


 
116 
 
Бiрiншi орыс революциясы жылдары өлкеде РСДЖП-ның алғашқы топтары мен 
ұйымдары  қалыптаса  бастады,  ол  құбылысқа  аталған  партияның  Сiбiр,  Астрахань, 
Самар,  Саратов  комитеттерi  елеулi  ықпалын  тигiздi.  1904  жылы  пайда  болған  “Сiбiр 
социал-демократиялық Одағы”, әсiресе оның Омбы ұйымы аса маңызды iс тындырды. 
Ол  бiрiншi  кезекте  Петропавл,  Көкшетау  қалалары  мен  солтүстiк-шығыс 
аудандарындағы,  сондай-ақ  Жетiсудағы  жұмысшылар,  жалпы  еңбекшiлер  арасында 
айтулы үгiт-насихат жұмысын жүргiздi.  
 
Қазақстандағы  алғашқы  өз бетiнше оқып үйренетiн марксистiк  үйiрме Атбасар 
қаласында  болды.  Оны  1896  жылы  Оралдан  жер  аударылған  жұмысшы  А.Д. Ушаков 
ұйымдастырды.  XX  ғ.  басында  бұндай  үйiрмелер  Ақмолада,  Петропавлда,  Оралда, 
Қостанайда,  Семейде,  Верныйда  және  өлкенiң  басқа  да  қалаларында  пайда  болды. 
Революцияның  алғашқы  айларында  бұрыннан  жұмыс  iстеп  келе  жатқан  марксистiк 
үйiрмелер  негiзiнде  Петропавл  мен  Оралда  РСДЖП ұйымдары, Перовскiде, Қазалыда 
және Түркiстанда, ал бiршама кейiнiрек Ақмолада, Көкшетауда, Ақтөбеде, Павлодарда 
және  өлкенiң  басқа  да  қалаларында социал-демократиялық топтар құрылды. Алғашқы 
РСДЖП ұйымы Семейде қалыптасты. 
 
Революция  жылдары  (1905-1907)  Қазақстан  жұмысшыларының  кәсiподағы 
қалыптаса  бастады.  1905  жылдың  қарашасында  Н.Смуров,  Н.А.Покатилов және Н.И. 
Ульянов  басшылығымен  алғашқылардың  бiрi  болып  Орал  темiржолшыларының 
кәсiподағы,  одан  кейiн  неғұрлым  жақсы  топтасқан,  әрi  жауынгер  ұйым-баспахана 
жұмысшыларының  кәсiподағы  құрылды.  Қатарына  6  мың  адамды  топтастырған 
Орынбор-Ташкент  темiржолшыла  рының  өлкедегi  ең  iрi  кәсiподағы  1906  жылы 
құрылып  көптеген  революциялық  әрекеттерiмен  белгiлi  болды.  Кен  өндiру  саласында 
алғашқы  кәсiподақ  Успен  руднигiнде  құрылып,  ол  Орыс-Қырғыз  одағы  деп  аталды. 
Деректер  бойынша  бiрiншi  орыс  революциясы кезiнде елiмiздiң барлық жұмысшылары 
мен  қызметкерлерiнiң  бар  болғаны  3,5  процентi  20-25  түрлi  салалық  кәсiподақтар 
қатарына тартылған болатын.Сайып  келгенде,  мұның  өзi  жергiлiктi  жұмысшылардың 
аздығы,  олардың  кәсiпорындар  бойынша  шоғырлану  дәрежесiнiң  төмендiгi  және 
өндiрiстiк  қызметтерiнiң  маусымдылығы  елеулi  әсерiн  тигiзген.  Түрлi  одақтық,  саяси 
ұйымдарға  еңбекшiлердiң  аз  тартылуы  жұмысшы  қозғалысының  тек  әлсiз 
болғандығынан емес, халықтың басым көпшiлiгiн қазақ шаруалары мен Ресейден қоныс 
аударғандар  құраған  және  өлкенiң  әлеуметтiк-экономикалық  дамуының  баяулығы  да  
себепкер болды. 
 
Бiрiншi  орыс  революциясы  жылдарындағы  көтерiлiс  немесе  ереуiлдер  тек  қана 
кәсiпорынмен шектелмей ауылдық жерлерде де қанат жайды. Қазақстандағы аграрлық 
қозғалыс тұтас алғанда аса қарқынды болмай, шаруалардың дара-дара жекелеген шағын 
ереуiлдерiмен шектелдi. Шашыраңқы көтерiлiстердiң мазмұны байлар және отаршылық 
органдардың өкiлдерiнiң озбырлықтарына қарсы наразылық уақытша және шашыраңқы 
дәрменсiз  әрекеттермен  сипатталды.  Ондай  әрекеттер  көбiне  қожайындарды,  өкiмет 
өкiлдерiн  ұрып-соғу,  салық  төлеуден  және  борыштық  жұмыстарын  орындаудан  бас 
тартулармен,  олардың  малын  айдап  кету  немесе  егiстiктерiн  бүлдiрумен  көрiндi. 
Мысалы,  Жетiсу  облысының  Лепсi  уезiндегi  Арғанаты  болысының  200  адамнан 
тұратын  қазақ  шаруалары  1905  жылдың  басында  болыс  басқарушысын  өлтiрiп,  оның 
қасындағы  нөкерлер  мен  байларды  сабап  тастаған.  Осы  жылдың  жазында  Семей, 
Торғай,  Орал  және  Сыр  бойында  қазақ  шаруаларының  арасында  бiрнеше  ереуiлдер 
болды. 
 
Қазақстандағы  революциялық  қозғалыс  түрлерiнiң  бiрi-көпшiлiктің  қатысуымен 
өткен  жиындармен  сипатталады.  Олардың  көпшiлiгiнде  ‘’17  қазандағы’’  патша 
манифесiнiң  ережелерi  мен  шаруалардың  мұқтаждары  талқыланған.  1905  жылы  15 
қарашада Қарқаралыда Ж. Ақбаев бастаған халық шерулерi болды. Оған жұмысшылар, 
қоныс  аударған  шаруалар  және  солдаттармен  бiрге  осы  уездiң  ауылдары  мен 
болыстардың  тұрғындары  қатысқан.  Осындай  көтерiлiстер  Жетiсудың  ұйғырлар  мен 
дүнгендер орналасқан өңiрлерде де болды. 
 
Революция  кезiнде  кең  тараған  әлеуметтiк  езгiге  қарсы  күрестiң  бiр  түрi  -  ақ 
патшаға немесе жоғары үкiметтiк буындарға арыз бен жазбаша өтiнiш (петиция) жiберу 
болды.  Бұндай  петициялар  қазақтардың  патшаның  әдiлдiгiне  сақталған  сенiм 
болғандығын ғана сипаттап қоймайды, сонымен бiрге олардың жергiлiктi халықтың ата-


 
117 
тегiнен  иеленген    құнарлы  жерлерiн,  жайылымдары  мен  шабындықтарын  тартып 
алуларынан  көрiнетiн  озбырлықтарына  қарсы,  аса  ауыр  салықтарына,  жұмыстық 
мiндеттерiне және басқа қиянатқа наразылықтарының өзiндiк бiр түрi болып табылады. 
Бұл  тұрғыда  1907  ж.  ақпанда “Оренбургский край”, “Уральский дневник” газеттерiнде 
жарияланған  (Орынбор  қаласында  татар  тiлiнде)  қазақ  шаруаларының  орыс  халқына 
“Орыстарға қырғыздардан” деген атаумен үндеуi ерекше орын алады.  Үндеу алғашқы 
рет  қазақ  пен  басқа  ұлттардың,  соның  iшiнде  орыс  еңбекшiлерiмен  бiрлесiп 
отаршылдық  пен  қанаушылыққа  қарсы  күресудiң  қажеттiлiгiн,  қазақ  шаруаларының 
саяси сезiмiндегi жаңалықтардың нышанын анық көрсетедi. 
 
4.  Әлемдегi  басқа  елдердегiдей  Қазақстанда  да  азаттық  қозғалыстың 
ұйымдастырушысы және рухани қуаттаушысы жаңа қалыптасқан шағын интеллигенттiк 
топ болған. Саяси көзқарастардағы топтар өзiнiң құрамы және бағыты, қоғамдық-саяси 
қызметiнiң  сипаты  бойынша  көптеген  маман  иелерiнiнен  тұрды.  Мысалы  дәрiгерлер, 
мұғалiмдер, заңгерлер және әкiмшiлiк орындардың қызметкерлерi т.б. болды. Олардың 
барлығының  көзқарастары  және  iс-қимылдары  шынайы  төңкерiстi  қолдау,  социал-
демократиялық,  либералдық  (  кадеттер,  октябристер,  қаражүздiктер)  партиялардың 
ұйымдарында және басқа революцияшыл топтар мен бiрлестiктерiнде болған.  
 
¤лке  интеллигенциясының  күресi  қазақ  халқын  терең  күйзелiске  әкелген 
аграрлық  мәселенiң  әдiл  шешiлуi  жолындағы  күресiмен  тығыз  сабақтасып,  олардың 
көпшiлiгiнiң  қатарлары  жергiлiктi  жерлерде  өздерiнiң  көзқарастары  мен  iс-
әрекеттерiнде  айрықшаланды.  Интелигенцияның  көзқарасы  мен  күрестегi  орнына 
социалистiк,  социал-демократиялық  және  эсерлердiң  идеялары  бiршама  әсер  еттi. 
Олардың  арасынан осы жылдары шынығып, кейiн бүкiл  қазақ қоғамына белгiлi болған: 
қарқаралық Мұхаммед-Мақсұт Хамидуллин-Бекметов (Солтүстiк Қазақстан), ауылдың 
орта  және  төменгi  буынынан  шыққан  А.  Байтұрсынов  т.б.,  даланың  феодалдық-
ақсүйектiк топтарының өкiлдерi-  Ә. Бөкейханов, Б. Қаратаев т.б.  
 
1905 ж. қазанда олар  Оралда бес облыстағы қазақ халқы делегаттарының съезiн 
өткiзiп,  жергiлiктi  халықтың  ұлттық  мүдделерiн  қорғауға  тиiстi  өздерiнiң  партиясы  - 
Ресейдiң  конституциялық-демократиялық  партиясының  филиалын  құрмақшы  болған. 
Ал  келесi  жылы  Семейдегi  қазақтардың  екiншi  съезiнде  кадет  партиясына  тәрiздес 
бағарламасындағы  өлкедегi  көкейкестi  мәселердi  шешуге  бағытталған  шараларды 
мақұлдаған.  Ол  бағдарламаларда:  өлкеге  орыс  мұжықтарының  қазақ  жерiне  көшiп-
қонуын  тоқтату,  Қазақстанның  барлық жерлерiн қазақ меншiгi ретiнде тану, мектептер 
ашу,  дiн  ұстаған  ерекшелiктерiн  ескеру,  ұлттық  мәдениеттi  дамыту, елiмiзде ана тiлдi 
орыс тiлiмен теңестiре тарату қарастырылды.  
 
Осы  жылдары  интелигенцияның  қойған  талаптарының  iшiнде  дiн  мәселесi 
ерекше  орын  алады.  Үкiмет  орындарының алдына Қазақстанда ерекше мұсылмандық 
дiн басқармасын ұйымдастыру, мешiттер салу, дiни  мектептер ашу, мектептерде iсләмдi 
оқыту,  қазақ  тiлiнiң  маңызын  арттыру,  Меккеге  қажылыққа  бару  үшiн  шетелдiк 
құжаттар беру т.б. талаптар жиi-жиi көтерiлдi. 
 
XX ғасырдың бас кезiнде Ресейдiң Мемлекеттiк Думасына депутаттар сайлауы 
да  қазақ  халқының  саяси  санасының  өсуiне  елеулi  әсерiн  тигiздi.  Сайлаулар  елiмiздiң 
орыс  халқы  саны  едәуiр  неғұрлым  iрi  облыстарында  социал-демократтар  мен  еңбек 
партиясының  өкiлдерi,  ал  қазақ  халқының  арасында  либералды-демократиялық  ұлт 
интеллигенциясының  өкiлдерi  үлкен  ықпалмен  пайдаланатындығын  көрсеттi.  I-шi  - 
Мемлекеттiк  Думаға Қазақстаннан тоғыз депутат сайланды, олардың төртеуi қазақ, ал 
II-шi - Мемлекеттiк Думаға Қазақстаннан сайланған 13 депутаттың бесеуi қазақ болды. 
Осы  соңғы  Думаға  қазақ  арасынан  сайланған  депутаттар  кадет  партиясының  тобына 
және  мұсылмандық  фракцияға  кiрiп,  Ресейдiң  басқа  ұлттық  партиялары  өкiлдерiмен 
бiрге орыс немесе басқа ұлттардың қазақ жерiне қоныс аударуын тоқтатуға күш салды. 
 
Қазақстандағы революциялық қозғалыс бiрiншi орыс революциясының құрамдас 
бөлiгi,  бұл  қозғалыстың  отарлаушыларға,  иемденушiлерге  қарсы сипаты айқын болды. 
Осы  революция  қазақ  жұмысшылары  мен  шаруаларының  санасын  оятып,  оларды  өз 
езушiлерiне  қарсы  күреске  көтердi.  1905-1907  жж.  бiрiншi  орыс  революциясы 
жылдарында  елiмiзде  болған  оқиғалар,  әсiресе  жұмысшылардың,  шаруалардың  және 
интеллигенцияның  бас  көтерулерi,  ұлт-азаттық  қозғалыстар  т.б.  олардың  әлсiздiгiне 
және  бытыраңқылығына  қарамастан  жергiлiктi  еңбекшiлер  үшiн  саяси  мектеп  болып 


 
118 
қалды. Сол мектептiң тәжiрибесiн олар одан арғы ұлттық және әлеуметтiк азаттық алу 
жолындағы күресте пайдаланды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет