Қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет3/42
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#14567
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
өсiру және жер өңдеуге де бейiмделедi. 


 

 
Қазакстанда  неолит  мәдениетiнiң  бiрнеше  орталықтары  табылған.  Мысалы, 
елiмiздiң  оңтүстiгiнде  (  Қараүңгiр-Қаратау),  Орта  Азия  өңiрiнде  дамыған  кельтемұнар 
мәдениетi  ошақтары  сақталған  (саздан  жасалған  өрнек  бояулы  ыдыстар  табылған). 
Солтүстiк  Қазақстанда  неолит  кезеңiнiң  екi  орны  (Атбасар  және  Маханджар)  бар. 
Атбасар  мәдениетi  өкiлдерi  Есiл  өзенiнiң  далалық  және  ұсақ  қырлы  өңiрлерiн  жайлап 
(Виноградовка-2,  Тельман)  аң  аулап  күн  көрген.  Маханджар  мәдениетi  ошақтары 
Торғай,  Тобыл  өзендерi  жанындағы  далалықта  -  Маханджар,  Дүзбай,  Алқау  деген 
мекендерде  орналасқан.  Батыс  Қазақстанда  неолиттi  ойық  мәдениеттерi  сипаттайды. 
Маңқыстаудан табылған неолит кезеңi жәдігерлері, аталған мәдениет өкiлдерi (б.з.д. VI-
V  мың.  ж.  )  аң  аулау,  термешілік  арқылы    күн  көрiп,  саздан  ыдыс  құю  және  жiп иiру 
өнерiн  игерген. 
 
Бiздiң  заманға  дейiнгi  III  -  II  мыңжылдықта  (энеолит  кезеңi)  ауа  райы  күрт 
өзгеруімен 
/ылғалды 
және 
салқындауы/ 
Қазақстан 
тұрғындары 
өндiрiстi 
шаруашылықтың түрi - мал өсiрудi жаппай игередi. Бұл кезеңді мәдениет Ботай мәдени 
ескерткіштерінің  жәдігерлері  дәлелдейді:  Ботай,  Красный  Яр,  Бестамақ, Соленое озеро 
т.  б.  Мұнда  алғашқы  кезеңдерге  қарағанда  адамдар  iрi  елдi  мекендерге  орналасады, 
жылқыны  көлiк  етіп  пайдаланады,  аң,  балық  аулайды.  Аталған  жәдігерлер  өзiнiң 
мазмұнымен  сұртаңды  (Оңтүстiк  Орал),  хвалынь (Едiл жағалауы), афанасьев (Алтай), 
усть-нарым (Шығыс Қазақстан) мәдениеттерге жатады. Бұның өзi Еуразия даласындағы 
тайпалардың тарихындағы этностық және мәдени бiртұтастықты сипаттайды. 
 
3.  Неолит  дәуiрiнде-ақ  байқалған  мәдени-шаруашылық  өзгерiстерi  б.  з.  б.  II 
мыңжылдықта мал өсіру, егiншiлiк экономикасы мен металл оңдеу кәсiбі қалыптасуына 
жетеледi.  Бұл  эволюциялық  жаңалық  Қазақстан  аймағындағы  бүкiл  әлеуметтiк-
экономикалық  жағдайды  түбiрiнен  өзгерттi.  Қонысын  жиi  ауыстырып  отыра,  жiгерлi, 
пысық малшы тайпалары тұңғыш бiрлестiктер құра бастады; бұлардың қалыптасуында 
өзара бiр-бiрiмен қақтығыстар елеулi орын алды. Қару ендi жабайы хайуандарды аулау 
үшiн  ғана  емес,  сонымен  қатар,  тайпа-аралық  қақтығыстарда  да  жиi  пайдаланалатын 
деңгейге  жетiледi.  Сөйтiп,  қару  жасау  бiрте-бiрте  металл  өңдеудiң  дербес  саласына 
айналды. 
 
Б.з.д.  II  мыңжылдық  ортасында  Қазақстан  өңiрiндегi  адамдар  қола  металды 
игередi.  Қоладан  еңбек  құралдары  мен  қару  жасау  өнерi  біршама  дамиды.  Жер 
қойнауындағы  полиметалдар,  соның  iшiнде  қалайы-мыстың  мол  қоры  аймақтағы  қола 
дәуiрiнiң терең iз қалдыруының бiр факторы болды. Тұрғындардың қоғамдық құрылысы 
мен  отбасылық-некелiк  қатынастарында  елеулi  өзгерiстер  пайда  бола  бастады.  Қола 
дәуiрiндегi  экономиканың  басты-басты  бағыттары  -  мал  шарушылығы  мен  металды 
жедел  қарқынмен  игеру  өндiргiш  күштердiң  жетілуiне,  қоғамдық  еңбектiң  мамандық 
бойынша  жіктелуіне,  сөйтiп, қоғамдық өмiрдегi аумақты өзгерiстерге алып келдi. Жеке 
отбасылар  оқшауланды,  отбасылық  меншiк  көлемі  кеңейдi,  ру  қауым  iшiнде  мүлiк 
теңсiздiгi  тереңдейдi.  Ежелгі  адамдар  өмірінің  осы  деңгейін  дәлелдейтін  бірінші 
жәдігердің  табылған  жерi  Ачинск  маңындағы  Андронов  елдi  мекенi  атына  орай  бұл 
мәдениет  ғылымда  шартты  түрде  “Андронов  мәдениетi”  деп  аталды.  Бұл  кезеңде 
андроновшылар  жәдігерлер  қалдырған  дала  малшы-егiншiлердiң  мәдени  ортақтығы 
айқын  сипатталады.  Барлық  жергiлiктi  мұралық  ерекшелiктерге  қарамастан,  қазақ 
даласына  кең  тараған  бұл  тайпалар  неолит  дәуiрiндегi  өзгерiстердi  айқын  мәдени 
бiркелкiлiкпен  ауыстырған.  Ғылыми  тұжырымдар  бұл  мәдениет  өкiлдерiнiң  басым 
көпшiлiгi  отырықшылықпен  айналысқанын анықтайды. Қоныс  - мекендер кең жайылма 
шалғыны бар өзендердiң жанына орналасты. Патриархатты отбасылардың үйлерi үлкен 
жертөлелер  болды;  олардың  жанынан  әр  түрлi  шаруашылық  жайлар  мен мал тұратын 
қоралар  салынды.  Бұл  қоныс-мекендерге  мал  бағу  кәсiбi  едәуiр  басым  -  егiншiлiк 
шаруашылықтың сипаты да тән болды. 
 
Аталған  мәдениетке  ерекше  тән  сипат  -  металдан  жасалған  еңбек  құралдары, 
қарулар  және  әсемдiк  заттар:  ұңғысы  бар,  дүмi  шығыңқы балталар, сағасында ойығы 
бар пышақтар, балға-шоттар, найзалар мен жебенің өзгеше ұштары, бiлезiктер, айналар, 
моншақтар  және  әр түрлi iлмешектердiң кең тарауы болды. Андроновшылардың басқа 
тайпалардан  ерекшелейтін  мәдени-этнографиялық  ең  басты  белгiлерi  жерлеу  ғұрпы, 
геометриялық өрнекті балшық ыдыстардың өзiнше бiр жиынтығы,  металл бұйымдардың 
түрлерi  болып  табылады.  ¤ндiрiс  техникасының  дамығандығы  және  қола  заттар  мен 


 

балшық  ыдыстар  түрлерiнiң  әдемiлiгi  мәдениеттiң  де  деңгейi  жоғары  болғанын 
көрсетедi.  Кең  тараған  ғылыми  тұжырым  бойынша  андроновшылар  финн-угор 
этникалық тобына жатқан. 
 
Үндi-иран  ежелгi  жазбаша  ескерткiштерiн 

Авестаны,  Ригведаны, 
Атхарваведаны  және  топонимика  мен  ономастиканың  басқа  да  деректерiн, 
археологиялық  материалдарды  комплекстi  талдау  негiзiнде  тарих  және  филология 
ғылымында  андронов  тайпаларының  үндi-иран  немесе  арий  тектi  екендiгi  туралы 
тұжырым  да  кездеседі.  Сол  жердегі  қазба  жұмыстарын  1913  ж.  Б.В.Андрианов 
жүргізген.  Андронов  мәдениетiнiң  алғашқы  жәдігерлерiн  1914  жылы  А.  Я.  Тугаринов 
ашты. Одан кейiнгi жылдарда бiр топ ғалымдар андронов мәдениетiнiң тарихи құбылыс 
ретiнде  ғылыми  байламдар  жасап    қола  дәуiрiнiң  кезеңдерiн  саралап  бердi  (алдыңғы, 
орта,  соңғы).  Кейiн  Орал  сыртында  тараған  андронов  мәдениетi  хронологиялық 
тұрғыдан  сұрыпталып,  әр  қайсысы  атау  алды:  федоров  кезеңi  - б.з.б. XVIII - XVI ғғ.; 
алакөл кезеңi - б.з.б. XV-XII ғғ.; замараев кезеңi - б.з.б. XII- VII ғғ. Бұл заманды зерттеп 
ғылыми арнаға тұжырымдауда Қазақстан зерттеушілерінің үлесi мол.  
 
Андронов  мәдениетiн  кезеңдерге  бөлуге  байланысты  келтірілген  болжамдарды 
жақтаушылардың  принциптi  пiкiр  айырмашылығы  бұл  мәдениеттiң  федоров кезеңi мен 
алакөл  кезеңiнiң  хронологиялық  шеңберлерiн  бағалау  жөнiнде  болып  отыр.  Ғылымда 
кең тараған көзқарас мынадай: бұл кезеңдер бiрiнен соң бiрi келiп отырды, соның өзiнде 
неғұрлым  ерте  кезеңі  федоров  кезеңiнен  кейiн  алакөл  кезеңi  келедi,  ал  осы  алакөл 
кезеңiнде  андронов  тайпалардың  экономикасы  мен  мәдениетi  дамудың шырқау шегiне 
жеттi.  Екiншi  көзқарас  бойынша,  федоров  пен  алакөл  заманындағы  ескерткiштер  бiр 
уақытта  болған,  бiрақ  өлке  тұрғындары  әр  түрлi  топтардан  құралған.  Жабайы 
жануарларды  қолға  үйрету  қола  дәуiрiнде  жетiлiп  адам  қоғамының  даму  сатысының 
құрамдас бөлiгiне айналды. Қазақстанның солтүстiк Арал кеңістігі, батыс, орталық және 
шығыс  аудандарындағы  неолиттiк  тұрақтарда  жабайы  жануарлардың  сүйектерiмен 
қатар,  қолға  үйретiлген  төрт  түлiк  малдың  да  сүйектерi  табылған.  Қола  дәуiрi 
шаруашылық  нысаны  ретiндегi  мал  шарушылығының үздiксiз дамыған уақыты болды, 
үйретiлген  жануарлар  саны  және  құрамы  көбейдi.  Мал  бағу  үй  маңынан  бiрте-бiрте 
жайлауда бағуға ұласып адамдардың өмiр-салты көшпендi сипат алады. 
 
Шаруашылықтағы  қой,  ешкi  сияқты  ұсақ  малдың  және  ірі  қара  (жылқы,  сиыр, 
түйе) үлес салмағы уақыт өткен сайын арта түседі. Ежелгi замандағы мал шаруашылығы 
түрі экономист ғалымдардың тұжырымынша экстенсивтi сипатта болған. Қола дәуiрiнiң 
соңғы  кезеңiнде  Қазақстанның  далалық  аймақтарында  мал  өсiру  шаруашылықтың 
келелi  саласына  айналып  және  көшпенділікке  негiзделген  түрге  ұласқан.  Алайда,  бұл 
құбылыс  Қазақстанның  барлық  өңiрiне  тән  емес.  Мәселен,  қола  дәуiрiндегi  Шығыс 
Қазақстан  тұрғындары  шаруашылығында  отырықшылық  түрі  басым  болғаны  туралы 
көптеген деректер негізнде анықталған. 
 
Қазақстанда  қола  дәуiрiндегi  тайпалар  еңбек  өнімділігін  арттыруды 
материалдық қор жинақталуға жеткiзiп, қоғамдық қатынастарды жан-жақты дамытады. 
Шаруашылық  тұрпатындағы  түрлi  даму  тенденциялары  қоғамдық  ұйымдағы  күрделi 
өзгерiстерге негiзгi себепкер болады. Әлеуметтiк және әскери-саяси құрылымдарда ру-
тайпалық топтар саралана, жiктеле түстi. Ер, көсем, жауынгер материалдық игiлiктердi 
өндiруде  үстемдік  алып,  ру  жетекшi  дәрежесіне  көтерілуі  туыстықты  әке  жағынан 
есептеуге  бастау  (патриархат) болады. Патриархатты әулеттiк қауым өзiнiң дамуында 
бiрнеше  кезеңнен  өттi.  Алғашқы  түрiнде  ол  өзiнiң  алдындағы  матриархаттық  әулеттiң 
көп  белгiлерiн:  өндiрiс  құрал-жабдықтары  және  тұрмыстық  мәселелердi  шешуде 
қоғамның  бар  ересек  мүшелерiнiң  теңдiгiн,  қауым  басшысының  беделiне  өз  еркiмен 
бағынуды  мұра  етiп  алған  едi. Мұндай қауымның негiзi, бұрынғы сияқты, жұп отбасы 
болды,  мұның  өзi  ерлi-зайыптылар  қатынасының  берiк  болуымен  және  ортақ  балалар 
иемденуге  ерлер  мен  әйелдер  құқықтарының  теңдiгiмен  сипатталады.  Мұндай 
патриархатты қауымдар төрт-бес ұрпақтан құралды және аумағы 200 шаршы метрден 
кең үйлерде бiрге тұрды, ал бiрнеше осындай үйлерден ру қоныстары қалыптасты. 
 
Бұл  қоғамда  өндiрiстiк-отбасылық ұжым болып өндiрiс құрал-жабдықтары мен 
ұжымдық  еңбек  өнiмдерiне  ортақ  меншiк  болды.  Кейiн  қоғамдық  эволюция 
нәтижесiнде,  қола  дәуiрiнiң  соңғы  кезiнде,  дамыған  қауымдар  оқшаулана  бастайды; 
мұның өзi келе-келе алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына, отбасылық меншiктiң 


 

орнауына  әкеледi.  Батыс  Қазакстанда  сақталған сол кезеңдегi адамдардың тұрмысын  
сипаттайтын жәдігерлер осы құбылысты айқындайды.  
 
Адамзат дамуының әр кезеңiне дiни нанымдар мен  табынушылықтар тән. Қола 
дәуiрiндегi  тайпалар  тұрмысы  мен  әл-ауқаты  түгелдей  табиғатқа  тәуелдi  болды, 
сондықтан адам табиғат күшiн (күн, от, жануарлар, өсiмдiктер) құдырет деп тұтты. Күн 
тәңiрiсiнiң  белгiлерiн  әсемдiк  заттардан  -  бiр  ортадан  жан-жаққа  тарайтын  шұғыла 
түрiндегi  өрнегi  бар  қаптырмалардан,  қыш  ыдыстардағы  ою-өрнектерден  көруге 
болады.  Қола  дәуiрiндегi  тайпалар  отқа  табынған,  оны  мүрдені  өртеу  ғұрпы  және 
мәйіттер  дәлелдейдi.  Ежелгi  адамдар  ұғымынша,  от  өлген  адамды  рухани  тазартады 
және жат рухтардан қорғайды деп сенген. 
 
Қола  дәуiрiнiң  соңғы  кезеңiнде  көшпелi  мал  шарушылығының  дамуына 
байланысты күнге табынумен қатар ай мен жұлдыздарға табыну пайда болды, өйткенi 
көшпелiлер  солар  арқылы  керуен  бағытын,  ауа  райын  болжамдайтын  болды.  Сол 
заманнан  келе  жатқан  қазақтардың  рухани  қазынасы  -  ата-бабаларға  және  о  дүниеге 
сиыну.  Олар  бабалар  аруағының  желеп-жебеуiне  жетуге  тырысты,  ол  көмектеседi, 
қамқор  болып  қорғайды  деп  сенетiн,  сонымен  бiрге  олардың  зиялы  қасиеттерiн  биiк 
ұстайтынды.  ¤лген  адамды  о  дүниеге  қажет  болды  немесе  о  дүниеде  өмір  бар  деп 
күнделiктi  өмiрге  қажет  -  киiм,  тамақ,  еңбек  құралдары,  қару,  әсемдiк  заттар  мен 
жабдықтарды  бірге  көмген.  Оған  үйге  ұқсас  бейiт  салып,  бiраз  уақыт  өткен  соң 
қосымша  тамақ  та  әкелген.  Қола  дәуiрiнде  күнге,  отқа,  айға,  жұлдыздарға,  сондай-ақ 
қорғаушы рухтарға арнап құрбан шалу ғұрпы пайда болды. 
 
Қола  дәуiрiнiң  алдыңғы  кезеңiнде  адам  өзiн  ру  қауымның  бөлiнбес  мүшесi деп 
сезiнген  және  одан  тыс  өмiр  сүремiн  деп  ойламаған.  Соңғы  қола  дәуiрiнде,  яғни 
алғашқы  қауымдық  құрылыс  ыдыраған  дәуiр  де,  мүлiк  теңсiздiгiнiң  пайда  болуымен 
байланысты,  ру  көсемдерiнiң  немесе  қоры  мол  отбасыларының  малы  мен  еңбек 
құралдарына  тиюге  тыйым  салу,  оларды  “киелi”  деп  бiлу  дәстүрi  шықты.  Адам  ой-
өрiсiнiң  дамуы  оның  өзi  туралы  ұғымның  күрденеленуiне,  дiни  дүниетаным 
қалыптасуына жеткізеді. 
 
Қазақстан  өңiрiндегi тайпалардың орналасуы. Қола дәуiрiнiң 50-ге жуық қонысы 
мен  150  iрi  қорымы  ашылған.  Бұл дәуірдің жәдігерлері тараған батыс шегi Жезқазған-
Ұлытау-Арғанаты-Терiсаққан  өзенiнiң  жоғарғы сағасы арқылы өтедi. Олардың iшiндегi 
ең  iрiлерi  Кресто,  Петро,  Златоуст,  Милықұдық.  Солтүстiгiнде  бұл  шекара  Есiл  мен 
Тобыл  өзендерi  аңғарына  дейiн,  шығысында  Ертiстiң  сол  жағасы  мен  Шыңғыс 
жотасына  дейiн  созылады,  ал  оңтүстiкте  бұл мәдениет ошақтары Бетпақ дала шөлiнiң 
солтүстiк  шетiнен  Жетiқоңыр  өңiрiнен,  Тайатқан,  Шұнақ  тауларынан,  Батпақсу  мен 
Шажағай  өзендерi  алқаптарынан  кездеседі.  Неғұрлым  игерiлген  өңiрлер  Нұра, 
Шерубай-Нұра,  Атасу  және  Талды-Нұра  өзендерi мен олардың көптеген салаларының 
аңғарлары,  Бұғалы,  Бегазы,  Қызыларай,  Кент,  Қарқаралы,  Баянауыл,  Көкшетау 
жазықтары және басқалары болды. Осы оңiрде б.з.б. X-VIII ғғ. атаулы Дәндiбай-Бегазы 
мәдениетi қалыптасты. (Қарағанды қаласы маңындағы Дәндiбай аулында және солтүстiк 
Балқаш  өңiрiндегi  Бегазы  қойнауында  қола  ескеркiштерiнiң  алғашқы  қазылған  жердiң 
атына  қарай осылай аталған). 
 
Қола  дәуiрiнде  (б.  з.  б.  II  мыңжылдықта)  Солтүстiк  және  Батыс  Қазақстанда 
андронов тайпалары мекендедi, олардың тарихи тағдыры бiр-бiрiмен тығыз байланыста 
дамыды. Бұл аймақта сол заманның 150-ден аса қонысымен  200-ге жуық қорымы, 300-
ден  астам  молалар  зерттелген.  Олардың  iшiнде:  Вишневка-1  (  Петропавл  маңында), 
Бескөл,  Петровка-1,  Алтын  күз,  Қарлыға-1,  Бурабай,  Бүйреккөл,  Борлық,  Тастыбутак, 
Боголюбово, Семиозерное, Тастыбұтақ, Алексеевское, Семипалатное қорымдары бар. 
 
Қола дәуiрiндегi Шығыс Қазақстан тайпалары мәдениетi алдыңғы, ортаңғы және 
соңғы үш кезең жәдігерлерiнен танылады. Бұлардың iшiнде андронов мәдени қауымына 
жататын  ортаңғы  қола  жәдігерлері  жан-жақты  зерттелген.  Неолит  дәуiрiнiң 
жәдігерлерінен Железинка, Пеньки-1,2 тұрақтары; уақыты жағынан   Сiбiрдiң афанасьев 
мәдениетiне  жақын  Қанай  ауылы  iргесiндегi  қорым  бiршама  зерттелген.  Осы  дәуiрдiң 
ортаңғы  кезеңiндегi  мәдениетi  Зевакино  селосы,  Сарыкөл  маңындағы  Кiшi  қойтас, 
Нұрмамбет  қойнауларындағы,  баршылық  соңғы  қола  мәдениет  кезеңiн  Трушниково, 
Мало-Красноярск,  Зевакино    селоларынан  табылған  қоныс  пен  қорымдардан 
жинақталған деректер анықтайды. 


 
10 
 
Оңтүстiк  Қазақстан  мен  Жетiсу  тайпалары  туралы  мәлiметтердi  Алматы, 
Талдықорған,  Жамбыл  жанында  ашылған  қорымдар  мен  қоныстардан  алуға  болады. 
Олардың  iшiнде  жан-жақты  зерттелген  Аңырақай,  Шоқпар  және  Алайғыр  елдi 
мекендерi, Шу-Iле тауларының жоталары, Ойжайлау мен Масаншы елді мекендер маңы. 
Алматы  облысында  жәдігерлер  Майбұлақ  аңғарынан,  Фабричный  селосы  мен  Ақсай, 
Көлсай  селоларының  маңынан  және  биiк  тау  қойнауларынан  табылған.  Талдықорған 
өңiрiнде  Биқаш,  Талапты,  Ленин  селолары  маңында,  Құйған  аңғарында  және  басқа  да 
жерлерде осындай жәдігерлер кездеседі. Iле және Күнгей Алатауы, Аңырақай таулары 
мен Жоңғар Алатауының тау беткейлерiнен көптеген шағын қорымдар табылған. 
 
Солтүстiк-Шығыс  Жетiсу  аумағында  Қапал,  Мыңшұқыр,  Талапты,  Құйған, 
Қарақұдық,  Биқаш,  Ақсай,  Арасан,  Бүйен  сияқты  қорымдар  зерттелген.  Соңғы  қола 
дәуiрiнiң  неғұрлым  көрнектi  жәдігері  –  Іңкәрдария  жағасындағы  (Қызылорда 
қаласының оңтүстiк-шығысы) Түгiскен адырына орналасқан Солтүстiк Түгiскен мазары. 
 
Сайып  келгенде,  қола  дәуiрiнде  Қазақстан  аумағында  қоғамның  дамуында 
түбегейлi  өзгерiстер  болды:  Неолит  кезеңi  шаруашылығы  мен  тұрмысы  ежелгi 
түрлерiнiң орнына - егiншiлiк пен мал шаруашылығы, уақытша тұрақтар орнына  жайлы 
қоныстар,  шақпақ  тас  құралдар  орнына  әр  түрлi  металл  қоспаларынан  дайындалған 
бұйымдар  келдi. Шаруашылықтағы кәсiптiң жаңа түрлерiне көшу тұсында халық саны 
өсiп,  iрi-iрi  мәдени қауымдар қалыптасты. 
 
Осы  кезеңнен бастап қазақ кеңістігінде адам қоғамының эволюциясында келесi 
бiр  классикалық  жаңалық  -  меншік,  мүлiк  теңсiздiгi  пайда  болып  жедел  қарқынмен 
дамиды,  тайпалық  үстем  топ  және  ең  алдымен  көсемдері    оқшауланып  жіктелуiне 
әкелдi.Мұнда  барлық  жерде  малшы-егiншi  тайпалардың  iрi  қауымдары  құрылып және 
олар  көршiлес  жерлерде  қанат  жаяды.Бұл  құбылыс  Еуразия  мен  Орталық  Азияның 
далалық өңірінің  бәріне тән. 
 
 
Екiншi  дәрiс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет