Қазақстан тарихы


бiрiншiден,  қыпшақтардың  арасында  Хорезм  билiгiне  бейiмделушiлер  қатарының  молаюы;  екiншiден



Pdf көрінісі
бет6/42
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#14567
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
бiрiншiден,  қыпшақтардың  арасында  Хорезм  билiгiне  бейiмделушiлер  қатарының 
молаюы;  екiншiден,  бәсекелес  белдi  тайпалардың  аса  iрi  бiрлестiгiнiң  құрылуы; 
үшiншiден, өкiмет билiгi үшiн өзара iшкi  әулеттiк талас-тартыстың күшеюi. 
 
ХХ-шы ғасырдың 90-шы жж. аяғында Батыс Қазақстанның бiр топ зерттеушiлерi 
Мысыр  мамлюктерiнiң  көсемi  Бейбарысты  бiздiң  өңiрдегi  Кiшi  жүздiң  байұлы 
тайпасының  берiш  руынан  шыққан  деп  дәрiптеп  жүр.  Ойдың  төркiнiне  қысқаша  ғана 
тоқталсақ.  Египет Осман империясы басып алғанға дейiн де түркi халықтармен тығыз 
қарым-қатынаста  болған  ислам  өлкесi. Мұнда адамзат тарихында айтулы iсiмен көзге 
түскен, талай тарихи тұлғалар, қадiрмендi қолбасшылар мен әйгiлi әмiрлер дүние кештi. 
Солардың  iшiнде  Әз-Зәкiр  Рухи  ад-Дин  Байбарыс  Әл-Бундукдаридiң  орны  бөлек.  Ол 
Мысырдағы мамлюк әулетiнiң негiзiн қалаушы, атақты әскербасы, аты аңызға айналған 
мелекет басшысы. 
 
Зерттеулердiң  көбiнде  ерекше  аталып  жүрген  жәйт  осы  кезеңде  Хорезм 
билеушiлерi  қыпшақ  пен  қаңлы  хан  әулеттерiнен  қыз  алуды  дәстүрге  айналдырған. 
Хорезмшахтардың мемлекеттiк және әскери қызметтерiмен қамтамасыз етiлген қыпшақ 


 
25 
ақсүйектерi көбiнесе солардың мүддесiне  қызмет еттi. Қыпшақтардың едәуiр бөлегiнiң 
Хорезмдiк  саясатқа  бейiмделуi  мен  өзара  жоғары  өкiмет  билiгi  үшiн  таластар 
нәтижесiнде  қыпшақ  қоғамының  iшкi  қайшылықтары  шиеленiсе  түседi.  Оның  үстiне 
хорезмдiк  саясаткерлер  қыпшақ  көсемдерi  арасындағы  алауыздықты  қолдан 
ушықтырып, өшпендiлiк  отына май құйып отырды. 
 
Бүкiл  Азияның мұсылман елдерiне аты әйгiлi Хорезмшахы Мухаммедтiң (1200-
1220  жж.)  билiгi  тұсында  қыпшақтар  территориясына  жиi  шапқыншылықтар 
ұйымдастырылып  тұрды.  Сығанақ  өңiрiн  басып  алғаннан  кейiн  Жент  қаласынан 
солтүстiк  Дештi  Қыпшақ  елiне  де  бiрнеше  әскери  жорықтар  жасалды.  Осындай 
жорықтардың  бiрiнде,  Хорезмдiктер  1216  ж.  Ырғызға  дейiн  жетiп,  Торғай  даласында 
қыпшақтар  елiне  қашып  кiрген  меркiттердi  қуалап  келе  жатқан  Шыңғысхан  қолымен 
кездейсоқ  соқтығысып қалады. Деректер бойынша шағын айқастан соң монғолдар түн 
жамылып  кейiн  шегiнедi.  Бұл  оқиға  монғолдардың  қазақ  жерінде  әскери  жорығының 
алғаш  шегiнiсi  едi.  Моңғол  қаупiнiң  өршуi  қыпшақтар  мен  хорезмдiктер  арасындағы 
жаугершiлiктi тоқтатып, қайта оларға қарсы бiрiгу қимылын жандандырды. Тарихқа осы 
кезден  бастап-ақ  Ұлы  Дала  төсiндегi  түркiлер  өркениетiне  және  жалпы  Еуразияның 
саяси,  әлеуметтiк-экономикалық  өмiрiне  зор  эволюциялық  өзгерiстер  алып  келген 
Моңғолдар заманы енедi. 
 
3.  Дүниежүзiлiк  ғылымдағы  бiр  қалыпты  қоғамдық  құрылым  институт 
тұрғысынан  көне  түрiк  мемлекеттерiнiң  әлеуметтiк  табиғатының  сипаттамасы  әр 
түрлiше.  Олардың  құрылымы:  әскери  демократия,  ру-тайпалық  мемлекет,  әскери-құл 
иеленушi  империясы,  феодалдық  және  патриархалды-феодалдық  әскери  бiрлестiктер 
деген  тұжырымдарға  толы.  Сол  замандағы  әлеуметтiк  байланыстар  мен  наным-
сенiмдерiн ғылыми тұрғыдан анықтауда көне түркi есткерткiштерiнiң бағасы аса құнды. 
Мәселен,  Хангай  тауларын  жарып  өтетiн  Баин-Цаган  өзенiнiң  жағасындағы  түрiк 
қағаны Таспардың құрметiне салынған (582 жылы) тас мүсiндегi жазбалар iрi-iрi тарихи 
оқиғаларды сипаттайды. Осындай жазбалардан бүгiнгi ғылым көне түркi қағандарының 
iс-қимылы туралы ауқымды, әрi мазмұнды тұжырымдар жасауға мүмкiндiк алды. Соғды 
және  түрiк  тiлiндегi  жазбалардың  көпшiлiгi  казiргi  Қытай  орталығынан  Боспор 
құйылымына  дейiнгi  өңiрдi  жайлаған  түрiк,  қырғыз  және  ұйғыр  бiрлестiктерi  мен 
мемлекеттердiң  билеушi  топтарының  өмiр  жолын,  дүниеге  көзқарасын,  өмiрлiк  және 
рухани  ойларын,  мақсаттары мен жолдарын сипаттайды. 
 
Сондай  жазба  ескерткiштердiң  бiрi  -  дидактикалық  поэма  “  Кутадгу  билиги” 
(“Құтты білiк”). Ол ислам өркениетiнiң дәуiрлеген тұсындағы Қарахандар мемлекетiнiң 
астанасында  жарық  көрген.  Авторы  Жүсiп  Баласағұн  ол  мемлекеттiк  қайраткер және 
ғалым-саясаткер,  заманындағы  елдiң  қоғамдық  және  саяси  құрылымының  шынайы 
бейнесiн руникалық  жазумен сипаттаған. Ж. Баласағұнның тұжырымынша түрiк қоғамы 
қатал  иерархиялық  құрылымға  негiзделген,  яғни,  қоғам  мүшелерi  сатылы  деңгейдегi 
билеушi  топтардың  әмiрiн  мүлтiксiз  орындау  жүйесi.  Ал,  әмiршi  топтардың  саяси 
доктринасының  сыр-сипаты  басқа  тайпаларды  күшпен  көндiрiп  өздерiне  тәуелдi  ету. 
Аталған көрiнiстер Моңғол, Талас және Тянь-Шань өңiрiнде табылған түркi қағаны  мен 
әскери қолбасшыларының жазба мұраларында кездеседi. 
 
Ғасырлар бойы көршiлес елдермен соғысумен шыңдалған көне түрiк қоғамының 
құрылымы  соған  орай  ыңғайланып  қалыптасқан.  Рулардан  тайпа,  олардан  тайпалық 
бiрлестiк  құралып,  өз  кезегiнде  бұлар  саяси  жағынан  “Эль”  атауымен  империяны 
қалыптастырған.  Ру-тайпалық  ұйым  “бодун”  және  әскери-әкiмшiлiк  ұйым  “эль” бiрiн-
бiрi  толықтыру  арқылы  қоғамның  әлеуметтiк  байланысын,  оның  берiктiгiн  сақтаған. 
Хан  “елдi  басқарып,  бодундарға  жетекшi  болған”.  Ал,  ру  көсемдерi  ата-дәстүрге  сай 
дауды  шешетiн  қазылық  және  дiндi  уағыздаушы  дәурiштiк  мiндеттердi  атқарған. 
Бұнымен қатар олар өз тайпалық одағының саяси ұйымын басқарып, әскери қолбасшы 
тұрғысынан  басқа тайпаларға әмiрлiк жүргiзiп, оларды түрлi салық-төлемдердi төлеуге 
мәжбүрлеген. 
 
Келесi  бiр  маңызды  және  сан-алуан  тұжырымдар  нәтижесiнде  ғылымда 
пiкiрталасқа  толы  проблема  -  бұл  кезеңдегi  қазақ  жерлерiнiң  экономикасы  мен 
мәдениеттiң дамуы. X-XII ғасырларда осы өңiрдегi қалалар тез көркейiп, сауда, қолөнер, 
дiн  мен  мәдениеттiң  тiрегiне  айналды.  Әсiресе  Батыс  Түркiстан  аймағындағы  Суяб, 
Құлан,  Мерке,  Тараз,  Отырар,  Испиджаб  т.б.  қалалардың  өсiп-жетiлiп  дамуы,  өлкенiң 


 
26 
әлеуметтiк  құрылымы  мен  қоғамдық  қатынастарына  айқын  өзгерiстер  әкелдi.  Бұл 
қалалар  Еуропа  мен  Азия  елдерiнiң  арасындағы  сауда  қатынасының  тереңдеуiне 
мұрындық  болды,  сөйтiп,  қазақ  жерi  осындай  прогрессивтi  өзгерiстер  арқылы  әлемге 
танылды. 
 
 Бiрқатар  жаңа  қалалар  -  Қарашоқ,  Қарнақ,  Қойлық,  Екiоғыз,  Ашнас, 
Баршынлыкент  пайда  болды.  Бұдан  бұрынғы  уақытта  Iле  алқабындағы  10  қаладан 
басқа,  X-XII  ғасырларда тағы да 56 қала пайда болған. Шу және Талас алқаптарында, 
Сырдарияда ондаған жаңа қалалар қоныс тептi. Сонымен бiр мезгiлде рабадтар, iргелес 
сауда-қолөнер  мекендерi есебiнен “ескi” қалалар көлемi кеңейдi. 
 
Зерттеушiлер  Қазақстанның  оңтүстiгiндегi  кәсiбi  дамыған  iрi  қалалардың  бiрi 
ретiнде Испиджабты (казiргi Сайрам) атайды. “Испиджаб iрi қала. Оның рабады (күзетi) 
мен тұратын мединасы бар.  Онда (мединада) төбесi жабық базарлар, мата базары мен 
үлкен  мешiт  бар.  Оның  төрт  қақпасы:  Нуджакет  қақпасы,  Фархан  қақпасы,  Бухара 
қақпасы, әр қақпаның жанында рабады бар.” -деп жазады Әл-Макдиси. Испиджаб-ағын 
суы  мол,  қалың  ағашты  және  тамаша  бақшалары  көркейген  кенттердiң  бiрi  болған. 
Жазба  деректерде  бұнда  тiкелей  сауда  орталығы  жұмысы  жанданып,  тауарлардың 
көптеген  түрлерi өндiрілгенiн, басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темiр әкетiлiп 
тұрғаны жиi аталады. 
 
Сырдарияның  орта  ағысында  орналасқан  сол  кезеңдегi  iрi  қалалардың  бiрi 
Отырар  200  гектар  алқапты  алып  жатты.  Араб-парсы  жазба  деректерiнде  бұл  қала 
Фараб,  одан  бұрын  Тарбан  (Трабан)  деп те аталған. IX ғасырдың бас кезiнде арабтар 
Фадлибн  Сахлдың  басқаруымен  Отырар  аймағын  жаулап  алуға  бiрнеше  әрекеттер 
жасаған. Деректерде ол шекаралық әскерiнiң бастығын өлтiрдi және Қарлұк жабғуының 
ұлдарын  қолға  түсiрдi  деп  жазылған.  XII-XIII  ғасырларда  Отырар  шахристаны 
мұнаралары  бар  дуалдармен  қоршалған.  Бұл  дуал  қайта  салынған  түрiнде  IX-X 
ғасырларға дейiн сақталған. 
 
Қалалар  мәдениетiнiң  ұшқыны  Орталық  Қазақстанда  да,  Ұлытау  бөктерiнде, 
Сарысу,  Нұра,  Кеңгiр өзендерi алқаптарында да кең тараған. Қала тұрмысының өрлеуi 
бiр жағынан шаруашылықтағы заң өзгерiстермен әлеуметтiк қатынастардың дамуымен 
жетiлуiне  байланысты  болды.  Осы кезде қазақ жерiндегi миграциялық құбылыс өрлеп, 
яғни  ауылдан  қала  тәрiздес  iрi  елдi  мекендерге  қоныс  аудару  күшейедi.  Қалалық 
тұрғындардың тұрмысында егiншiлiк бұрынғысынша маңыздылығын сақтаған. Оларда 
жердiң  жетiспеушiлiгiне  орай  оның  құны  далалық  жерден  гөрi  қымбатқа  түстi.  Жер 
бөлiктерi  қалада  көбiне  сауда  орындарын,  керуен  сарайларын,  моншалар  салуға 
пайдаланылып,  олар мұстағалдар деп аталған. Мұстағалдар көп табыс түсiрiп тұрды да, 
осы  себептi  мүлiк  иегерлерi,  соның  iшiнде  көшпелi  шонжарлар  қалаларда  жер 
бөлiктерiн  сатып алуға ынталы болды.  
 
Отырар  төңiрегiндегi,  Сырдарияның  орта  ағысы  тұсында,  Оксус  қала жұртына 
сәйкес келетiн Весидж қаласы еңсе көтерген. Онда мешiт болған, билеушiнiң ордасы да 
осында  орналасқан. Ол барлық жағынан мұнаралы қабырғамен қоршалған. Отырардан 
оңтүстiкке  таман  бiр  күндiк  жерде  өзi  аттас  орталығы  бар  Шауғар округi болды. Бұл 
округ казiргi Түркiстан аумағын алып жатты, ал Шойтөбе қала жұртымен теңестiрiлетiн 
қаланың  өзi  Түркiстан  қаласынан  оңтүстiкке  таман  8  шақырым  жерде  болған.  XI 
ғасырда Шауғар құлдырап, округ ордасы Ясыға көшiрiлдi қала дiни орталыққа айналды. 
 
Еуразияға  аты  әйгiлi  болған,  жазба  деректемелерде  568  жылмен  белгiленiп 
жүрген  орта  ғасырлық  қаланың  бiрi-Тараз.  Византия  императоры  Юстинианның елшiсi 
Земарх Киликискийдiң Батыс түрiк қағаны Дизабулға берген ақпар-қағаздарында Тараз 
қаласы  да  аталады.  Шамамен  630  жылы  қытай  саяхатшысы  Сюань  Цзян  өзiнiң 
мұрағаттарында Таразды (Далассы) шеңберi 8-9 лиге (4-4,5 км) жеткен маңызды сауда 
орталығы  деп  сипаттайды.  VII  ғасырда  Тараз  “Ұлы  Жiбек  жолындағы”  iрi  мекенге 
айналды.  Осындай  стратегиялық  маңыздылығына  қызыққан  түрiк,  қарлұқ,  оғыз 
тайпалары,  араб  және  иран  жаугерлерi  кезекпен-кезек  басып  алып,  талай  рет ойранын 
шығарған.  
 
X-XII  ғасырларда  Тараз  қаласының  су  құбырлары  мен  көпшiлiк  үшiн  күйген 
кiрпiштен  салынған  моншасы  болған.  Оған  жақын  жерде  Айша-Бибiнiң  күмбезi 
көтерiлген.  Тараз  жерiндегi  ортағасырлық  сәулет  өнерiнiң  тағы бiр ескерткiшi-Қарахан 
күмбезi. Қираған күмбез XX ғасырдың басында қайта тұрғызылып, соның салдарынан 


 
27 
бастапқы  жоба-негiзi  бұзылып,  сәндi  өрнектерi  өшiп  кеткен.  Бiздiң  заманға  тек  қана 
оның  суретi ғана жеттi. 
 
Тараз  Жетiсудың  саяси,  экономикалық  және  мәдени  өмiрiнiң  iрi  орталығы 
болды.  Оның  төңiрегiнде  Талас,  Асса  өзендердiң  бойында  –  Төменгi  Барысхан, 
Жамукет,  Жiкiл,  Адахкет,  Ден,  Нуджикент,  Құлан,  Мерке,  Аспара,  Жұл,  Баласағұн, 
Барысхан  қалалары  мен  қоныстары  бiр-бiрiне  тiзбектелiп жалғасып жатты. Сондай-ақ, 
Iле өзенiнiң  алқабында Қойлық, Талхиз, Екiоғыз сияқты басқа да қалалар болды. 
 
Қазақ  тарихында  көне  Сарайшықтың  алар  орны  ерекше.  Ол  казiргi  Атырау 
қаласынан  50  шақырым  жердегi  Жайық  өзенi  бойында  орналасқан. Аталмыш қаланың 
дәл  қай  жылы  салынғаны  белгiсiз.  Бiрақ,  белгiлi  археологтар  С.П.  Толстов,  Ә.Х.  
Марғұландардың  зерттеулерiне  қарағанда  және  республика  археология  институты 
ғалымдарының  жазба  жұмыстары  дерегiне  сенсек,  қала  iргесi  XI-XII  ғасырларда 
қаланғанға ұқсайды. Ал нақты деректерге сүйенсек, араб саяхатшысы Ибн Батутаның 
жазуында  Сарайшық  1334 жылы гүлденген, сауда-саттық, әлеуметтiк саласы дамыған 
қала  екен.  Сол кезде қалада екi құрлықты жалғайтын, Бағдаттағыдай iрi жүзбелi көпiр 
болған.  Cарайшық  қаласының  гүлденiп,  өркендеу  тұсы  Алтын  Орда  хандығы  өмiр 
сүрген XIII-XIV ғасырлар. Бұл кезде ол Шыңғыс ұрпағының Еуропа елдерiнен түсiрген 
алым-салықтарының күн құрғамай Қарақорымға керуен тартқан және Алтын Орданың 
Орта,  Шығыс  Азиямен  сауда-саттық,  саяси,  экономикалық  байланысы  жан-жақты 
дамыған  үлкен  жол бойындағы iрi портты қала едi. Мұнда негiзiнен жоғары кастадағы 
әлдi  адамдар өмiр сүрiп, егiн, балық шаруашылығы қатты дамыған. Қолөнерден  - қыш 
бұйымдарды жасау, металл өңдеу, ақша соғу да өркендеген. Алтын Орда хандары жаз 
айларында, немесе әбден қыс түскен шақта осы қалада демалған, Жем, Сағыз, Үстiртке 
шығып,  аң  аулаған,  саят  құрған.  Жергiлiктi  халық  астық  егiп,  бау-бақша  өсiрген.  Сол 
кездi  көзiмен  көрiп,  куәгер  болған  итальян  саяхатшыларының  бiрi  “Сарайшықта  бау-
бақша  отаны  парсыларда  кездеспеген  жүзiмдер  мен  жемiс  ағаштары  өседi  екен”  деп 
жазады.  
 
Сарайшық  тұрғындарының  iргедегi  Хорезм,  Үргенiш  қалаларымен  бiрге,  анау 
алыстағы  оңтүстiк-шығыс  Азия,  Үндi,  Парсы  елдерi,  Ресеймен  де  тығыз  байланыс 
орнатып,  жүйелi  қарым-қатынас  жасаған.  Мұның  өзi  аталған қаланың Едiл бойындағы 
Бату,  Берке  сынды  үлкен  сарайлардан  кейiнгi  Кiшi  Сарай  (“Сарайджук”-  моңғолдың 
кiшi  Сарай  деген  сөзi)  атануына  негiз  болған.  Бұл  қалада  Алтын  Орда  дәуiрiнде  өмiр 
сүрген  хандардың  бiразы,  сондай-ақ  Қасым  хан,  Ноғай  ордасының  хандары  да 
жерленген.  Солардың  iшiнде  Мөңке  Темiр  (1266-1282),  Ғияс-ад-дин  Тоқта  (Тоқтай) 
(1290-1312),  Жәнiбек  (1343-1357),  Тоқтамыс  (1380-1395),  Урыс  (Орыс)  хандар  (1573.) 
бар.  Бiрақ  Алтын  Орданың  құлауы  Сарайшық  қаласының  бiр  кездегi  атақ-даңқының 
әлсiреп,  жәй  қалалардың  қатарына  қалуына  себеп  болды.  Кейiннен  мұнда  қазақ 
мемлекетiнiң негiзiн  қалаушылардың бiрi  Қасым хан тұрып, өмiр сүрдi. 
 
Қалалардың  өсуi  ауыл  шаруашылығының  өнiмдерiн  қажетсiнудi  арттырды  да, 
мұның  өзi  егiншiлiк  пен  мал  шаруашылығының  дамуына  себепкер  болады.  Табиғи 
қуаңшылық  жағдайындағы  елдер  сияқты  қазақ  өңiрiнде  де  егiншiлiк  қолдан  суарумен 
байланысты  болды.  Баршаға  мәлiм,  қай  аймақтағы  ел  болмасын,  су  -  тiршiлiк  негiзi. 
Егiншiлiк  неғұрлым  Қазақстанның  оңтүстiгi:  Сырдария,  Арыс,  Бадам  өзендерi 
алқабында,  шағын  көлемде  Жетiсуда,  Iле  алқабында  болды,  ал,  Батыс  Қазақстанда 
егiншiлiк  iшiнара  кездеседi. Орталық Қазақстанда егiншiлiкпен тек өзен алқаптары мен 
тау  баурайындағылар  ғана  айналысты.  Барлық  жерде  де  егiнiшiлiк  мал 
шаруашылығымен ұштастырылып, бiр-бiрiнiң  қажеттiлiктерiн өтеп тұрды. 
 
Cуармалы  егiншiлiк  тек  оңтүстiкте  ғана  емес,  сонымен  бiрге  Орталық 
Қазақстанда - Торғай, Жыланшық Кеңгiр, Жездi, Сарысу; Батыс Қазақстанда  - Жайық, 
Едiл,  Жем,  Ойыл,  Елек,  Торғай,  Ырғыз  өзендерiнiң  бойларында  да  дамыды.  ¤ңiрдiң 
ежелгi  тарихындағыдай  бұл  кезеңде  де  қазақтардың  басым  көпшiлiгi  мал 
шаруашылығымен  айналысқан.  Соның  iшiнде  қалалар  мен  қоныстардың  тұрғындары 
сауын  мал,  қой-ешкi,  жылқы  өсiрдi.  Алайда,  қалаларға  мал  өнiмдерiнiң  денiн  көшпелi 
малшылар әкелетiн едi. 
 
4.  Сол  замандағы  қазақ  жерiндегi  қоғамдық әлеуметтiк қатынастардың дамуы 
ауылдық  қауымдардағы  натуралды  шаруашылықтың  бiртiндеп  ыдырауына  әкелiп 
соқты. 
Құмырашылардың, 
шыны 
үрлеушiлердiң, 
зергерлердiң, 
қару-жарақ 


 
28 
жасаушылардың,  ұсталардың,  ағашқа,  сүйекке,  тасқа  ою-өрнек  оюшылардың  қолөнер 
өнiмдерiне  деген  сұраным  үнемi  артып  отырды.  Керамика  өндiрiсi  ерекше  дамыды. 
Кесе,  тостаған,  аяқ-табақ  сияқты  ыдыс  түрлерi  қолданысқа  кеңiнен  тарап,  есесiне 
жапсырма дастархандар мен қақпақтар өндiру кәсiбi азайған. Қолөнер бұйымдарындағы 
өрнектер  алуан  түрлiлігiмен,  терең  мазмұндылығымен  және  бояуларының 
қанықтылығымен  көзге  түседi.  Ақ,  қызғылт,  немесе  қара  түске боялып мөлдiр құйма 
жалатылған  ыдыстар  көптеп  кездеседi.  ¤рнектерi  қызыл,  қара,  ақ,  қоңыр, жасыл және 
сары  бояулармен  салынды,  оның  мәнерлерi-геометриялық  тұлғалар,  өсiмдiк 
шырмауықтары,  бұтақтар,  жапырақтар  болатын,  сондай-ақ  араб  жазулары  салынған 
бұйымдар да кездеседi.  
 
Қазақстан  қалаларында  шыны  бұйымдарын  жасау  iсi  бiршама  дамыған,  оның 
шикiзаты  жергiлiктi  жерде  өндiрiлдi.  Мөлдiр  түстi  жасыл,  көгiлдiр,  сары және қызғылт 
түстi  шынылар  көптеп  жасалған.  Бұйымдардың  түрлерi  сан-алуан  болғанмен  әрбiр 
аймақта  немесе    қалада  бiрқалыпты  әдейi  салынған.  Шыны  ыдыстарының  денi үрлеу 
әдiсiмен,  ендi  бiразы  қалыпқа  құю  арқылы  жасалған.  Қалып  ретiнде  пайдаланылған 
ыдыстың  қабырғалары  мен  түптерiнде  “ара  ұясы”, шеңберлес сызықтар, ою өрнектер 
әдейi  салынған.  Ал,  үрлеп  жасалған  ыдысқа  өрнектер  жапсырылған  қайырмалармен, 
шыны  тiндерiмен  және  жолақтарымен  өрнектеледi,  кейде  түрлi-түстi  шыны 
жапсырмалары бар өрнекпен безендiрiледi. 
 
Темiрден жасалған бұйымдар iшiнде немесе қола шырақтар мен оларға арналған 
тұғырлар  жатады,  олардың  көпшiлiгi  өнердiң  шынайы  туындылары  болып  табылады. 
Темiрден  қару-жарақ,  садақ  найза  ұштары,  қылыштар,  шаруашылыққа  қажеттi  шеге, 
пышақ, балта, кiлт, құлып, шынжыр және басқа да көптеген заттар соғылды. Қазақстан 
зергерлерi  мәнерлi  құйма  құю,  бедерлеу,  көз  салу,  бұрандалау,  оюлау  және  алтын 
жалату  секiлдi  сол  замандағы  зергерлiк  өнердiң  небiр  техникалық  тәсiлдерiне  жетiк 
болған.  
 
Әр түрлi әсем заттар жасау үшiн сүйек пен мүйiз кеңiнен қолданылды. Сүйектен 
бойтұмарлар,  кездiк  саптары,  ойын  құралдары,  қысқыштар,  түйреуiштер,  түймелер 
жасалды. Мүйiзден кездiктердiң саптары дайындалады. Кескен iзi бар қырналған марал 
мүйiздерi  Сүмбеден,  Талғардан,  Құланнан  табылған.  Тастан,  негiзiнен  құмдақ  тастан 
диiрмен бөлшектерi, келiлер мен түйгiштер жасалған. 
 
Cауда. Қазақстан кеңістігіндегі халықтардың жалпы дамуында сауда орасан зор 
роль  атқарды.  Тауар  алмасу  бiр  жағынан  отырықшылар  мен  көшпендiлер  арасында 
жүрсе,  ал  екiншi  жағынан,  Оңтүстiк  Қазақстан  мен  Жетiсу  қалалары  Византия,  Иран, 
Орта  Азия,  Кавказ,  Алтай,  Сiбiр,  Шығыс  Түркiстанмен  тығыз  қарым-қатынастарды 
жүйелi  қалыптастырып  барынша  дамытты.  Әсiресе,  Қазақстанның  оңтүстiгiнде  және 
Жетiсудағы сауда керуен жолдары тоғысқан торабында орналасқан Испиджаб, Отырар, 
Тараз  қалаларының  алған  орны  ерекше.  Олар  бүкiл  төңiректiң  экономикалық дамуына 
ықпал  еттi.  Және  қолөнершiлердiң  өнiмi  Қаратаудың  оңтүстiк  және  солтүстiк 
бөктерлерiндегi,  Сырдария  төменгi  ағысындағы  және  Арыс  жазығындағы  қалалардың 
жәрмеңкелерiне түсiп тұрды. 
 
Iрi  елдi  мекендер  мен  қалаларда  матамен  сауда  жасайтын  үлкен  керуен 
сарайлары  мен  арнайы  үйлері  болды.  Көптеген  рабаттар  қалалар  қақпаларына  жақын 
жерде  орналасты,  бәлкiм,  керуен  сарайлардың  қызметiн  атқарса  керек.  Испиджаб 
көпестерi  тауарларын  алып  Бағдатқа  дейiн  барған.  Транзиттiк  сауда  бұйымдары 
әшекейленген  керамика,  металл,  асыл  тастардан  жасалған  еді,  iнжу-маржан  және 
лазуриттен  құралған  моншақтар,  нефриттер,  айналар  болды.  Қала  тұрғындары  мал 
өсірушілерден  жылқы,  iрi  қара,  жүн,  терi,  киiз,  сүт  өнiмдерiн  сатып  алса,  көшпендi 
малшылар  айырбасқа  мата,  астық,  ыдыс-аяқ  сияқты  тауарлардан  өз  қажеттілігін 
қанағаттандырған. 
 
Саудадағы  ақша  айналымы  егiншiлiк  шаруашылығы  мен  қала  мәдениетi 
дамыған өңiрлерде, яғни,  Қарахан қағандығы құрамындағы оңтүстiк Қазақстанда және 
Жетiсуда  кеңiнен  тараған.  Тарихи  деректерде  XI  ғ. 20-шы жылдары орта шенiне дейiн 
Қарахан  мемлекетiндегi  ақша  айналымы  Саманид  дәуiрiнен  қалған құрылымды мирас 
еттi.  Қалалардың  iшкi  саудасында  мыс  (қола)  теңге  -  фельс  немесе  “эдли”  негiзгi 
айналымға  енiп,  қолданысқа  кеңiнен  тарады.  XI  ғ.  бiрiншi  ширегiнде  қазақ  жерiнде 
қолданатын  негiзгi  теңгелер  құятын  сарайлар  Тараз  бен  Испиджабта  орналасқан.  ¤з 


 
29 
кезегiнде Қазақстанның басқа да қалаларында (Шаш, Ахсикет, Үзкент, Қашғар, Бұхара 
ж. б.) теңге өндiретiн сарайлардың өнiмдерi ақша айналымына енiп отырды. 
 
Ежелгi  заман  және  ортағасырлардағы  қазақ  жерiнiң  дамуына Ұлы Жiбек жолы 
сүбелi  үлес  қосқан.  Бiздiң  заманның  II-V  ғғ.  Жiбек  жолы  Қытайдың  ежелгi  астанасы 
Чаньаннан  бастау  алып,  Ланьчжоу  маңындағы  Хуанхэ  өткелiне  баратын  да,  одан  әрi 
Тянь-Шань  тауларының  солтүстiк  сiлемдерiн кесіп өтіп, Ұлы Қытай қамалының батыс 
шетiнен,  Яшма  қақпасынынан  барып  шығатын.  Осы  жерден  керуен  жолы  екi бағытқа 
бөлініп,  Такла-Макан  шөлiн  солтүстiк  және  оңтүстiк  жағынан  айналып  өтетiн.  Терiстiк 
жолы  Хами,  Турфан,  Бесбалық,  Шихо  көгал  аймақтары арқылы Iле алқабына жететiн. 
Ортадағы жол Чаочаннан Қарашарға, Ақсуға, сосын Бедел асуы арқылы Ыстық көлдiң 
оңтүстiк жағасымен өтiп, Үндiстан мен Орта теңiз аймағына бағыт алатын. Бұл оңтүстiк 
жол деп аталатын. Ал солтүстiк жолы Қашғардан Ферғанаға, одан әрi Самарқанд, Бұқар, 
Мерв арқылы Хамадан, Сирияға баратын. 
 
Ең бастысы XI-XII ғғ. Қытайдан шығып, Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан арқылы 
Батысқа  қарай  өтетiн  жол  саудаға  өте  тиiмдi  болған.  Оның  себебiн  бiрнеше 
құбылыстармен сипаттауға болады.  Бiрiншiден, Жетiсуда Орта Азиямен өтетiн сауда 
жолдарын  бақылайтын  Түрiк  қағандар  ордалары  бар  болатын.  Екiншiден,  Ферғана 
арқылы  жүретiн  жол  VII  ғ.  iшкi  қырқыс  салдарынан  қауiптi  болып  қалған  едi. 
Үшiншiден, аса бай түрiк қағандары мен олардың айналасындағы беделдi әрi қоры мол 
топтар теңiздiң арғы бетiнен келген тауарлардың өтiмдiлiгiн бiрден-бiр қамтамасыз ете 
алатын. 
 
Қазақ  жерiндегi ғылым мен мәдениет. X-XII ғғ. бұл өңiрде тарихи қалыптасқан 
әлеуметтiк-экономикалық 
қатынастардың 
(феодалдық) 
нығаюы, 
мемлекеттiк 
құрылымдардың  қалыптасуы,  отырықшы-егiншiлiк  мәдениетi  мен  қалалар  санының 
өсуi, этникалық топтардың шоғырлануының күшеюi, Орта Азия, Алдыңғы Шығыс және 
Шығыс  Еуропа  халықтарымен  кең  шаруашылық  және  мәдени  байланыстардың  өсуі, 
Қазақстан  аймағындағы  халықтар  мен  тайпалардың  рухани  мәдениетiнің  өрлеуiне 
негiзгi  себепкер болды. 
 
Көшпелi  және  отырықшы  халықтың  түсінік  түйінінде  ежелгi  түркi  дiни 
нанымдары  елеулi  орын  алды.  Қазақстанның  оңтүстiгінде  ислам  дiнiнің  тарауы, 
мұсылман  дiнiнiң  халық  ортасына  терең  тамыр  жаюы  нәтижесiнде,  ежелгi  түрiк  руна 
жазуы  орнына  араб  графикасы  негiзiнде  жаңа  түрiк  жазуы  қалыптасты.  Түрiк 
этносының  оқшау  тiлдiк  топтарының  даму  тенденциялары  неғұрлым  айқынырақ 
аңғарыла түстi. Сонымен бiрге XI-XII ғасырлардағы тiл және әдебиет ескерткiштерiнiң 
көпшiлiгi  тайпа аралық әдеби тiлде жазылып, жалпы түрiктiк мұра болып танылды. 
 
Өңiрiмiздiң  жергiлiктi  түрiк  және  иран  тiлдерiнде  сөйлейтiн  ғалымдардың, 
әдебиетшiлердің,  ақындардың  үлкен  бiр  тобы  өз  шығармаларын  сол  замандағы 
айналымдағы  ғылыми  тiл  ретiнде  арабша  жазды.  Солардың  алдыңғы  шебiнде  ел 
перзенті  философ,  әрi  энциклопедияшы  ғалым,  әлемдік  “Екiншi  ұстаз”  атағына  ие 
болған  (Аристотельден  кейiн)  Әбу  Насыр  Әл-Фараби  еді.  Оның  азан шақырып қойған 
толық  аты  Мұхаммед  ибн  Мұхаммед  ибн  Тархан  ибн  Узлағ  Әл-Фараби  ат-Түрiк. Әл 
Фараби 870 жылы Отырар (Фараб) қаласындағы түрiк (қазақ) отбасында дүниеге келедi. 
Ол білім мен ғылым негiздерiн Отырардың медресесiнде ана тiлiнде игердi. Кейiн араб 
тiлiн  халифат орталығы Бағдатта терең жан-жақты игерген. 
 
Әл-Фараби  философияны  бiрегей,  дербес  сипат  тұрғысынан  талдап,  негiзiнен 
идеалист  бола  тұра,  материалистiк  пiкiрлерді  қолдаған.  Мәселен,  ол  ең  жоғарғы 
дүниенiң  бар  екенiн  және  оны  түйсiк  арқылы  танып  бiлуге  болатынын  мойындаған, 
адамның жанын ол денемен байланыстырып қараған. Нақ осы себептен де мұсылман дiн 
басылары  Әл-Фарабидi  дiнсiз  деп  айыптаған.  Терең  ойшыл  ғылымдар  жүйесiнде 
жаратылыстану - математика саласындағы зерттеу-iзденiстерге аса көңiл бөле бастаған. 
Ол  әуен-саз,  астрономия,  физика  сондай-ақ  геодезия  мен  архитектураны  математика 
негiздерi  арқылы  бiрқатар  iргелi  зерттеулер  жүргiзiп,  тiл  мен  ойлаудың,  логика  мен 
тiлдiң  өзара байланыстылығы туралы өте маңызды пiкiрлер айтқан. 
 
Әл-Фарабидiң  ғылыми  мұрасы  Шығыс  пен  Батыстың  экономикасы  мен 
мәдениетiнiң  дамып  жетілуіне,  оның  iшiнде  Ибн  Туфайл,  Ибн  Рушд,  Ибн  Сина,  Омар 
Хаям,  Роджер  Бэкон,  Леонардо  да  Винчи,  Әл-Хорезми,  әйгiлi  астрономшы  әрi 
математик Аббас Жаухари, тiлшi Махмуд Қашғари тәрiздi ойшылдар шығармаларының 


 
30 
кең  тарап  гүлденуіне  ерекше  әсерiн  тигізеді.  Сонымен  бiрге,  өзiнiң  жерлесi  Исхақ  Әл-
Фарабиге және Шығыс Қазақстан өңiрiнде қимақ ортасынан шыққан белгiлi географ әрi 
саяси қайраткер Жанақ ибн Хақан әл-Қимақи еңбектерiне де ықпалын тигiзген. 
 
XI ғ. атақты ойшылдары Жүсiп Баласағұн мен Махмұд Қашғари бүкiл әлемге өз 
шығармаларымен  әйгілі  болған.  Ж.  Баласағұн  1015  жылы  түрiк  жанұясында  дүниеге 
келіп,  тәрбиеленiп,  парсы-тәжiк  әдебиетiн  көп  оқыған.  Ол  6520  беттен  тұратын  терең 
мағыналы философиялық - дидактикалық “Құтты бiлiк” поэмасында идеалды қоғамның 
ережелерін,  ондағы  түрлi  топтарға  бөлiнген  адамдар  мiнез-құлқын,  жүрiп-тұру 
ережелерiн,  билеушiлер  мен тәуелділер арасындағы өзара қарым-қатынас қағидаларын 
сипаттайды.  Осы  еңбегiнде  ол  ел  жетекшiлерiн  жат  көріністерден  сақтандыруға 
ұмтылған. 
 
Әлемге,  соның  iшiнде  Шығысқа  аты  әйгiлi  болған  ойшыл  Махмуд  Қашғари 
(Махмуд  ибн  әл-Хусаин  ибн  Мухаммед  әл-Қашғари)  Қашғарда  дүниеге  келіп,  бiлiм 
алған.  Бүкiл  өмiрiн  түрiк  сөздерiн,  өлеңдерiн,  ертегiлерiн,  жұмбақтарын,  әдет-
ғұрыптарын  жинақтап  зерттеумен  өткiзген.  Осының  нәтижесiнде  “Диуани  лұғат  ат-
түрiк”  (Түрiк  тiлi  сөздiгi)  атты еңбегiн жазған. Бүгiнгi Қазақстан ғалымдары арасында 
бұл  еңбек  туралы  сол  замандағы  түрiк  халықтары  өмiрiнiң  нағыз  қайталанбас 
энциклопедиясы  деген тұжырым бар. 
 
Осы  замандағы  ислам  дiнiн  уағыздаушы, сопы-ақын Ахмет Йассауи халықтың 
рухани  қазынасында  елеулі із қалдырды. Ол Оңтүстiк Қазақстандағы түрiк халықтары 
арасына исламның сопылық бағытының тарауына белсене араласқан. Аңыздарға сенсек 
Ахмет  Иассауи  (1166/67  жж.  дүниеден  кеткен,  туған  жылы  белгісіз)  бүгiнгi  Оңтүстік 
Қазақстан  облысында  (Сайрам-Испиджаб)  дүниеге  келген,  сонда  білімнің  алғашқы 
баспалдағынан  өткен,  оның  ұстазы  белгiлi  ислам  дiнiн  уағыздаушы  Арыстан-баба 
болған.  
 
Ахмет  Иассауидiң  “Диуан-и-Хикмет”  (“Данышпандық  кiтабы”)  еңбегi  түрiк 
тiлдес  халықтардың  ең  ежелгi  әдебиет  ескерткiштерiнiң  бiрi.  Онда  аскетизм  мен 
құдыреттi  күштi  мойындау  танытылады,  сонымен  бiрге,  жинақта  тарихи-мәдени  және 
әлеуметтiк-тұрмыс мәселелері де біршама баяндалған. Ойшылға тән ерекше ізгілік-түркі 
тілінде  жазған  көптеген  шәкiрттерi  мен  iзбасарларының  болуы.  Олардың  iшiнде  есiмi 
неғұрлым  баршаға  аян  Сүлеймен  Бақырғани  лақап  аты  Хакiм-ата.  Ол  мистикалық 
өсиеттер жинағын қалдырған, бiрақ ол өлең түрінде емес, қара сөзбен жазылған. Хакiм-
атаның нақыл ойлары негiзiнен  қалың бұқара халыққа жолданған. 
 
Тiл.  Жоғарыда  аталған  неғұрлым  танымал  әдеби  ескерткiштiң  тiлi  сол  кездегi 
“түркiше”  жазатын  белгiлi  әдеби  дәстүрдiң  мұрасы  екендiгiн  айқын  дәлелдейдi. 
Қыпшақ,  оғыз,  қарлық  және  ұйғыр  тайпалары  мен  халықтарының  тiлдерi  негiзiнде  X-
XII  ғасырларда  араб  графикасындағы  түрiк  жазуы  қалыптасты.  Әдебиеттiң  көптеген 
ескерткiштерi аралас қарлұқ-ұйғыр және қыпшақ-оғыз тiлдерiнде жазылды.  
 
1212 жылы түркi тiлiнде құрандық негiздегi “Жүсiп-Зылиха” атты бiрегей поэма 
шықты.  Оның  авторы  Әли  есiмдi  ақын  болды.  О  бастағы  негiзi  қыпшақ  тiлi  болған 
поэманың  тiлi  тегiнде  оғыз  тобындағы  диалектiнiң  ықпалына  ұшыраған  болса  керек. 
Казiргi  Қазақстан  өңiрiнiң  көпшiлiгiнде  қыпшақ  тiлi  кең  тарады,  тек  Қарахан  әулетiнiң 
қол астындағы жерлерде ғана көбiне қарлұқ тiлi маңыздылығын сақтады. 
 
Д  i  н.  X-XII  ғасырларда  қазақ  өңiрiнде  алуан  түрлi  нанымдар  мен  сенiмдер 
болған.  Ұмай  анаға  табыну,  ата-бабаның  аруағына  сыйыну,  шамандық  әрекет, 
табиғаттың  дүлей күшiне рухқа табыну т.б. Осы кезде ислам бiртiндеп кiре бастайды, 
алайда  жергiлiктi  халық  жаңа  дiндi  бiрден  толық  қабылдамай  бұл  құбылыс  бiрнеше 
ғасырға созылады. Егерде Орта Азия халықтарын исламдандыру VIII ғасырда аяқталса, 
Қазақстанда  ол ұзаққа созылды, соның өзiнде қазақ елiнiң солтүстiктiгiнде оңтүстiктен 
көрi  әлдеқайда баяу тарады. 
 
X  ғасырдың  аяғында  ислам  Жетiсу  қалаларына  тарады,  нәтижесiнде  олардың 
көпшiлiгiнде  мешiттер  пайда  болды.  Әл-Макдиси  былай  деп  жазды:  ”Жiкiл-кiшкене 
қала...  базарда  үлкен  мешiт  бар,  Барсханда  “үлкен  мешiт  базарлардың  ортасында”, 
Атлақта “үлкен мешiт Мединеде”, ал Меркеде ”үлкен мешiт ежелде шiркеу болатын”. 
Араб  тарихшысы Ибн Әл-Асир баяндаған аңыз бойынша исламды тұңғыш рет Шабук 
(Сатук)  Қара-хақан  қабылдаған,  ал  араб  хронисi  Жамал  Каршидiң  деректерi  бойынша 


 
31 
исламды  бiрiншi  болып  Абд  Әл-Карим  Сатук  Богра-хан  қабылдаған.  Көптеген 
зерттеушiлердiң тұжырымынша мұның екеуi де бiр адам болуы мүмкiн дегенге саяды.  
 
Деректемелерде қыпшақтар ислам дініне дейін тас мүсiндерге табынған, табиғат 
құбылыстарына  сыйынған,  аспанды  (тәуiр),  күндi,  отты  құдай  тұтқан.  “  Кумандар, 
немесе  половецтер,  жұлдыздарға  табынады,  аспан  әлемiне  сенедi  және  астрологияны 
оқып-үйренуге бейiм тұрады”-деп атап көрсетедi араб географы әрi саяхатшысы Әбу-л-
Фи да. Қыпшқтардың бiр бөлiгi кейін, ең алдымен олардың үстем топтары әсiресе, Орта 
Азия аудандарында пұтқа табынудан шығып, исламды қабылдаған. 
 
Ислам  дiнi  қыпшақтар  арасында  XII  ғасырдың  екiншi  жартысында  кеңiнен 
тараған.  Көптеген  зерттеушiлер  оның  себебiн  қыпшақтардың  Хорезммен  қарым-
қатынасының құлаш жаюымен байланыстырады. Бiздiң пайымдауымызша, бұл құбылыс 
қыпшақ қоғамының әлеуметтiк-экономикалық және саяси құрылысындағы өзгерiстерге 
тiкелей  қатысты.  Қыпшақ  хандары  Қыран  (Икран),  Алп-Дерек  исламды  қабылдап, 
мұсылманның Қадыр-ханы, немесе Ғайир-хан (Иналшық) деген атақпен тарихта қалған. 
Бұл  туралы  атақты  Әбiлғазы  былай  деп  жазған:  ”Ол  Иналшық  сұлтанға  ауысып, 
мұсылмандықты қабылдады...” 
 
Ислам  дiнiнiң  қазақ  кеңістігіне  тарауының  бiр  кепiлi  бұл  дүниежүзiндегi  басқа 
дiни  құбылыстарға тәрiздес ел арасында оның түрлi тармақтарының кең қанат жаюынан 
көрiнедi.  Орта  Азия  мен  Қазақстанның  оңтүстiгiн  де  исламның  ғылымдағы  сопылық 
мистикалық  ағымының  тарауын  (арабша  тасаввуф,  суф-”жүн”  деген  сөз.  Бұл  iлiмдi 
жақтаушылардың  жүннен  тоқылған  киiм  киетiн  әдет-ғұрпына  байланысты)  осылай 
атаған.  Сопылық  негiзiнен  төзiмдiлiк  пен  аскетизмдi  уағыздауы  нәтижесiнде  кеңiнен 
танылды. Дүниенiң  қызық-рахатынан безудi, байлықтың күнәға батыратынын,         
бай  адамдардың  құдайға  жағып,  жұмаққа  бара  алмайтынын  уағыздау  бұқараны 
сопылыққа тартты. 
 
Сөйтiп,  Қазақстанда,  оның  iшiнде  оңтүстiгiнде  VIII  ғасырдан  бастап 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет