Қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет17/42
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#14567
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   42
      ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК ЖАҒДАЙЫ. 
 
Ж о с п а р ы. 
 
1.  Қазақтардың шаруашылығы, кәсiбi және қолөнерi. Қазақ қоғамының 
      әлеуметтiк құрылымы. 
2.  XIX ғ. 20-шы жылдарындағы қазақ жерiндегi әкiмшiлiк өзгерiстер. 
3.  Қазақстандағы XIX ғ. 60 - 90-шы жж. реформалар. Дала ережесi. 
4.   Әкiмшiлiк  реформаларға қарсы халықтың көтерiлiс-толқулары.  
      Қазақ жерiне басқа халықтардың қоныс аударуы.  
 
Семинар жоспары: 
 
1.  
Қазақтардың шаруашылығы мен әлеуметтік құрылымы. 
2.  
1867-1868  жж. реформаның мақсаты мен міндеттері. Далалық ереже. 
3.  
Патша өкіметінің аграрлық саясаты. Қоныс аудару қозғалысы. 
 
Реферат тақырыптары: 
 
1.  
1867-1868  жж. саяси-әкімшілік,  сот реформалары. 
2.  
Орал, Торғай облыстарындағы халықтың реформаға қарсы көтерілістері. 
3.  
Маңғыстаудағы көтеріліс /1870 ж./. 
4.  
Қазақстанға орыс, украин, ұйғыр және дүнгендердің қоныс аударуы. 
 
Ә д е б и е т т е р: 
 
1.  
Қазақ КСР тарихы, 5-томдық, 3-томы. -Алма-Ата, 1982. 
2.  
Қазақ КСР тарихы, 2-томдық 1-том. -Алма-Ата, 1949. 
3.  
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгiнге дейiн (очерк). Алматы. “Дәуiр”, 1994. 
4.  
Е. Бекмаханов Қазақстан ХIX ғасырдың 20-40 жылдарында. Алматы “Санат”, 1994. 
5.  
Абдоллаев Н.А. Қазақстан әлемдік тарихтың аясында. Ақтөбе. Тип. Лазер, 1999. 
6.  
Абдоллаев Н.А., Исмағұлов Ұ.Ш. Қазақстан тарихы: дәрістер. Қ.Жұбанов атындағы 
АкМУ. Ақтөбе, 2003. 
7.  
Абдоллаев  Н.А.,  Орамах  Ж.О.  Қазақстан  тарихы:  дәрістер.  Қ.Жұбанов  атындағы 
АкМУ. Ақтөбе, 2004. 
8.  
Нығмет Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы “Жалын”, 1994. 
9.  
Галузо П. Аграрные отношения на юге Казахстана /1861-1917 гг./. Алматы, 1996. 
10. 
Сулейменов  Б.  Аграрный  вопрос  в  Казахстане  последней  трети  XIX  –  нач.  XX вв. 
Алма-Ата, 1963. 


 
80 
11. 
Кабиров М.Н. Переселение илийских уйгур в Семиречье. Алма-Ата, 1951. 
12. 
А. Күзембайұлы, Е. Әбiл. История Республики Казахстан. Алматы “Санат”, 1998.  
13. 
Учебное  пособие  по  истории  Казахстана  с  древнейших  времен  до  наших  дней.- 
Алма-Ата., 1992. 
 
 
1.  XVIII  ғ.  мен  XIX  ғ.  ортасында  қазақ  елiнiң  шаруашылығы  ерте  заманнан 
табиғат және жағрафиялық ерекшелiктерімен тығыз байланысты қалыптасқан – көшпелi 
мал  шаруашылығы  болды.  Яғни,  өндiрушi  шаруашылық  негiзгiн  экстенсивтi  әрдайым 
көшпелі  мал  бағып  өсiру  болған,  ал  тұрғындардың  басым  көпшiлiгi  көшiп-қонуға 
бейiмделген.  Көшпелi  өмiр  салтының  ерекшелiгi  мал  азығы  мен  су  көздерiнiң 
тапшылығы болуына орай малды жыл бойы жайып күтуде болды. Көшiп-қону аймақтың 
қашықтығы  орта  есеппен  50-100  шақырым,  ал  кейбiр  рулар  (әлiм,  байұлы)  1000-2500 
шағырымға дейiн созылған.  
 
Көшпендiлердiң өмiрiнде қалыптасқан табиғат қорларын қысқы, көктемгi, жазғы 
және  күзгi  жайылымдарға  пайдалану  тәсiлi  қаралып  отырған  кезеңде  де  сақталды. 
Жағрафиялық  ортаның  ерекшелiктерi  және  ата-тектен  қалыптасып  мұра  болған  мал 
табындарының түлiк құрамы да аса көп өзгерiске ұшырамаған. XVIII-XIX ғғ. бүкiл мал 
ішіндегі  қойдың  үлес  салмағы  орта  есеппен  оның  60  процентiн,  жылқылар-13,  мүйiздi 
iрi  қара-12,  түйелер-4  процентiн  құрады.  Малдың  түлiк  құрамын  реттеуде  олардың 
шаруашылыққа  (ет,  сүт,  жүн,  еңбек  күші)  және  қоғамдық-саяси  өмiрде  (көлiк,  әскер 
қажеттілігі) көп қажетке пайдалану мүмкiндiктерi маңызды рөл атқарды. 
 
Осы кезде де мал шаруашылығының дәстүрлi екi түрi дамыды: көшпелi ( қолдан 
жасалған  су  көздерiн  пайдалануға  негiзделген)  және  жартылай  көшпелi  (  табиғи 
шығатын  су  қорларын  пайдалануға  негiзделген).  Көшпелi  мал  шаруашылығы 
Маңқыстау  өңiрiнде,  Үстiрт  маңында,  Батыс  және  Орталық  Қазақстанның  кейбiр 
аудандарында кең тарады. Бұл өңiрдегi қазақтардың күткен малы құрамында неғұрлым 
ширақ  қимылдайтын  және  төзiмдi  түлiктерi  (қойлар  мен  түйелер)  басым  болды, 
материалдық  мәдениеттiң  барлық  өнімдері  (киiз  үй,  тұрмыстық  құрал-аспаптары) 
күнделiктi өмiр жайына және шаруашылығына ыңғайланған  болатын.       
 
Жауын-шашыны  мол,  жыл  бойы  ағын  суы  сарқылмайтын  өзендерi  бар, 
топырағы  құнарлы  аудандарда  көшпелi  мал  шарушылығының  өзге  түрi  қалыптасты. 
Оларға  далалық  және  орманды  далалықта,  тау  бөктерi  мен  биiк  таулы  жерлердегi 
өзендер  мен  көлдер  маңайындағы  алқаптар  жатады. Басқа жерлермен салыстырғанда 
шөп  шығымының  жоғары  болуы  және  су  қорымен  қажетінше  қамтамасыз  етiлуi  бұл 
аудандар  да  малшылардың  бiр  орында  ұзақ  қоныстанып,  көшiп-қону  машақатының 
сиреуiн,  орын ауыстырушылықтың шектелуiн айқындап бердi. Бұл  өңiрлердегi қазақтар 
мүйiздi iрi қара мен жылқыларды көп ұстады. Малды жайып-бағу әдiсiнде де өзiне тән 
ерекшелiктер байқалады: мал қыстататын тұрақты орындар болды, демек оларда тұрғын 
үйлер мен мал қоралары салынған. Мұндай мекендердiң маңайында көшпендiлердiң бiр 
тобы  егiншiлiкпен  және  балық,  аң  аулаумен  айналысқан.  Шаруашылықтың бұл түрiнiң 
үлес салмағы, әсiресе, Шығыс және Солтүстiк Қазақстанда орын алған. 
 
Қазақ  шаруашылығында  егiншiлiк  кәсiбi  де  біршама  дамып,  шаруалардың 
өмірінде  тиесiлi  орын  алған.  Жер  өңдеушiлiк  мәдениетiнiң  ошақтары  әдетте 
Қазақстанның  батысында  -  Жем,  Елек,  Ырғыз,  Утва,  Ойыл  және  Сағыз  өзенi 
жағасындағы  жерлерде,  Мұғалжар  тауының  аңғарларында;  орталық  Қазақстанда  - 
Сарысу өзенiнiң орта сағасындағы алқаптарда; оңтүстiкте  - Сырдария, Қуаңдария және 
Жаңадария  бойларында;  солтүстiкте  -  Есiл,  Нұра  және  Торғай  өзендерi  бойы  мен 
олардың тармақтарында; шығыс Қазақстанда - Шалба және Тарбағатай қыраттары мен 
Қарқаралы  таулары  бөктерiнде;  Жетiсуда  - Лепсi, Ақсу, Қаратал өзендерiнiң бас жағы 
мен  Iленiң  орта  сағалары  болды.  Осы  аймақтардың  жағрафиялық  орналасуы,  жер 
құрылысы,  топырақ  және  табиғи-ауа  райының  жағдайлары,  су  қорларының мүмкiндiгi, 
көршi 
отырықшы-егiншi 
халықтармен 
мәдени-экономикалық 
байланыстардың 
күшейтiлуi  қазақ  егiншiлiгiнiң  дәрежесi  мен  аумағына,  өсiрiлетiн  дақылдарын 
таңдауына,  көршiлерден  агрономиялық  тәсiлдердi  үйренуiне,  егiншiлiк  өнiмдерiн 
шаруашылық және басқа мақсаттарға тиімді пайдалануына айтарлықтай әсер еттi.  
 
Қазақтардың үй қожалығындағы неғұрлым кең тараған егiншiлiк дақылы - тары 
болған.  Қолдан  суарған  және  ауа-райы қолайлы болған жағдайда одан жылына екi рет 


 
81 
өнiм  алуға  мүмкiндiк  болған.  Сондай-ақ,  қара  және  ақ  бидай  өсiрiлдi.  Қазақстан 
жағдайындағы  егiншiлiктiң  қиындығына,  егiншiлiк  еңбегiнiң  құралдарының  және  жер 
өңдеу  тәсiлдерi  жеңіл  түрлеріне  қарамастан,  жақсы  реттелген  суару  тораптары  бар 
жерлерде  дақылдар  өнімi  әжептәуiр  жоғары  болды.  Кiшi  және  Орта  жүздердiң  кейбiр 
қожалықтарында  егiншiлiктiң  даму  деңгейi  соншалық  мол  болғаннан  қазақ  астығы 
Ресей жәрмеңкелерiнде сұранысты қанағаттандырып, тiптi жылдан-жылға көлемi артып 
отырған. Бірақта тұтас алғанда егiншiлiк қазақ шарушылығында кең құлаш жайған жоқ, 
ол әрдайым қосалқы шаруашылық күйiнде қалды.   
 
Қазақтардың  шаруашылық  саласында  аңшылық,  балық  аулау,  үйдегi  қолөнер 
сияқты  дәстүрлi  тiрлiктер  кең  дамыған.  Аң  аулаудан  түскен  пайданың  едәуiр  бөлiгi 
көшпелiлердiң  iшкi  тұтынуына  (киiм-кешек, азық-түлiк) және сырттағы жәрмеңкелерге 
(Орынбор,  Сiбiр  т.б.)  айырбас  саудаларына  өткiзiлiп тұрды. Қазақтар арасында майда 
кәсiпкерлiк: ағаш пен металдан түрлi бұйымдар, үй аспаптарын жасау тiршiлiк қамының 
бір көзi болған. Қазақ қолөнершiлерi ер-тоқым жасап, ағаштан ыдыстар жонып, ұсталар 
түрлi  қарулар  соғып,  зергерлер  мыстан,  жезден  жиектер  қақтап,  оларға  асыл  тастар 
қондырып және басқа ұсақ-түйек әсемдiк заттар шығару өнерiн игерген. 
 
Басқа  елдермен  экономикалық  байланыс  және  сауда  айырбасы  мал  өнiмiнен 
түрлi заттарды өндiрiсiн  дамытуға ықпал етедi. Мал терiсi мен жүнiнен бұйымдар жасап 
шығару,  қой,  жылқы,  ешкi  терiлерiн  өңдеу,  киiз  басып,  арқан  есу  өнерлері  жетілді. 
Соның  iшiнде  ешкi  түбiтi  Орынбор  копестерiнiң  жүйелі  сұранысына  ие  болды.  Есiл, 
Ертiс,  Жайық,  Iле,  Сырдария  өзендерiнде,  Каспий  және  Арал  теңiздерiнде  бiрте-бiрте 
балық  аулау  кәсiпшiлiгi  дамыды.  Қазақ  жерiне  келімсек  қара  шекпенділердің  ағылған 
легі  жалданбалы  еңбекпен  күн  көрудiң  түрi  -  шекаралық  желiдегi  құрылымдарға 
жалданып жұмыс iстеу болды. Бұндай жұмысқа әдетте отбасын асырайтын қаражаты 
жоқ  шаруалар  тартылды.  Жарлы  кедейлер  сондай-ақ  пошта  нүктелерiне  кушер  болып 
жалданды.  Дән-дақыл,  бау-бақшаларын  күту  үшiн,  кейде  тiптi  өнiмiнiң  жартысына 
жерiн  жалға  толық  берiп,  келiмсектер  жергiлiктi  халық  еңбегiн  қанаған.  Қазақстан 
территориясында  өнеркәсiптiң  негізінің  қалыптасуына  байланысты  кен  орындарынан, 
ауылшаруашылық  өнiмдерiн  өңдейтiн  зауыттардан,  Илецкi  тұз  кәсiпшiлiгiнен,  Эльтон 
мен Басқұншақ көлдерiнен, Коряков форпостынан  жұмыс табу мүмкiндiгi туды.  
 
XVIII ғ. өзiнде-ақ қазақ елiнiң шекарасында саудада сұлтандар негiзгi делдалдар 
болған  едi.  Олар  Қазақстан  арқылы  Орта  Азия  мен  Сiбiрге  өтетiн  көшпелi  орыс 
керуендерiн  қорғағаны  үшiн  баж  салығын  алды.  XIX  ғ.  бiрiншi  жартысында 
қазақтардың  Ресей  жерлерiмен  сауда-саттығы  ұлғайып,  орыс  көпестерiмен  және 
өнеркәсiпшiлерiмен  iрi-iрi  қаражаттық  келiсiмдерді  саудагер  байлар  жасады.  Онда 
сұлтандардың  рөлі  төмендеді.  Сауда  көшпелi-айырбас,  мерзiмдiк  жәрмеңкелi  сауда 
және бiр жерде жүргiзiлетiн тұрақты сауда түрiнде қалыптасты. 
 
Көшпелi-айырбас  сауда  алыпсатарлардың  қолына  шоғырланды.  Қолма-қол 
ақшаға немесе несиеге тауар алып, олар бұл тауарларды қазақ ауылдарына сатып және 
халықтан  қайта  сату  үшiн  айырбасқа  мал  алды.  Сауданың  бұл  түрiне  айырбастың 
көптеген белгiлерi  тән болды. 
 
Тауар-ақша қатынастары дамуына жәрмеңке саудасы ерекше мұрындық болды. 
Петропавл,  Семей,  Ақмола,  Көкшетау,  Орал,  Атырау,  Ресеймен  шекаралас 
губернияларында  -  Омбы,  Қорған,  Түмен,  Орынбор,  Iрбiт,  Нижний  Новгород  iрi  сауда 
орталықтары болды. Бұл қалаларда жазғы және күзгi жәрмеңкелер қызу сауда жүргізді. 
Сондай-ақ  казак  станицалары  мен  орыс  елдi  мекендерiнде  да  жылжымалы  шағын 
жәрмеңкелер  болды.  Сауданың  құлаш  жаюы  өлкеде  қалалар  мен  iрi  елдi мекендердiң 
бой көтеруiне,  аймақтарда жергiлiктi рыноктың қалыптасуына негiзгi  себепкер болды. 
 
Салықтар  мен  мiндеткерлiктi  бiртiндеп  ақша  айырбасына  көшiру  тауар-ақша 
қатынастары дамуына және нақтылы айырбас шаруашылықтың ыдырауына ықпал етті, 
бiрақ  1837  жылдың  өзiне  дейiн  салықты  малмен  және  ақшамен  төлеуге  рұқсат етiлдi. 
Жергiлiктi  сауда  мен  кәсiпкерлiктi  ұлғайтуда  Қазақстан  жәрмеңкелерiнде  ұсақ  алтын 
мен күмiс ақша айналымының ұлғаюы маңызды орын алды. Ресей үкiметi шығыстағы 
шет аймақтармен астық саудасына едәуiр көңiл бөлдi. Астыққа баж салығы жойылды, 
жәрмеңкелерге  астық  әкелу  көтермелендi.  Қазақстанға  келiмсек  мұжық  және  әскери 
гарнизондарына  керек  астықтың  бiр  бөлiгi  Орынбор,  Тобыл  және  Томск 
губернияларынан  сатылып  алынды.  Мысалы,  тек  Семей  мен  Петропавл  кедендері 


 
82 
арқылы  жыл  сайын  900  мың  пұт  шамасында  дән  және  ұн  астығы  тасылды.  Тауарлы 
астық пен мал күтіміне қажет арпаны егiншi-қазақтар да әкелетiн болды. Ал Орал мен 
Сiбiр  жәрмеңкелерiнде  орыс  көпестерi  қазақтардан  тауарға  айырбастап  бидай,  қара 
бидай, арпа және тары алды. 
 
XVIII  ғ.  басында  шет  елдердiң  өнеркәсiп  өнiмдерiне  мал  мен  шикiзат  арқылы 
есеп  айырысу  Қазақстан  бұйымдарын  өткiзудiң  ауқымды  рыногына  айналған. 
Жәрмеңкелер  мен  айырбас  нүктелерiне қазақ жерiнен жылқы, ұсақ және iрi қара малы 
мен  оның  өнiмдерi  (терi,  елтiрi,  ет,  май,  сүт,  түбiт, арқан, т.б.) бағалы аң терiсi, астық 
әкелiндi.  Ресей  және  басқа  Еуразия  елдерiнен  мақта-мата,  зығыр,  жүн  және  жiбек 
маталар,  шұға,  қағаз,  қант,  сыр,  бағалы аң терiсiнен тiгiлген киiм, өңделген терi, темiр, 
болат,  шойын, ине, алтын және күмiс ақшалары мен бұйымдары келді. Сонымен қатар 
қазақ  жерiне  темекi,  шай,  мыс  заттар  және  жез  қаңылтырлар,  мылтық,  қылыш, 
қалампыр, асылтас, мүсәтiр, сынап айырбастап алды. 
 
Қазақстанның  басқа  елдермен  сауда  қатынастарының  iшiнде  Ресей  мемлекетi 
сүбелі  орын  алды.  Бұл  елмен  сауда  көлемi  жүйелi  өсiп  отырған.  Мысалы, 1820 жылы 
барлық  үш  сауда  орталығында  -  Сiбiр,  Орынбор, Орал - күмiс ақша өлшемінде небәрi 
115  мың  сомның  орыс  тауарлары  сатылса,  1852  жылы  ол  534  838  сомға  дейін  өсiп, 
4431772 сом күмiс ақша тауарлары жiберiлдi. Қазақтардың айырбас нүктелерiне iрi қара 
мал  көптеп  келді.  1820  жылы  Петропавл  айырбас  сарайына  70  мыңдай  iрi  қара  мал 
әкелiнген болса, 60-шы жылдары - жылына 100 мыңнан астам iрi қара мал мен миллион 
бас  қой  айдап  әкелiндi.  Бiр  Ақмола  жәрмеңкесiнiң  өзiне  ғана  1864  жылы  210  мың 
сомның  Ресей  тауарлары  түскен,  бұл  1820  жылы  бүкiл  қазақ  даласында  сатылған 
тауардан екi есе көп едi.  
 
Қазақстанның  оңтүстiгi  мен  шығысындағы  тұрғындары  үшiн  Орта  Азия 
хандықтарымен, Шығыс Түркiстан және Қытай елімен сауданың маңызы зор болды. Бұл 
өңiрде  көбiне  таза  айырбас  дамыды.  Қазақтар  мен  көршi  Азия  кеңістігі  халықтар 
арасындағы  сауда  айырбас  аудандарында  және  шекаралық  желiлер  кедендерiнде, 
Шығыстың  Ташкент,  Бұқара,  Хиуа,  Қоқанд,  Шәуішек,  Құлжа  сияқты  iрi  сауда-
экономикалық  орталықтарында  өттi.  Көптеген  тауарлар  тiкелей  қазақ  қоныстарының 
өзiнде айырбасталып отырды. 
 
Ортаазиялық  саудагерлердi  Қазақстан  бәрiнен  бұрын  малмен  жабдықтаушы 
ретiнде қызықтырды. Сырдария маңайының тұрғындары әр жыл сайын Бұқараға 50-100 
мың,  Ташкентке-200  мың  және  Қоқанға  -  шамамен  100  мың  бас  қой  сатып  отырды. 
Аталған  өңiрлерден  қазақтар  мақта  маталарын,  мыс  пен  қоладан  соғылған  әртүрлi 
ыдыстарды,  жемiстердi,  бұқар  былғарысын,  кiлемдердi,  қаруларды  (қылыш,  мылтық, 
пышақ, садақ), терiден жасалған бұйымдарды көптеп алатын. Орта Азиядан Қазақстанға 
әкелiнетiн  тауарлар  арасында  астық  пен  күрiш  үлес-салмағы  көп  болды.  Мал 
шаруашылығы  өнімінің  бiр  бөлiгi  елдiң  өз  iшiнде-ақ  сатылатын.  Мұның  өзi  жергiлiктi 
халық  арасында  тауарларды  сатып  алып,  үстеме  баға қосып сату  - алыпсатарлар деп 
аталған  әлеуметтiк  топтың  қалыптасуына  жол  ашты.  Ондай  адамдар  сырттан  келген 
саудагерлердi  қазақ  малшыларымен,  яғни солар әкелген тауарларды тұтынушылармен 
байланыстырушы рөлін  атқарды. Алыпсатарлардың сауда-саттық қызметi, әсiресе Бөкей 
хандығында кең қанат жайды.  
 
Сауда iшiнара айырбас сипатында да болып, онда құнан қой ақша орнына жүріп 
эквивалент  рөлiн  атқарып  құны  1  сом  күмiс  ақшаға  теңестiрiлдi.  Айырбас  саудасы 
көптеген  жағдайда  заттардың  бір-бірінің  құнына  эквивалентті  болмай,  ондағы  шешуші 
жәйт саудағы қатысушы екі жақтың өзара мүддесі мен мұқтажы болды. Cауда қырда 
натуралды  шаруашылықтың  ыдырап,  тауар  айналымының  дамуына  байланысты  еді. 
Дегенмен,  XIX  ғ.  орта  шенiнде  бұл  құбылыстар  әлi  де  кең  тарай  қоймаған  едi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет