Қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет16/42
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#14567
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42
 
 
1. Кiшi және Орта жүздердiң Ресей құрамына енгеннен кейiнгi кезеңдерде патша 
үкiметi  Қазақ  өңiрiнде  бiршама  саяси,  экономикалық  және  әлеуметтiк  өзгерiстердi 
жүргiзуге  бет  алды.  Осы  мақсатпен  1734  жылы  Үкiметтiк  сенаттың  обер-секретары 
И.К.Кирилловтың  басқаруымен  Орынбор  экспедициясы  өз  жұмысын  бастады. 
Экспедиция  мiндетiне  елдiң  шығыс  аудандарын  -  Қазақстанды,  Башқұртстанды  және 
Қарақалпақстанды  шаруашылық  тұрғысынан  игеру,  олардың  табиғи  қорларын 
пайдалануға  әзiрлеу  кiрдi.  Қазақ-башқұрт шекаралық аудандарында қамалдар тұрғызу 
және Ор өзенiнiң  Жайыққа құятын сағадан Орынбор қамалын салу басталды. 
 
¤ңiрдегi  болашақ  жаңа  құрылымдардың  барлығы  Ресей  мемлекетiнiң 
стратегиялық мақсатына жұмылдырылды. Мысалы, Орынбор құрылысы iшкi сауданың 
өрiстеуiне  көмектеседi  деп  жоспарланды,  өйткенi,  көпес  керуендерi  орыс  тауарларын 
сатып  алу  үшiн  Түркiстан  мен  Ходженттен  Бұқараға  емес,  Ресейдiң  төрiне,  Ор  мен 
Жайық  ағысының  бойына  апару  көзделдi.  Орынбор  экспедициясы  өзiнiң  зерттеу-
ұсыныстарында  қазақ  жерiнiң  пайдалы  қазбаларын  iске  қосуға ерекше көңiл бөлдi. Ол 


 
63 
Сыртқы  iстер  коллегиясына  берген  ‘’Ұсынысында’’  Қазақстанда  күмiс  қоспалы 
қорғасын кен орындары, соғыс қажетiне оқ-дәрi жасауға аса қажеттi күкiрт пен селитра 
қорларының  бар екенiн ерекше атап көрсеткен. 
 
Уақыт  өткен  сайын қазақ-орыс қатынастарының аумағы кеңейiп, оның отарлық 
сипаты  күрделене  түскен.  XVIII  ғасырдың  орта  шенiнде  Ресей  билеушiлерi  елдiң 
сыртқы  саясатына  ерекше  назар  аударып,  бүкiл  елде,  оның  iшiнде  Едiл-Жайық 
жағалауларында,  Сiбiр  мен  Қазақстанда  әскери  бекiнiстердi  қайтадан  жабдықтауға 
кiрiседi.  Осы  кезде  Жайықтың  оң  жағалауында  осындағы  казактардың  күшiмен  14 
қамал:  Переволоцк,  Татищев,  Нижнеозерная,  Рассыпная,  Елек  және  Жайық 
қалашықтары,  Сахарная,  Калмыково,  Көш-Жайық,  Кулагино,  Тополев,  Бақсай,  Гурьев 
қамалдары салынды. 1748 жылдан бастап мемлекет Үкiмiмен Жайық және осы өңiрдегi 
шұрайлы  жерлерде  келiмсектер  мен  казактарға  хутор  тұрғызу  iсi  қолға  алынды.  Тек 
Орынбор  түбiндегi  хуторларда  1769  жылдың  басында  гарнизон  әскерлерi  бар, 
отбасылармен қоса казактар мен қоныс аударғандар саны 15 мың адамға жеткен. 
 
1734  жылы  Жоғарғы  Жайық  қамалымен  қатар,  оның  шебiнiң  негiзi  қаланды. 
Шеп  Жайық  өзенi  бойындағы  Жайық  қалашығынан  Жоғарғы  Жайық  қамалына дейiнгi 
бекiнiстерден 770 шақырымға созылып Қарағай, Крутоярск, Қаракөл, Усть-Уйск сияқты 
елдi  мекендердi  құрады  .  1752  жылы  9  қамал  мен  53  редуттан  тұратын  әскери 
бекiнiстердiң Ново-Ишим шебiн салу аяқталды, бұл шеп 540 шақырымға созылған Уйск 
шебiмен  (Звериноголовск,  Покровск,  Николаевск,  Лебяжье,  Полуденная,  Петропавл, 
Пресновск,  Кабанья,  Пресногорьков  қамалдары)  жалғастырды.  Ново-Ишим  шебiнде 
2518 башқұрт, екi драгун полкi, 800 казак, тұрақты әскерлердiң 1 эскадроны болды. Осы 
кезде  Красногорск  дистанциясы  (  Красногорск,  Верхнеозерная,  Ильинск,  Губерлинск 
қамалдары)  мен  Орск  шебi  (  Орск,  Таналык,  Ортамыз  қамалдары)  құрылды.  XVIII 
ғасырдың 50-шi жылдарында ұзындығы 930 шақырым Ертiс шебiн ( Омбы, Железинск, 
Петропавл, Семей, ¤скемен, Ямышев қамалдары) салу аяқталды. 
 
Қазақ даласын әскери шебiмен бiртiндеп қамту Ресей үкiметiнiң отарлауына кең 
мүмкiндiктер  ашты.  Әскери  бекiнiстер шебiнiң бойында орыс, қалмақ, башқұрт-мешер 
халқы жылдан-жылға көбейдi. Қамалдар салу едәуiр еңбек қорларын (адам) талап еттi, 
оларды  азық-түлiкпен  қамтамасыз  ету  мәселесi  туды.  Әскери  бекiнiстер  ауданының 
тұрғындарына  астық  өндiру  үшiн  жер  үлесi  берiлдi. Уақыт өткен сайын бұл өңiрлерде 
казак станицалары мен шаруа слободалары бой көтердi. 
 
Аталған  шаралар  жергiлiктi  халықтың дәстүрлi көшіп-қонатын жерлерiн шектеп 
келiмсек  пен қазақтардың арасындағы қатынасты шиеленiстiрдi, тiптi, өңiрдегi шаруаға 
ең ыңғайлы қыстауларды бiртiндеп хандар, сұлтандар, ру басы-старшындар иемденуiне 
кең жол ашылды. 1734 жылы И. Кирилловқа берiлген ‘’Нұсқауда’’ былай жазылған:’’ ... 
Ресей  жағынан  Жайық  өзенi  шекара  болып  белгiленсiн,  қырғыздардың  өз  еркiмен 
ешкiмнің  де  оң  жағалауға  өтпеуiне  бақылау  қойылсын’’.Жайық  пен  Едiл  өзендерi 
аралығында көшiп-қонып жүрген қазақ ауылдарын Жайықтың сол жағалауына көшiруге 
бұйрық берiлдi. Бұл үшiн ‘’Жайық әскерлерiнiң ең жақсы деген атты казактардан күштi 
топ  ...жарақтау’’...қажет,  олардың  көмегiмен  қазақтардың  Жайықтың  сол  жағалауына 
көшуге  көнбеуi  жағдайында  ‘’оларды  өздерiнiң  қайсақ  жағына  күштеп  қуып  тастау’’ 
қажет  деп  есептелдi.  Нұсқауда  қазақтарға  қарсы  қалмақтардың әскерлерiн пайдалану 
қаралды,  оның  үстiне  қалмақтар  түскен  олжалардың  өздерiне  берiлетiнiн  күн  iлгерi 
дәмелендiрiлдi. 
 
1753  жылдан  бастап  үкiм  заң  күшiне  енiп,  ендi  азды-көптi  дәйектiлiкпен 
орындалды  да,  мұның  өзi  Қазақстанды  басқару  әдiстерiне,  XVIII  ғасырдың  екiншi 
жартысында  бiрiнен  кейiн бiрi болған Орынбор губернаторлары шекаралық аудандарда 
жер  мәселелерiн  шешкен  кезде  ұстанған  осы  әдiстерге  байланысты  болды.  Олар бұл 
мәселелердi  көбiне  қалмақтардың  және  шекара  күзетiндегi  шептегi  казактардың 
пайдасына шешiп отырды.  
 
Елек ауданынында да тыйым салынған жерлер жылма-жыл көбейiп, мұнда Елек 
қорғанысы  мен  әскери  бекiнiстер  тiптi  XVII  ғасырдың  50-шы  жылдарынан  бастап 
салынған. Қазақтар орасан зор жайылым алқаптарынан және тұз өндiрiлетiн жерлерiнен 
шалғай  оңтүстiкке  ығыстырылды.  Қазақтардың  Каспий  теңiзiнiң  маңында  ата-тегiнен 
көшiп-қонып  жүрген  жерлерi  де  шектелдi.  Едiл  мен  Жайық  сағасындағы  негiзгi 
тұрғындардың 300 шақырым көлемiндегi дәстүрлi қоныстары Юсупов және Безбородко 


 
64 
деген помещиктердiң иелiгiне берiлдi. Олар бұл жерлердi арендаға көпестерге бердi, ал 
олар  жағалауда  балық  өнеркәсiбi  топтарын  құрды.  Кейiн,  жергiлiктi  халық  өз 
қыстауларына тек ақы үшiн мал алып қана жiберiлетiн болды. 
 
50-60-шы  жылдары  Ертiс,  Тобыл,  Есiл,  Үй  жазықтықтарында  Орта  жүздiң 
қазақтары  да  жерлерiнен  ығыстырылып,  нәтижесiнде  наразылығын  туғызды.  Оның 
қарқыны  Ресей  үкiметiн  уақытша  наразылықты  бәсеңсіту  үшін  жеңілдіктер  жасауға 
мәжбүр  еткiздi.  Мысалы,  Ертiстiң  оң  жағалауына,  шепке 25 шақырымдай жерге дейiн, 
казактардың  күзетуiмен,  аманаттар  мен  қолхаттар  бере  отырып,  сондай-ақ  тұрғын 
жерлерге,  стратегиялық  жағынан  маңызды  жолдарға  және  Колывано-Воскресенск 
зауыттарына  жақындамау  шартымен  малдарын  айдап  өтуiне  рұқсат  етiлдi.  Бiрақ 
Тобылдың, Есiлдiң және Үйдiң оң жағалауы мен iшiнара сол жағалауы Орта жүз халқы 
үшiн жабық күйiнде қалды.  
 
Ресей  әкiмшiлiгiнiң  жердi  шектеуi,  билеушi  топтардың  қауымдық  жерлердi 
басып  алуы  қатардағы  көшпелi-малшылардың  онсыз  да  ауыр  жағдайын  нашарлатып, 
ауылда  мүлiктiк  теңсiздiктiң  өсуiне  әкелiп  соқтырды.  Жердiң  шектелуi  қазақтардың 
арасында  патша  үкiметi  мен  жергiлiктi  билеушiлердiң  әрекеттерiне  үлкен  наразылық 
туғызды. XVIII ғасырдың 50-шы жылдарынан бастап, көшiп-қонатын жерлердi ұлғайту 
туралы  патша  үкiметiмен  бейбiт  келiссөздердiң  нәтижесiн  көрмеген  қазақтар  тыйым 
салынған  жерлерге  малдарын  өз  бетiмен  бағып  жайды.  Әскери  бекiнiстерге  жасалған 
шабуылдар  мен  қазақ  ауылдарының  жаппай  ауа  көшiп  кетуiн  жер  қыспағына  қарсы 
наразылық  екенi  анық  бола  бастады.  Қазақтар  Жоңғариядағы,  Бұқар  мен  Ташкент 
түбiндегi  бос  жерлерге  де  қоныстануға  әрекеттендi.  1757  жылы  олар  Кубаньға  көшiп 
барған қалмақтармен келiссөздер жүргiздi, сөйтiп өздерiне Алтысу деп аталатын жерге 
көшу мүмкiндiгiне де өтiндi. 
 
XVIII  ғасырдың  40-шы  жылдарынан  бастап  орталық  үкiмет  шекаралық 
аймақтардағы  қарулы  күштердi  көбейтiп,  бұл  жерлердегi  қазақ  арасында  барлаулар 
ұйымдастырып,  осындай  шаралар  арқылы  орыс  қамалдарын  қаупсiздендiруге  және 
жергiлiктi  тұрғындарды  ‘’қорқытып,  әрi  тиiсiнше  бағындырып’’  ұстау  саясатына 
шешiмдi  бағыт  алды.  Осындай  айлалардың  бiрi  -  барымтаны  сылтауратып,  патша 
үкiметi  осы  ауданда  өзiнiң  билігін  нығайту  үшiн  қазақтардың,  Едiл  қалмақтары  мен 
башқұрттардың арасындағы ұлттық алауыздықты жүйелi ушықтыруға тырысты. 
 
Отаршы  үкiметiнiң  қазақ  арасындағы  iс-қимылдары,  олардың  жаулап  алғаннан 
кейiнгi  алғашқы  жылдарда  жергiлiктi  халыққа  байланысты  әжептәуiр  саясат  жүргiздi. 
Жердi  пайдалану  саласындағы  шектеу  шараларымен,  әскери  барлаулар,  этнос-аралық 
қақтығыстар,  тiптi  ру-тайпа  билеушiлерiн  бiр-бiрiмен  қырылыстырумен  қатар 
келiссөздер де жүргiзiлiп,  сауда-экономикалық қатынастары жандандырылып отырды. 
 
2  а.  Қазақ  халқының  алғашқы  әрi  ең  маңызды  күрес-кимылдарының  бiрi  Кiшi 
жүздегi Сырым Датовтың басқаруымен болған көтерiлiс. Оның негiзгi себептерi-патша 
өкiметiнiң  жерi  тарылған  қазақтарды  ‘’iшкi  жаққа’’,  Жайық  сыртына  өткiзбей,  оған 
тиым  салуы,  қазақ  ақсүйектерiнiң  бiр  бөлiгiнiң  құқықтарына  қысым  жасалуы,  ханның 
шексiз билiгi және оның айналасындағы шабармандарының қиянатшылдығынан. Жалпы 
әлемдегi,  соның iшiнде Еуразия елдерiндегi халық көтерiлiсiнiң көптеген қолбасшылары 
секiлдi Сырым батырға да аңғырттық-монархиялық қиялдар, ‘’жақсы ханға’’ сенушiлiк 
тән тұғын. Бұл тұрғыда қозғалыс жетекшiсiнiң  саясатына тән ерекшелiк -  билерге үлкен 
сенiм  артып,  оларды  өз  жағына  тартуы,  хан  билiгiн  қалпына  келтiруге  келiсiм  беруi, 
көнiмпаздыққа  баруы.  Қозғалыстың  отаршылдыққа  және  ханға  қарсы  сипаты  соңғы 
кезеңiне дейiн сақталғанымен, көтерiлiс басшысының мұндай тактикасы оның дамуына 
айтарлықтай кедергi жасады.  
 
Е.  Пугачев  бастаған  шаруалар  көтерiлiсiн  басқаннан  кейiн  патша  өкiметi  оған 
қатысушыларды жазалап, бұдан былай ондай жағдайды болдырмау үшiн қатаң шаралар 
алды. Көтерiлiске қатысқан қазақтардың біраз тобын түрмеге қамап, қазақтар ‘’ Теке’’ 
деп,  казактар  ’’Жайық  қалашығы’’  деп  аталып келген Орал қаласын, Орал деп атауға 
бұйырды.  Қазақтарды  бiр  жағынан  қорқытып,  екiншi  жағынан  оларға  мейiрiмдiлiк 
жасаған болып оны өзiнiң  қазақ даласындағы тірегiне айналдыруға тырысты. Қатардағы 
казактармен қазақ шаруаларының арасын алшақтатып, араздығын қоздыруға күш салды. 
Келiмсектердiң  жергiлiктi  халыққа  iстеген  озбырлық,  зорлығын  қолпаштайтын  сыңай 
танытты. Қазақтың билеушi топтары шаруалардың мүддесiне қайшы - Жайықтың батыс 


 
65 
бетiне  мал  жаюға  және  қыстатуға  өткен  халықтан  малдай  төлем  алып,  оны  казак 
старшиналарымен бөлiстi. 
 
Сөйтiп,  Кiшi  жүз  қазақтарының  жағдайы  бұрынғыдан  ауырлай  түспесе 
жеңiлдеген жоқ. Алым-салық ауыртпалығы, мал жайылымдық жердiң тапшылығы, Орал 
казактарының  бейбiт  тiршiлiк  етiп  атқан  ауылдарға    ойда-жоқта  шабуыл  жасап, 
малдарын  айдап кетуi сияқты сұмдықтар көбейе түстi. 1782 жылдың қысы ерте түстi. 
Күзде  Жайықтың шығыс бетiнен оның iшкi бетiне Орал казактарымен келiсiп көптеген 
мал,  ақша  берiп,  Кiшi  жүздiң  жүздеген  шаруалары  малдарын  алып  өттi.  Бiршама 
уақыттан  соң  олардың  қыстағына  Жайық  казактары  тұтқиылдан  шабуыл  жасап  төрт 
мыңнан  астам  жылқысын  айдап  кетедi.  Осы  оқиғаны  iле-шала  казактар  қазақ 
ауылдарына шабуылға тағы да шықпақ болып жатыр деген хабар тарап, бұған қазақтар 
тойтарыс беру үшiн шоғырлана бастайды.  
 
Халықтың басын қосып,  қозғалысқа ұйымдасқан сипат берiп, қару-жарақ қамын 
ойластырып,  көтерiлiстiң  мақсатын  елге  айтып  түсiндiрушi  Кiшi  жүздiң  байбақты 
руының  аты шыққан шешен, әрi атақты батыр Сырым болды. Бұл көтерiлiс басталғанда 
(1783)  бiреулер  Сырым  жасы  60-та  десе,  ендi  бiреулер  оны  40-та  екен  дейдi.  Ал 
зерттеушiлердiң  басым  көпшiлiгi  Сырымды  ақыл  тоқтатқан,  орнықты,  елге  өзiн 
танытқан, сөзiн тыңдатқан беделi зор адам деп тұжырымдайды. Шынында да 40 ердің 
жасы.  Тұла  бойында  күш  пен  намыстың  қайнаған  шағы  емес  пе?  40  оңды-солды 
ажырататын,  кемелденген  кез.  Ал  өмірде  60  жасқа  келіп,  толарсақтан  су  кешіп,  ат 
үстінде  күн  өткізу  оңай  емес,  оған  ден-саулық,  күш-жігер,  қайрат  керек.Сондықтанда 
оның  жасы 40-та болуы ақиқатқа жақын.  
 
Көтерiлiстiң бастапқы кезiнде С. Датов қазақ қоғамында билеушiлер қатарында, 
яғни  өз  руының  ағаманы  /старшыны/  болатын.  Сырым  қазақтың  небiр  кемеңгер, дана 
адамдармен  жақын  болып,  көп  зиялы  адамдардың  асыл  рухани  мұрасына,  олардың 
ақылына  жақын болған. Солардың бiрi тама руының өкiлi, жоңғарлармен талай айқаста 
ерлiгiмен  аты  шыққан әрi батыр, әрi би Малайсары Сырымға:’’ Дүниеде адамды адам 
ететiн үш қасиет бар, соны бойыңа дарытсаң, халық алдында сыйлы боласың,- дептi. Ол 
қандай  қасиеттер?-  деп  сұрағанда,  би: - Олар - ар, намыс, парыз,-деген екен. Тағы бiр 
ақылым, жақын жүргендi жаралама, алыстағыны қаралама!’’- дептi.  
 
Мiне,  осындай  терең  мағыналы,  парасатты  ойларды  өзiнiң  өмiрдегi  iс-
қимылында әбден құрметтеген, азаматтық парызына әрқашан адал болған Сырым бiрге 
туған апасына үйленген Нұралы ханға туыстық жақындығы болса да, хан мен халықтың 
бiрiне  таңдау  жасауға  келгенде ол ойланбастан халық жағына шыққан, халыққа тiзесiн 
батырған,  зорлық-зомбылық  жасағандарға  аяусыз  соққы  берген.  Осындай 
озбырлығымен  аты  шыққан  Шағанов  деген  Жайық  казактарының  атаманын 
серiктерiмен  қолға  түсiрiп,  Хиуа  хандығына  құлдыққа  сатып  жiбередi.  Казактардың 
талай-талай тарландарын ұстап алып, тәубесiне түсiрген. 
 
Көтерiлiстiң  негiзгi  қозғаушы  күшi  шаруалар  болды.  Олар  Жайық  пен  Каспий 
бойындағы  қысқы  жайылымдарға  еркiн  өтудi  армандап,  ол  іске  асса  күйзелiстен 
құтылатындықтарына  сендi.  Шаруалар мен бiрге көтерiлiске ру шонжарлары, бұрынғы 
дәстүрлi  артықшылығынан  айрыла  бастаған  рубасы  -  билер,  батырлар  қатысты.  Ел 
iшiндегi  билеушi  топтардың  көздегенi  көтерiлiс  арқылы  өздерiнiң  жүз  iшiндегi 
жағдайын  нығайту  болды.  Көтерiлiстiң  ең  ауыр  салмағын  көтерген  қарапайым  халық 
болды. 
 
Қалыптасқан  жағдайда  қозғалыстағы  таптық  шектi  ажырату  қиын  болды,  мал 
өсiрушi  шаруалар қалыптасқан әлеуметтiк жүйенi жою және қанаушы үстем тапқа ашық 
шығу мiндетiн қойған жоқ және қоя да алмайтын едi. Осыған қарамастан мұның өзi он 
төрт жылға дерлiк созылған кең көлемдi халық қозғалысы болды. 
 
1783  ж.  Көктемiнде  қазақтардың  Орал  бекiнiсi  желiсiне  шапқыншылығы 
басталды. Ағамандар Тасболат пен Ерболат бастаған қазақ жасағы Гирьялб бекiнiсiне 
шабуыл  жасап,  орыс  солдаттарын  тұтқынға алды, малдарын айдап кеттi. Орынбордан 
солтүстiк-шығысқа қарай жерде тама руының ағамандары Қадыр мен Садыр басқарған 
жасақтар әрекет жасап, Красногор мен Татар қыстағына шабуылға дайындалды. 
 
Мұндай  оқиғаны  қатал  бақылауда ұстаған Орынбор коменданты Ладыженский 
көтерiлiсшiлерге  қарсы казактардың жазалау отряды мен қоса башқұрттардан құрылған 
1500 адамдық әскердi жiбердi. Қазақ жасақтары аталған әскерлерге табанды қарсылық 


 
66 
көрсеттi,  бiрақ  жеңiлiске  ұшырап  56  көтерiлiсшi  тұтқынға  түсiп,  олардың  барлығы 
қазына жұмыстарын каторга атқаруға жiберiлдi. 
 
Көтерiлiс  қарқыны  баяусымай  күн  өткен сайын өрши түстi. 1785 жылы Сырым 
қол  астындағы  2700  адамнан  тұратын  көтерiсшiлердiң  негiзгi  ұйтқысы  Сағыз  өзенi 
өңiрiнде  топтасты,  ал  олардың  жалпы саны 6 мыңнан асты. Қозғалыстың өрiс алуынан 
үрейленген  Нұралы  хан  мен  Айшуақ  сұлтан  Орынбордағы  патша  әкiмшiлiгiнен 
көтерiлiстi басу үшiн әскер жiберудi сұрайды. Жергiлiктi өкiмет орындары Петербургке 
қазақтардың  көтерiлiс  тек  ханға  ғана  емес,  шекаралық  патша  әкiмшiлiгiне  де  қатер 
төндiредi деп баяндап, көтерiлiс өртiн  сөндiру үшiн тұрақты әскер жiберудi өтiнедi.  
 
1785  жылғы  қаңтарда  әскери  коллегия  Кiшi  жүз  қазақтарының  көтерiлiсiн 
қарулы  күшпен  басу  туралы  бұйрық  берiсiмен  ақпанның  ортасында  генерал  Смирнов 
Орынбордан әскерлерiмен Елек бағытында қырға аттанды. Олармен  бiрге бiр мезгiлде 
Оралдан  Жемге  қарай  екi  зеңбiрегi,  1250  казак  әскері  бар  старшиналар  Колпаков  пен 
Пономаревтiң  отрядтары  аттанды.  Бiрақ  бұл  әскер  күштеріде  қозғалыстың  қарқынын 
толастата алмады.  
 
Бұл  отрядтар  көтерiсшiлердiң  шоғырланған  жерiн  iздеп  жүргенде  С.  Датов 500 
жiгiтiмен  олардың  iшiне  өтiп,  1785  жылдың наурызында ол Антонов форпостына, содан 
кейiн  Жайықтың төменгi бойындағы Сахарная қамалына шабуыл жасайды. Қамалдарды 
басып ала алмаған көтерiсшiлер шегiнуге мәжбүр болды. Бiрақ С. Датов қырға алыстап 
ұзап  кетпей,  жақын  маңдағы  форпостылар  мен  қамалдарға  шабуылды  үнемi  жасап 
тұрды, мұның өзi патшаның жазалаушы отрядтарын бекiнiс  шебiне оралуға мәжбүр еттi. 
 
Жүзде қалыптасқан жағдай патша әкiмшiлiгiнiң ханнан асып түсiп көтерiлген ру 
басшыларымен  тiкелей  байланыс  жасауға  мәжбүр  еттi.  Генерал-губернатор,  барон 
Игельстром  өкiлi арқылы 1785 жылы маусымда ру басыларына, егер күрестi тоқтатса, 
көтерiсшiлерге  кешiрiм  беруге  уәде  еткен  ‘’ашық  қағаздар’’  жiберiлдi.  Ондай  қағазда 
‘’қойылған  шартқа  құлақ  салмай  жалпы  тыныштықты  бұзушылар  қылмыскерлер 
қатарына жатқызылып заң бойынша қатаң жазаланатындығы’’-атап көрсетiлген. 
 
Осы  жылдың  жазында  көтерiсшiлерке  белсене  қатысушы  ру  басыларының 
құрылтайы  аталмыш  үндеуді  талқылап,  генерал-губернаторға  сенiмхат  арқылы  жауап 
жiбердi.  Ол  сенімхатта  қазақтарға  Жайық  пен  Едiл  аралығындағы  қазақтардың  ата-
тегiнен  қоныстанған  жерлерiн  қайтарып  беруді,  Жайық  казак  әскерлерiнiң  ‘’әскери 
әрекеттерiн’’ тоқтатуды талап еттi. Елуден астам рудың, бөлiмдер мен кiшi бөлiмдердiң 
басшылары қол қойды. 
Көтеріліске  қатысушы  елуден  астам  ру  басылары  қол  қойған  құжат 
талаптарының  бiрi  -  Нұралыны  хандық  тақтан  кетiру  жөнiндегi  шешiмдi  мақұлдау 
еді.1785  жылдың  күзiнде  өткен  жиналыста  Нұралы  жөніндегі  көтерілісшілер  талабы 
тағы  да  куатталып  және  оның  бұдан  былай  хан  деп танылмайтыны мәлiмдендi. Бiрақ 
бұл  жолы  жиналысқа  қатысқан  билеушi    топтар  арасында  алауыздық  байқалды.  С. 
Датов  бастаған  топ  хан  билiгін  жаппай  таратуды  жақтады,  ал  генерал-губернатор 
қарамағындағы  жалпы  саны  25  рудың  20-ның  өкiлдерi  хан  билiгін  сақтап,  Нұралының 
орнына  Барақ  баласы  Қайып  сұлтанды  тағайындауды  өтінді.  Дегенмен  патша 
әкiмшiлiгiнiң  ұсынысын  тыңдап,  ру  басылары  құрылтайы  1785  жылы күзде Кiшi жүздi 
үш  бөлiкке  немесе  ‘’бас  ордаларға’’  ыдырату  туралы  шешiм  шығарды.  Бұдан  былай 
олардың әрқайсысын құрылтай сайлаған ру басы билеуге тиiс болды. 
 
Осы кезде көтерiлiсшiлер хан ауылына шабуыл қарқынын күшейте түседi. 1786 
жылдың  сәуiрінде  Нұралы  хан  бас  сағалап  қашуға  мәжбүр  болады, ал осы жылдың 3 
маусымында  патша  II  Екатерина  оның  хан  тағынан  кетуі  туралы  құжатқа  қол  қойды 
және  қалыптасқан  жағдайды  дереу  пайдаланып, Кіші жүздегі хандық билiктi таратуды 
ұйғарды.  Енді  жүздi  басқару  үшiн  сыртқы  iстер  коллегиясы  генерал-губернатор 
Игельстром  ұсынған  жобаны  мақұлдады  да,  ал  сол  жылы  күзде  ‘’Игельстром 
реформасы’’ iске асырыла басталды. 
 
‘’Игельстром’’  жобасы бойынша Кiшi жүзде хан билігінің орнына жаңа басқару 
жүйесi  енгiзiлiп,  яғни  бұдан  былай  империя  орталығының  өкiлi  -  генерал-
губернатордың басқаруы көзделдi. Оның жанында (Орынборда) жүздi басқарудың жаңа 
және  ең  жоғарғы  сатысы  болып-қазақтың  iрi  шонжарлары  мен  патша  әкiмшiлiгi 
өкiлдерiнен  құрылған  Шекаралық  сот  құрылды.Оның  құрамына  әкiмшiлiк  органдар-
‘’расправалар’’бағындырылып  және  ру  жетекшiлерi  белгiлендi.  Неғұрлым  беделді-


 
67 
ықпалды старшындарға ‘’бас старшын’’ атағы берiлiп, оларға барлық руларды бақылау 
мiндетi  жүктелдi.  Басқару  жүйесiнде  ең  төменгi  буындағы  ру  басыларына  жалақы 
белгiлендi.  
 
‘’Реформа’’  жүргiзу  бағытында  Игельстром  Жайық  казак  әскерлерiнiң  қазақ 
ауылдарына шабуылдарына шек қою де көзделдi. Бұдан былай 45 мыңнан астам қазақ 
шаруаларына (барлығы 17 ру басы) Жайық пен Едiл арасындағы жерге қыстау құқығы 
берiлдi. Орынбор айырбас сауда сарайында сауда дамыды, егерде 1785 жылы мұнда әр 
түрлi 230 мың бас мал айырбасталса, екi жылдан кейiн ондай мал саны 379 мың басқа 
жеттi. 
 
Алайда  ‘’Игельстром  реформасы’’  іс  жүзінде  тиімді  /өмiршең/  болмай шықты, 
басқарудың  жаңа  жүйесi  үйлеспеді,  расправалар  бiрде-бiр  рет  жиналмады.  Нақтылы 
билiк  бұрынғысынша  ру  басыларының  қолында  қала  бердi.  Iрi-iрi  ру  басылары  мен 
билердiң  көпшiлiгi  ‘’реформаны’’  мойындамай  тіпті  қарсы  шықты.  Олар  хандық 
билiктiң  сақталуын,  бiрақ  хан  құқығының  ру  басылары пайдасына шектелуiн қолдады. 
Сонымен қатар, сұлтандарда олардың құқығы мен билiгi басқарудың жаңа мазмұнынан 
қысым  көретінін  болжап  ‘’реформа’’  шарттарына  қарсы  шықты.  Cұлтандардың 
қарсылық  қозғалысын  хан  iнiсi  Ералы  сұлтан  басқарды  және  Орта  жүз  ханы  Уәли, 
Абылай ұрпақтары қолдады. 
 
Сөйтiп,  Кiшi  жүздегі  С.  Датов  басқарған  қазақ  тарихындағы  тұңғыш  ірі 
аймақтарды  қамтыған  ұлт-азаттық  қозғалыстың  бiрiншi  кезеңiнiң  нәтижесiндегi 
отаршылардың  хансыз-жаңа  билік  жүйесiн  енгiзуге  бағытталған  жобасы  iске 
аспайтынына  көзi  жеттi.  Оған  қоса Францияда басталған буржуазиялық революцияның 
әсерi  Ресей  империясының  ұлттық  аймақтардағы  басқару жүйесiн уақытша тоқтатуға 
мәжбүр  еттi.  Үкiмет  билеушiлерi  басқарудың ескi жүйесiн өзгерту тiптi революциялық 
өзгерiстер  деп  есептеуге  дейiн  барды.  Петербургтегi  билік  топтары  ‘’Игельстром 
реформасы’’  да  Ресейде  қалыптасқан  басқару  құрылым  негiздерiн  әлсiрету мақсатын 
көздеген  деп  тапты.  Шекаралық  сот  пен  расправалар  осылайша  iске  асырылмаған 
күйiнде қалды. 
 
Қозғалыстың  90-шы  жылдардағы  барысы  Орынбор  генерал-губернаторының 
өзгеруiмен  қатар Оралдың казак әскерлерiнiң қазақ ауылдарына жаңа шабуыл, зорлық-
зомбылығымен күшеюімен ұштасты. Осы кезде ру басылары Ресеймен қатынастарын 
жетілдіру  мақсатында  Жайық әскерлерiмен тiл табысуға ұмтылды. Мысалы, қозғалыс 
жетекшiсi  С.  Датов  орыс  патшасы  II  Екатеринаға  хат  жолдап,  онда  жаңа  генерал-
губернаторға  өз  ренiшiн  былай  білдірген:’’Жоғарыда  баяндалғанды  ескерiп,  сiздiң 
аналық  мейiрiңiзге  сенiм  артып,  өз  қарауыңыздағы  қырғыз-қайсақ  Кiшi  ордасына 
тыныштық  орнату  үшiн  бiзге  генерал-поручик  Игельстром  мырзаны  екiншi  рет 
жiберуiңiздi  екiншi  рет  сұраймын.’’  Ру  басылары  казактар  шабуылдарын  келiссөздер 
арқылы  шешуге  ұмтылысы  нәтиже  бермедi.  Ал  қазақтардың  өзiн-өзi  қорғаудағы  
белсендiлiгi  аймаққа  жаңа жазалаушы топтарының жiберiлуiне себеп болды. Оған қоса 
сұлтандар  империя  билік  өкілдеріне  жақтасып,  қазақ  жеріне  қоныс  аударушыларға 
/келімсектерге/ жер бөлуге мiндеттендi.  
 
Қозғалысқа  қатысушы  қатарында  iрi  билер  мен  ру  басылары  көтерiлiстiң  одан 
әрi  қарқындап  өршуiнен  сескеніп, сұлтандармен жақындасып одақтасады, көтерiлiсшi  - 
шаруаларға  көзқарастары  өзгерiп,  тiптi  кейбiреулерi  орыс  үкiмет  орындарынан 
көтерiсшiлердi  ‘’жазалауды’’ сұрады.  
 
1790 жылы С. Датов 2000 серiктесiмен Илецк қамалына шабуыл жасамақ болып, 
Ойыл  өзенi  жағасына шоғырланады. Қазақ жасақтары, әсiресе 1786 ж. малдың жаппай 
қырылуына әкеп соққан қысқы ауыр жұттан кейiн белсендi қимылдарға ауысты.  
 
1797  жылдың  көктемiнде  патша  үкiметi  көтерiсшiлерге  қарсы  жазалаушы 
әскерлер тобын жiбердi. Осы жылдың наурызында Есiм хан өлтiрiлдi. Кiшi жүзде жаңа 
хан  сайлау үшiн күрес өршіп шиеленіседі. Генерал -губернатор Игельстром шекаралық 
iстер  экспедициясына  жүздi  билеу  құқығын  хандар  кеңесіне  тапсыруды  ұсынды, 
кеңестiң  орталығы болып Кiшi Хобда өзенi алқабы таңдап алынды. Хандар кеңесі 1797 
ж.  тамыз  айында  алғашқы  рет  жиналып  қызметiн  бастады.  Кеңес  төрағасы  Айшуақ 
сұлтан, мүшелерi Сары Шоңай,  Сұлтанбек, Шақшай, Күшiкбай билер және Битық мырза 
болды.  Марқұм  Нұралы  отбасынан  хан  кеңесінде  өкiл  болмады.  Кеңеске  муфтий  М. 


 
68 
Құсайыновты  қосу  арқылы  ағамандардың  бұл  орынға  тiлектестiк  қарым-қатынасын 
нығайту жағы да ойластырылды. 
 
Ресей билеушiлерi қазақ даласын басқарудың жаңа құрылымы арқылы дәстүрлі 
хандық  жүйенi  жойып,  сөйтiп  отарлау  саясатын  тереңдетуге  ұмтылысы  уақытша 
қоғамдық  кедергiге  тiрелдi.  Ендi  сұлтандар  халық  құрылтайын  шақырмай,  Қаратай 
сұлтанды  хан  етiп  сайлап,  өздерiнiң  хан  кеңесіне  қарсы екендiгiн бiлдiрдi. Себебi оның 
құрамындағы  ықпалды  күш  ру  ағамандары  жағында  едi.  С.  Датов  хан  кеңесіне 
сайланбағаннан  кейiн  Сырдария  бойына  көшiп  кеттi.  Бұл  өңiрде  әлiмұлы  ағамандары 
тарапынан қолдау тауып ол хан кеңесі алдына Кiшi жүздегi жағдайды реттеу, руаралық 
барымтаны,  казактармен  қақтығыстарды тоқтату, тұтқындарды алмасу жөнiнде талап 
қойды.  Бұдан  соң  Кiшi  жүзде  ағамандық  басқаруды  қайта  қалпына  келтiру  мәселесі 
шешiлген  едi,  бiрақ  1797  ж.  қазанда  генерал-губернатордың  қолдауымен  хан  болып 
Айшуак тағайындалды. Ол кәрі жасына  қарамай сұлтандардың да, ру ағамандарының 
да көңілiнен шықты. Кiшi жүздегi сұлтандар мен ру ағамандарын келістіру С.Датовтың 
ру ағамандарын өз төңiрегiне жинақтап, сұлтандар  тобымен де, патша әкiмшiлiгiмен де 
бұрынғысынша күресті жалғастыруға мүмкіндік қалдырмады. Осыны түсiнген ол Хиуа 
хандығына  көшiп  кеттi.  Халық  аузындағы  әңгiмелер  бойынша  С.  Датовты  1802 жылы 
қазақ сұлтандарының итаршылары у берiп өлтiрген. 
 
С.  Датов  басқарған  Кіші  жүз  қазақтарының  Ресей  отаршылығына  қарсы 
көтерiлiсi  –  төл  тарихымыздағы  тұңғыш  ұлт-азаттық  қозғалыс.  Көтерiлiстiң  негiзгi 
қозғаушы  күшi  феодалдық  және  отаршылдық  езгiден,  хандар,  сұлтандар  және  патша 
әкiмшiлiгiнiң  зорлық-зомбылығынан  құтылуға  ұмтылған  шаруалар  болды.  Қозғалыс 
жетекшiсi  қатардағы  халықтың  жері  үшiн  күресiн  қолдады,  хан  билiгін  жойып,  оны 
халық құрылтайымен алмастырып, ал құрылтай аралығында билiктi бас ағамандардың 
қолына беретiн қазақ мемлекеттiлiгiнiң жаңа қалпын құруға талпынды. 
 
Көтерiлiстiң жеңiлiске ұшырауының бiрнеше себептерi болды. Жерге қауымдық 
-  рулық  меншiк,  ру  жетекшілерінің  жайлы  қоныстарды  иеленуге,  патша  әкiмшiлiгiмен 
тығыз  байланыс  орнатуына  кедергi  келтiрдi.  Осыдан  келiп  қатардағы  халықпен  ру 
ағамандарының қолға қару алып күресу түрлерiне көзқарастары түрлiше болды. Еуразия 
өңiрiнде  көптеген  халықтар  мен  елдер  қалыптасып  болып,  әлемдiк  тарихта  отарлау 
саясаты кең қанат жаю жағдайындағы бұл көтерiлiс тек бiрен-саран аяқталысында ғана 
таптық мазмұнын тапты. Көтерiлiс басынан аяғына дейiн ру ағамандары, оны басқарған 
С. Датов кейде шаруаларға да, ру ағамандарына да опасыздық жасап, аяғында бiр iздiлiк 
сақтамады.  Көтерiлiске  қатысқан  басқа  билер  мен  ағамандар  да  бiрте-бiрте  патша 
әкiмшiлiгi  жағына өтiп кеттi.  
 
2б.  Жайықтың  Батыс  бетiне  Кiшi  жүз  қазақтары  малы  мен  өтуiне  тиым 
салынғанына  қарамастан  олар  рұқсат  алып-алмай  екi  өзен  аралығына  малын  жайып, 
бағып  күтуін  тоқтатпады.  Мұның  өзi  қазақтармен  Жайық  бойын  қоныстанған  қарулы 
келiмсектер  арасындағы  қақтығыстарды  одан  әрi  шиеленiстiрдi.  Бұл  жағдайды  жан-
жақты  талдап  Ресей  патшасы  I  Павел  1799  жылы  аталмыш  жерлердi  Кiшi  жүз 
қазақтарының мекендеуiне рұқсат ету жөнiндегi Н. Бөкейдiң өтiнiшiн қанағаттандырды. 
Енді  аймақ  ‘’Iшкi  Бөкей  ордасы’’  деп  аталып,  оған  билiк жүргiзген Бөкей сұлтан 1815 
жылы  хан  болып  сайланды.  Жайықтың  iшкi  бетiне  1801  жылы  он  мың  үйелмен  көшiп 
өтiп  қоныстанған  Бөкейдiң  қол  астындағы шаңырақ саны жыл сайын ұлғайып отырды. 
Тарихи құжаттарда XIX ғ. 20 жылдарында бұл бетте қай рудың қай тайпасынан қанша 
үй  қоныстанғаны  жөнiнде  де  деректер  бар.  Iшкi  орда  қазақтары  өмiрiнiң  жекелеген 
жақтарын  сипаттаған  Қазан  оқиғаларына  дейiнгi  орыс  және  басқа  әлеуметтiк-
гуманитарлық  ғалымдарының  көпшiлiгiнің  тұжырымынша  Бөкей  хандығының  пайда 
болуын Кiшi  жүзде болған өзара тартыстармен және ‘’бүлiктермен’’ байланыстырады.  
 
Белгiлi  зерттеушi  В.Ф.Шахматов  Бөкей  ордасының  (  хандығының)  құрылуын 
Ресей  империясы  билеушiлерiнiң  отарлық  саясатының  нәтижесi  деп  таниды.‘’Бөкей 
ордасының  құрылуы  патша  үкiметiнiң  Қазақстандағы  отарлық  саясатының  жалпы 
бағыттарымен және XVIII ғасырдың аяғында-XIX ғасырдың басында қазақ қоғамының 
феодалдануы салдарынан Кiшi жүздi қамтыған шаруашылық-саяси дағдарыспен тығыз 
байланысты’’.  
 
Бөкей  1815  жылы  қайтыс  болғаннан  кейiн,  мирасқор  Жәңгірдің  жастығына 
байланысты  ел  билiгi  аз  уақыт  оның  iнiсi  Шығайдың  қолында  болды  да,  Жәңгiр 


 
69 
Астрахан  кадет  корпусындағы  оқуын  бiтiрiп  оралған  соң  билiк  соның  қолына  көштi. 
1824  жылы  iшкi  Орда  ханы  болған  Жәңгiр  патша  әкiмшiлiгiнiң  қолдауымен  халықтың 
өмiрi  мен тұрмысының бет-бейнесiн, дәстүрлi басқарудың жүйесiн қайта құруға белсене 
кiрiстi.  Ол  көшпелiлердiң  отырықшылануын,  оларда  орыс  хуторлары  сияқты  мекендер 
салуын,  қырда  пiшен  шауып,  ағаш  өсiрудiң,  малдың  тұқымын  асылдандыруын  және 
ауыл  шаруашылығы  құрал-саймандарының  жаңа  түрлерiн  алдыруын,  оқу  орындарын, 
мешiттер  ашуын,  ауылдарда  мал  санының  артуын,  сауданың  және  бас  қарудың  жаңа 
түрлерiне  көшудi  қолдады.  Ол  патша  өкiмет  орындары  мен  қазақ  шонжарларының 
мүдделерiн басқарудың жаңа әдiстерiмен ұштастыруға күш салды. 
 
1827  жылы  Жәңгiр  хан  Нарын  құмындағы  Жасқұс  мекенiнде  тұрақты    хан 
ордасын  орнатып,  елдi  осы  орталықтан  басқаратын  болды.  Сол  жылы  хан  кеңесi 
құрылып,  оған  12  ата  Байұлы  руларынан бiр-бiр биден кiрдi. Ханға оның тапсырмасын 
орындайтын  12  старшин,  сондай-ақ  бiрнеше  ‘’базар  сұлтандары’’  қызмет  еттi.  Оның 
татар  және  жалпы  бөлiмнен  тұратын  басқару  орны  болып,  жанында  арнаулы 
тергеушiлiк  қызметi тағайындалды.  
 
1845  жылы  Жәңгiр  хан  дүниеден  кеткен  соң  хан  билiгi  жойылып,  оның  негiзгi 
мiндеттерi  орыс  шенеуiнiгi  басқарған  Уақытша  кеңестiң қолына көштi. Осындай кеңес 
құру  арқылы  патша  өкiметi  Кiшi  жүз  бен  Орта  жүз  хандықтарының саяси дербестiгiн 
түпкiлiктi  жою  мақсатын  көздедi.  Мұндай  басқару  құрылымы  iс  жүзiнде  Орта  жүзде 
қолданылған  болатын.  Орта  жүздiң  ханы  Уәлихан  қайтыс  болған  соң  патша  өкiметi 
жаңадан  хан  сайлатпай,  бұл  өңiрдi  бiрнеше  әкiмшiлiкке  бөлiп,  оларды  басқарып-
бақылауға патша әкiмдерiн қойды. 
 
1822  жылы  патша  өкiметiнiң  белгiлi  мемлекет  қайраткерi  М.М.  Сперанский 
басшылығымен  ‘’Сiбiр  қырғыздары  туралы  Жарғы’’  деп  аталатын  құжат  негiзiнде 
патша  өкiметi  Орта  және  iшiнара  Ұлы  жүз  қазақтарын басқару жөнiнде заң шығарды. 
Ол  заң  бойынша  Орта  жүздiң  хандығы  жойылып,  ‘’аға  сұлтан’’  орнына  басқарушы 
қызметi енгiзiлдi. Орта жүз жекелеген әкiмшiлiктерге бөлiнiп, ол Омбы облысының iшкi 
округтерi  деп  саналды.  Округтер  болысқа,  болыс  ауылдарға бөлiндi. Болысты бөлудiң 
негiзiне  жер-аумақтық  емес,  рулық  принцип  алынды.  Сондықтан  да  болыс  ру 
аттарымен, мысалы, Кенжеғали, Қаржас және т.б. деп аталды. Жаңа заңды iске асыру 
барысында  рушылдықтың  iргесi  сөгiлiп,  бұрын  болмаған  өзгерiске  ұшырады. 
Қазақтардың  белгiлi  бiр  әкiмшiлiк  шеңберiнен  екiншi  бiр  әкiмшiлiктiң  жерiне  ауысуы 
шектелiп,  бұрынғы  көшiп  қонудың  рулық  тәртiбi  саябырсып,  ағайындық  қатынастар 
өзгере әлсiредi. 
 
Ауыл старшиндерi қазақтардан сайланды. Болыстыққа сұлтандар сайланып, бұл 
қызмет  шын  мәнiсiнде  атадан балаға мирас болып қалдырылып отырды. Полиция мен 
сот  өкiметi  орындарын  округтiк  приказ  басқарды,  ал  оларға  үш  жылдық  мерзiммен 
сайланатын аға сұлтандар билiк жүргiздi. Олардың патша әкiмшiлiгi белгiлеген екi орыс 
кеңесшiсi  болды.  Сонымен  бiрге  қазақ зиялыларынан сұлтандар мен билердiң сайлауы 
арқылы қойылған екi заседатель отырды. ‘’Сiбiр қырғыздары туралы Жарғы’’ бойынша 
осы  кезге  дейiн  жүргiзiлген  қазақ  билерiнiң  билiк  айту  құқын  патшаның  отаршылдық 
саясатын  жүргiзушiлер  өз  қолдарына  алып  алды.  Cөйтiп,  патша  өкiметiнiң  жергiлiктi 
билеушiлер  мен  шонжарларға  сүйене  отырып,  барынша  күш  сала  жүргiзген  саясаты 
отарлық  езгiнiң  күшеюiне,  қазақтардың  қалың  шаруасының  наразылығына  әкелдi. 
Наразылық жер дауынан басталды. Iшкi ордада қазақ байлары мен орыс келiмсектерi ең 
құнарлы жерлердi өздерiне алып алды. Кедей шаруаларға әдеттегiдей құнарсыз жерлер 
тидi.  Бiр  ғана  Жәңгiр  хан  (1824 жылы ел билеуді бастаған) 400 мың десятина жердi өз 
билiгiне  қаратты.  Одан  старшындар,  билер  мен  олардың  туыстары  да  қалысқан  жоқ. 
Жәңгiрдiң iнiсi Меңдiгерей Бөкейханов, би Балқы  Құдайбергенов сияқтылар орасан көп 
жерге  иелiк  етiп,  оған  қоса  жердi  пайдаланғаны  үшiн  шаруаларға  салық  салып 
қатардағы адамдарды қанауды тереңдеттi. 
 
1831  жылы  Ресеймен  шектес  жерлерге  сұлтандар  мен  Орынбор  шекара 
комиссиясына  бағынатын  әкiмшiлiктер  құрылып,  әкiмдер  мен  старшындар  жергiлiктi 
басқаруды  өз  қолдарына  алды.  Бара-бара  одан  да  сорақы  жағай  қалыптасты.  Жайық 
бойын  иемденген  Орал  казак-орыс әскерлерi қазақтарға Жайық өзенiнен өтуге, немесе 
оның  жағасына көшiп-қонуға  тиым салды.  


 
70 
 
Жәңгiрге  наразы  болған  бiр  топ  сұлтандар  мен  старшындар  қазақ шаруаларын 
Жайықтың  арғы  бетiне  қайтадан  өтуге  шақырды.  1827  жылдың  қысы  қатты  болып, 
жұттан  көп мал қырылды. Қалған малды сақтау үшiн қазақтар Саратов губерниясына, 
ондағы  Юсупов  пен  Безбородконың  жер  иелiктерiне  көшпекшi  болды.  Көктем 
шығысымен  Байбақты  руы  бiрiншi  болып  Жайыққа  бет  алды.  Бұрын-соңды  болмаған 
қазақтардың  бiрауызды  шешiмдерi  жалпы  жұртшылықты  серпiнтiп,  Кiшi  жүз 
қазақтарының  патша өкiметiне наразылығын күшейттi. Наразылық бүкiл өңiрдегi қазақ 
әлеуметтiк  топтарының  толқуларына  ұласып,  оның  аяғы  1836-1838  жылдары  iшкi 
орданы  және  бүкiл  Кiшi  жүздi  қамтыған  халық  көтерiлiсiне  әкелiп  соқтырды.  Ол 
әлемдiк  азаттық  қозғалыстар  тарихының  бiр бетi-берiш руынан шыққан батыр Исатай 
Тайманұлы  және  ақын  Махамбет  ¤темiсұлы  басқарған      көтеріліс        еді.  Cол  кезде 
көтерiлiс  даңқы  Атырау,  Жайық,  Орынбор  аралығындағы,  жалпы  бүкiл  қазақ даласын 
дүрлiктiрдi.  
 
1812  жылы  Бөкей  хан  Исатайды  Жайық  бойындағы  руларға  старшын  етiп 
тағайындап,  1814 жылдың аяғында оған бүкiл мемлекеттiк өкiлеттiлiк берiледi. Алайда 
бес  жылдан  кейiн  ол  старшын  ¤темiс  Құлманиязовты  тонады  деген жаламен  қамауға 
алынып,  абақтыға  отырғызылды.  20  мың  сом  кепiл  бергеннен  кейiн  Исатай  Тайманов 
босап  шығып,  1818  жылы  старшын  ретiнде  Бөкей  ордасы  өкiлдерiнiң  құрылтайына 
қатысады.  1823  жылы  оған  сұлтан  Шығай  Нұралиев  кiсi  өлтiрдi  деген  айып  тағып 
қайтадан  қамауға  алады. Осы сәтте Атырау бекiнiсiнен келген Доң казактарының оны 
Орынборға апара жатқан қарауылынан елге қашып келедi. 
 
И.Таймановтың  ең  жақын  серiгi  М.  ¤темiсов  болды.  Оны  анасы  Қосуан 
тәрбиелейдi.  Хиуа,  Орынбор  сияқты  сол  кездегi  саяси-әкiмшiлiк,  тарихи-мәдени 
қалаларда  болып,  тұрған.  Ол  татар  және  орыс  тiлдерiн  бiлген.  М.  ¤темiсов  орыс 
жазушысы әрi этнограф В.И.Дальмен таныс болды. Сол жылдары ол Орынбор генерал-
губернаторы  жанында  ерекше  тапсырманы  орындайтын  шенеунiктiк  қызмет  атқарған 
едi.  М.¤темiсов  Iшкi  ордада  және  Орынборда  қызмет  iстеген  оқымысты-жиhангез 
Г.С.Карелинмен да тығыз қарым-қатынаста болды. 
 
И.  Тайманов  пен М. ¤темiсов бастаған азаттық қозғалысы өзiнiң дамуында үш 
кезеңнен  өттi.  Бiрiншi  кезеңге  1833-1836  жылдар  жатып  ол  қарулы  көтерiлiске  әзiрлiк 
уақытын  камтыды.  Екiншi  кезең  –  көтерiлiсшiлер  ханға  қарсы (1837 жылдың бас кезi) 
аттануынан  бастап,  олардың  жеңiлiске  ұшырауына  дейiнгi  -  1837  жылғы  қарашаның 
орта  шенiне  дейiнгi  уақытты  алады.  Үшiншi  кезең  көтерiлiсшiлер  шағын  тобының 
Жайықтың  сол  жағалауына  өтуiнен  (1837  жылғы  желтоқсан)  жаңа  ұрысқа  күш 
жинаудан  Ақбұлақ  өзенi  маңындағы  ұрыста  бiржола  жеңiлуге  дейiнгi  (1838  жылғы 
шiлде ортасы) уақытты алады.   
 
1836  жылы  ақпанда  халықтың  хан,  сұлтандарға  қарсы  наразылығы  қайтадан 
өршiп,  ашық шайқасқа қарай бет алды. Бұдан шошынған Жәңгiр хан қозғалысты бастап, 
дем берушi рулар қоныстарына қожа мен старшындарды жiберiп, көтерiлiстi тоқтатуды 
талап еттi. Хан И. Таймановқа жазған хатында сыр бермей алдауға тырысып:’’ Дос едiк 
қой,-патшаға адалдыққа ант берiп ең ғой, бүлiктi тоқтат, хан сарайына кел, татуласайық, 
әйтпесе iс насырға шабады,’’-деп қорқытпақ болды. Сонымен қатар осы кезде Исатай 
ауылына ханның Қарауылқожа Бабажанов бастаған 800 адамнан тұратын жасағы келiп 
оны шаппақ болып алты күн қоршауда ұстайды. Бiрақта нақтылы iс-қимыл жасай алмай 
ол кейiн  қайтады. 
 
Жәңгiр хан шекаралық үкiмет орындарынан өзiне қосымша әскери күш жiберудi 
өтiндi,  Орынбор  әкiмшiлiгiнiң  ‘’бүлiкшiлерге’’  қарсы  батыл  шешімдер  қабылдау 
қажеттiгiне  көзiн  жеткiзiп,  шұғыл  шара  қолдануды  өтінді.  Хандықта  қалыптасқан 
жағдай  губерния  билеушiлерiнде  өте-мөте  абыржытты.  Сондықтан  Орынбор 
губернаторы бастапқыда хан өтiнiшiтерiн  қанағаттандыруда ұстамдылық көрсеткенiмен, 
көтерiсшiлер  арасында  тыңшылық қызметiн күшейттi. Жинақталған  деректер мынадай 
жайды аңғартты: 1837 жылғы 11 маусымда старшындар И. Тайманов пен Ж. Жантолин 
Қолбай  және  Көктөбе  мекендерiнде  ‘’өздерiнiң  500-дей  қарулы  руластарын  жинады’’, 
осыдан  бiр  ай  асқаннан  кейін  Исатай  ауылында  ‘’1000-ға  жуық  үй  және  600  қарулы 
қырғыз жиналды’’. Көтерiсшiлер саны 1837 жылы, өткен жылмен салыстырғанда 3-5 есе 
көбейiп,  барлық топтарды есептегенде 4-5 мыңға жеттi. 


 
71 
 
Сөйтiп,  ордадағы  жағдай  шиеленiсе  бердi,  ал  көтерiлiс  ұшқыны  бүкiл  Жүзге 
тарады.  Бұл  жағдайды  бақылауда  ұстаған  Орынбор  генерал-губернаторы  1837  жылы 
тамыз айы басында көтерiлiс қолбасшыларын ұстауға жарлық шығарды. Жарлық шарты 
орындалмағаннан  кейiн  билеушілер  көтеріліс  басшыларын  қолға  түсіру  үшін  айла-
шарғы ұйымдастырады. Енді Исатай ханға қоятын талаптарын ‘’тыңдау’’ мақсатында 
Орынбор  губернаторымен  кездесуге  шақырылады.  Исатай  алғашында  губернатордың 
шақыруына  келiстi,  бiрақ  соңынан  ’’өзiмдi  қыспақтан  өзiм-ақ  қорғап  аламын’’  деп 
мәлiмдеп, губернатормен кездеcуден бас тартты. 
 
Көтерiсшiлердiң  негiзгi  күштерi  бiрнеше  топқа  бөлініп  хан  ордасына  жақындап, 
оны күшпен алуға дайындалады. Олар жол бойы хан шенеунiктерi мен шонжарларының 
ауылдары мен қоныстарын талқандап, сақталған елдi мекендердi басқаруға өз өкілдерін 
отырғызады.  Қозғалыс  барысында  көтерiлiсшiлер  басқа  өңiрлердегi  ру-тайпаларға 
көтерiлiстiң  ықпалын  күшейтуге, өздерiнiң жақтастар қатарын кеңейтуге жан-жақты іс-
әрекеттер  жүргізді.  Қозғалысқа  қатысушылардың  хан,  Ресей  билеушiлерi  алдында 
батылдығы  мен  жауынгерлiгiн көрсете біліп, олар билеушi орындарды басқару жүйесiн 
өзгертiп  жетiлдiруге  мәжбүр еткiлерi келдi. Исатай мен Махамбет қазан айының 15-20 
аралығында сапында 1500 (2500-3000) жауынгерi бар жасақпен хан ордасын екі аптадай 
қоршауда ұстайды.  
 
Ресей  әкiмшiлiгi  және  оның  үстiне  патша  үкiметiнiң  қарулы  күштерiмен 
қақтығыспауға  ұмтылған  көтерiліс  басшыларына  әскери  жасақтардың  келiп  қалуы 
күтпеген жай болды. Алғашында ханмен, ал содан соң 30 қазанда хан ордасына келген 
подполковник  Геккемен  хат  алмасумен  бiрнеше  күн  өткеннен  кейiн,  көтерiлісшiлер 
билеушi  топтардың  күшi  басым,  жақсы  қаруланған  жазалаушы  отрядтарының 
қоршауына  түсiп  қалмау,  әрi  олармен  бетпе-бет  келмеу  үшiн  орданы  қоршауын 
тоқтатады. Сөйтсе де көтерiлiсшiлер патша әскері қуғынынан құтыла алмады. 
 
Көтерiлiстiң  шешушi  ұрысы  15  қарашада  Тастөбе  мекенi  маңында  өттi. 
Қатарына  2  мың  солдаты  мен  хан  жасақтарын  жинақтаған  Гекке  отрядымен 
көтерiлiсшiлер арасында бұл жерде қысқа ғана, бiрақ, кескiлескен шайқаста Исатай мен 
Махамбет  100-ге жуық адамдарынан айрылып, ұсақ топтарға бөлiнiп тұс-тұсқа бөлiнiп 
кеттi.  Тастөбедегi  бұл  аса  қатты  соққы  көтерiлiс  жетекшiлерi  мен  қатардағы 
сарбаздарын  мықты  әлсіреттi.  Көтерiлісшiлер  көп  мал-мүлкiнен  шығындалды.  Бұл 
сәтсiздiк шаруалар қозғалысын әлсіретіп қана қоймай, сенімдерін мұқалтты. Жәңгiр хан 
Исатайды  ұстап  берушіге    500  сом  күмiс  ақша  көлемінде  сыйлық  беретінiн  да 
жариялады.     
 
Кейiн  көтерiлiс  жетекшiлерi  шаруалар  басын  бiрiктiрiп  азаттық  күрестi 
жалғастыру бағытындағы ұмтылыстары сәтті болмады. Күрес арқылы басқару жүйені 
өзгерту  сенімнен  айрылған  Исатай  мен  Махамбет өздерiнiң неғұрлым табанды болған 
сарбаздардың  шағын  тобымен  Жайық  сыртына  өтудiң  амалын  iздедi.  Ерекше 
қырағылық  жүйемен  қойылған  әскери  бекіністерден  өтудің  айласын  тауып,  олар  1837 
жылғы  желтоқсанның  13-і  мен  14-не  қараған  аязды,  әрi  боранды  түнi  Жаманқала 
маңынан  Жайық сыртына өтiп кетедi. Бiрақ арғы бетте казак-орыс шоғырлары оларды 
торуылдады. Бергi жақта Гекке бастаған әскерлер соңына түстi, яғни көтерісшілер үшін 
енді  барар  жер,  басар  тау  қалмады.  Гекке  шоғырымен  Ойыл,  Қиыл өзендерi бойында 
болған ұрыста (казiргi Ақтөбе облысы Қобда ауданында) И. Тайманов 1838 жылы оққа 
ұшып  қаза  тапты.  Оның  ажалына  казак-орыстың оғы да, қазақтардың сатқындығы да 
себеп болды. И. Тайманов пен М. ¤темiсов басқарған халық көтерiлiсi халық жүрегiнде 
мәңгi сақталып қалды, әлемдiк азаттық қозғалыс тарихында тиесiлi орнына ие болды.  
Сонымен, Кiшi жүз қазақтарының XIX ғасырдағы Ресей империясының отарлау 
саясатына  қарсы  бiрiншi  қарулы  күресi  жеңiлiске  ұшырады.  Бүгiнгi  ғылымның 
пайымдауынша, оның басты себебi хан үкiметi  мен билеушi сұлтандар жағында патша 
үкiметiнiң  отты  қарумен  жабдықталған  әскер  күшi  болды.  Сонымен  бiрге  бұл 
қозғалыстың  басқа  қазақ  жерлерiндегi  хан  сұлтандарға  қарсы  шығып  наразылық 
танытқан күштермен ешқандай байланысы болмады. 
 
Көтерiлiс  салдары.  Көтерiлiске  қатысушыларға  өлiмшi  етiп  дүре  соғылып, 
бiршамасы жер аударылды, тұтқындар әскери бөлiмшелерге жiберiлдi. Махамбеттің бiр 
iнiсi  Ысмайлды  500 адам екi қатар сапқа тұрып дүре соққызып үш рет өткiзiп, Балтық 
теңізі  жағалауына  алты  жылға крепостнойлық дәрежедегі жұмысқа айдалды, ал екiншi 


 
72 
iнiсi  Сүлеймендi  ‘’қан  саулағанша’’  соққымен  қорлап,  кейiн  солдатқа  беретiн  болып 
Украинаға  жұмысқа  айдады.  Исатайдың  сенiмдi  серiктерi  Нұрғи,  Ырғи,  Көшiм 
Сартовтар және олардың әкесi Сарт Ералин одан да ауыр жазаға кесiлдi. 
 
Кейiн,  Орынбор  әскери  билеуші  орындары  көтерiлiске  белсене  қатысушы  16 
адамды дүре соққыдан соң шет аймаққа жұмыстарға жiберiлдi. Нақ осы уақытта Оралда, 
ресми  деректер  бойынша  көтерiлiске  белсене  қатысқан  39  адам  сотсыз,  тергеусiз 
тұтқындалды. Көптеген көтерiлісшiлер сотқа дейiн-ақ түрмеде дүние салды. 
 
Қозғалыс  жаншылып  басылғаннан  кейiн  де  ұзақ  уақыт  бойы  халықтың  қоғам 
билеушi-шонжарларына,  отарлық  билік  орындарына  деген  өшпендiлiгi  қаhарлы  күш 
болып,  бұлардың  үнемi  үрейiн  алып  отырды.  Жәңгiр  хан-халық  бостандығын 
тұншықтырудың бас кейiпкерi, кейiн бес жыл өткен соң Орынбор комиссиясына:’’...мен 
сондай-ақ Исатай шайқасының қаскүнем қалдықтарына үнемi назар салып отырамын’’ 
деп  жазды.  Ол  көтеріліске  қатысушыларды  ‘’өзiне  қастандық  ойлайтын  қаскүнем 
адамдар’’ деп сипаттады. 
 
Исатай Тайманов пен Махамбет ¤темiсов бастаған Кiшi жүз қазақтарының ұлт-
азаттық көтерiлiсi жеңiлiске  ұшырады. Сол бiр нақты тарихи жағдайларда оның басқаша 
болуы  мүмкiн  емес  едi,  себебi  хан  мен  билеушi-сұлтандар  жағында  патша  үкiметiнiң 
күш-қуатының болуымен қатар, халық қозғалысының оқшау және шектеулi болуы да өз 
әсерiн тигiздi. Алайда көтерiлiстi басқарушылар мен оған қатысушылардың батылдығы 
сүйсiне,  таңдана  бағалауға  лайықты.  Олар  отарлауға  қарсы  азаттық  күрес туын жаңа 
сатыға  көтерiп,  ұлттық  және  әлеуметтiк  егемендік жолындағы қозғалыстың жалғасын 
ұрпақтарға мұра етті. 
 
2В. Қазан (1917 ж.) оқиға нәтижесіндегі радикалды өзгерістерден кейiн XVIII ғ. 
соңы  мен  XX  ғ.  басында  елiмiзде  болған  отаршылдыққа  қарсы  күрестi  зерттеуге 
бiршама ғалымдар үлесiн қосты. Әсiресе бұл бағытта елеулi көзге түсер еңбектiң авторы 
бұрынғы патша офицерi  А.Ф. Рязановты атап өту ләзiм. Академик М.П.Вяткин С. Датов 
басқарған  көтерiлiсті  зерттеуге  арналған еңбегі мемлекеттiк сыйлыққа ие болуы тарих 
ғылымында бiр белес болды. Бұл проблеманы зерттеушiлер арасында Е.Бекмахановтың 
орны ерекше. Профессор зерттеулері тарихшыларға жаңа бағыт ашты, әсiресе Кенесары 
қозғалысының көптеген мәселелерi жан-жақты терең талданды. 
 
XIX  ғасырдың  бiрiншi  ширегi  отаршыл  мемлекеттің  Кішi  және  Орта жүздердiң 
басты  аймақтарын  қосып  алғаннан  кейiн  патша  үкiметi  Ұлы  жүздi  отарлауды  батыл 
қолға  алып,  оңтүстiк  Қазақстан  аймағы  арқылы  Орта  Азияға  шығуға,  сөйтiп  осы 
стратегиялық  аймақта  үстемдiгiн  орнатуға  ұмтылды.  Осы  мақсатқа  жетуге  кедергi 
болған  Орта  жүздiң  басты  өңiрiнiң  әлi  де  болса  тәуелсiздiктерiн  сақтағаны  едi.  Шын 
мәнiнде XVIII ғ. соңғы ширегi, XIX ғ. басында Ресей саяси билiгi тек қана Жайық, Есiл, 
Ертiс  өзендерi  бойында  салынған  отарлау тiрегi  – бекiнiс-қамалдар төңiрегiнде 100-150 
шақырым  қашықтықта  ғана  жүретiн.  Ел  түкпiрiнде  көшiп-қонған  ауылдар  ғасырлар 
бойы  қалыптасқан  әдет-дәстүрiн  сақтап,  ру-руға  жiктелген  меншiктерiн  көшпендi  мал 
шаруашылық  мүддесiне  пайдаланды.  Американ  тарихшысы  Марк  Раевтың  ‘’Қазақ 
даласы сол кезеңде Ресейдiң мемлекеттiк шекарасы болмаған’’ деп пайымдауында жөн 
бар.  
 
Ресей  мемлекет  билеушiлері  Қазақстанды  отарлау  жоспарын  iске  асырудың 
әсiресе  нақты  нәтиже  көздеген  саудадан  түсетiн  қаржы үнемдi көзi  - баж салығы едi. 
XIX  ғ.  басында  Ресейден  Орта  Азияға,  Шынжанға,  басқада  шығыс  елдерiне баратын 
дәнекерлiк  керуен  жолдары  қазақ  даласын  кесiп  өтетiн.  Тiптi  тым  шетте  жатқан 
Константинопольден (Iстамбул) аталмыш аудандағы елдерге бағыт алған керуендер де 
осы аймақпен жылжитын.  
 
XIX ғ. 30-шы жылдарында патша үкiметi Қазақстанда отарлау саясатын өршітiп, 
қазақ  халқының  саяси  егеменділiгiн  бiржола  жоюға  бағытталған  шараларды  кеңiнен 
жүргiзе  бастады.  Әбiлқайыр,  Абылай  ханмен  жасасқан  шарттар  негізінде  Қазақстан 
жерiне  кiрмеу,  қазақтарды  әскер  қатарына  тартпау,  тек  салық  төлеу  жөнiндегi 
мiндеттемелер аяқ асты етiлдi. Қазақтың шаруасына ыңғайлы шұрайлы жерлеріне әскер 
линиялары,  бекiнiстер  салынып,  патша  үкiметi  қол  шоқпары  болып  келген  казак 
жасақтарын  қоныстандыру  ісі  аса  қарқынмен  жүргiзiлдi.  Қазақ  жерiндегi  отаршы 
әкiмшiлiк  өзен-көлдердi,  құнарлы жерлердi, орман тоғайды өз шаруашылығына тартып, 
тіпті жергілікті тұрғындарға өз жерін пайдалануы үшін салық салатын болды. Әкiмшiлiк 


 
73 
жүйесiн қайта құру барысында қазақ жерi белгiлi ‘’бөлiп ал да билей бер’’ принципiмен 
округтерге  бөлiнiп,  олар  Батыс-Сiбiр  және  Орынбор  генерал-губернаторына  қарайтын 
болды.  
 
Алдымен  қазақ  жерiн  сыртынан  құрсаулап  көптеген  бекiнiстер,  оның  iшiнде 
Орынбор,  Троицк, Айдарлы, Орск, Петропавл, Семей бекiнiстерi салынды. Iргелеп iшке 
кiрiп  айнала  қоршау-құрсау  тұрғызған  Ресей  отаршылары  Абылай  хан  дүниеден 
кеткеннен кейiн Қазақстанның ең бiр бетке шығар шұрайлы жерлерiне бекiнiстер салуға 
кiрiстi.  Осы  саясат  желісімен  Ырғыз,  Торғай,  Ақмола,  Көкшетау,  Ортау,  Қарқаралы 
бекiнiстерi  бой  көтердi.  1822  жылғы  Сiбiр  қырғыздары  туралы  Жарғы  далалық 
аудандарды басқару құрылымын түбiрiнен өзгертiп жiбердi. Бұл құжат шарты бойынша 
биліктің  округтiк  жүйесi  енгiзiліп  қазақ  қоғамы  округке,  болысқа,  ауылға  бөлiндi. 
Төменгi  әкiмшiлiк  бiрлестiгi  ретiнде  ауыл  өз  құрамына  50-ден  70-ке  дейiн  үйлердi 
бiрiктiрiдi,  осындай  12  ауылдан болыс  құрылды, 10-15 болыстан округ қалыптасты. Әр 
бөлiктiң  белгiлi  территориясы  болды.  Әкiмшiлiк  билiгiн  үкiмет  сақтап  қалған  аға 
сұлтандар негiзiнен алғанда сол үкiмет позициясының  нығаюын қамтамасыз етуге тиiстi 
болды.  Болыстар  басында  12  сатылы  шенеунiктерге  теңестiрiлген  болыс  сұлтандары, 
ауылдар  басында  ауыл  ағамандары  (Ресейдегi  село  старосталары  статусы) қойылды. 
Бiртiндеп  билер  соты  шексiз  құқылары  жалпы  Ресей  империясының  заң  жүйесіне 
келтiрiле бастады. 
 
Қазақ  жерiне  кеулеп енiп келе жатқан патша үкiметiнiң отаршылдық саясатына 
ашық  қарсы  шыққан  Абылай  ханның  баласы  Қасым  сұлтан  болды.  Ол  патша 
әкiмшiлiгiне хат жазып, елшi жiберiп түсiнiсуге, пәтуаға келуге шақырды. Қазақтың ата 
қонысына  бекiнiстер  салуды,  казак-орыстарды  қоныстандыру  легін  тоқтатуды, 
келімсектердің жергілікті халыққа қысым көрсетуіне шек қоюды талап еттi. Қасымның 
аталмыш  хат-ұсыныстарына  жауап  болмады,  ал  жiберген  адамдары  қайтарылмады. 
Сонда  барып  Қасым  патша  үкiметiне  ашық  қарсы  шығуды  ойлады.  Ол  бұл  күресте 
Қоқан хандығына сүйенбекшi болды.  
 
1822  жылғы  ‘’Сiбiр  қырғыздары  туралы  Жарғыға’’  қарсы  Саржан 
басшылығымен басталған көтерiлiс 1836 жылы Ташкент Күшбегiнiң сұлтаны және оның 
серiктерiн  опасыздықпен  өлтiрген  соң  бiршама  саябырсыды.  Ал  келесi,  1837  жылы 
көтерiлiсті  сұлтан  Кенесары  бастап  ол  кең  қанат  жайып,  өршiп  он  жылға  созылған 
азаттық  қозғалысқа  ұласады.  Патша  үкiметiнен  қысым  көрген  40  мың  үй  қазақ 
Кенесарыға  ілесіп  Қоқан  хандығы  қоластына  көшiп  барады.  Алайда,    дiнi  бiр,  тiлi  бiр 
туысқан  деп  барған  қоқандықтардан  күткен  үмiтi  ақталмады.  Тіпті  олар  оның  қайсар 
ұлдары  Саржан  мен  Есенгелдiнi,  кейiнiрек  өзiн  өлтiрдi.  Медреседе  оқып  жүрген  ұлы 
Кенесарыны Ташкент түрмесiне қаматты. 
 
Қайырымды жандардың арқасында абақтыдан аман шыққан Кенесары ата мекенi 
Ұлытауға қайтып келеді. Осы оқиғаларды бастан өткізген сәттен бастап ол бүкіл өмiрiн 
қазақтың тәуелсiз, егемендi ел, дербес мемлекет болуы жолындағы күреске арнады. Ол 
Қазақстан  патшалық  Ресейге  де,  Орта  Азия  хандықтарына  да  тәуелсіз,  олармен  тең 
қарым-қатынаста болуына қол жеткізу өзінің қалған өміріндегі  борыш-парыз деп қойды. 
 
Кенесары  Қасымов  тарих  сахнасында  Абылай  хан  iсiн  жалғастырушы  жарқын 
тұлға  болып  танылды.  Ал  ол  кездегi  жағдайға  келсек,  патша  әскерлерi  тарапынан 
төзімсіз  басқыншылық  іс-әрекеттері  салдарынан,  Сiбiр  және  Орынбор  қырғыздары 
туралы 1822-1824 жж. Жарғылар қабылдануына қарамай, саяси оқшаулану тенденциясы 
әлi  де  сақтап  келе  жатқан  қазақ  ауылдары  тәуелсiздiгiне  қатер  тонген  болатын. 
Сондықтан  көтерiлiс  жетекшiсi  сұлтанның  мақсаты  еліміздің  Абылай  хан  тұсындағы 
тұтастығын  қалпына  келтiруге,  ‘’жинақтарды’’  жоюға,  Ресей  құрамына  енбеген 
жерлердiң толық дербестiгiн сақтауға бағытталды. 
 
К.Қасымов 1802 жылы Абылай хан ордасының кең қыстап, еркiн жайылатын құт 
мекенi  Көкшетау  өңiрiнде,  соңғы  бiр  ғасыр  бойы  Орта  жүз  қазақтарының  өмiр-
тiршiлiгiне  жетекшiлiк  еткен  киелi  шаңырақта  дүниеге келедi. Қалың бұқара-халықтың 
тағдыр-талайына  қатысты  саяси  мәселелермен  айналысу  бұл  әулеттiң  әуелден 
пешенесiне  жазылған  дәстүрлi  парызы  болатын.  Сол  себептi  де  ел  басқаруға,  билiк 
айтуға  қажеттi  нәрсенiң бәрi оның бойына ана сүтiмен бiрге дариды. ”Ұяда не көресiң, 
ұшқанда  соны  iлесiң”  деген  даналы  түйін  Кенесарының  жалпы  дүниеге,  соның  iшiнде 


 
74 
адамдар  арасындағы  қатынастардың  заңдылығы  мен  шынайылығына  көзқарасын, 
дүниетанымын, мiнез-құлқын қалыптастыруда елеулi рөл атқарады. 
 
Халық  арасында  аңыз-жырға  айналған  атасының  есiмiн  Кенесары  ерекше 
қастерлеген.  Ол  қаршадайынан  атасының  жолын  қуып,  iсiн  сабақтастыра  беретiнiне, 
өзiнiң  аруақты  атаның  заңды  мұрагерi  екенiне  күмән  келтiрмеген.  Сол  себептi  де  ол 
патша үкiметiнiң жергiлiктi тоқмойындарына жазған хатында, қазақ руларына жолдаған 
үндеулерiнде  өзiнiң  “ата  жолынан  айнымайтынын”,  “Абылай  атасына  қараған  жер-су 
үшiн” жан аямай күресетiнiн және “Абылай заманында қазақтардың емiн-еркiн, тыныш 
өмiр  сүргенiн”  олардың  естерiне  салып,  сол  қой  үстiнде  бозторғай  жұмыртқалаған 
заманды  қайта  орнатқысы  келетiнiн  айтады.  Кенесары  сарбаздарының  жауынгерлiк 
ұраны да “Абылай” болған. 
 
¤зiндiк  сүре  жолы  бар  саясаткер  К.  Қасымов  Ресей  сияқты  аса  қуатты  iрi 
мемлекетпен күресу қазақтың үш жүзінің басын бiрiктiрудi, едәуiр құрбандықтарды, тек 
әскери  ғана  емес,  сонымен  бiрге  дипломатиялық  айла-әдісті  де  талап  ететiнiн  ой 
таразысынан  өткізді.  Қозғалыс  бағыты  мен  мақсатынан  бас  тартып  сыңаржақтанған 
билеушi  топтар  өкiлiнiң  өз  бетiмен  жүргісі  келгендерге  қатал  шара  қолданды.  Патша 
үкiметiмен арадағы түсінбестік жәйлерді бейбiт жолмен шеше тұра, Кенесары Ресейдің 
отарлау  саясатын  жақтаушыларды  аяусыз  жазалады.  Соғыс  тұтқындарының  ұлтына, 
әлеуметтiк  жағдайына  қарап,  қиянат  жасамай,  шыдамдылық  білдірді.  Империя 
елшiлерін  еларалық  қатынас  шарттарына  сай  қабылдауға  ұмтылды.  Тiптi  оның 
мiнезiнен  қырғыздармен  қайшылық  кезеңiнде  көрiнгенi  болмаса  оншалықты  қаталдық 
байқалмаған. Ал, көтерiлiс мүддесiн сатып, әскери тәртiптi бұзушыларға ашу-ызасының 
буырқануы аз болмаған-ды.  
 
Қазақ  халқы  тарихындағы  бұдан  бұрынғы  азаттық  қозғалыстардың 
жетекшiлерiнен  гөрi,  Кенесарының  ерекшелiгi  -  азаттық  үшiн  күреске  үш  жүз  басын 
қосып  бiр  мақсатқа  сiлтеу  болды.  Көтерiлiстiң  бастапқы  кезiнен-ақ  қазақ  ақсүйектерi 
бiр-бiрiне  қарсы  екi  топқа  бөлiндi.  Үкiметке  жағына  бiлген  шағын  топ  отарлаушы 
әкiмшiлiктiң  қолдауына  сүйенiп,  өздерiнiң  саяси  қарсыластарын  құлдыратуға  күш 
салды.  Ақмола  округының  аға  сұлтаны  Қоңырқұлжа  Құдаймендин,  Кiшi  жүз 
сұлтандары  Ахмед  пен  Мухамед  Жантөриндер,  Б.  Айшуаков,  Абылай  хан  ұлдары, 
азаттық күрес жетекшiсi өзiнiң туысқандары - Әли мен Сүйiк Кенесарының ымырасына 
ақыры келмедi.  
 
 Осылай  бола  тұрса  да  К.  Қасымов  өзi  туы  астындағы  20  мыңға  жуық 
жауынгерлер  қатарына  үш  жүздегi  қазақ  руларының  едәуiр  бөлiгiн  топтастыра  алды. 
Атаған  жөн,  көтерiлiсшiлер  қатарында  Орта  жүз  өкiлдерi  басым  болды.  Деректер 
бойынша  Орта  жүздiң  тек  Құсмұрын,  Көкшетау,  Ақмола,  Қарқаралы  және  Баянауыл 
округтерiнде ғана көтерiлісшiлердi 80-нен астам сұлтандар, билер, ағамандар қолдаған. 
Кенесары  Сырдария  сағасындағы  қазақтарын  ығыстыра  қыспаққа  алған  Қоқан 
Күшбегiмен  келiссөзден  бас  тартты.  Сөйте тұра кейде өзiн оқ-дәрiмен, қару-жарақпен 
жабдықтаған Бұқар әмiрiмен достық қарым-қатынаста болды. 
 
К.  Қасымов  басқарған  көтерiлiс  бастапқы  кезiнен-ақ  кең  құлаш  жайып,  XIX 
ғасырдағы  азаттық  жолындағы  қозғалыстар  тарихындағы  Орта  жүздiң  ру-тайпалық 
бiрлестiгiнен  басқа  руларға тарап, қазақ даласының негiзгi аудандарын қамтыды. Оған 
Кiшi  жүзден  шектi,  тама,  табын,  шөмекей,  жаппас,  ұлы  жүзден  -  үйсiн,  дулат  сияқты 
рулар қатысты.  
 
Көтерiлiстiң  негiзгi  қозғаушы  күшi  -  шаруалар.  Саяси  тәуелсiздiктi  қалпына 
келтiру жолындағы күреске қатардағы егiншi де, ағамандар да, басқа да меншік иелері 
және  билеушi  топтар  ат  салысты.  Әрине,  қозғалысқа  қатысқан  әлеуметтiк  топтар 
мақсаты  бiрдей болған жоқ-орын ауыстыруға, негiзгi күштердiң өзге аудандарға өтуiне 
байланысты  ру  ерекшеліктерi  бойынша  құралған  кейбiр  жасақтар  көтерiс  қатарын 
тастап  кетіп  отырды.  Кенесары  жанында  қазақтың  азаттық  күресi  жарқын  бейнелері: 
Ағыбай,  Иман  (Амангельдi  Имановтың  атасы),  Басықара,  Аңғал,  Жанайдар,  Жеке, 
Сұраншы,  Байсейiт,  Жоламан  Тiленшиев,  Бұқарбай  және  т.б.  батырлар  болды. 
Көтерiлiске  қазақтармен  қатар  бірнеше  ұлт  өкілдері  қатысып-орыстар,  өзбектер, 
қырғыздар, поляктер –интернационалды  сипат алған. 
 
1838 жылдың көктемiнен бастап Кенесары жасақтары патша әскерлерiне қарсы 
алдын  ала  ойластырылған  жоспар бойынша дәйектi күрес жүргiздi. Олармен шайқаста 


 
75 
Ақмола  қаласын  қиратып,  осы  округтегi  патша  әкiмдерiмен  ауыз  жаласып  жүрген 
Қоңырқұлжа  сұлтанның  ауылын  шапты.  1840  жылы  күзде  көтерiлiсшiлер  Ырғыз  бен 
Торғай  маңында  патша  әскерiне,  орыс  әкiмшiлiгiн  қолдаған  жергiлiктi  бай,  шонжарлар 
жерiне шабуыл жасады. Бұл тұста Кеңесарының аты қазақ даласына кең жайылып, оның 
беделi  бүкiл  ел  iшiнде  үлкен  мақтанышпен  ауызға  iлiндi.  1841  жылы  қыркүйекте 
Кенесары  үш  жүз  халқы  өкілдерін  жинап  әкесi  Қасым  ханның  дүниеден  кеткенiне  бiр 
жыл толуына байланысты ас бердi. Осы астан кейiн асқа жиналған жамағат Кенесарыны 
қазақ халқының ханы деп жариялап ақ киiзге отырғызып көтерді. 
 
Бұл  оқиғалардан  кейiн  Кенесары  елдi  басқаруда  бiршама  жаңалықтар  мен 
өзгерiстер  енгiзуге  ұмтылды.  Ел  билеу  тәртiбiн  жетілдірiп,  алым-салық  реформасын  
өткізді.  Егiншiлiктi  дамытуға,  көршi  елдермен  сауда  қатынасының  жаңа  тәртiбiн 
орнатуға  көңiл  бөлдi.  Керуеншiлердi  тонап  алу  тоқтатылып,  олардан  салық  алынатын 
болды. 
 
Кенесары  өзiнiң  сыртқы  саясатында  солтүстiктегi  iрi  ел  -  Ресеймен  бейбіт 
көршiлiк  қатынас  орнатуға  ерекше  iс-қимыл  жасады.  Бiрақ  империя  генерал-
губернаторлары  Горчаков  (Батыс  Сiбiр),  Перовский  (Орынбор)  Кенесарыға  тiкелей 
кедергі  жасап  оның  орталық    үкiметпен  мәмлеге  келуiне  шек қойып отырды. Әсiресе, 
өркөкiрек  Горчаков  Кенесарыны  менсiнбей,  оның  орыс  әкiмшiлiгiне  деген  өшпендiлiгiн 
қоздырып отырды. 
 
Қоқан  хандығына  қарсы  соғыс  нәтижесiнде  (1841-1842  жж.)  Кенесары 
шоғырлары  Созақты,  Сауранды  азат  етiп  Қоқан  хандағының  елiрме  әуестiгiн  басты. 
Қоқандықтармен  келiссөзге  келгеннен  кейiн  Кенесары  соғысты  тоқтатып  Торғай 
маңындағы ордасына қайтып оралды. 
 
1843  жылы  Кенесарыға  бiршама  iлтипат  бiлдiрушi  Орынбор  генерал-
губернаторы  Перовскийдiң  орнына  Обручев  деген  келедi.  Ендi  Орынбор  әкiмшiлiгiне 
орыс  патшасының  ханға  удай  қарсы  бiр  ұлығының  келуi  оның  Горчаковпен  бiрiгiп, 
Кенесарыны  қуғындауына  мүмкiндiкті  кеңейтті.  Сөйтiп,  Горчаков  пен  Обручев 
Кенесары  бастаған  ұлт-азаттық  көтерiлiсiн  тұншықтырып,  Кенесарының  көзiн  жоюға 
1843 жылы 23 маусымда I Николай патшадан рұқсат алды. Соғыс шығынын өтеу үшiн 
14  мың  сом,  Кенесарының  басын  кесiп  әкелген  адамға  сыйға беру үшiн түтiн салығы 
есебiнен  үш  мың  сом  қаржы  бөлiндi.  Патшаның жергiлiктi әскерлерi соғыс жағдайына 
келтiрiлдi. 
 
Болашақта ұзақ мерзiмге созылған Кенесарыға қарсы патша үкiметi әскерлерiнiң 
жорығы  27  маусымда  басталды.  Патша  әскерiмен  бiрiншi бейбiт кездесу Ырғыз өзенi 
бойында  өтіп  Кенесары  өзiнiң  үкiметпен  келiссөз  жүргiзiп  жатқанын мәлiмдеп ұрысты 
болдырмады. Бұл тұста екi жақта әскери дайындығын пысықтап жатты. Тамыз айында 
Кенесарыға қарсы Жантөрин, Айшуақов Баймұхамбет, полковник Генс және Вишняков 
жiберiлдi.  Омбы,  Петропавл,  Қарқаралыдағы  әскер  бөлімдері  де  Кенесарыға  қарсы 
аттанды. Қыркүйектің 1-ші және 7-ші жұлдыздарында Кенесары жасақтары мен патша 
әскерлерi арасында шиеленіскен шайқастар болды. Көп адам қаза болды. Бiрақ екi жақта 
басымдық көрсете алмай, майдан шебiнен керi шегiндi. Кенесары жасақтары ендi ашық 
соғыстан  бас  тартып,  байтақ  даланың  әр  тұсынан  көрiнiп,  тұтқиылдан  тиiсiп,  патша 
әскерлерінің  берекетiн  кетiре  бердi.  Тынымсыз  жорықтан  шаршап-шалдыққан  үнемi 
қауiп  қатердiң  өртiнде  жүрген  үкiмет  әскерлері  түндерi  салқын,  жауын-шашынды  күз 
түсе ешбiр нәтижесiз бұрынғы қысқы тұрақтарына оралды. 
 
Кенесары  бастаған  ұлт-азаттық  қозғалыстың  өршіп  қанат  жаюның ең жоғарғы 
шегi XIX ғ. 40-шы жылдары ортасына келдi. 1844-1845 жж. оған Сыр бойы мен оңтүстiк 
өңір  қазақтары  қосылды.  Көтерiлiсшiлер  қатары  өсiп,  жасақтардың әскери дайындығы 
жетiлдi,  оларды  барынша  қару-жарақпен  жабдықтау  ісі  біршама  жолға  қойылды. 
Зеңбiрек,  мылтық,  оқ-дәрi  жасау,  оларды  сатып  алу, азық-түлiк дайындау жұмыстары 
қолға  алынды.  Патша  әкiмшiлiгi  төңiрегiне  тыңшы  жiберу,  барлау  жұмысы 
ұйымдастырылды.  
 
Азаттық  көтерiлiстің  жайылған  қанаты  мен  оның  әскери-ұйымдастыру  жәйi 
Ресей үкiметiн әбден ойландырып нақтылы шешiм қабылдауға душар еттi. 1844 жылдың 
жазында  бұл  көтерiлiстi  басу  үшiн  Ор  бекiнiсiнен,  Ұлытаудан,  Тобылдан  патша 
әскерлерiнiң үш үлкен тобы шықты. Кенесары жасақтарын қоршап алып шешушi соққы 
беру  үшiн  Сiбiрден  Кенесарыға  қарсы,  мұндай  iстен  тәжiрибесi  мол  генерал 


 
76 
Жемчужниковтың  әскерi  бөлiндi.  Кенесары  бұл  күштердiң  басын  бiрiктiруге, сөйтiп өз 
жасақтарын  қоршап  алуына  мүмкiндiк  бермей,  оларды  бiр-бiрлеп  құрту  айла-әдiсiн 
қолданды.  Сiбiр  шоғырының  алдынан шыққан оның шағын тобы Ұлытауға қарай қаша 
соғыс  салып,  жау  күшiн  осы  жаққа  тартты.  Негiзгi  күшпен  Константиновск  бекiнiсiн 
шауып,  Жантөрин  шоғырын  қоршап,  ондағы  44  сұлтанды  өлтiрген,  оның  батырлары 
1844  жылғы  14  тамызда  Екатеринск  бекiнiсiн  тiке  шабуылмен  басып  алып  патша 
әкiмшiлiгiн  састырды.  Осы  шайқастардан  кейiн  Кенесары  жасақтары  Мұғалжар 
тауларына барып уақытша бекiнiстер салды. 
 
1844  жылғы  ұрыстардағы  жеңiстер  Кенесарының  даңқын  жер-жерге  жайды. 
Орта Азия мемлекеттерi онымен өзара тиiмдi байланыстар орнатуға ынталы болып, тiптi 
сыйлықтар  да  жолдаған.  Осындай  аты  шулы,  даңқы  көтерiңкi  кездiң  өзiнде  Кенесары 
дипломатиялық  iлтипатты  сақтап  патша  үкiметiнен  бiтiм  сұрап,  даулы  мәселелердi 
келiссөз  арқылы  шешуге  ынталылығын  бiлдiрдi.  Бiрақта  Ресей  билеушілері  оған  көп 
сене  қойған  жоқ.  Дегенмен  келiссөз  жөнiндегi  ұсынысты  қабыл  алып,  Кенесарының 
кепiлдiкке  алып кеткен туыстарын, әйелiн босатты. Тек бiр қызы оралған жоқ. 
 
Патша үкiметi келiссөз жүргiзу үшiн Догов бастаған бiр топ адам жiбердi. Олар 
Кенесары  патша  әкiмшiлiгiне  сөзсiз,  ешқандай  шарт  қоймай  бағынатын  болса,  оған 
кешiрiм болады деп мәлiмдедi. Кенесары бұл ұсынысты ойланып көремiн деп елшiлердi 
екi  ай  бойы  ұстап,  ақыры  елшiлер  бiтiм  болмайтынына көзі жетiп ‘’кетемiз’’ дегеннен 
кейiн  Кенесары  Орынбор  генерал-губернаторына  хат  жазып  берiп  елшiлердi 
аттандырып  жiбердi.  Ол  хатта  Кенесары  патша  үкiметi  қазақ  жерiндегi  қамал-
бекiнiстерiн  бұзып,  жергілікті  халыққа  iстеп  отырған  зорлық-зомбылығын  тоқтатқанда 
ғана оның Ресей протектораты болуға дайын екенiн мәлiмдедi. 
 
Орынбор  және  Сiбiр  шептерi  арқылы  қысымға  алынған  Кенесары  көтерiлiс 
орталықтарының  бiрi  Торғай  даласынан  Жетiсуға  ауысады.  40-жылдар  ортасында 
көтерiсшiлердiң  негiзгi  күштерi Жетiсудағы Ақши, Күртi, Жиренғайыр сияқты жерлердi 
мекендеп,  бұл  өңiрдегi  ру-тайпалардың  басын  бiрiктiрудi,  қырғыздармен  тiл  тауып 
Қоқан отаршыларына шабуыл жасауды, сөйтiп оның  қол астындағы бауырластарды азат 
етуге  ұмтылады.  Осы  тұста  Кенесары  қазақ  жерiнiң  болашағын  да  ойлап,  Азия 
өңiрiндегi  ең  iрi  ел,  аралас-құралас  жатқан  Қытаймен  мәмлеге  келiп,  онымен  келiссөз 
жүргiзу  үшiн  Құлжаға  елшi  жiбередi. 1845 жылдың қазан-қараша айларында Кенесары 
шоғырлары  Қоқан  хандығына  жорыққа  аттанды.  Қорған,  Жаңа  Жүлек,  Созақ 
бекiнiстерiн  алып,  Ақмешiттi  (казiргi  Қызылорда)  қоршады.  Бұдан  әрi  соғысты 
жалғастыруға  осы  жақта  жұқпалы  iндеттiң  күшеюі  бөгет  болып,  олар  Жетiсуға  керi 
оралады. 
 
1846  жылдың  көктемiнде  Сiбiр  казактарының  әскери  экспедициясына  басты 
мiндет  ретiнде  көтерiлiстiң  Оңтүстiк  Қазақстан  аймағына  тарап  кетуiне  жол  бермеу, 
Лепсi  өзенi  бойында  ұлы  жүздiң  жалайыр,  шапырашты,  дулат,  албан,  сыбан  рулары 
билеушiлерiмен  ‘’саяси  келiсiмдердi’’  бекiту  едi.  Осы  жылдың  23  маусымында  ұлы 
жүздiң  руларымен  Аякөз,  Көкпектi  және  Қарқаралы  округтарының  старшын,  биi, 
сұлтандары қатысқан Сiбiр казактарының шекаралық басқармасының төрағасы генерал 
Вишневскийдiң  жетекшілігімен  өткен  кездесуде  Кенесарыны  хан  деп  мойындамауды, 
оның  талаптарын  орындамай,  ‘’бүлiкшiлiк  қылықтары  байқалса’’  жақын  жердегi 
округтарға бiрден хабарлап тұруға өздерiне мiндет алады.  Ендi Жетiсу жерiнде де тiптi 
өзiнiң  туыстары Абылай тұқымдарынан қолдау таппаған Кенесары Алатау аймағындағы 
қырғыздарға  көз  алартып,  олардың  жерiне  шабуыл  жасайды.  Ең  алғашқысында  хан 
солтүстiк қырғыз манаптарының өзiне бағынуын талап еттi. Қырғыз манаптары Орман, 
Жантай және Жанқараш тайпаларының құрылтайын шақырды. Сарыбағаш, Бұғы, Саяқ, 
Солто, Шерiк және басқа тайпа өкiлдерi қазақ ханы талаптарын орындаудан бас тартты. 
Кенесары  он  мың  әскерiмен  1847  жылы  қырғыздар  жерiне  басып  кiрдi.  Бұл  елде 
алғашқы  ұрыстар  Ыстық  көлдiң  тау  шатқалы  қойнауында  және  Шу  өзенiнiң  бас 
ағысында өттi. 
 
Кенесары  жасақтарының  тағдырын  шешкен  ақырғы  қанды  шайқас  Кекiлiк-
Сеңгiр  тауы  маңайында  Майтөбе  деген жерде болды. 1847 жылы көктемде сұлтандар 
Наурызбай  мен  Ержанның  сарбаздары  қырғыз  ауылдарын  бiрнеше  рет  ойрандады. 
Манаптар  өзiнiң  басына  төнген  қауiптi  сезiп,  барлық  қырғыз  тайпаларына 
шабармандарын  жiберiп,  қол  жинап  күштерiн  бiрiктiрді.  Казiргi  Тоқмақ  қаласынан 


 
77 
шамамен  алты  шақырымдай  жерде,  Шу  өзенiнiң  сол  жағасындағы Кекiлiк-Сеңгiр өңiрi 
Кенесарының  ақырғы  шайқасы  болған жер. Тоқмақ маңында болған күштерi тең емес 
шайқаста Кенесарының 72 қазақ сұлтандары мен бiрнеше сарбаздары қаза тапты. 
 
Кенесары  әскерiнiң  үшiншi  бөлiгi  ғана  ұрыс  даласынан  шегiнiп  үлгерген. 
Қалғандары қанды-қырғын шайқаста опат болды, бiрқатары қырғыздар қолына түскен. 
Тұтқынданғандар арасында Кенесары, сұлтандар Құдаймендi, Ержан және басқа 32 төре 
тұқымдары  болған.  Шайқастан  соң  кейiнгi  үшiншi  күнi  Кенесары  мен  оның  жақын 
серiктерi адам жаны түршiгерлiк азаптаудан кейiн қатаң жазаланды. Кенесарыны әбден 
қинап  өлтiргендiгiн  көптеген  зерттеушiлер  растайды.  Тіпті  оның  терісін  тірілей 
сыпырып  алғаны  туралыда  жазылған.  А.  Кенесарин  естелiктерiнде  әкесiнiң  қалай 
өлтiргендiгiн  бiлмейтiнiн  мойындайды.  Н.  Маевтың  мәлiметiне  қарасақ,  Кенесарыны 
тiрiдей  қазандағы  қайнаған  ыстық  суға  салған.  И.Ф.  Бобковтың  естелiктерiнде 
Кенесарының  екi  iнiсi,  екi  жиенiмен  басқа  да  бес  сұлтандармен  азаппен  жан 
тапсырғанын растайды.  
 
Кенесары  басқарған  көтерілістің  жеңіліске  ұшырау  себептерiнiң  бiрi  -  бiр 
жағынан,  орыс  үкiметiнiң,  екiншi  жағынан,  Қоқан  билеушiлерiнiң  қырғыздарды 
қазақтарға  айдап  салуының  да  салдары  екендiгi  деректермен  дәлелденедi.  Қазақ 
халқының  азаттық  күресi,  шын  мәнiнде,  Ресейдiң  қырғыз жерiнде, Қоқан хандығын да 
жаулап  алуын  бiраз  уақытқа  шегердi.  Әсiресе,  Ташкент  бектерiнiң,  одан  кейiн  қырғыз 
манаптарының  Кенесарыға  қарсы  іс-қимылдары  отаршының  Орта  жүздiң  шұрайлы 
жерлерiн,  әсiресе, ұлы жүздi алуға жол ашқанын түсiну қиын емес. 
 
Егерде қазақ халқының он жылға созылған дәйектi күресi болмаса, Батыс және 
Солтүстiк  жақтарынан  әскерлерiн  қаптатқан  Ресей  үкiметi  өзiнiң  стратегиялық 
мақсатына  жету  үшiн  осы  маңайды  мүмкiн,  тiптi  XIX  ғ.  40-шы  жылдарында-ақ  
көпұлтты  империя  құрамына  қоспайтын  ба  едi?  Ел  iшiндегi  бытыраңқылық  пен  сан-
қилы  қайшылықтардан  қалыптасқан  қауiптi  жете  ескермеу,  қырғыз,  қазақ  және  өзбек 
халықтарын, кейiннен  түрiкмендердi патша үкiметiнiң бодандық бұғауына байлап бердi. 
 
Кенесары  Ресей  империясының  ұлттық  шет  аймақтарындағы  iрi  көтерiлiстiң 
бiрiн  аяғына  дейiн  басқарып,  жеке  басының  қамын,  от  басы,  туыс,  жақын 
қандастарының  тағдырын  ойламай,  халық  тағдыры  үшiн  өзiн  саналылықпен  өлiмге 
байлады.  Кенесарының  да  10  жылдық  арпалысы  қазақ  даласының  шалқыған  жерiн, 
таулы тасын, құм-шөлейттi өңiрiн ата-бабалары мұрасын отаршылардың қол сұғуынан, 
Романовтар әулетiнiң қанды шеңгелiнен аман сақтау едi. Әр өңiрдiң ой-шұқырының, көз 
жеткiзбейтiн  дала  мен  көгiлдiр  өлкесiнiң  халқымыздың  болашағы үшiн сондай қымбат 
екенiн  барлығы  да  түсiне  бере  ме?  Кенесарының  айбарлы  да  жүйелі  күресi  азапты 
өмiрiнiң  қыр-сырын, казiр де бағалап түсiне бiлдiк пе? 
 
2г.  XIX  ғасырдың  20-шы  жылдарынан  бастап  Хиуа  хандықтары  Сырдария 
қазақтарын шамадан тыс алым-салықпен қыспаққа ала бастады, тiптi бара-бара салықты 
қарулы  күшпен  жинайтын  болды.  Бұл  жағдайда  қазақтар  Ресейге  тәуелдiлiгiн 
сылтауратып,  Хиуа  ханына  зекет  төлеуден  де  бас  тартты.  Әсiресе,  Арал  бойы 
тұрғындарының  көпшiлігi  Хиуа  хандары  билiгiн  мойындамай,  тiптi  қарулы  қарсылық 
бiлдiрдi,  ал Арал маңының қазақтары азаттық күреске де шықты.  
 
Аса  күрделi  қарсылықты  Жанқожа  Нұрмұхамедов  батырдың  бастауымен 
Сырдарияның  төменгi  жағын  мекендеген  қазақтар  көрсеттi.  Олар  Хиуаның  әскери 
бекiнiстерiне  қайта-қайта  шабуыл  жасап,  елдi  мекендерi  мен  халқын  ойрандады. 
Мәселен,  1843  жылы,  Жанқожа  жасақтары  Қуаңдариядағы  бекiнiстi  қиратып,  1845 
жылдың  көктемiнде  Хиуа  ханы  осы  бекiнiстi  қалпына  келтiруге  жiберген  екi  мыңға 
тарта адамы бар хиаулық әскер бөлiмшесiн талқандады. 
 
Жанқожаны  соғыс  амалдарымен  бағындыра  алмаған  соң,  Хиуа  ханы  оған  өз 
билiгiндегi  қазақтарды айдап сала бастады. Қазақтар арасында орыстарға қарсы насихат 
күшейтiлдi.  Оларды  Ресей  бекiнiстерiне  жақын  жерге  қоныстану  мүмкiндiгiнен  айыру 
үшiн,  1847  жылы  Қуаңдария  өзенiн  бөгеп  тастады.  ¤зен  арнасы  Хиуа  бекiнiсi 
Қожанияздан  бастап  Арал  теңiзiне  дейiн  құрғап  қалды.  Бұған  қарамай  қазақтар  орыс 
бекiнiсi  Раимға  (Қазалы)  жақын  жерде  көшiп-қонып  жүрдi  де  орыс әскерiнiң қорғауын 
пайдаланды. 
 
Жанқожа  Нұрмұхамедов  Кенесарының  көтерiлiсiне  қатысып  (рас,  кейiн  ол бұл 
қозғалыстан  бөлiнiп  кеттi)  және  хиуалықтардың  Созақ  бекiнiсiн  талқандады.  Патша 


 
78 
әкiмшiлiгi  Жанқожаның  шектi  руы  арасында  беделi  өте  жоғары  екенiн  көрiп  және  оны 
отарлық  саясатты  жүргiзуге  тартуға  дәмеленiп,  оған  өздерiнiң  көңiлдерi  ауатындығын 
талай  рет  бiлдiрдi.  Мысалы,  1845  ж.  Жанқожаға  200  сом  және  шекпен  тiктiрiп, киюiне 
мауыт  мата  жiберiлдi,  ал  1848  жылы  жасауыл  шенiн  бердi.  Осыған  бара  тұра  патша 
әкiмшiлiгi  оған  орыс  үкiметiне  адалдығын  анықтау  үшін  ант  қабылдауды  ұсынды. Ал 
Жанқожа ант беруден бас тартқанда оны жасауыл шенiнен айырып, сол жердегi шағын 
шектi руын басқарудан да шеттедедi. 
 
1853  жылы  Ақмешiттi  алғаннан  соң  Сырдарияның  төменгi  ағысы  бойында 
әскери  шебi  құрылып,  оған  Раимнан  Ақмешiтке  дейiнгi  аудандар  кiрiп,  бұл  өңiрде 
отарлық  тәртiп  орнатылды.  Оның  аймағына  енген  қазақ  аудандары  патша  үкiметiне 
алым-салық  төлеуге  міндеттеледі.  Салық  киiз  үйімен  бiрге  жер үйлерге, ‘’баспананың 
басқа  түрлерiне  де’’  салынды.  Ру  басылары  мен  дін  өкілдері  ағайындарына  үстемдік 
көрсетіп,  олардан салық жинап қанауды күшейтеді.  
 
Қатардағы  қоғам  мүшелерi  оның  үстiне  көптеген  әр  түрлi  мiндеткерлiктер  де 
атқарды:  олар  орыс  бекiнiстерi  жанындағы  жолдарды  күтуге,  суландыру  жүйелерi 
арқылы өтетiн көпiрлердi  салуға, бөгеттерді жөндеуге, бас арықтарды тазартуға, тағы да 
басқа  көптеген  істерді  атқаруға  мiндеттi  болды.  Бұл  жұмыстарға  қазақтардың  көлiк 
малы ақысыз пайдаланылды. Сырдария шекаралық әкiмдерi Раим және N1 форт әскери 
бекiнiстерiн  тұрғызу  үшiн  мыңдаған  қазақтарды  айдап  әкелдi.  Ерiксiз  жұмыс  iстеу 
Сырдария  қазақтарының  1856-1857  жылдардағы  көтерiлiске  шығуының  негiзгi  себебi 
болды.  
 
Сырдария  шебi  оқ-дәрi,  киiм-кешек  және  азық-түлiкпен  Орынбор  арқылы 
қамтамасыз  етiлiп  тұратын  едi.  Перовск  фортынан  Орынборға  дейiн  және  керi  қарай 
барлық жүктi Сырдария қазақтары тасып жеткiздi. Бұл үшiн көп түйе керек болды, оны 
жергiлiктi  патша  үкiмет  орындары  қазақтардан  күшпен  тартып  алып  отырды.  Осы 
істерге қазақтардың әрбiр шарушылығы бiр-бiрден түйе бөлуге мiндеттелдi. 
 
Патша әкiмшiлiгi казактар отбасын Сырдарияның төменгi бойына қоныстандыра 
бастады. Мысалы, 1849 жылы Раим бекiнiсi маңында Орынбор казактарының 26 отбасы 
тұрды.  Келімсек  қоныстанушылар  саны  жылдан-жылға  арта  бердi.  Казак  әскерлерiне 
Сырдарияның  екi  жағасындағы  игерiлген  құнарлы  жерлер  бөліндi.  Бұл  орайда  жердiң 
байырғы  иелерi  -  қазақтар  тың  және  қуаң-құнарсыз  жерлерге  ығыстырылып,  ал 
кейбiреулерi  Ресей келiмсектерi мен шенеуніктерiне жұмысқа жалдануына тура келдi. 
 
Осының  бәрi  1856  жылдың  желтоқсанында  хиуалық  бекiнiс  Жаңа  қалада 
Сырдария  егiншiлерiнiң  көтерiлiсiне әкелiп соқтырды. Бiрнеше күнде көтерiсшiлер саны 
үш  мың  адамға  дейiн  ұлғайды.  Cөйтiп,  бұрын  Жанқожа  Ресей  әскери 
басшылықтарының  хиуалықтарға  қарсы  күресiнде  одақтасы  ретiнде  көрiнсе,  ендi 
Сырдария  мен  оның  сағасындағы  аудандардың  отарлауына  қарсы  белсендi  күрескер 
болып  шықты.  1856  ж.  аяғына  таман  бүкiл  Қазалы  өңiрiн көтерiлiс жалыны шарпыды. 
Көтерiлiске тек шектiлер ғана емес, басқа рулар да, оның iшiнде көшпелiлер  де қатысты. 
Бұл  көтерiлiс  кезiнде  де  Жанқожа өзiнiң жақсы меңгерген әдiсiн қолданды, сөйтiп 1856 
ж.  аяғында  Қазалы  фортын  қоршауға  алып  оның  алдында  келiмсектер  тұрған 
Солдатская слобода поселкасын жойды.  
 
Көтерiсшiлерге  қарсы  осы  фортта  тұрған  (казактар  жүздiгi,  жаяу  әскердiң  50 
адамы,  бiр  зеңбiрегi)  Михайлов  отряды  соғысқа  шықты.  Патша  әскерлерiнiң  майоры 
Булатов  қолбасшылық  еткен  екiншi  отряды  да  көтерiлiстi  басуға  шықты.  Бұған  қоса 
Перовскийдiң  бұйрығымен  Ақмешiттен  көтерiлiстi  басуға генерал-майор Фитингофтың 
отряды  (265  солдат)  аттанды. Желтоқсанның соңғы күндерiне дейiн соғыс шайқасушы 
жақтардың алма-кезек басымдықтарымен жүрiп жатты.     
 
1857 ж. 9 қаңтарында көтерiсшiлер мен Фитингофтың отряды арасында шешушi 
ұрыс болып өттi. Жанқожада 5000-ға дейiн қарулы салт аттылар болғанына қарамастан, 
шайқас  барысында  көтерiсшiлер  жеңiлiске  ұшырады.  Ұрыстан  кейiн  Фитингоф 
көтерiсшiлердi  iзiне  түсiп  қуа  бастады,  оларды  Сырдарияның  оң  жағалауына,  демек 
Хиуа хандығы шебiне өтуге мәжбүр еттi. Жанқожамен бiрге 20 шақты ауыл көшiп кеттi. 
Хиуа  хандығында  Жанқожа  Хиуа,  Бұқара,  Қоқанд  билеушiлерi  тарапынан  өзiне 
одақтастар  табуға  әрекеттендi,  бiрақ  оған  мұның  сәтi  түсе  қоймады.  Қазақтардың 
Жанқожа Нұрмұхамедов басқарған көтерiлiсi осылай аяқталды. 


 
79 
 
Отаршылар  әскерi  көтерлiс  iзiмен  жазалау  шаралары  ауылдарды  тонаумен 
сабақтасты. Мысалы, тек мүйiздi iрi  қарадан 21,4 мың мал тартылып алынды және тұтас 
алғанда  өңiрдегi  қазақ  ауылдары малының жалпы саны бұрынғы қай кездегiден де үш 
есе  көп  болды. Оның үстiне жазалау шаралары қатардағы еңбеккерлерге қатты соққы 
болып  тидi.  Жанқожаның  өзi  көтерiлiспен  айналыспай  тек  бидiң  мiндетiн  атқарды,  ал 
кейiннен  оны өзiнiң  қарсыластары өлтiрдi. 
 
Көтерiлiсшiлердiң  жеңiлiске  ұшыруына  олардың  нашар  қарулануы  мен  мешеу 
тактикасы, бiр шеңберден аспай, ескi ортағасырлық тәртiптерге сүйенуi себепшi болды. 
Cонымен  қатар,  көтерiлiстiң  ұйымдастыру  дәрежесiнiң  төмендiгi  мен  қарадүрсiндiк 
сипаты,  ондағы  қазақ  билеушi-шонжарларының  сатқындық  рөлi  де  шешушi  себепкер 
болды. 
 
Дегенмен,  сол  заманда  өткен  көтерілістердің  зерттелгендері  бар,  зерттеуiн 
күтудегi  көтерiлiстердiң  бәрi  де  қазақ  халқының  тәуелсiздiкке,  бостандыққа 
құштарлығын  құлдықтан  құтылудың  жолын  iздеуге  талпынуы  ерлік  жігерін  күшейтіп 
отаршылдыққа төзбейтiнiн анық көрсеттi. 
 
Сегізінші  дәрiс. 
    XVIII - XIX ғғ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет