Әлеуметтік реформалар және білім жүйесіндегі өзгерістер Әлеуметтік реформалар және әлеуметтік жаңару: кедейшілікті еңсеру, халықты еңбекпен қамтуды көтеру, жастарды, студенттерді қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар, зейнетақы мен жәрдемақыны арттыру реформасы. 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы: «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты». Адам капиталын, елдің еңбек қуатын дамытудың стратегиясы. Жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің жаңа стратегиясы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты жаңарту.
Денсаулық сақтау, спорт және дене шынықтыруды дамыту. Астана және Алматы қалаларында өткен қысқы Олимпиада ойындары, 7-ші Азия ойындарындағы қазақстандық спортшылардың жетістігі.
Ел халқының табысы аз топтарын қолдау және көмек беру. Бюджеттік ұйымдарда жалақыны көтеру. Салауатты өмір салты - ұлт болашағын қалыптастырудың негізі.
Қазіргі білім жүйесін жаңартудың өзекті мақсаттары мен міндеттері. Білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту. 2010 жылы Қазақстанның Болон үрдісіне қосылуы және Болон декларациясына қол қою. Мамандарды дайындаудың үш деңгейлі жүйесін енгізу: бакалавр – магистр - PhD доктор. Техникалық және кәсіптік білім беруді қайта құру.
2005-2010 жылдардағы Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының нәтижесі. Инновациялық негіздегі жоғары білім беруді дамыту стратегиясы. Президенттің «Интеллектуалды ұлт-2020» бағдарламасы және оның маңызы. Қазіргі білім беру моделі.
ЖОО-ның инновациялық қызметке көшуі. Оның дамуының тетіктері. «Назарбаев-университеті» негізінде жоғары оқу орындарының инновациялық үлгісін қалыптастыру.
Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу міндеттеріне сәйкес ғылымның дамуына және ҒТҮ (ғылыми –техникалық үдеріс) -ті басқаруға жаңа көзқарас қалыптастыру.
Этнодемографиялық үдерістер және ұлтаралық келісімнің нығаюы Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер. «Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастардың қайтып оралуы. Егемендік жағдайындағы алғашқы халық санағы, оның қорытындылары. 2009 жылғы Қазақстандағы халық санағы, халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер.
Біртұтас ұлт болашағының қалыптасу мәселелері. Қазақстан Республикасы Конституциясы. ҚР заңдары: «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы», «Білім туралы», «Тілдер туралы», «Мәдениет туралы». Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің біртұтастық тұжырымдамасы. Қазақстан ұлттық бірлігінің доктринасы. «Қазақстандық халықтың бірлігі мен тұтастығының нығаюы мен дамуы тұжырымдамасының» мақсаттары мен принциптері.
Мемлекет Басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға бірдей Еңбек Қоғамына жиырма қадам» мақаласы. Нақты өнімді еңбек, бәсекеге қабілетті және күшті Жалпыға бірдей Еңбек Қоғамын құру – ҚР әлеуметтік жаңарту саясатының негізі. Мемлекеттік жаңғыртудағы Тұңғыш Президенттің бастамалары.