Ќазаќстан тарихы


Қазақстандағы рухани, шаруашылықтық «тоқыраулар» және экологиялық дағдарыстар



бет8/16
Дата21.12.2022
өлшемі235,5 Kb.
#58807
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Қазақстандағы рухани, шаруашылықтық «тоқыраулар» және экологиялық дағдарыстар
Жоғарғы партиялық-мемлекеттік басқару жүйесіндегі ойластырылмаған біржақты өзгерістер. Л.Брежнев бастаған топтың билікке келуі. 1965 – 1966 жж экономикалық реформалардың аяқсыз қалуы. Басқарудағы сөзбұйдалықтың күшеюі. Идеологиялық тоқырау.
Қазақстанның КСРО-ның өнеркәсібін өркендетуге үлесі. Өнеркәсіптің дамуындағы қайшылықты сипат. Өндіріс орындарының дербестігінің шектелуі. Жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайындағы келеңсіздіктер. Өнеркәсіп дамуындағы тоқырау құбылыстарының бел алуы.
Әкімшіл басқарудың аграрлық саладағы қайшылықтарды асқындыра түсуі. Ауыл еңбеккерлерін материалдық ынталандырудың төмендеуі. Ауыл шаруашылығын басқару мен ұйымдастырудың өмірге жақын жаңа түрлерін енгізуге бағытталған біржақты бастамалар және олардың сәтсіздіктері. Шаруашылықаралық аудандық агроөнеркәсіптік бірлестіктерді агроөнеркәсіптік кешендерге жоғарыдан біріктірудің тиімсіздігі.
Еңбекақыны төлеудегі әділетсіз теңгермешілік, халықтың басым бөлігінде негізгі табыстың төмендеуі. Партиялық-мемлекеттік, әскери және шаруашылық басқару жүйесіндегілерге берілген артықшылықтар- әлеуметтік әділетсіздікті өрістете түсуге бағытталған қадам. Халықтың материалдық тұрмыс жағдайының төмендеу себептері. Тұрғын үй мәселесіндегі шешілмейтін қиыншылықтар. Ақшаның құнсыздануы. Тұтыну тауарларының тапшылығы. Экологиялық дағдарыстар. Арал қасіреті. Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптары. Өнеркәсіп өндірістерінің қоршаған ортаны ластауы.
Мәдениет пен ғылым. Жоғарыдан әміршіл басқарудың күшеюінен мәдени және рухани өмірдегі қайшылықтардың тереңдей түсуі. Ұлт саясатындағы әділетсіз бұрмалаушылықтардың асқынуы. Целиноград оқиғасы. Қазақ тілінің қолдану аясын қасақана тарылту. Ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктер мен олардың қайшылықты сипаты.
Кеңестік Қазақстанды қайта құру әрекеттері
КОКП-ның әміршіл-әкімшіл басшылық рөлі мен М.С.Горбачевтың демократияшыл, реформаторлық қызметі арасындағы қарама-қайшылық. Жариялылық пен демократияны насихаттау барысында одақтық республикаларда туындаған ұлттық шиеленістер. Экономикалық дағдарыс. КСРО –ның әкімшіл-әміршіл жүйесін демократиялық жолмен қайта құруға талпыныстар.
Елді басқарудағы елеулі өзгерістер және реформаторлық бағыттың біртіндеп үстемдік алуы. Қайта құру мен жариялылықтың экономикаға әсері. Ұлттық республикалардың экономикалық өзін-өзі басқаруға және өзін-өзі қаржыландыруға қол жеткізу жолындағы талпыныстары. Экономиканы басқарудағы өзгерістер. Одақтық басқару жүйесіндегі жекелеген мемлекеттік кәсіпорындардың республикаларға қайтарылуы. Экономикалық тәуелсіздікке жету шараларының жартыкештігі.
Д.А.Қонаевтың Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшысы қызметінен босатылуы. Алматыдағы және республиканың басқа қалаларындағы Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері. Партиялық басшылықтың бастамасымен жастарға және зиялы қауым өкілдеріне қарсы бағытталған қуғын-сүргіннің қайта өршуі. Орталық биліктің оқиғаға берген әділетсіз бағасы. Қазақстанда ұлт-азаттық сананың өсе түсуі. Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми ақталуы және оның жартыкештігі. Жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың пайда болуы. Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесінің сайлануы. Президенттік институттың енгізілуі және тұңғыш президенттің сайлануы. Тіл туралы заңның қабылдануы мен оның маңызы. Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. 1991ж тамыз бүлігі. КОКП қызметінің тоқтатылуы. Кеңестер Одағының ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет