Ќазаќстан тарихы



бет5/16
Дата21.12.2022
өлшемі235,5 Kb.
#58807
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
ТУП ҚАЗҚЗТ ЖОБА (2)

негізгі бөлім


Блок 1 ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІККЕ БАРАР ЖОЛДА: ДАМУ ФАЗАЛАРЫ МЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛЫС ИДЕЯЛАРЫ.
Ұлттық мемлекет құру жолындағы қозғалыстар
Қазақ халқының ұлттық қозғалысының бастаулары. Ұлттық қозғалыс түрлерін сипаттау. Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі. Жәдидтік ағартушылық ойларының Ұлы Дала еліне ықпалы. Ресей империясының түрік-мұсылман халықтарының интеллектуалды элиталарының өзара ықпалдасуы. Мұсылмандардың қайымырымдылық қоғамдары және олардың қызметі. Бірінші орыс революциясының қоғамдық-саяси қозғалысқа әсері. Қарқаралы петициясы. Қазақ элита өкілдерінің жалпыресейлік Мұсылман съездеріне (С-Петербург, Н-Новгород) қатысуы. Империяның түрік-мұсылман халықтарының консолидациясындағы «Иттифак-эль-муслиминнің» (Мұсылмандар одағы) рөлі. Қазақтардың Ресейдің І – ІІ Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы. Мемлекеттік Думаның Мұсылман фракциясы. Аграрлық мәселе және қазақ депутаттары А.Бірімжанов пен Б.Қаратаевтың сөздері. Қазақ саяси элитасының (Ә.Н.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, Ш.Құдайбердіұлы, М.Тынышбаев және т.б.) қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеу әрекеттері. Ресейлік түркіліктің доктринасы: қазақ ұлттық қозғалысының қалыптасуына әсері.
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ өлкесі. Қазақстандағы соғыс тұтқындары. Қазақстан аумағындағы халық бұқарасы жағдайының нашарлауы. Жалпыұлттық дағдарыстың пісіп-жетілуі. «Тыл жұмыстарына бұратаналарды реквизициялау» туралы 1916 ж. 25 маусымдағы жарлық, оның халыққа қарсы мәні. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері. Қозғалыстың көшбасшылары: А.Иманов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ә. Жанбосынов, Ұ. Саурықов және басқалар. Қарқара көтерілісі («Албан көтерілісі») - 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт - азаттық көтерілісінің Жетісу облысындағы орталығы. Орыс әскерінің жазалау әрекеттері. Көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы. Патша өкіметінің жазалау шараларының салдары. Қазақтардың Қытайға (Құлжа өлкесі, Қашқар), Ауғанстанға жаппай иммиграциясының алғашқы толқыны. 1916 жылғы көтеріліске қазақ зиялыларының көзқарасы. Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында 1916 ж. көтерілісті бағалауға жаңаша көзқарастың қалыптасуы.
Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігі. Саяси партиялар: большевиктер, кадеттер, эсерлер, «Алаш», «Үш жүз», «Шуро-и-ислам», «Шуро-и-иулемия» және т.б.
Жаңа заман дәуіріндегі ұлттық идея, ұлттық мемлекеттіктің қалыптасу эволюциясы. ЮНЕСКО шешімімен Алаш қозғалысының көшбасшысы Ә.Н.Бөйкейхановтың 150 жылдық мерейтойының атап өтілуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет