Ќазаќстан тарихы


Кеңестік Қазақстанның тарихи бастаулары: қазақтандыру қиыншылықтары



бет6/16
Дата21.12.2022
өлшемі235,5 Kb.
#58807
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
ТУП ҚАЗҚЗТ ЖОБА (2)

Кеңестік Қазақстанның тарихи бастаулары: қазақтандыру қиыншылықтары
Азаматтық қарсыласу жылдарындағы Қазақстан. Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі. Кеңес өкіметін заңдастыру шаралары. Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктері. «Ресей халықтары құқы Декларациясы»: сөз бен істің қайшылығының айқын көрінісі. Қоқан автономиясы - түркістандықтардың тәуелсіз мемлекет құруға талпынысы. Қазақ зиялылыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс-әрекеттері. «Алаш» қозғалысы және Екінші жалпы қазақ съезі. Қазақтардың Бүкілресейлік құрылтай жиналысындағы ұстанымдары. Алашорда өкіметінің кеңестік билікті қазақ мүддесіне бейімдеу әрекеті. Большевиктердің қазақ елінде Азамат соғысын ұйымдастыруы. Алаш Орданың алғашқы қазақ әскерлерін жасақтап, ұлт мүддесін қорғауға бағытталған шаралары.
Қазақ елі «ақтар» мен «қызылдардың» текетірес күрестерінің сахнасы. Алашорда үкіметінің қазақ әскери жасақтарының іс-қимылдары. Қазақ халқын таптық тұрғыдан екіге бөлу. Соғыс қимылдарының бүкіл қазақ өлкесін қамтуы. Азамат соғысының қазақтың дәстүрлі шаруашылығын күйзелтуі. «Әскери коммунизм» саясатының қазақ өлкесіндегі арандату әрекеттері. Қырғыз (Қазақ) революциялық комитетінің ұлттық мемлекет құру идеясын күйретуі. Қырғыз (Қазақ) АСР-ның құрылуы – ұлттық мемлекет құру идеясын таптық негіздегі мемлекет құру идеясымен ауыстыру. Қырғыз (Қазақ) АКСР –нің территориялық аймағының «жоғарыдан» белгіленуі. Кеңестік тоталитарлық басқару жүйесінің негіздерінің қалануы.
Кеңестік тоталитарлық Қазақстанның қалыптасуы: сипаты, шаралары, сабақтары
Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). Оған көшудің әлеуметтік-экономикалық және саяси негіздері. ЖЭС-тің мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері. Қазақстандағы аштыққа қарсы қазақ зиялыларының күресі. Жер-су реформасының мақсаты. Оны жүзеге асырудағы ауытқулар мен қателіктер. Қазақ өлкелік партия комитетінің «қазақ ұлтшылдығына» қарсы күресі. Түркістан республикаларын ұлттық-мемлекеттік межелеу - біртұтас Түркістан идеясының біржақты күйреуі. Қазақ жерлерінің ҚКАСР құрамына біріктірілуі.
Коммунистік партияның қоғамдағы саяси дара билігінің күшеюі. Жаңа көпұлтты империя - КСРО-ның құрылуы. Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұны. Қазақ өлкелік партия комитетінің жер мәселесіне байланысты шешімінің отарлық мазмұны. Қазақ зиялыларын қуғындаудың басталуы.
Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен әдістеріне байланысты теориялық айтыстар. Қазақ қайраткерлерінің индустрияландыруға байланысты пікірлері. Қазақстанды индустрияландыру идеясының отаршылдық мазмұны.
Қазақтың дәстүрлі шаруашылығын сталиндік реформалау негізінде қайта құрудағы асыра сілтеулер. Жайылымдық-шабындық жерлерді бөлу және оның нәтижелері. Қазақ ауылын кеңестендіру –дәстүрлі қазақ қоғамын талқандау. Бай қожалықтарын тәркілеу және оның әлеуметтік- экономикалық салдарлары. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарын күшпен отырықшылыққа көшіру. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға көшу. Ұжымдастырудың әдістері, түрлері, қарқыны. Еріктілік пен заңдылық принциптерінің бұзылуы. Адам құқының тапталуы. Ауқатты шаруалар қожалығын тап ретінде жою. Қазақтардың дәстүрлі шаруашылық жүйесінің күйреуі. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер – ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы. Қазақтардың шетелге ауа көшулері. Қазақтардың аштан қырылуы. Қазақ босқындарының қайғылы тағдыры. «Бесеудің хаты». Т.Рысқұловтың И.Сталинге хаты –ащы шындықтың ақиқаты. Аштықтың демографиялық салдарлары. 30-шы жылдардың екінші жартысындағы Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы ауыр ахуал.
Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі, мәдениетіндегі, білімі мен ғылымындағы ұлт мәселесіндегі таптық-партиялық принципті ұстану залалдары және оның ұлыдержавалық астарлары. Қазақ мүддесін қорғаушылар - С.Сәдуақасовтың, С.Қожановтың және Ж.Мыңбаевтың ұстанымындағы теориялық-саяси мәселелер. Ф.И.Голощекиннің Алаш зиялыларына ымырасыз шабуылы. Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргін – қазақ ұлтын рухсыздандырудың және мәңгүрттендірудің бастауы.
Қазақстанды әкімшілік-территориялық аудандастыру – тоталитарлық басқаруға барар қадам. КСРО мен ҚазКСР Конституциялары – сөз бен істің қайшылығы. Қазақ АКСР-ның одақтас республикаға айналуы. Сталиндік «үлкен» қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр салдарлары. Қиыр Шығыстағы корейлердің Қазақстанға еріксіз қоныс аударылуы - адам құқығының аяқасты етілуі. М.Шоқайдың эмиграциядағы саяси қызметі – түрік халықтарының рухани жаңаруына бағытталған елеулі қадам.
Мәдениетте солақай және біржақты большевиктік тұжырымдаманың үстемдік алуы – қазақтардың рухани қасіреті. Мәдениеттің ұлттық негіздеріне көпе-көрнеу шабуылдауды өршіту. Әдебиет пен өнердегі социалистік реализмнің біржақтылығы. Театр және музыка өнері. Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық қызметі. Мәскеудегі Қазақстан әдебиеті мен өнерінің он күндігі – ұлт рухының өміршеңдігінің айқын көрінісі.
Кеңес өкіметінің білім және ғылым саласындағы реформаларындағы қайшылықтар. Сауатсыздықпен күрес. Білім беру жүйесінің қалыптасуы. Ағарту саласындағы қайшылықтар мен келеңсіздіктер. Қазақ тілінің араб алфавитінен латын және кириллицаға көшірілуі. А.Байтұрсынов бастаған топтың әліпби ауыстыруға қарсы әрекеті. Ғылым мен ғылыми мекемелердің дамуы. КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасының КСРО ҒА-ның Қазақ филиалы болып қайта құрылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет