Ќазаќстан тарихы



бет1/55
Дата10.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#73146
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Қазақстан тарихынан 9 сыныпқа арналған тест тапсырмалары


ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН


1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ- АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫС
І. 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалыстың себептері мен басталуы
ІІ. Қозғалыстың Жетісудағы орталығы
ІІІ. Торғайдағы көтеріліс орталығы
ІҮ. Қозғалыстың корытындылары

І. 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалыстың себептері мен басталуы


1.1907-1912жылдары Қазақстанға елдің еуропалық бөлігінен қоныстандырылған адамдардың саны. 2 млн 400 мың.


2. 1917 жылға қарай Қазақстанда қазақтардан тартып алынған жердің көлемі: 45 млн астам.
3. «1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этностық жанжалдар даладағы өмірдің сипатты белгісіне айналды»,-деп жазды: Т.Рысқұлов
4. 1913жылдың өзінде «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі прблемаға айналды»,-деп жазған: А.Байтұрсынов.
* Столыпин реформасының бас кезінде «Санкт- Петербургские ведомости» газеті: «Егер мемлекет мүддесі қырғыздарды құрбан етуін талап етсе, әрине, бұған қарсы шығудың керегі жоқ...»- деп жазған болатын
5. Бәсекелес әскери- саяси блоктар –Үштік Одақ пен Антанта әкеліп соқтырды: Бірінші Дүниежүзілік соғысқа
* Бірінші дүниежүзілі к осғыс қатысқан мемлекеттер саны: 28
6. «Қазақ» газетінде басылған «Тағы соғыс» мақаласының авторы: Ә.Бөкейханов.
* Ол: «Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайда жоқ. Нарлар алысар, ал шаруасын бұзып, қанын төгетін- сорлы халық болар. Жиырмасыншы ғасырда Еуропа патшалықтарының қылған ісі кімнің алдында ақталмақ?»- деп жазды.
7. 1914-1918 жылдардағы Ресей үшін Қазақстанның шикізат көзі ретіндегі рөлі осы оқиғаға байланысты күшейді: Бірінші дүниежүзілік соғыс.
* Қазақ даласынан арзан бағамен орасан көп мөлшерде мал сатылып алынды. Патша армиясы үшін киіз үй мен бұйымдар жиналды. Жергілікті халық соғысқа арналған жүктерді (негізінен, азықты) темір жол станциясына тасуға мәжбүр болды.
8. 1916 жылғы оқиғалар қарсаңында Қазақстанда енгізілген жаңа салық түрі: Соғыс салығы.
9. 1916 жылғы халық көтерілістің негізгі себебі: : 19- дан 43 жасқа дейінгі адамдарды қара жұмысқа алу туралы патша жарлығы .(* ұлттық және әлеуметтік езгінің халықтың кегін қайнататын деңгейге жетуі)
10. 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа желеу болған себеп: Қазақтан қар жұмысқа жігіт алу.
11. 1916 жылғы 25- маусымдағы патша жарлығы бойынша қара жұмысқа алынатын адамдардың жасы: 19-43.
12. 1916жылғы 25- маусымдағы патша жарлығы бойынша Түркістан мен Дала өлкесінен қара жұмысқа алуға көзделген адам саны: 500 мыңнан астам
13. 1916 жылғы қозғалыстың қамтыған аумағы: бүкіл Қазақстан, Орта Азия, Сібір мен Каваказдың бір бөлігі.
14. 1916- жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың басты қозғаушы күші: Халық бұқарасы.
15. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың сипаты: Империализмге, отаршылдыққа қарсы.
16. 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалыстың басты идеясы: ұлттық тәуелсіздік.
17. 1916 жылғы 23-тамыздағы үстем тап өкілдерін қара жұмысқа алудан босату туралы жарлық шығарған генерал-губернатор: А.Куропаткин.
18. Жергілікті әкімшілік, байлар мен мұсылман дінбасыларының балалары босатылды: Тыл жұмыстарына адамдар алуына көмектескені үшін.
19. 1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліске шыққан халық бірінші кезекте:

20. Ырғыз, Торғай уездерінде дала ақсүйектерінің хан сайлаған өкілдерінің саны: 9


21. 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалыс кезінде Шерубай- Нұра болысының ханы болып сайланды: Нұрлан Қияшев
22. 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалыс кезінде Қарашақ болысының хан болып жарияланған: Оспан Шоңов
23. 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалыс кезінде Верный уезінің Жайымтал болысының ханы болып сайланды: Бекболат Әшекеев
24. Болыстық басқару жүйесі қалпына келтірді, ел бегі- әкім.
* Жасақшы- сот алқасы
* Қазынашы- қазына билеуші
* Сардарбек- армиясының қолбасшысы.
25. 1916 жылғы маусымадғы патша Жарлығының байлар мен ауыл старшындарының ұстанған бағыты: жақтады.
26. «Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар»,-деп жазды олар 1916 жылғы қазандағы Үндеу хатында. Байтұрсынов, Бөкейханов, Дулатов.
27. 1916 жылғ 25 маусымдағы патша Жарлығына қазақтың либерал- демократиялық зиялы қауымының (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дұлатов) көзқарасы: парасатты ымыраластық


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет