42. ІІ Жалпықазақ съезі Орынборда өтті: 1917 жылы желтоқсан.
43. 1917 жылдың желтоқсанында қазақ облыстарының автономиясына берілген атау: Алаш
44. Алашорда орналасқан жері: Семей
45. Алашорда үкіметінің құрылған жылы: 1917 жылы желтоқсан
46. Алашорда үкіметінде төраға болып сайланған: Ә. Бөкейханов.
47. Алашорда Уақытша Халық кеңесінде қазақтар арасында тұратын орыс және бсқа халықтарға берілген орын саны: 10
48. Алаш партиясының Семей уезінде ие болған дауыс үлесі: 85,5%
49. Алаш партиясының Торғай, Орал губернияларында ие болған дауыс үлесі: 75 %
50. Алаш партиясының Жетісу губерниясында ие болған дауыс үлесі: 57,5%
51. 1917 жылдың қарашасы мен 1918 жылдың қаңтары аралығында өткен сайлау нәтижесі: «Алаш» партиясының бағдарламасының талаптарын қолдайтынын көрсетті
Қазақстанда кеңес билігінің орнауы
52. Қазақ даласында Кеңес билігі алдымен орнады: теміржол бойындағы қалаларда
53. Қазақстанда кеңестер билігі ең алғаш орнаған қала: Перовск
54. Перовск (Қызылорда) Кеңес өкімет билігін өз қолына алды: 1917 жылы қазан
55. Кескілескен ұрыс нәтижесінде Ташкентте кеңес үкіметі құрылды: 1917 жылы 1 қараша
56. Ташкентте өткен өлкелік съезі жаңа өкімет «Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі» орнағанын жариялады: 1917 жылы 15- 22 қараша
* Халық Комиссарлары Кеңесінің 14 адамдық құрамы жарияланды. Алайда оның құрамында мұсылман халқының бірде- бір өкілі болған жоқ.
57. 1917 жылы Кеңес өкіметіне қарсы біріккен күш: Алашорда.(* Алаш- Орда, эссер, меньшевиктер, атаман Дутовтың басшылығымен казактар)
58. Бөкей ордасында Кеңес өкіметі жарияланды: 1917 жылы желтоқсан
59. Ырғыз және Торғай уездерінде Кеңес өкіметі жеңіп шықты: 1918 жылдың басы
60. Оралда кеңес өкіметі қиын жағдайда орнатылды: 1918 жылы қаңтар
61. Кеңес өкіметі Оралда біржола орнатылды:15 қаңтар 1918ж
62. Павлодар кеңесі өкімет билігін өз қолына алды: 1918 жылы қаңтар
63. Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына көшті: 1918 жылы 16- 17 ақпан
64. 1918 жылғы наурыздың 2- 3 қараған түні қарулы көтерілісінің нәтижесінде Кеңес өкіметі орнаған қала: Верный
65. Жетісу облысының барлық жерінде Кеңес өкіметі жеңді: 1918 жылы наурыз.
66. Қазақстанда Кеңес өкіметінің жеңуіне байланысты Уақытша үкіметтің жергілікті органдары, қоныстандыру басқармалары, болыстық мен ауылдық старшындар институты, билер соты таратылды.
68. Іріткі салу және ішкі контрреволюцияға қарсы күресу үшін құрылған: Бүкілресейлік Төтенше Комиссиясы
68. Орынборда Кеңестердің Торғай облыстық І съезі Қызыл армия бөлімдерін құру туралы шешім қабылдады: 1918 жылы наурыз, сәуір
69. 1918 жылың көктеміндегі Кеңес өкіметінің Алашордаға қарсы күресі басталды: Алашорда үкіметінің баспасы «Қазақ» газетінің жапқанмен
70. Қазақ депутаттары (С.Сейфуллин, А.Асылбеков) Кеңестерінің Ақмола уездік съезі Алашорда автономиясын теріске шығарған қарар қабылдады: 1918 жылы наурыз.
71. РКФСР- дің ажырағасыз бөлігі ретінде Түркістан АКСР- і жарияланды: 1918 жылы сәуірде Ташкентте Түркістан өлкесі Кеңестерінің Төтенше Ү съезі.
72. Кеңестік Шығыстағы тұңғыш Кеңестік ұлттық мемлекеттік құрылым: Түркістан автономиясы
73. 1918 жылы сәуірде Ташкентте құрылған Түркістан автономиялық КСР- інің құрамына кірген облыстар: Сырдария мен Жетісу
Достарыңызбен бөлісу: |