Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан сұрақтары


Қазақ жүздері. Қазақтардың құрамындағы субэтникалық топтар (төре, қожа, төленгіттер)



бет18/60
Дата28.11.2023
өлшемі127,9 Kb.
#131083
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60
Байланысты:
stud.kz-94406

32.Қазақ жүздері. Қазақтардың құрамындағы субэтникалық топтар (төре, қожа, төленгіттер).
Жүз - тарихи қалыптасқан қазақ руларының одағы. Қазақ халқы үш жүзден құрылған - Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз. Олардан басқа жүздерге кірмейтін рулар да бар.
Ұлы жүз рулары Оңтүстік Қазақстанды мекендеген. Олардың құрамына: Албан, Дулат, Жалайыр, Қаңлы, Ошақты, Сарыүйсін, Шанышқылы, Шапырашты, Сіргелі, Суан, Ысты тайпалары кірген.
Орта жүз рулары Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстанды мекендеген. Олардың құрамына: Арғын, Керей, Қоңырат, Қыпшақ, Найман, Тарақты, Уақ тайпалары кірген.
Кіші жүз рулары Батыс Қазақстанды мекендеген. Олардың құрамына: Әлімұлы тайпасындағы Қаракесек, Қарасақал, Кете, Төртқара, Шекті, Шөмекей рулары; Байұлы тайпасындағы Адай, Алаша, Алтын, Байбақты, Беріш, Жаппас, Есентемір, Қызылқұрт, Масқар, Тана, Таз, Шеркеш, Ысық рулары; Жетіру одағы құрамындағы Жағалбайлы, Кердері, Керейіт, Рамадан, Табын, Тама, Тілеу рулары кіреді.
Жүздерге кірмейтін рулар: Төре (қазақ руларын билеген Шыңғыс ханның ұрпақтары), Төлеңгіт (хан, сұлтандардың нөкерлерінің ұрпақтары), Қожа (көшпенділер арасында ислам дінің таратушылардың ұрпақтары), Ноғай-қазақтар (Ноғай елінен келіп, қазақтарға паналаған ноғайлардың ұрпақтары), Сунақ (Созақ қаласында ислам дінің таратқан, діни қайраткер, ғалым - Хисамеддин немесе Сунақ атаның ұрпақтары).


33.Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба деректердің бірі Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегі. Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда сол кездегі саяси жағдайға байланысты Қазақ хандығы туралы да көп мәлімет келтірілген. Абулғазы, Қадырғали Жалайыри өз еңбектерінде Қазақ хандығы, оның билеушілері туралы мәліметтер қалдырды. Сонымен қатар Қазақ хандығы кезеңіне байланысты шығыс деректерінің маңызы зор.Қазақ хандығының құрылуына 1457-жылдан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы мұрындық болды.
Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер - «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465—1466) билей бастады...».
Қазақ хандығының алдында үлкен тарихи міндеттер тұрды:
1. Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілхайыр хандығындағы аласапыран кезінде бұзылған еді).
2. Шығыс пен батыс сауда керуен жолы үстіне орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Яса (Түркістан) т. б. қалаларды Қазақ хандығына қарату. Себебі Сырдария бойындағы бай қалалар бұдан бұрынғы мемлекеттік бірлестіктердің — Ақ Орданың, Әбілхайыр хандығының саяси-әкімшілік және сауда-экономикалық орталықтары еді. Сырдария бойындағы қалаларды өзінің экономикалық және әскери тірегіне айналдыру Дешті-Қыпшақ даласын билеудің басты шарты болып келген. Сондықтан бұл қалалардың саяси-экономикалық және соғыс-стратегиялық маңызы зор еді.
3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территориясын
біріктіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет