Қазақстан тарихының негізгі деректері мен тарихнамасы.
Деректемелер: -Заттай немесе археологиялық. Адамдардың өмірі мен тіршілігі туралы заттай деректерге сүйеніп зерттейтін ғылым саласа археология деп аталады.
-Этнографиялық. Этнография- бұл халықтардың әдет-ғұрып, салт-санасының дамуын, ерекшеліктерін зерттейтін ғылым.
-Лингвитсикалық
-Ауызша және жазбаша деректемелер.
Тарихнама: -Ежелге және ортағасырлық кезеңдер бойынша қытай, грек, парсы, латын және түркі тілдеріндегі жазбаша кітаби деректемелер бар.
-Көне жазбаша деректер Ахеминидтер заманында пайда болды. (б.з.д. I ғ ортасы)
-Парсы тілінде б.з.д II мж көне кезеңдегі оқиғалар турыл мәліметтер бар зороастризм кітабы «Авсета» жазылған.
-Б.з.б II ғасырдағы Қытай деректері Қазақстан тарихын зерттеуде үлкен рөл атқарады. «Тарихи жазбалар».
-Тоныкөк, Білгеқаған,Күлтегін т.б қағандырдың рухына арналған ескерткіштер жатады.
Қазақстан территориясы тас дәуірінде.
Адамның алғашқы еңбек қүралдары тастан жасалған. Сондықтан да аса ұзаққа созылған алғашқы тарихи кезең — тас дәуірі деп аталады. Тас дәуірі мынадай 3 кезеңге бөлінеді:
Палеолит — ежелгі тас дәуірі (б.з.б. 2,5 млн. жылдан — 12 мыңжылдыққа дейін);
Мезолит — орта тас дәуірі (б.з.б. 12—5 мыңжылдықтар);
Неолит — жаңа тас дәуірі (б.з.б. 5—3 мыңжылдықтар);
Энеолит- мыс-тас ғасыры- б.з.б 3000-2800ж.ж.
Өз кезегінде палеолиттің өзі 3 кезеңге бөлінеді: 1) ерте палеолит (б.з.б. 2,5 млн.— 140 мыңжылдықтар); 2) орта палеолит (б.з.б. 140—40 мыңжылдықтар); 3) кейінгі палеолит (б.з.б. 40—12 мыңжылдықтар).
Қазақстан жеріндегі ежелгі адамның іздері ерте палеолит дәуіріне жатады. Ежелгі адамның қалдықтары әзірше табылған жоқ, бірақ олардың мекен-жай, түрақтары табылып, зерттелуде. Адамдардың қоныстануына қолайлы жердің бірі Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау жотасы болды. Осы жерден тастан жасалған ең көне еңбек қүралдары табылды. Көне тас дәуірінің алғашқы кезеңінің ескерткіштері Қазақстанның оңтүстігінен, Арыстанды өзенінің бойынан Қызылтау, Тәңірқазған, Бөріқазған, Тоқалы жэне Ақкөл деген жерлерінен табылған. Шу өзенінің оң жағындағы Қазанғап шатқалынан осы дәуірге жататын ескерткіш табылды. Қарасу түрағынан тастан жасалған 15 мыңға жуық заттар табылған.Оңтүстік Қазақстаннан бірқатар кейінгі палеолиттік ескерткіштер табылды. Олардың ішіндегі ден қоярлығы Шолаққорған қалашығының батыс жағынан табылған Ащысай түрағы. Орталық Қазақстандағы Батпақ түрағынан ірі қырғыш тастар мен сүңгінің үштары табылды. Үшінші Қарабас көмбесінен 172 порфириттен жасалған заттар табылды. Шығыс Қазақстанда Қанай, Свинчатка, Үңгір жэне Ново-Никольское түрақтары белгілі болды. Жамбыл облысынан табылған палеолит дәуірінің 5 мыңнан аса еңбек құралдарынң бәрі қашау мен үшкір заттар. Жамбыл облысындағы Бөріқазған, Шабақты тұрақтарынан 5000-ға жуық тас құралдары табылған. Орталық Қазақстан жеріндегі Семізбұғы тұрағынан табылған қырғыштар, кейде тас пышақ болып келеді.
Кейінгі палеолит кезеңін мезолит (Б.з.д. 12—5 мыңжылдықтар) алмастырды. Бүл кезең аз зерттелген. Сондықтан Қазақстан жерінен табылған ескерткіштер де сирек. Қазақстан аумағында 20-дан астам мезолиттік тұрақ табылған. Мезолиттің жаңалығы микролит, садақ пен жебенің пайда болуы.