Қарахан мемлекетінің құрылуы. X ғасырдың орта шенінде Жетісу аумағында және Шығыс Түркістанның (Қашғардың) бір бөлігінде әлеуметтік құрылымы біршама дамыған, өзінен бұрынғы мемлекеттік құрылымдардың кептеген әлеуметтік институттарын табиғи түрде өзіне жинақтаған Қарахан мемлекеті пайда болды.
Қарахан мемелекетінің негізін салушы Сатұқ Боғрахан болып есептелінеді. Мемлекеттің күшеюіне қарлұқ, шігіл, яғма тайпалары үлкен үлес қосты. Сатұқ өлгеннен кейін Билік оның ұлы Мұсаға көшеді, ол 960 жылы Қарахан мемлекетінің халқын Ислам дініне қаратты.Көп кешікпей-ақ, олардың ізін ала арада бес жылдан соң Ислам дінін осындағы 200 000 киіз үй (түтін) қабылдады. Осылайша Ислам бұл мемлекетте, шын мәнінде, ресми дінге және мемлекеттік идеологияға айналды. Алайда біртұтас Қарахан мемлекеті 1032 жылға дейін ғана өмір сүре алды.
Қарақытай мемлекеті.
Қарақытайлар мемлекеті (1128-1213). Олардың құрылуы Орталық Азияның қидан тайпаларымен тығыз байланысты. Қидандар (цидань, кита, хита) б.з. 4 ғ. жазба деректерде монғол тілді тайпалар ретінде аталады. Олар Қытайдың солтүстік жағында Маньчжурия мен Уссури өлкесінің территориясын мекендеген.
Қарақытай мемлекетінің басшысы Гүрхан деп аталады. Оның ордасы - Шу озенінің алқабында болатын. Баласағұн орталық болып қала берді. Әскерде тәртіп қатал болған. Ел ішінде аула басынан салық жинай жүйесі енгізіледі - әр үйден бір динардан салық алып отырады. Гүрхан жақындарына жер-суды тарту етпейді, олар бәсекеші болып кетеді деп қауіптенді. Қарақытайлар Жетісудың оңтүстік бөлігін, Исфиджабтың солтүстік-шығыс аймағын, Құлжа өлкесін басқарады.
Оғыз мемлекеті.
Оғыз мемлекеті (9-11 ғасырлардың басы). 9-10 ғасырлар Сырдың орта, төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайралардың саяси бірлестігі құрылды. «Оғыз» деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған.
Оғыздар мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл атқарды. 965 жылы оғыз жабғуы мен Киев князі Святославтын арасында хазарларға қарсы бағытталған әскери одақ жасалды. Мұның нәтижесінде Хазар қағанаты талқандалды. Киев Русінің оғыздармен әскери-саяси одағы олардың саяси және сауда-экономикалық мүдделерінің бір болуынан туындады. Хазариямен бәсекелес болған ежелгі орыс мемлекетіне одақтас керек болды; екінші жағынан, феодалданып келе жатқан көшпелі оғыз шөнжарлары ездерінің малына жайылымға, Дон және Қара теңіз маңындағы далаларға оөе мұқтаж болды, ал оған жетуге Хазария бөгет жасады. Оғыздарды Еділ бойынан, Маңғыстаудан, Үстірттен өтіп, Еуропаны Азиямен жалғастыратын аса маңызды жолдар барынша қызықтырды. Бұл сауда жолдарын өз бақылауында ұстауға ертедегі орыс мемлекеті де мүдделі болатын. Хазарияның талқандалуы орыс көпестеріне Шығыс елдерініңбай рыногына жол ашты. Осының бәрі оғыз жабғуларын сыртқы саяси бағытында орыс князьдерімен одақ жасасуға бағдар алуға итермеледі.