Наймантайпалар одағы VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында сегіз-оғыз (яғни «сегіз тайпаның одағы») деген атаумен пайда болган. Сегіз-оғыздар Хангайдың батысынан Тарбағатайға дейінгі жерді алып жатты.Қазақ халқының шежіре деректері бойынша наймандар Орта жүзге кіреді.
Жалайыр — қазақ халқын құраған тайпалардың бірі. Шежіре бойынша, ұлы жүз құрамына енеді.Аңыз бойынша, жабайы құланның жалын айырып, содан жалайыр атанған.Наймандар, керейіттер, жалайырлар негізінен мал шаруашылығымен айналысқан. Олардың өз малына жайылым іздеп, бір жерден екінші жерге жылына бірнеше рет көшіп жүруіне тура келді. Көші-қон шалғайлығы жер жағдайы мен мал санына байланысты болған.
20.VI-XII ғғ. ортағасырлық қалалар саяси өмірдің, сауданың, қолөнердің, мәденитеттің орталығы ретінде. Орта ғасырларда әкімшілік, сауда-экономикалық орталық болған қалалар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қалыптасты. Қазақстандағы орта ғасырлардағы қалалардың бірнеше бөліктері болды.
Шахристан – қала билеушілері, ақсүйектер мен діни қызметкерлердің тұрағы.
Рабад – қаланың қолөнершілері мен саудагерлері тұратын бөлігі.
Цитадель – қаланың қорғаныс бөлігі, яғни қамал мен бекіністер.
VI-XII ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі ірі қалалар: Мерке, Аспара, Суяб, Үзкент, Сауран, Құлан, Талкиіз, Қойлық, Тараз, Отырар, Қарнақ, Ашнас, Баршынкент, Сығанақ, Испиджаб, Весидж, Шауғар, Иасы (Түркістан), Баласағұн, Орда т. б. Археологтар Қазақстан жерінен 60-тан астам қала орнын анықтаған.
Испиджаб. Қазіргі Шымкент қаласынан 12 шақырым жерде (Сайрам) орналасқан. Бұл қала V ғасырда аса ірі мәдениет және сауда орталығы болды. Испиджабтың осындай сауда орталығы ретіндегі рөлі X-XII ғасырларда күшейді. XI ғасырда сауда айналымы үшін шығарылатын теңге сарайы Испиджабта орналасқан. Испиджаб IX-X ғасырларда Қарлұқ, Қарахан мемлекеттерінің құрамында болды. Сонымен қатар Испиджаб ірі діни орталық болған.
Тараз. «Ұлы Жібек жолы» бойындағы ортағасырлық ірі қалалардың бірі Тараз болды. Тараз қарахандықтар мен қарлұқтар заманында ерекше гүлденді. Бұл қала Талас деп те аталған. Тараз қаласында Бабаша хатун, Айша бибі, Қарахан кесенелері орналасқан. Тараз қаласы жайында араб саяхатшысы Әл-Макдиси: «Тараз – ірі бекіністі қала, бақтары көп, халқы тығыз, қала сыртында терең ор қазылған, төрт қақпасы және төңірегінде елді мекендері бар. Қаланың орталық бөлігіне кірер қақпа алдында үлкен өзен ағады, өзеннің арғы бетінде де тұрғын үйлер, өзеннен өтер өткелдері бар. Мешіт базар арасына салынған», — деп жазған.