Жауабы: ХХ ғ. 40-60 жж. Қазақстанның мәдениеті мен ғылымының көрнекті өкілдері: Алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Бейімбет Майлин, Мұқағали Мақатаев, Ғабит Мүсiрепов, Iлияс Есенберлин, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Темірбек Жүргенов, Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов, Бақытжан Қаратаев, Мұхаметжан Тынышпаев, Мұстафа Шоқай. Ғалымдар: Ә. Марғұлан, Е. Бекмаханов, А. Нүсіпбеков, Б. Сүлейменов, Г. Дахшлейгер, Х. Арғынбаев, Қаныш Сәтбаев, Санжар Асфендияров.
ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап республикада КСРО Ғылым Акакдемиясы ұйымдастырған бірқатар тұрақты және маусымдық ғылыми қоғамдар жұмыс істей бастады. Жерімізде ғалымдар пайдалы қазба орындары, өсімдіктер мен аңдар дүниесі және қазақ халқының тарихы мен этнографиясы жайлы құнды еңбектер жазды. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында КСРО ҒА-ның қазақ бөлімшесінде 100 ғылыми қызметкер еңбек етті, оның үшеуі ғылым докторы, 14-і ғылым кандидаты еді. Олар республиканың 11 ғылыми-зерттеу мекемелері мен тәжірибе секцияларында жұмыс істеді. Картографтар мен геодезистер Қазақстан аумағының 90 %-ына жуығын картаға түсірді. Геологтар жаңа кен көздерін ашты. Іргелі ғылыми ізденістердің барысында республика хром мен ваннадий қоры жағынан әлемде 1-орын алды. Малшаруашылығы да өркендеп, қой мен ешкінің жаңа түрлері шығарылды. 1944 жылы қаңтарда Қ. Сәтбаев бірорталықтанған Ғылым академиясын ашу қажеттігін айтты. 1946 жылы маусымда Қазақ КСР Ғылым академиясы ашылды.
Ғылым академиясының құрамында 18 ҒЗИ, 8 сектор, 7 тәжірибелік станция, 3 ботаникалық бақ болды. Қызметкерлердің саны 1400 адам, соның ішінде 57 ғылым докторы, 184 ғылым кандидаттары. Қ. Сәтбаев бастамасымен 11 жаңа ғылыми-зерттеу институттары құрылды. 1946 жылы ҚазКСР Ғылым академиясының бюджеті 45 млн сомнан асып түсті.
Ағартушы-ғалымдар Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин шығармаларын жинап, жарыққа шығару қолға алына бастады. 1958 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының Философия және құқық институты, 1961 жылы Тіл білімі, әдебиет және өнер институттары ашылды. ХХ ғасырдың 50-жылдардың соңына дейін Қазақ КСР Ғылым академиясының құрамында 50 ғылыми-зерттеу мекемесі қызмет етті, 500-ге жуық аспирант оқыды. 1985 жылы республикада 40 мыңнан астам ғылыми қызметкер болды.
Сұрақ: 1960 ж. ортасы – 1970 ж. Қазақстанның жағдайына талдау жасаңыз. 1965 жылғы экономикалық реформа («Қосыгин» реформалары).
Жауабы: 60-жылдардың ортасында кеңес экономикасын барынша нығайтуға тырысқан ел басшылығы жаңа шаруашылық реформаларын жүргізе бастады. Бұл бір уақытта бірнеше саланы - өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығын қамтыған, соғыстан кейінгі кезеңдегі экономиканы қайта ұйымдастырудағы ең ірі шаралар болды. Сол кездегі реформаны КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы A.Н.Косыгин бастаған болатын. Кәсіпорындарға дербестік берілді, оларда шаруашылық есеп әдісі кеңінен ене бастады, қызметкерлерді экономикалық жағынан ынталандыру мен материалдық жағынан марапаттау шаралары ойластырылды. Түсті металлургия, геология, мелиорация мен су шаруашылығы т. б. құрылып, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза-кағаз және ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары біріктірілді. Ғылымның дамуының ерекше жетістігі - 1961 жылы 12 сәуірде Ю.А.Гагариннің адамзат тарихында алғаш рет гарышқа сапар шегуі болды. Бұл тарихи оқиға экономиканы ғылыми-техникалық революцияның жетістіктеріне сүйенген ғылыми- өнеркөсіптік өндіріске көшіруді бастаудың кажеттігін көрсетті. Өнеркәсіп салаларында жаңа техниканы енгізу жоспары алға қойылды. Өндірістік процестерді механикаландыру мен автоматтандыру жүзеге асырыла бастады. Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарының бірі - өндірісті электрлендіру деп танылды. Су электр станциясында, көмір өндіруде жұмыстар жеңілдетілді. Ұсталық және полиметалл өңдеу жұмыстарының технологиясы жақсартылды.
Өскемен конденсатор және Кентау трансформатор зауыты, Семей кабель зауыты тәрізді электротехникалық машина жасаудың ірі кәсіпорындары қатарға қосылды. Павлодарда машина жасау зауыты трактор зауыты болып қайта құрылды. Химия өнеркәсібі қуатты салаға айналды. Маңғыстаудағы мұнай және газ кең орындарын игеру женінде ірі шаралар жүзеге асырылды. Алматы, Шымкентте мақта-мата өнеркәсібі кәсіпорындары, ал Жезқазған, Семей, Ақтөбеде - тоқыма фабрикалары іске қосылды. Азық-түлік енеркәсібі көсіпорындары Жамбылда (қазіргі Тараз), Теміртауда өнім бере бастады. Алматы, Жамбыл, Көкшетау, Ақмолада (қазіргі Астана) автомобиль жөндеу зауыттары салынды. 12 облыс орталығында жаңа автовокзалдар іске қосылды. Республиканың он облыс орталығы фототелеграф байланысымен қамтылды. 1968 жылы Қазақстанға басқа республикалардан жұмысшылар келумен болды. Олар қазақ жерінде жұмыс істеп, жаңа мамандарды дайындады.
Сұрақ: Кеңестік қоғамның тоқырауы кезеңіндегі Қазақстанның жағдайына сипаттама беріңіз (1970-1985 жж.). Экономиканың жағдайы.
Жауабы: Тоқырау жылдары деп 1960 жылдардың ортасынан бастап 1980 жылдардың ортасына дейінгі мерзімді айтады. Кеңестік қоғамдық құрылыс принциптері мен формалары тоқырауға ұшырады. Қазақстан кәсіпорындары өндіретін тауарларды сыртқа шығару ұлғая түсті, бірақ шикізаттық қуат көздеріне ғана. Техника және тағы да басқа өнімдерді Қазақстан сырттан алды. Сыртқы саясат саласындағы қарыспа шешімдер, біліктілік жағынан төмен және шала ойластырылған идеология мемлекетаралық қатынастарды қалыптастыру жолында көптеген тастүйін кедергілердің бой көрсетуіне себепші болды. 1975 жылға қарай республиканың барлық кәсіпорындары дерлік энергиямен қамтамасыз етілді. Ғылыми-техникалық прогресті тұсауламай тұра алмаған мемлекеттік-монополистік меншік экономиканың тиімді дамуына мүмкіндік бермеді. Сондықтан өндірістік бірлестіктер құру ісі ғылыми-техникалық саясатта монополиялық бетбағыттардың пайда болуына әкеп тіреді. Экономиканың жағдайы экспроттаудың арқасында аяқта тұрды, одан тиген пайда арқылы дайын заттар сырттан сатып алынды.
Сұрақ: ХХ ғ. 70-80 жж. қоғамдық-саяси жағдайға сипаттама беріңіз. Диссиденттік қозғалыс.
Жауабы: Осы кезеңде ұлт мәселесіндегі проблемалар шешілуінен гөрі шапшаңырақ қордаланды. 70-80 жж. ұлттық салт-санадан гөрі кеңестік салт-сана көбірек дәріптелді. Қоғамдық-саяси өмірде европоцентризм басым еді. Орыс мәдениетінің рөлін асыра бағалау етек алды. Адамдардың тарихи санасын жою процесі жүрді. 1917 ж. Қазан төңкерісіне дейінгінің бәрін ұмытуға табандылықпен мәжбүр етілді. Мұның керісінше Кеңес дәуірінің тарихы барынша дәріптелді. Ресми органдар мен насихат қазақ халқының және Одақтың басқа халықтарының нағыз тарихы тек 1917 жылдан басталады деп жұртты сендірді. Шұғыл интернационалдандыру, ұлттық мүдделерді есепке алмай бюрократтық және күштеп қудалау әдістерімен біртұтас совет халқының қалыптасуын шапшаңдатуға тырысты. Қазақстанда тіл саясатында да кемсітушілік орын алды.
1970 жылға қарсы теледидар республиканың барлық облыстарына дерлік енді. Қазақстанда теледидардың 15 программалық орталығы және осынша студиясы жұмыс істеді. 4 республикалық және 19 облыстық бағдарламалар арқылы радио хабарлары қазақ, орыс, ұйғыр, корей тілдерінде жүргізілді.
Диссиденттер басқалардың саяси көзқарастары, және қолдау жоқ, адам деп аталатын кеңестік үкімет. Олар іс жүзінде ашық қоғамдық қозғалыс жүргізді. Кеңес Одағында олар террористермен теңестірілген болды. Себебі, диссиденттер Кеңес одағына қарсы болатын.
Сұрақ: 1979 жылғы Целиноград қаласындағы оқиғаларды сипаттаңыз.
Жауабы: Целиноград наразылығы. Целиноград, Көкшетау мен Карағанды тұрғындары 1979 жылдың 16 маусымында Солтүстік Қазақстан жеріне Неміс автономиясының құрылуына қарсы наразылық тудырады. Қозғалысты ұйымдастырушылар Қазақ КСР-і болды. Олар бұны басынан-ақ құптамаған еді. Әртүрлі деректерге сай қозғалысқа шыққандардың саны 500-ден 5000-ға дейін жетті. Неміс автономиясын құру идеясы сол кездегі жұмыс істеген партияның ойы болатын. Қазақтар жерімізді ешкімге бөліп бермейміз деп ұрандатып шыққан болатын. Қазақ КСР-і митингке шыққандарды қолдамады, бірақ митингке шақыруды тоқтатуға іс-әрекет жасамады да. Олардың бұлай істеуі, өзге ұлттардың автономия құруға талап қояды деп ойлауында болды. Кейіннен билік Қазақ жерінде неміс автономиясын құру идеясынан бас тартқан болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |