Бірінші кезеңде (1991-1992 ж.) жекешелендіру белсенділік байқату сипатында жүзеге асырылды. Мемлекеттік органдар белгілі бір кәсіпорынды жекешелендіру мәселесін кәсіпорын ұжымынан өтініш түскеннен кейін ғана шешті. Осы тәртіппен 4,5 мыңнан астам мекеме жекешелендірілді, оның ішінде 0,5 мың совхоз ұжымдық меншікке берілді.
Жекешелендірудің екінші кезеңі (1993-1995 ж.) «Қазақстан Республикасында 1993-1995 жылдары мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасын» бекітуден бастау алды. Екінші кезеңнің өзіндік ерекшелігі – мемлекет иелігінен алу, монополияға қарсы шаралар қолдану принципінде еді. Кәсіпорындарды акционерлік қоғамдарға айналдыру жұмыстары қатар жүргізілді. Алғаш рет жеке жоба бойынша Алматы темекі комбинаты мен Шымкент кондитер фабрикасы сатылды.
Жекешелендірудің үшінші кезеңі (1996-1998 ж.) – электр қуаты мен мұнай-газ саласын жекешелендірудің басталуы, секторлық бағдарламаларға өту кезеңі.
88. Қазіргі Қазақстандағы саяси партияларды атап көрсетіңіз
Жауабы.
Қазақстанның партиялық жүйесі қазіргі кезде өтпелі кезеңді бастан кешіріп отыр және бұл жаңа әлеуметтік топтардың, ең бастысы, бизнес-элитаның белсенділігінің нәтижесі екендігін білеміз. Басқаша айтқанда, кейбір «қысым көрсетуші» топтардың, мысалы «Ақ жол» ҚДП-ның жартылай өзгеруі айдан анық көрініп тұр. Саяси сала сапалылығы жағынан өзгеріп келеді деуге болады, және оған себеп тек жаңа ойыншылардың пайда болуы ғана емес, сонымен қатар ескі қатысушылардың да өзгеруі. Және бұл кәдімгі даму кезеңі, мұнда асығыс болмауы тиіс, алайда тежелудің де қажеті жоқ, өйткені бұл жалпы саяси жүйе үшін қауіпті. Тәуелсіз Қазақстанның партиялық жүйесі ондаған жылдар бойы қалыптасып келеді. Өткен ғасырдың 90-жылдарында республика шеңберінде көппартиялы саяси жүйе тәжірибе жүзінде қолданымда болған жоқ, өткен кеңес дәуірінің саясаты мен азаматтық қоғамның дамымағандығы әсер етті. Қазақстан Республикасының партиялық жүйесінде сапалық даму үрдісі 90-жылдардың екінші жартысында байқалды, бұл кезде кейбір әлеуметтік топтар өз мүдделерін жариялау және қорғау қажеттілігін сезініп партия атты саяси ұйымдарға бірлесе бастады. Партиялық құрылыстың алғашқы қадамдары дәл Алматы қаласында жүзеге асырылды, саяси өмірдің орталығы да дәл осында. Тіпті, Елорданы ауыстырғаннан соң да партиялық қызметтің белсенді орталығы мен саяси белсенді тұрғындардың басым бөлігі осы қалада қалды.
89. Қазақстан Республикасының Презиленті Қ.Қ.Тоқаевтің 2021 жылғы 5 қаңтардағы Тәуелсіздік бәріне қымбат мақаласына талдау жасаңыз
Жауабы.
2021 жылдың 11 қаңтарында Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы аясында ардагерлердің қатысуымен дөңгелек үстел болып өтті. Болашаққа қадам басу үшін өткенге тағы бір мәрте оралу керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті мақаласында еліміздің өткені мен қазіргі болашағы жайлы айтылған. Мемлекет басшысы осы 30 жылды үш онжылдыққа бөліп, әрқайсысына кеңірек тоқталып өткен. Осы мақсатта бүгінгі шараға қатысқан ардагерлер, Сыр елінде Тәуелсіздік алғалы оң өзгерістер мен өткен сын сағаттарын ой-елегінен өткізіп, жарқын болашаққа үлкен үміт арта отырып, өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды. Шараға: Жұбатыров Сайлаубай Жұбатырұлы, Сисекеева Күлбаршын Раушанбекқызы, Наурызбаева Рахат Наурызбайқызы, Қосанов Оразбай, Тайманова Сара Тамшыбайқызы, Әбішов Сайлаубай Әбішұлы, Ахметова Рахима Қаржаубайқызы, Арғынбаева Роза Жәнібекқызы , Әбдіхалықова Әлима Жақыпқызы және кітапхана басшысы Нұрлыбек Кәрібозұлы қатысты.
90. қазақстан республикасының президенті Қ.Қ.Тоқаевтің жаңа қазақстан жаңару мен жаңғыру жылы атты жолдауына сипаттама беріңіз. Жаңа Қазақстанды құру және саяси жүйені реформалау
Жауабы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын жасады.
Президент жуық арада жүзеге асырылатын ауқымды саяси реформалар мен бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараларды жариялады.
Мемлекет басшысы қайғылы қаңтар оқиғасына баға берді. Оның пікірінше, осы ауқымды әрі жан-жақты жоспарланған операцияның мақсаты жоғары басшылықты биліктен тайдырып, халық пен әлемдік қоғамдастық алдындағы оның беделін түсіру болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Күштік құрылымдар мен олардың сыбайластарының өзара ымыраласуына қатысты іс бойынша тергеу құпия жағдайда қарқынды жүргізіліп жатқанын айтты. Бұған кінәлілер лауазымдары мен қоғамдағы орындарына қарамастан, лайықты жазасын алады.
Саяси реформаларды жүзеге асыру аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің өкілеттігін қайта қараудың маңызды екеніне тоқталды. Бұл ретте суперпрезиденттік жүйеден мықты Парламенті бар президенттік республикаға көшу мәселесіне назар аударды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының өз өкілеттігі кезінде партияға мүше болуын тоқтату міндетін заңнамалық тұрғыдан ресімдеуді, әкімдер мен олардың орынбасарларының партия филиалдарындағы қызметіне тыйым салуды ұсынды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің жақын туыстарына қатысты норманы конституциялық тұрғыдан бекіту қажеттігін айтты. Олардың мемлекеттік саяси қызметші және квазимемлекеттік секторда басшы лауазымдарын иеленуіне заңнамалық тұрғыдан тыйым салынады. Бұдан бөлек саяси реформаларда биліктің заң шығарушы саласына да қатысты мәселе қамтылады. Сенатты жасақтау тәртібі мен оның бірқатар қызметі қайта қаралады. Мемлекет басшысы Парламенттің жоғарғы палатасындағы президенттік квотаны 15-тен 10 депутатқа дейін қысқартуды ұсынды. Сондай-ақ Мәжілістегі Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы алынып, Сенатқа беріледі. Осы ретте олардың саны 9-дан 5 депутатқа қысқарады.
Саяси реформалар бағдарламасында сайлау жүйесін жетілдіру, сайлау үдерісін жаңғырту, партия жүйесін дамыту мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері қарастырылған. Мәжілістің депутаттық корпусы аралас негізде құрылады. Яғни, парламентарийлердің 70 пайызы пропорционалды, 30 пайызы мажоритарлы тәртіппен сайланады. Партияларды тіркеу рәсімі айтарлықтай жеңілдетіледі. Оларды тіркеу шегін төрт есе, яғни 20 мыңнан 5 мыңға дейін төмендету ұсынылды.
Достарыңызбен бөлісу: |