Қазақстан тарихшыларының Ұлттық конгресі қазақстан тарихы: инновациялық ТҰжырымдамалар мен дәуірлеу



Pdf көрінісі
бет3/39
Дата03.03.2017
өлшемі3,02 Mb.
#6455
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39

Литература
1  Памятная книжка Западной Сибири на 1881 год. - Омск, 1881. - С. 85; Вибе П.П., Михеев А.П., Пугачева 
Н.М. Омский историко-краеведческий словарь. - М., 1994. - С. 167.
2  Сибирская советская энциклопедия. - т. I. - Сибкрайиздат, 1929. -С. 30; Кононов А.Н. История изучения 
тюркских  языков  в  России.  Дооктябрьский  период.  -  Л.:  «Наука»,  1972.  -С.  169;  Памятная  книжка  Западной 
Сибири на 1881 г. - Омск, 1881. -С. 85, 91, 101, 105, 115; Золотов П. Краткий исторический очерк бывшей Омской 
азиатской школы // Акмолинские областные ведомости, 1873. - №16, 17, 18.
3  Полное собрание законов российской империи. Собрание первое. - 1800 г. - №19333.
4  Омская Азиатская школа. // Журнал министерства народного просвещения. - 1836. - ч. 12. - № 12. - С. 607-608.
5  Исторический очерк образования и развития сибирского кадетского корпуса. 1826-1876. - Омск, 1884. - С. 11.
6  Там же. - С. 37-46.
7  Омская азиатская школа // Журнал Министерства народного просвещения. - 1836. - Ч. 12. - №12. - С. 607-608. 
8  Национальный архив Республики Татарстан (далее – НА РТ). Ф. 977. Оп. л/д. Д. 6. Л. 10 об.
9  На РТ. Ф. 977. Оп. л/д. Д.6. Л. 6-11 об.
10 НА РТ. Ф. 977. Оп. л/д. Д. 6. Л. 15 и об.
11 ЦГА РК. Ф. 4. Оп. 1. Д. 2730. Л. 10-11.
12 ЦГА РК. Ф. 4. оп. 1. Д. 2264. Л. 1-7; там же. Д. 2730. Л. 12-15.
13 ЦГА РК. Ф. 4. Оп. 1. Д. 2526. Л. 50.
14 ЦГА РК. Ф. 338. Оп. 1. Д. 690. Л. 167.
15 ЦГА РК. Ф. 338. Оп. 1. Д. 690. Л. 167.
16 ЦГА РК. Ф. 338. Оп. 1. Д. 633. Л.1.
17 НА РТ. Ф. 977. Оп. л/д. 1831-1842. Д. 145. Л. 2-3.
18 ЦГА РК. Ф. 338. Оп. 1. Д. 757. Л. 1.
19 ЦГА РК. Ф. 338. Оп. 1. Д. 317. Л. 3, 22-24.
20 Веселовский Н.И. Сведения об официальном преподавании восточных языков в России  // Труды третьего 
международного съезда ориенталистов в С-Петербурге. 1876, т.1. / Под ред. В.Б. Григорьева. - СПб., 1879-1880. 

17
- С. 121.
21 Омская азиатская школа // Журнал Министерства народного просвещения. - 1836. - Ч. 12. - №12. - С. 607-
608.
22 НА РТ. Ф. 977. Оп. л/д. Д. 6. Л. 9.
23 НА РТ. Ф. 977. Оп. л/д. Д. 6. Л. 20.
24 НА РТ. Ф. 977. Оп. л/д. Д. 6. Л. 29.
25 ЦГА РК. Ф. 374. Оп. 1. Д. 2536. Л. 1.
26 Там же. Л. 4.
27 Национальный архив Республики Татарстан (Далее – НА РТ). Ф. 977. Оп. л/д. 1831-1842. Д. 145. Л. 1.
28 Архив внешней политики Российской империи (далее - АВП РИ). Ф. ДЛС и ХД. Оп. 464. Д. 1069. Л.1.
29 АВП РИ. Ф. ДЛС и ХД. Оп. 464. Д. 1069. Л. 4.
30 Чокан Валиханов в воспоминаниях современников. - Алма-Ата, 1964. - С. 31.
31 Мазитова  Н.  А.  Изучение  ближнего  и  среднего  Востока  в  Казанском  университете.  -  Казань:  Изд-во 
Казанского ун-та, 1972. -С.161; Н.П.Загоскин. Биографический словарь профессоров и преподавателей Казанского 
университета. Ч. I. - Казань, 1904. - С.230.
32 ЦГА РК. Ф.338. Оп. 1. Д.459. Л.3-4.
33 Библиографический словарь отечественных тюркологов. Дооктябрьский период. / Под ред. и с введением 
А.Н.Кононова. - M., 1974. - С. 176.
34 Рзаев А. Мирза Казем-Бек. - Баку, 1956. - С.16; Ромодин В.А. Предисловие. // Назаров В. Записки о неко-
торых народах и землях средней части Азии. - М., Наука, 1968. - С. 7.
35 ЦГА РК. Ф. 338. Оп. 1. Д. 395. Л. 37 и об.
36 ЦГА РК. Ф. 338. Оп. 1. Д. 395. Л. 72.
37 ЦГА РК. Ф. 338. Оп. 1. Д. 461. Л. 5 и об.
38 ЦГА РК. Ф. 338. Оп. 1. Д. 395. Л. 32.
39 ЦГА РК. Ф. 338. Оп. 1. Д. 816. Л. 16 и об.
40 НА РТ. Ф. 977. Оп. л/д. Д. 252. Л. 1.
41 НА РТ. Ф. 977. Оп. л/д. Л. 145. Л. 4 и об.
42 Исторический очерк образования и развития сибирского кадетского корпуса. 1826-1876. - Омск, 1884. С. 
48.
43 Вибе П.П., Михеев А.П., Пугачева Н.М. Омский историко-краеведческий словарь. - М., 1994. - С. 167.
44 О нем Геннади Г. Справочный словарь о русских писателях. т.5.  - Пг, С. 434-485; Масанов Э. Очерк ис-
тории этнографического изучения казахского народа в СССР. - Алма-Ата, 1966. - С. 88-89; Маслова О.В. Обзор 
русских путешествий и экспедиций в Среднюю Азию, ч.1. - Ташкент, 1956. - С. 29-30; Асаинов М., Семенюк Г. 
XVI-XIXғ. бiрiншi жартысындағы Қазақстанды зерттеу тарихынан. - Алматы, 1970. - 59-58 бет.
45 Ромодин В.А. Предисловие: // Назаров Ф. Записки о некоторых народах и землях средней части Азии. - М., 
1968. С. 7.
46 ЦГА РК. Ф.338. Оп.1. Д.340. Л.59.
47 Назаров Ф. Записки о некоторых народах и землях средней части Aзии. - М., 1968. - С.17.
48 Петров А. Назаров Филипп. – Русский биографический словарь, том «Нааке – Николай». - Спб., 1915. - С. 
40.
49 ЦГИА РФ. Ф. 1409. Оп. 1. Д. 3338. Л. 79.
50 ЦГА РК. Ф.338. Оп.1. Д.340. Л. 62-63.
51 Петров  К.    Назаров  Филипп.-  Русский  биографический  словарь,  том  «Нааке-Николай».  -  Спб.,  1914.  - 
С.40.
52 ЦГИА СССР. Ф.1409. Оп.1. Д.3338. Л.79.
53 ЦГИА СССР. Ф.1409. Оп.1. Д.3338. Л.80.
54 Назаров Ф. Пребывание русских в Кокане. - Вестник Европы, 1821. ч. 119. №16. - С. 314-321; - ч. 121.- №24. 
- С.331-339.
55 Назаров Ф. Записки о некоторых народах и землях средней части Азии.- М., «Наука», 1968
56 Никитин С.А. Источниковедение истории СССР XIX века. - т.II. – 1940. - С.90.
57 ЦГА РК. Ф.338. Оп.1. Д.340. Л.49.
58 Маргулан А. Очерк жизни и деятельности Ч.Ч.Валиханова // Ч.Ч.Валиханов. Собрание сочинений в пяти 
томах. T.I. - Алма-Ата: изд-во АНКазССР, 1961. - С.18.
59 Маргулан А. Очерк жизни и деятельности Ч.Ч.Валиханова // Ч.Ч. Валиханов. Собрание сочинений в пяти 
томах. T.I. - Алма-Ата: АНКазССР, 1961. - С.18.
60 Архив  Ленинградского  отделения  института  истории  АНСССР  (далее  -ЛОИИ  АНСССР).  Ф.154.  Оп.1. 
Д.754. Л.12-13.
61 Маргулан А. Ук.работа, с.17; Малышева М.П., Познанский В.С. Казахский этнограф Чингис Валиханов // 
Советская этнография. - 1991. - №5. – С. 69 – 78.
62 Чокан Валиханов в воспоминаниях современников. - Алма-Ата, 1964. - С.32-33.
63 ЦГА РК. Ф. 374. Оп. 1. Д. 165. - Л. 3.

18
64 Чокан Валиханов в воспоминаниях современников. - Алма-Ата, 1964. - С. 37.
65 ЦГА РК. Ф. 338. Оп. 1. Д. 379. Л. 13.
66 НА РТ. Ф. 977. Оп. л/д. Д. 145. Л. 11.
67 НА РТ. Ф. 977. Оп. л/д. Д. 145. Л. 5.
68 Исторический очерк образования и развития сибирского кадетского корпуса. 1826-1876. - Омск, 1884. С. 
46.
НҰРЫМБЕТОВА Г.Р.
саяси ғылымдарының докторы, профессор
ПРЕЗИДЕНТТІК САЙЛАУЛАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҢ САЯСИ БЕЛСЕНДІЛІГІ 
 
Қазақстанда президенттік басқару ХХ ғасырдың 90 жылдарында басталған саяси өзгерістер аясында 
дүниеге келді. Президент билігінің заңдылығы бүкілхалықтық сайлаумен қамтамасыз етіледі. Сайлау 
саяси жүйені жаңартуды қамтамасыз ететін маңызды, әрі басты  факторлардың бірі.
Сайлау  процедурасы  арқылы  адамдар  қоғамдық  міндеттерді  орындауға  белгілі  бір  тұлғаларды 
ұсынып, сайлайды. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес республика азаматтары мемле-
кеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына өз өкілдерін сайлауға құқылы. Сайлау 
арқылы адамдар мемлекеттік шешімдерді қабылдауға ықпал етіп, оны өзгерте алады. Демек, сайлау 
халық билігі қағидатын жүзеге асырудың бірден-бір жолы. Сондықтан Қазақстан азаматтары прези-
денттік сайлауға қатысу арқылы өздерінің, елдің тағдырын анықтауға атсалысады.
Президент өкілеттігі, оны сайлау тәртібі, саяси өмірдегі рөлі мен мәртебесі конституциялық нор-
малармен анықталған. Айта кеткен жөн, бұл ережелер 1990-2013 жылдар аралығында уақыт сыны-
нан өтіп жетілдіріліп, толықтырылды. Мәселен, 1990 жылы 24 сәуірде ХІІ шақырылымдағы Жоғарғы 
Кеңестің  бірінші  сессиясында    қабылданған  «Қазақ  ССР  Президенті  қызметін  тағайындау  және 
Қазақ  ССР  Конституциясына  (Негізгі  Заңына)  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  Қазақ 
ССР-ның заңы бойынша президентті сайлаудың екі жолы ұсынылды: бірі – ҚазССР-нің Президенті  
ҚазССР-нің азаматтарымен тікелей, бүкілхалықтық сайлауда 5 жылға сайланды. Президент сайлауы 
сайлаушылардың кем дегенде 50 пайызы қатысқанда шынайы болып есептелді; екіншісі - ҚазССР-
нің Президенті  ҚазССР-нің Парламентімен 6 жыл мерзімге сайланды. ҚазССР-і Президенті лауазы-
мына кандидатураны республикандық органдар арқылы қоғамдық ұйымдар, кем дегенде 90 адамнан 
тұратын  халық  депутаттарының  топтары  ұсына  алды.  ҚазССР-нің  халық  депутаттарының  жалпы 
санының жартысынан көбінің дауысын жинаған кандидат сайланған болып есептелді [1].  Мұның өзі, 
бір жағынан, кеңестік заманның құқықтық дәстүрінің ықпалы болса, екінші жағынан, даму жолының 
айқын таңдалмауының салдары еді. 
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Президентiн сайлау  жалпыға бiрдей, тең және төте сай-
лау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Конституция бойынша дауыс 
беруге қатысқан сайлаушылардың елу пайызынан астамының дауысын алған кандидат сайланды деп 
есептеледi. Егер кандидаттардың  бiрде-бiрi көрсетiлген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа 
салынады, оған көп дауыс алған екi кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең 
көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi. Сайлауды заңды деп тану мәселесіне қатысты 
президенттік  сайлауға  сайлаушылардың  кем  дегенде  50%  қатысуды  талап  ету  ережесі    1998  жылы 
Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес жойылды.
Президенттіктен үміткерге қойылатын талаптарға келетін болсақ, бұл ережелер де 1990-2013 жыл-
дар  аралығында  біршама  өзгерістерге  ұшырады.  1990  жылы  24  сәуірдегі  «Қазақ  ССР  Президенті 
қызметін тағайындау және Қазақ ССР Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгерістер мен толықтырулар 
енгізу туралы» Қазақ ССР-ның заңы бойынша ҚазССР-нің Президенті болып 35-тен жас емес, 65 жас-
тан аспаған  ҚазССР-нің территориясында кем дегенде 10 жыл тұрақты тұрған, қазақ және орыс тіл-
дерін меңгерген азамат сайлана алды. Заңда әлемдік демократиялық мемлекеттерде кеңінен тараған 
президенттің екі мәрттен артық сайланбауы, Президент лауазымына үміткерлер санына шектеу қоймау 
сияқты ережелер де ескерілген болатын. 
Ал қазір Конституция ережелеріне сәйкес Республика Президентi болып тумысынан Республика 
азаматы болып табылатын:
-  қырық жасқа толған;
-   мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген;

19
- Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын кез келген Республика азаматы сайлана алады.
Президенттіктен үміткерлерге қойылатын жастық ценздің жоғары шегі (65 жасқа дейін) 1998 жылғы 
Елбасының Қазақстан халқына жолдауында ұсынылған елді демократияландыру және саяси реформа-
лау бағдарламасын жүзеге асыру аясында Конституцияға енгізілген өзгерістермен алынып тасталды. 
Сонымен бірге, Президент болып тумысынан республика азаматы болып табылатын 40 жасқа толған, 
Қазақстан аймағында кем дегенде 15 жыл тұрақты тұрған азамат бола алады деп өзгертілді. Біздің ойы-
мызша, Президенттің тумысынан республика азаматы болуын талап ету және оның жас мөлшерін 40 
жас деп анықтау өте орынды. Қазақ атамыз «Отызында орда бұзып, қырқында қамал алған» деп бекер 
айтпаған ғой.
Енді тікелей 1990-2013 жылдар аралығында өткен президенттік сайлау мәселесіне тоқталайық. 1990 
жылы 24 сәуірде Жоғарғы Кеңесте заң қабылданғаннан кейін,  Президентті сайлауда жасырын дауыс 
беруге қатысқан 335 депутаттың 317-ы Н.Назарбаевты қолдап, 18 – қарсы дауыс берді [2]. Нәтижесінде 
Н.Ә.  Назарбаев  Қазақстанның  тұңғыш  президенті  болып  сайланды.  Н.Ә.  Назарбаевты  бұл  жоғарғы 
лауазымдық қызметке Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 21-пленумы бір ауыздан ұсынған 
болатын.  
1991  жылғы  16  қазандағы  Жоғарғы  Кеңестің  кезектен  тыс  VI  сессиясында  ҚазССР  Президентін 
сайлау  туралы  заң  қабылданып,  осы  жылдың  1  желтоқсанына  президенттік  сайлау  тағайындалды. 
Заңға сәйкес президентті сайлау жолы өзгертілді. Бірақ 1990 жылы 24 сәуірде қабылданған ҚазССР-
ң «Қазақ ССР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ ССР Конституциясына (Негізгі Заңына) 
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданған уақыттан бері өзгерістердің болғанына, 
яғни    Қазақстанның  мемлекеттік  егемендігі  туралы  декларацияның  қабылданғанына  қарамастан, 
Президенттіктен үміткерге қойылатын талаптар ешбір өзгеріссіз қалды. Соның ішінде Президенттің 
жергілікті ұлт өкілінен болуы қажеттілігі нақтыланбады.      
1990  жылы  Жоғарғы  Кеңеспен  сайланған  Президенттің  өкілеттік  мерзімінің  аяқталмағанына 
қарамастан не себепті 1991 жылы Президенттік сайлау тағайындалып, не себепті Президентті сайлау 
жолы өзгертілді? Президентті сайлау жолының өзгеру қажеттігі мен маңызын ХІІ шақырылымдағы 
Жоғарғы Кеңес депутаты, белгілі заңгер-ғалым С.Зиманов «... Президентті халықтың тікелей сайлауы 
оның саяси-құқықтық мәртебесі мен биліктік өкілеттігін өзгертеді. Ал бұл тиімді және күшті президент-
тік билікті орнатуда өте маңызды. Президенттік билік пен парламенттің, жоғарғы атқарушы және жер-
гілікті биліктің қатынастары басқаша қалыптасады. Халықтан мандат алған Президент Парламентпен 
келіспеушілік туындаған жағдайда, қажет деп есептесе, еркі билік пен заңдылықтың жоғары өлшемі 
болып табылатын халыққа жүгіне алады» [3, 84-85- бб.] - деп негіздейді.
Сонымен бірге,  Президент ұсынысымен Жоғарғы Кеңеспен сайланатын вице-президент лауазымы-
на, дәл осы күні, 1991 жылы 16 қазанда, ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің сессиясында бұған дейін ҚазССР-
нің Жоғарғы Кеңесін басқарған Е.Асанбаев сайланды.
Сөйтіп 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының азаматтары қазақтың мың жылдық 
тарихында тұңғыш рет өз Президентін бүкіл халық болып сайлады. Жасырын дауыс беруге арналған 
сайлау бюллетенінде ҚазССР президенттігінен үміткер - Н.Ә. Назарбаев, вице-президенттіктен үміткер 
- Е.Асанбаев есімдері тұрды. 1991 жылғы Президенттік сайлауға электораттың  -  88,23% қатысып, 
президенттік  басқару  жүйесі  заңдастырылды[4].  Бұл  Қазақстанды  демократияландыру  жолындағы 
жасалған маңызды қадамдардың бірі еді. 
98,7% сайлаушылардың қолдауына ие болып бүкілхалықтық сайлау негізінде сайланған Н.Ә. На- 
зарбаев  1991  жылы  10  желтоқсанда  «Біздің  көпұлтты  республиканың  халқына  қалтқысыз  қызмет 
етуге,  Қазақстан  Рсепубликасының  Конституциясын  қатаң  сақтауға,  азаматтардың  праволары  мен 
бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі 
міндеттерін адал орындауға салтанатты түрде» [5] ант етті. 
1995 жылы 25 наурызда Қазақстан халықтарының ассамблеясы қоғамдағы бірлікті сақтау және елде 
қалыптасқан саяси жағдайдан шығу мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін 
2000  жылдың  1  желтоқсанына  дейін  ұзарту  бойынша  референдум  өткізу  бастамасымен  шықты. 
Қазақстан  Президентінің  өкiлеттiгiн  ұзарту  туралы  референдум  1995  жылы  29  сәуiр  айында  өтті. 
Референдумға республика азаматтарының 91,21%  қатысып, оның 95,46% ҚР Президенті өкiлеттігiн 
ұзартуға қолдау көрсеттi[6].
Президент мәртебесінің артуына, саяси жүйеде институт ретінде нығаюына  1999 жылғы өткен пре-
зиденттік сайлау да ықпал етті. 1999 жылғы Президенттік сайлаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Соның 
бірі сайлаудың  бәсекелестікке негізделуі. Қазақстанда 1991 жылы өткен алғаш Президенттiк сайлауда 
бiр ғана үмiткер болғаны белгілі. Ал 1999 жылғы сайлауға төрт үмiткер түсті. Әрине, Президенттік 

20
сайлауларында 1996 жылы тоғыз үмiткер, 2000 жылы 10 үмiткер[7] болған көршілес жатқан  Ресеймен 
салыстырсақ Қазақстанда бәсекелестік деңгейі жоғары емес. Дегенмен, 1991 жылғы Президенттік сай-
лау додасына бір ғана үміткер түскені мен 1995 жылы Президент өкiлеттiгiн ұзарту туралы шешім, 
бүкілхалықтық сайлауда емес, референдумда қабылданғанын  ескерсек, онда 1999 жылғы Президенттік 
сайлау еліміздегі демократиялық үдерістердің біршама ілгерілегенін дәлелдейді. 
Сонымен 1999 жылғы сайлау ерекшелігі Президент алғаш рет баламалық негізде сайланды. Қазақстан 
Республикасы  Президенттігінен  үміткерлер  қатарында:  сол  уақыттағы  президент  –  Н.Назарбаев, 
бұрынғы Премьер-министр – Ә.Қажыгелдин, Сенат депутаты –Э.Ғаббасов, «Мұнай» АҚ вице-прези-
денті – Ж.Базылбаев, Кедендік комитет төрағасы – Ғ.Қасымов болды. Ж.Базылбаевтың үміткерліктен 
бас тартуына, ал бұрынғы Премьер-министр Ә.Қажыгелдин  - 1998 жылы 15 қазанда ұсақ әкімгершілік 
құқықты бұзып, әкімгершілік жауапқа тартылғаны үшін үміткер ретінде Орталық сайлау комиссия-
сынан  тіркеуден  өте  алмауына  байланысты  президенттіктен  үміткерлер  саны  4-ке  дейін  қысқарды.  
Оппозициядан  ұсынылған  үміткер  Ә.Қажыгелдинге  қатысты  қабылданған  шешім  президенттік 
сайлаудың дау-жанжалмен өтуіне себеп болды.
Сайлау нәтижесінде сайлауға қатысқан 87,05% электораттың 79,78% - Н.Ә. Назарбаевты, 11,7%  - 
С.Әбділдинді, 4,61% – Ғ.Қасымовты, 0,76% – Э.Ғаббасовты қолдап дауыс берді[2].  Сөйтіп көпшілік 
дауысқа ие болған Н.Ә. Назарбаев жеңіске жетті. Президенттік сайлаудың басты нәтижесі қол жеткіз-
ген демократиялық өзгерістерді бекіту еді. Осының нәтижесінде еліміздегі президент институты одан 
әрі заңдастырылды. 
Президент балама негізде сайланып, легитимділігі күшейді. Еліміздегі президент институты ресми 
ғана  емес,  бейресми  де  нығайды.  Осыған  орай,  2001  жылы  «Қазақстандықтардың  әлеуметтік-саяси 
көңіл-күйін»    анықтау  мақсатында  Мәдениет  және  ақпарат  министрлігі  бастамасымен    жүргізілген 
социологиялық  сауалнама  нәтижесін  келтіре  кетелік.  Тұрғындардың  билік  субъектілеріне  қатысты 
көзқарас  деңгейі  олардың  (билік  субъектілерінің)  саяси  толымдылығының  көрсеткіші.  Республика 
Президентінің қызметін сауалнамаға қатысқан респонденттердің 76,3% қолдаған. Парламент, үкімет, 
саяси  партиялар  сияқты  жетекші  саяси  институттар  арасынан  Президент  институтының  рейтингі 
жоғары тұр[8, б.24].   
Келесі президенттік сайлау, сайлау күнін анықтау мәселесі, күн тәртібіне қойылған уақыттан бас-
тап-ақ даулы болды. Дау президенттік сайлауды өткізу уақытына қатысты туындады.   Бұл пікір-талас-
ты 2005 жылы 25 тамызда Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесі қабылдаған қаулы шешті. 
Президенттік  сайлаудың  жариялануы  оппозициялық  лагерь  қатарын  бір  жағынан  ыдыратса, 
екінші  жағынан  біріктірді.  «Ақ  жол»  демократиялық  партиясы  өзара  алауыздыққа  байланысты  екі 
қанатқа бөлінді. Бір қанаты Ә. Бәйменов төңірегіне топтасса, екінші қанаты Б.Әбілов, О.Жандосов, 
А.Сәрсенбаев бастамасымен бөлініп, «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысына бірікті. Бұл қозғалысқа 
Ә.Қажыгелдин, З.Нұрқаділов өз қолдаушылықтарын білдірді. 
Президенттікке  үміткерлер  қатарында  Уәлихан  Қайсаров,  Сәлім  Сағындықұлы  Өтен,  Амантай 
Хантемірұлы Асылбек, барлығы – 18  адам болды. Президенттікке үміткерлердің төртеуі республикалық 
қоғамдық бірлестіктерден ұсынылса, ал қалған он төрті  өзін-өзі ұсынғандар. Бірақ Орталық сайлау 
комиссиясынан  үміткерлердің  бесеуі  ғана  ресми  тіркеуден  өте  алды.  Олар:  Ерасыл  Әбілқасымұлы 
Әбілқасымов,  Әлихан  Мұхамедьяұлы  Бәйменов,  Мэлс  Хамзаұлы  Елеусізов,  Нұрсұлтан  Әбішұлы 
Назарбаев, Жармахан Айтбайұл Тұяқбай.  Кезінде екінші шақырылымдағы Мәжіліс спикері, «Отан» 
партиясы төрағасының орынбасары болған Ж.Тұяқбай оппозициядан ортақ үміткер ретінде ұсынылды. 
Ж.Тұяқбай 2004 жылдың 18 қазанында Парламент Мәжілісіне өткен сайлау нәтижелері бұрмалануы, 
сайлаушыларға  билік  тарапынан  қысымшылық  көрсетілгендігі  туралы  мәлімдеме  жасап,  партия 
қатарынан шығып және өз қызметінен отставкаға кеткен болатын.
 2005 жылғы желтоқсанда осы жылғы 7 қыркүйектегі ҚР Парламент Мәжілісінің қаулысына сәйкес 
ҚР Президенті сайлауы өтті. 2005 жылғы Президенттік сайлауға сайлаушылардың  – 76,78 % қатысып, 
сайлаушылар  дауысы  президенттікке  үміткерлер  арасында  былай  бөлінді:  Ерасыл  Әбілқасымов  - 
0,34%,  Әлихан Бәйменов - 1,61%, Мэлс Елеусізов - 0,28%, Нұрсұлтан Назарбаев - 91,15%, Жармахан 
Тұяқбай - 6,61% дауыс жинады. Сөйтіп, сайлаушылардың 91,15 пайызының қолдауына ие болған Н.Ә. 
Назарбаев жеңіске жетіп, Президент болып сайланды[9]. 
Ресми деректерге сүйенсек оппозициялық лагерь жетекшісі Ж.Тұяқбайды қолдап дауыс берген об-
лыстар қатарында Маңғыстау (20,40%), Қызылорда (16,22%), Атырау (11,24%) облыстарының сайла-
ушылары. Ал оған ең аз дауыс берген Ақмола (3,25%), Қостанай (3,16%), Солтүстік Қазақстан (2,08%) 
облыстарының тұрғындары[ 9]. Яғни тұрғындарының басым көпшілігі орыс ұлтынан тұратын Солтүстік 
Қазақстан (95,83%), Павлодар (93,37%), Ақмола (94,66%)  облыстарының тұрғындары Н.Ә. Назарбаевты 

21
қолдап дауыс берген [9]. Солтүстік Қазақстан облыстарымен салыстырғанда, тұрғындарының басым 
көпшілігі қазақ ұлтынан тұратын, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының тұрғындары Н.Ә. На- 
зарбаевқа аз дауыс берген, яғни пайыздық деңгейі төмен. Бұл кейбір зерттеушілердің Н.Ә. Назарбаев 
электораты негізін ауыл тұрғындары құрайды деген қорытындысын түбірімен жоққа шығарады.       
Президенттік  сайлауда  Н.Ә.Назарбаевтың  жеңіске  жетуі  оған    Қазақстан  халқының  көрсеткен 
сенімімен  тығыз  байланысты.  Мұны  2005  жылы,  Президенттік  сайлау  алдында,  шілде  айында 
«ЦЕССИ-Казахстан»  Салыстырмалы  саяси  зерттеулер  институты  жүргізген  социологиялық  зертте-
улер  де  дәлелдейді.  ТМД  елдері  президенттерінің  арасында  Қазақстан  Президентінің  рейтингісі  ең 
жоғары, сауалнамға қатысқан тұрғындардың 82 пайызы Н.Ә. Назарбаев қызметін қолдап, оған сенім 
артқан [10].  
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2007  жылғы  Қазақстан  халқына  жолдауында  ұсынылған 
саяси реформа бағыттары сол жылы Конституцияға енгізілген өзгерістер мен түзетулерден жалғасын 
тапты. 2007 жылғы Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар  Президент мәртебесіне де 
қатысты болды[11]. Конституцияда Қазақстанның Тұңғыш Президентінің ерекше мәртебесі белгіленді. 
Соның бірі 42-баптың 5 тармақшасындағы «бір адам қатарынан екі реттен Республика Президенті бо-
лып сайлана алмайды» делінген, бірақ шектеудің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне 
қолданылмайтындығы нақтыланды. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті келесі президент-
тік сайлауда өз кандидатурасын ұсыну және үшінші мерзімге дауысқа түсу құқығына ие болды. Айта 
кеткен жөн, бұл құқық міндет емес, мүмкіншілік. Мұндай ереженің енгізілуі көпшілік көңіліне күмән 
мен  күдік  тудырғаны  белгілі.  Бірақ  мәселе  «өмір  бойы  президенттік»,  «конституциялық  монархия» 
жәйінде емес. Заңгер мамандар пікірінше: «Қазақстанда Негізгі заңды толықтыру арқылы осы ерек-
шелік тек оның тарихи міндеті болуымен және Қазақстанның тәуелсіз, бәсекеге қабілетті мемлекет 
ретінде құрылуына, мемлекеттік егемендіктің нығаюына, саяси әлеуметтік ортақтықтың – Қазақстан 
халқының құрылуына және Қазақстан Республикасының жаһандану жағдайында әлемдік қоғамдастықта 
беделді орын алуына себепкер болған Н.Ә. Назарбаевқа – еліміздің Тұңғыш Президентіне ғана қатысты 
жасалған» [12, б.119].
2010 жылдың 23 желтоқсанында референдум өткізу туралы бастамашыл топ Қазақстан Республикасы 
Президентінің  өкілеттігі  мерзімін  2020  жылға  дейін  созуды  ұсынды.  Жер-жерден  қолдау  тапқан 
бастаманың тағдыры, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы 
шешімінен кейін, ұзаққа барған жоқ. Көп ұзамай, 2011 жылы 2 ақпанда, Конституцияға Президенттің 
кезектен  тыс  сайлауы  Республика  Президентінің  шешімімен  тағайындалып,  конституциялық  заңда 
белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізілетіні туралы өзгеріс енгізілді. Ал 2011 жылдың 4 ақпанында 
Президент өз өкілеттігін пайдалана отырып Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сай-
лауы
н 2011 жылдың 3 сәуіріне тағайындау туралы  шешім қабылдады. 
2011 жылы 3 сәуірде кезектен тыс өткен президенттік сайлау нәтижесі сайлаушыларға тосын сый 
әкелген жоқ. Себебі, оппозициялық топ өкілдері сайлауға бойкот жариялап, қатыспады. Алғашында 
президенттікке 22 үміткер талаптанды, соның ішінен 4 үміткер ғана Орталық сайлау комиссиясынан 
тіркеуден өте алды. Үміткерлердің кейбіреулері сайлаушылардың қажетті қолын жинай алмаса, екінші 
біреулері мемлекеттік тілден емтихан тапсыра алмай сүрінді.   
Президенттік сайлауда сайлау додасына түскен үміткерлер арасында сайлаушылар дауысы былай 
бөлінді: 1,36% - Ж. Ахметбековке, 1,15% - М.Елеусізовке, 1,94% - Ғ.Қасымовқа, 95,55% - Н.Назарбаевқа 
дауыс берді [13].  Сөйтіп, президенттік сайлауда Н.Назарбаев даусыз жеңіске жетті.
Қорытындылар болсақ, 1990-2013 жылдар аралығында өткен президенттік сайлаулар халық бел-
сенділігін арттырып, өз таңдауларын жасауға мүмкіндік берді. Қазақстандық сайлаушылар үміткерге 
бағдар ұстай отырып, яғни саясаткердің сіңірген еңбегіне қарап дауыс береді. Мұны еліміздегі пре-
зиденттік  сайлауларда  Н.Ә.Назарбаевтың  жеңіске  жетуі  дәлелдеп  отыр.  Осы  жылдар  да  Президент 
мәртебесі мен өкілеттігі, оны сайлау тәртібі уақыт талабына сай нақтыланып, жетілдірілді. Мұны біз 
Президентті сайлау жолының өзгеруі, оны сайлау мерзімінің 5 жылдан 7 жылға дейін ұзартылып, одан 
қайтадан 5 жылға қысқаруынан, Президенттіктен үміткерге қойылатын жастық шектің 35-тен 40 жасқа 
дейін өзгеруінен көруімізге болады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет