Қазақстан тарихшыларының Ұлттық конгресі қазақстан тарихы: инновациялық ТҰжырымдамалар мен дәуірлеу



Pdf көрінісі
бет36/39
Дата03.03.2017
өлшемі3,02 Mb.
#6455
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39

Әдебиеттер
1.  История комсомола Южного Казахстана 1922-1991 гг. // Сборник архивных документов. Ч. І. – Шымкент, 
2009. – 304 с.
2.  ҚР ПА Ф. 708. Оп. 33. І. 1669. Б. 35.
3.  ҚР ПА. Ф. 708. Оп. 42. І. 1102. Б. 15.
4.  ҚР ПА Ф. 708. Оп. 34. І. 1669. ББ. 40, 247.
5.  Казахстан за годы независимости. - Алматы, 2006. – 380 с.
6.  Илашева С.А., Айдаров Т.А. Расчёт показателя индекса человеческого развития в ЮКО // Наука и образо-
вание Южного Казахстана. – 2010. – № 6 (85).
7.  ОҚО әкімің сайты
8.  Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. - Шымкент, 2007. - 78 б.
9.  Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. - Т. 5. - А. 2006.- 560 б.

252
ТАШҚАРАЕВА Ә.М.
тарих магистрі, ТарМПИ
(Тараз қ.)
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР 
ТАРИХЫ КЕЗЕҢДЕРІНІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУ ДЕҢГЕЙІ  
Тәуелсіз  қазақ  мемлекеттілігінің  жағдайындағы  ұлттық  сананың  жаңғыруы  тарихи  танымның 
көкжиегін  кеңейтіп,  отандық  тарихтың  өзекті  мәселелерін  ғылыми  тұрғыда  қайта  бағалауды  қажет 
етуде. Тарихи үдерістерді шынайы да жан-жақты, әрі қатаң әдістемелік қағидаларға ұрынбай еркін 
бағалайтын мұндай ізденістер еліміздің әлемдік қауымдастықтың алдындағы орнын айқындауға қызмет 
жасайды. Әлем тарих ғылымының құрамдас бөлігі ретінде  күрделі мәселелерді қамтитын  кешенді 
зерттеулердің  қатарына  ХІХ  ғасырдағы  Оңтүстік  Қазақстандағы  ұлт-азаттық  қозғалыстар,  олардың 
кезеңдері, проблемалары да жатады. 
Қазіргі  кезде  Қазақстанда  тарих  ғылымы  өте  маңызды  кезеңдердің  бірін  бастан  кешіруде. 
Қазақстанның тәуелсіздік тарихы аппақ парақ бетіне күні кеше түсе қалған жоқ, оның көне дәстүрлері 
бар.  Бүгінгі  күнді  түсініп,  түйсіну  үшін  де,  болашақтың  дидарын  көзге  елестету  үшін  де  кешегі 
кезеңге  көз  жіберуіміз керек  [1,  4  б.].    Мойындаған  жөн,  біздің  тарихи  шындыққа беретін  бағамыз 
ұдайы  дәл  емес.  Кеңес  кезеңіндегі  тарих  ғылымының  ең  сорақы  қателерінің  бірі  ұлттық  мүддеге, 
құндылықтарға салғырт, саяси үстемдік тұрғысынан қарау болды. Өз тарихын ұмытқан немесе оны біл-
мейтін халықтың болашағы жоқ және ол мақсатты іс-әрекеттерді жүзеге асыра алмайды. Қазақстан өз 
тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана отандық тарих ғылымы қоғамдық сананы ұлттық мүдде тұрғысынан 
қалыптастыруда.  Ең  маңызды  мәселелер  қатарында  тарихтың  зерттелмеген  немесе  зерттеуге  тиым 
салынған беттері саналады. Өзінің өткен тарихын білу, оған дұрыс баға беру, тоталитарлық жүйенің 
жіберген қателіктерін түзеу ұлттық сананың оянуын тездететіні сөзсіз. Осыған байланысты Қазақстан 
Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  1998  жылды  «Халықтар  бірлігі  мен  ұлттық  тарих 
жылы»,  1999  жылды  «Ұрпақтар  бірлігі  мен  сабақтастығы  жылы»  деп  жариялауы  тарихымыздың, 
оның  ішінде  қазақ  халқының  тәуелсіздік  үшін  ұлт-азаттық  күрес  тарихының  жан-жақты  зерттеліп, 
ғылыми тұрғыда кеңінен жазылуына, жаңа зерттеулер мен жаңалықтарға, жаңа көзқарастарға әкелетіні 
сөзсіз. Әрине, тарих саласындағы жаңа зерттеулер мен ғылыми ізденістер қоғамдық өмірде үлкен рөл 
атқарады.  Елбасының сөзімен айтқанда, «тарих тек  ғылым үшін зерттелмейді, ол ең алдымен тарих-
тан тағылым, сабақ алу үшін зерттеледі» [2, 1 б.].
Қазақ  халқының  ғасырлар  бойы  аңсап,  қол  жеткізгені  –  бейбітшілік,  біртұтастық,  егемен-
дік,  тәуелсіздік,  халқының  амандығы,  елінің  тыныштығы  секілді  құндылықтар  және  осыған  жету 
мақсатында көп күш жұмсап, бар еңбегін аямады. Тарихқа көз жүгіртсек, Қазақстанның Ресейге қосылу 
қарсаңында қазақ елінің бас бостандығы, жері мен елі үшін Қазақстанның әр аймағында  екі жүзден 
астам ұлт-азаттық күрес өткен екен. Соның ішінде  ХІХ ғасырдағы Оңтүстік қазақтарының ұлт-азаттық 
қозғалысы да бар. 
«Найзаға  үкі  таққан  қазақ  елі»  еш  уақытта  біреуге  шабуыл  жасап  көрген  емес,  қай  заманда  да 
ол қаруды жерінің шетін жаудан қорғау мақсатымен, немесе, «асқақтаған хандардың», азуы батқан 
патшалардың ордасын таптау үшін алған. Демек, қазақ халқы ұлт-азаттық қозғалысының түбегейлі 
екі себебі бар. Олар: туған жерді шетелдік шапқыншылардан қорғау және егемендік пен еркіндік үшін 
күрес. Біріншісі қазақ жеріне тынымсыз көз алартқан Орта Азиялық  Бұхар, Хиуа, Қоқан хандықтарына 
қарсы жүргізілсе, екіншісі патшалы Ресейге қарсы бағытталды [3, 215 б.].
Ұлт-азаттық  қозғалыстың  осы  кезге  дейінгі  тарихы  алдымен  Ресей  империясының  отаршылдық 
мүдделері,  кейіннен  Кеңес  үкіметінің  тап  тартысы  қағидалары  тұрғысынан  зерттеліп  келді.  Осы 
жөнінде академик Манаш Қозыбаев: «Зерттеушілердің дендеп бойлай алмай жүрген ділгірлігінің бірі 
– ұлт-азаттық қозғалысы. Біз осы уақытқа дейін әрбір ұлт-азаттық қозғалысын империя мүддесі билігі-
нен талдап, жеке-жеке аймақтық шеңбердегі төбелес, жанжал дәрежесінде қарап келдік. Шын мәнінде, 
1731 жылдан бастап, қазақ халқы үзілмеген, бір сәт толастамаған қозғалысын басынан аяғына дейін 
жүйелеп,  оларға  тән  ортақ  заңдылықтарды,  әрқайсысына  тән  ерекшеліктерді  анықтау  абзал»,  -  деп 
жазды [4, 8 б.].
Қазақ  халқының  Ресей  империясының  отаршылдық  езгісіне,  көршілес  хандықтардың 
озбырлықтарына,  әскери  экспансиясына  қарсы  ХІХ  ғасырдағы  Оңтүстік  қазақтарының  ұлт-азаттық 
қозғалысы тарихы ұлттық тарихымызда ғана емес, дүниежүзілік тарихта ерекше орын алары сөзсіз. 
ХІХ ғасырда Қазақстанның оңтүстік өңірінде болып өткен 1821 жылы Тентек төре бастаған Ұлы 

253
жүз қазақтарының Қоқан билігіне қарсы көтерілісі, 1847-1858 жылдардағы Есет Көтібарұлы бастаған 
күрес  және  1856-1857  жылдардағы  Жанқожа  Нұрмұхамедұлы  бастаған  Сырдария  қазақтарының 
көтерілістері Қазақстанның басқа өңірлеріндегі  ұлт-азаттық күрестермен алдына қойған мақсаты, мін-
деті, қозғаушы күштері жағынан өзара сабақтастығы мен бірлігінің болғаны белгілі. 
Жалпы, ХІХ ғасырдағы қазақтардың саяси жағдайы екі жақты сипат алды: бірінші жағынан Қоқан 
хандығының феодалдарына және екінші жағынан өздерінің жергілікті билеушілеріне тәуелді болды. 
Осыған байланысты, қазақтардың қоқандықтарға қарсы көтерілісі, Сырдария бойындағы, оңтүстіктегі 
қоқандықтардың  бекіністері,  ХІХ  ғасырдағы  қазақ  феодалдарының  саяси  сахнадағы  рөлі,  қазақ 
жеріндегі  өзбек  және  қырғыз  халықтарының  егіншілікпен  айналысуы,  қазақ  қоғамының  әлеуметтік 
жағдайлары және қазақтардың ұлт-азаттық күресі туралы мәселелер ізденістерді қажет етеді. 
ХІХ ғасырда Қазақстанның оңтүстік аймағындағы қазақтардың саяси басқару жүйесінің өзгеруімен, 
олардың ортазиялық хандықтардың жаулаушылық саясатына қарсы күрестерімен және ХІХ ғасырдың 
екінші жартысында Патшалы Ресейдің қоластына көшуімен сипатталады. 
Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздігін  алғалы  бергі  уақытта  отаршылдыққа  қарсы  ұлт-азаттық 
қозғалыстар  тарихы,  оның  сипаты,  қазақ  зиялылары  мен  қоғам  қайраткерлерінің  қызметі  жайлы 
бірқатар ғылыми еңбектер дүниеге келді. Осыған қарамастан көптеген мәселелер,  әсіресе Оңтүстік 
Қазақстандағы  ұлт-азаттық  қозғалыстар,  оның  алғышарттары,  барысы  мен  нәтижесі,  мәні  мен  
мазмұнын  әлі де болса ғылыми жүйелі түрде зерттеуді қажет етеді.
ХІХ ғасырдағы Қазақстанның оңтүстігіндегі ұлт-азаттық қозғалыстары мен көтерілістері мәселелері 
тарихшы-ғалымдардың  зерттеу  нысандарына  айналып,    назар  аударылды.  Зерттеушілер  азаттық 
күрестің әртүрлі тұстарын түрлі бағыттар ауқымында зерттеп, әралуан тұжырымдар түйіндеді. Соның 
нәтижесінде отандық тарихнамада бірқатар еңбектер жинақталды. Осыған орай оларды шартты түрде 
төңкеріске дейінгі, кеңестік және тәуелсіздік кезеңдерінде жарияланған тарихнамалық деректер деп 
бөлуге болады.  
Төңкеріске дейінгі кезеңдегі еңбектер «дворяндық-буржуазиялық» деп айдарланатын тарихнамаға 
топтастырылған.  Еңбектердің  деректік  қорының  молдығына,  келтірілген  мәліметтердің  кеңдігіне 
қарамастан олардың авторлары ХІХ ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалыстарға «бүлік», «қарақшылық бас 
көтеру», «бұзақылық наразылық» деген сипат беріп, тұжырым жасауға ұмтылды. Төңкеріске дейін-
гі  кезеңде  қазақ  халқының  ұлт-азаттық    қозғалыстарынан  хабар  беретін  материалдар  империяның 
«Военный  сборник»  атты  басылымында  жарияланып  тұрды.  Сонымен  қатар,  А.Серебренниковтың 
жинақтауымен  басылған  «Сборник  материалов  для  истории  завоевания  Туркестанского  края», 
«Туркестанский  сборник»  деген  құжаттарында  қазақтардың  «бүліктері»  туралы  айтылды.  Сонымен 
қатар, Н.Середа, Н.Савичев, В.Потто, Н.Аничков және т.б. авторлардың еңбектерін жатқызуға болады. 
Олар да көтерілісті бұзақылық бүлік деп сипаттап, жетекшілерінің жеке бастарына субъективті баға 
берді [5, 37 б.].  
Кеңестік  кезеңде  бұл  тақырып  арнайы  зерттеу  нысанына  айналды.  ХХ  ғасырдың  30-жылдарын-
да  қазақ  халқының  ұлт-азаттық  қозғалыстары  тарихын  зерттеуге  арналған  монографиялар  немесе 
басқа  да  сипаттағы  еңбектердің  жарық  көргенін  айта  кету  қажет.  Әсіресе  бұл  бағытта  елеулі  көзге 
түсер еңбектің авторы ретінде бұрынғы патша офицері А.Ф.Рязановты атап өту керек. Ол 1926 жылы 
жарық көрген монографиясында Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың типологиялық пробле-
маларын көтеріп, кеңестік идеология шеңберінде пікір танытты. А.Ф.Рязановтың еңбегінде негізінен 
Кіші жүздегі 1848 жылы болған хиуалықтар мен орыс әскерлерінің арасындағы ірі ұрыс жан-жақты 
жазылған.  Сонымен  қатар,  хиуалықтардың  жорығына  Есет  Көтібарұлы  бастаған  көтерілісшілердің 
қатысуы туралы жазған[6, 84 б.].
Азаттық күресі С.Д.Асфендияров еңбектерінде де көрініс тапты. Оның еңбегінде тарих ғылымында 
тұңғыш  рет  Қазақстандағы  қозғалыстардың  сипатын  отарлау  саясатына  қарсы  болған  оқиғалар  деп 
көрсетті. 
Кеңестік  тарихнамаға  өзінің  қомақты  үлесін  қосқан  ғалымдардың  қатарына  Е.Б.Бекмахановты 
жатқызуға  болады.  Автор  ХІХ  ғасырдың  20-40  жылдарындағы  қазақ  даласының  әлеуметтік-
экономикалық жағдайын терең зерттеп, бодандықтағы елдің тұрмыс-тіршілігін жан-жақты сипаттады 
[7, 46 б.]. 
Сондай-ақ,  П.Г.Галузоның,  Т.Ж.Шойынбаевтың,  С.З.Зимановтың,  А.Н.Нүсіпбековтың,  осы 
тақырыпқа арналған ізденістері құнды болып саналады. 
Сол сияқты ұлт-азаттық қозғалыстар тарихына байланысты қазіргі тәуелсіз Қазақстан жағдайында 
теориялық және методологиялық тұрғыда іргелі еңбектер жазып жүрген тарихшы-ғалымдардың еңбектері 
күн санап артып келеді. Бұл бағытта көрнекті тарихшыларымыз М.Қозыбаевтың,  М.Қойгелдиевтің, 

254
Т.Омарбековтың, В.Галлиевтің, С.Б. Құрманалиннің  зерттеулерінің орны айрықша. С.Б. Құрманалин 
«1847-1858  жылдардағы  Есет  Көтібарұлы  бастаған  ұлт-азаттық  көтеріліс»  атты  еңбегінде  Есет 
Көтібарұлы бастаған көтеріліске жаңаша көзқараспен баға берілген. Сондай-ақ  Е.Ж.Уәлихановтың, 
Х.М.Әбжановтың, А.Оспановтың еңбектері атап өтуге тұрарлық [8, 29 б.]. 
Соңғы жылдары ХІХ ғасырдағы Оңтүстік Қазақстан тарихын зерттеу заңды қызығушылық туғызды. 
Соның ішінде қазақтарға башқұрт, хиуа, казак-орыс, қырғыз, қытай, жоңғар, Еділ қалмақтары сияқты 
халықтардың  жасаған  озбырлық  саясты,  басқыншылық  соғыстары  А.Б.Абдуалы,  Ж.Қ.Қасымбаев, 
Күзембайұлы А., Ж. Артықбаев, С.М.Мәшімбаев, М. Мырзахметов, М.Ж.Абдиров, Е.Ө.Пірімбетова, 
А.Ш.Махаева,  Мажитов  С.Ф.  зерттеулерінде  көрсетілген.  Олар  XIX  ғасырлардағы  қазақ  халқының 
қоғамдық-саяси өміріне ықпал еткен Ресей, Қоқан, Хиуа, Бұхар хандықтарының сыртқы саясатын, қазақ 
қоғамындағы шиеленіс мәселелерін жан-жақты талдаған. Соның ішінде тарих ғылымдарының докто-
ры, профессор А.Абдуалы «Политическая история Южного Казахстана в первой половине ХІХ века» 
атты кітабында ХІХ ғасырдағы Оңтүстік Қазақстандағы көтерілістер тарихы, ұлы жүз қазақтарының 
қоқан  басқыншылығына  қарсы  күресін  жан-жақты  зерттеп,  маңызды  мағлұматтар  келтірген.  Оның 
тұжырымдары мен тарихнамалық зерттеу әдістері қазақстандық тарих ғылымы үшін аса маңызды.
ХІХ ғасырдағы Оңтүстік Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс шетел тарихшыларының да назары-
на ілікті. Бұл жөнінде тарихшы ғалым К.Л.Есмағамбетов ХІХ ғасырдың өн бойында батыс елдерінде 
жинақталған қазақтар туралы тарихи-этнографиялық сипаттағы сан алуан материалдарды жинақтай 
отырып, сол кезеңдегі Еуропаның біраз ғалымдарының, әсіресе Э.Росстың, Д.Бульджердің, А.Краустың 
өз еңбектерінде патшалы Ресейдің қазақ даласындағы дөрекі отаршылдық саясатына, қазақ халқының 
тәуелсіздік үшін жүргізген ұлт-азаттық қозғалысына назар аударғанын аңғартады. 
Мысалы,  К.Есмағамбетов  ағылшын  тарихшысы  Д.Ч.Бульджердің  еңбектерін  зерттей  келе,  Ресей 
империясының ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы отарлық езгісі мен қазақ халқының ұлт-азаттық күрестері 
туралы  Еуропа  жұртшылығы  сол  ХІХ  ғасырдың  өзінде-ақ  хабардар  болғандығын  баса  көрсеткен. 
Д.Бульджер  еңбегінің  ХІХ  ғасырда  ресейлік  тарихшылардың  (Мейер,  Добромыслов,  Бларамберг) 
еңбектерімен тұспа-тұс жарық көргендеріне қарамасатан, оның көзқарасының орыс тарихшыларының 
тұжырымдарына қарсы болып табылады. Д.Бульджер қазақтар көтерілісінің түпкі себебін өте дұрыс 
түсінеді және көтерілістің мақсаты «тәуелсіз мемлекет болу» деп жоғары баға береді [9, 79 б.].
Аталған  зерттеулердің  отандық  тарих  ғылымында  жаңа  тарихи  танымды,    методологияны 
қалыптастыруға  қосқан  үлестері  елеулі.  Авторлар  тарихи  оқиғалар  мен  үдерістерді  баяндауда 
тарихилық, объективтілік принциптерін басшылыққа алып,  ұлттық мүддеге мән берген.                       
ХІХ ғасырдағы Оңтүстік Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс мәселелерін зерттеудің тарихын, тео-
риясы мен әдістемесін қарастыру үрдісі өте ұзақ мерзімді және тарихи кеңістікті қамтиды. Ұлт-азаттық 
қозғалыс  тарихы - ұзын сонарлы, түрлі кезеңдерден, жолдардан өткен тарих. Бұл ұлт-азаттық қозғалыс 
қазақтардың тәуелсіздік жолындағы, шетел басқыншыларына қарсы, отарлық езгіге қарсы қозғалыс.
Қазақ  халқы  тарихының  ғылыми  түрде  зерттелуі  тек  қазан  төңкерісінен  кейін  ғана  басталды. 
Кеңестік тарихнама ғылымға өз үлесін аз қосқан жоқ. Қазіргі кезеңде Қазақстан тарихы қолға алынып, 
жүйелі түрде зерттеулер жүргізіліп жатқанымен ғылыми тұрғыдан қарағанда әлі де жеткіліксіз. Бұған 
әрине, қазақ халқының отаршылдыққа, царизмге қарсы ұлт-азаттық қозғалысын да жатқызуға болады 
[10, 18 б.].
ХІХ ғасырдағы оңтүстік қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысының тарихнамасын талдау, мәселенің 
қазіргі жағдайын бағалауға, оның басымдықтары мен болашақта зерттеу жолдарын анықтауға мүмкіндік 
береді. Отандық тарихшы-ғалымдардың бұл мәселеге қатысты зерттеулерінде қол жеткізген табыста-
рына қарамастан, әлі де зерттеуді қажет етеді. 
Қазіргі кезеңдегі қазақстандық тарихшылардың пікірінше, қазақ халқы өз тәуелсіздіктері үшін 400 
рет қарулы көтеріліске шыққан [11, 14 б.].
Егемендік пен тәуелсіздіктің арқасында қазақ халқы тарихын қайта шынайы жазуға мүмкіндік алды. 
Соның бірі – азаттық жолындағы ұлт-азаттық, яғни отарлаушы метрополияға, шет ел басқыншыларына 
қарсы жүргізілген қарсыластық күрес. Осы күнге дейін бұл тарихи мәселенің күрделі және жан-жақты 
талданбаған қырлары әлі де көп. Еліміз тәрізді тарихымыз да бүгінде өтпелі ксзеңді бастан кеішіруде. 
Маркстік, таптық концепциядан бас тартып, жаңа тәуелсіз методологиялық принциптерді іздестіру-
ге  бас  бұрған  отандық  тарихымыздың  және  тарихнамамыздың  методологиялық  және  теориялық 
мәселелері аз смес. 
Қазақстан  тарихында  оңтүстік  қазақтарының  ұлт-азаттық  қозғалысы  көрнекті  орын  алады  және 
азаттық күресінің жарқын көрінісі болып табылады.
ХІХ  ғасырдың  30-50  жылдары  қазақтардың  негізгі  міндеті  –  өздерінің  мемлекеттілігін  құтқару 

255
жолындағы күрес болды. Күрес екі майданда: Ресей патша өкіметіне қарсы және Орта Азия хандықта- 
рына  қарсы  болды.  Қазақ  руханияты  дамуының  Ресей  отарлығы  тұсындағы  қайшылықты  үрдісінің 
күрделі де қайғылы сипатын жуып-шаю мүмкін емес.
ХІХ  ғасырдың  ортасында  ұлттың  рухани  өмірінде  бұрын  білінбеген  жаңа  бір  нышандар  пайда 
бола бастады. Қазақ руханиятының өзін-өзі туындатқан осынау күнделікті тыныс-тіршілігі ауық-ауық 
өзінің тұтастығын, дүниетанымы мен ұлттық дүние бейнесін қару алып, қорғау қажеттігімен алмасып 
отырады. Мұның өзі көбінесе рухани талаптан гөрі саяси себептерге негізделеді. Мәселен, батырлар 
бастаған  көтерілістер  қазақтың  ұлттық  рухын  орнықтыруға,  ортақ  жау  –  Рсей  патшалығына  қарсы 
күресте қазақтардың барлық күшін біріктіруге талпынған әрекеттер еді .
Патшалы  Ресейдің  құлдығында  болған  казақ  халқы  оларға  наразылық  ретінде  талай  рет  қарулы 
көтерілістер ұйымдастырды. Мұның барлығы амалсыздықтан жасалған мәжбүрлік еді. Ғасырлар бойы 
мекендеп келген ата-бабаларының атақонысынан қазақтарды шұрайлы жерлерінен қуып шықты. Мал-
мүлкін тонап, өздерін құл қылды. Әділдікпен шешетін билік болмады. Қандай даулы мәселе болса да 
келімсек орыстардың пайдасына, оларға жығып беріп отырды.
Осындай озбырлыққа шыдай алмаған қазақтар талай рет өз азаттықтары үшін көтерілістерге шықты. 
Солардың ішінде Жанғожа, Есет, Тентек төре, оңтүстік Қазақстандағы Ұлы және Кіші жүз қазақтары 
бастаған ұлт-азаттық көтерілістер тарихтан ойып түрып орын алды. Бұлардың қай-қайсы да кезінде 
әділ бағасын алған жоқ [12, 3 б.].
Бұл  көтерілістер  өз  кезінде  екі  түрлі  сипат  және  бағыт  алды.  Оның  бірінші  түрі:  орыс  патша 
үкіметінің Қазақ хандығын әлсіретуіне қарсы күресі. Екінші бағыты – қаналған қазақ шаруаларының 
феодалдық және отаршылдық езгіге қарсы бағытталған халық-азаттық қозғалысы болды. Көтеріліске 
бастан-аяқ қалың халық бұқарасы қатысты. Бұл қарулы шаруалар көтерілісі орыс патша үкіметінің 
отаршылдық езгісіне де, ортаазиялық хандықтарының озбырлық саясаты мен жаулап алу мақсатында 
жүргізген үздіксіз шапқыншылықтарына да қарсы қажырлы күрес жүргізді.  
ХІХ  ғасырдың  ортасында  ұлттың  рухани  өмірінде  бұрын  білінбеген  жаңа  бір  нышандар  пайда 
бола бастады. Қазақ руханиятының өзін-өзі туындатқан осынау күнделікті тыныс-тіршілігі ауық-ауық 
өзінің  тұтастығын,  дүниетанымы  мен  ұлттық  дүние  бейнесін  қару  алып,  қорғау  қажеттігімен алма-
сып отырады. Мұның өзі көбінесе рухани талаптан гөрі саяси себептерге негізделеді. Мәселен, батыр-
лар бастаған көтерілістер қазақтың ұлттық рухын орнықтыруға, ортақ жау – сыртқы жауларға қарсы 
күресте қазақтардың барлық күшін біріктіруге талпынған әрекеттер еді.
ХІХ ғасырдағы Оңтүстік Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс орыстың дворяндық-буржуазиялық 
тарихнамасында  «басбұзарлар  бүліншілігі»,  «ұлы  жол  бойындағы  қарақшылар  әрекеті»  деп  ата-
лып,  жала  жабылды.  Кеңестік  тарихнамада  бұл  қозғалысқа  «стихиялы,  локальды  бас  көтеру»  деп 
бір жақты баға берілді. Ал, біздің зерттеуіміз көрсеткендей, оңтүстік өңірдегі ұлт-азаттық қозғалыс 
өз  елінің  бостандығы  мен  тәуелсіздігін  қорғап  қалу  үшін  жанын  қиюға  дайын,  отарлау  саясатына 
қарсы  көтерілген  қазақ  халқының  аса  зор  ұлт-азаттық  көтерілісі  болып  табылады.  ХІХ  ғасырдағы 
Оңтүстік Қазақстандағы ұлт-азаттық козғалысқа осындай лайықты, нақты, жаңаша баға беруге біздің 
зерттеулеріміздің нәтижесі негіз бола алады.
Әдебиеттер
1. Назарбаев Н.А. Уроки истории и современность. – Алматы: Қазақстан, 1997. - 121 б
2. Назарбаев Н. Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы // Егемен Қазақстан. – Алматы, 
1998. – 7 шілде.
3. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. – Алматы: Қазақстан, - 2005. – 604 б.
4. Қозыбаев М. Тарихнама мәселесі толғандырады // Қазақ тарихы. – Алматы, 1996. - №6.
5. Аничков Н. Киргизский герой Джанкожа Нурмухамедов // Известия общества археологии при Казанском 
университете. Т 12, выпуск 3. – 1894.
6. Рязанов А.Ф. Сорок лет борьбы за национальную независимость казахского народа (1797-1838гг.) . - Кзыл-
Орда, 1926. – 300 б.
7. Бекмаханов Е.Б. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында. – Алматы, 1992.
8. Әбжанов Х.М. Ұлт-азаттық қозғалыстары тарихын зерттеу методологиясы туралы// «Тарихшы және тарих» 
атты Е.Бекмахановтың 90 жылдығына арналған халықаралық ғыл.-практикалық конференция материалдары. - 
Павлодар. 2005. - 26-32 бб.
9. Есмағамбетов К. Қазақтар шетел әдебиетінде. - Алматы 1994. - 240 б.
10. Зиманов С.З. Политический строй Казахстана в конце ХVІІІ и первой половине ХІХ века и Букеевское 
ханство. - Алматы: Арыс, 2009. – 400 б.
11. Мажитов С.Ф. Народно-освободительное движение в Казахстане ХVІІІ – начале ХХ вв.: проблемы исто-
рии, теории и историографии: Автореферат дисс. ... д.и.н. – Алматы, 2007.

256
ЛАПИН Н.С.
к.и.н.,Институт истории государства
г. Астана)
НЕКОТОРЫЕ АСПЕКТЫ ПЕРИОДИЗАЦИИ КАЗАХСКО-РУССКИХ 
ВЗАИМООТНОШЕНИЙ В XVIII-XIX ВВ.
С установлением особых международно-правовых отношений в 1730-х гг. начинается новый этап 
казахско-российских  взаимоотношений.  Применительно  к  началу  30-х  гг.  XVIII  в.  можно  говорить 
только  о  начале  сложного  и  противоречивого  процесса  непосредственного  взаимодействия  казах-
ских  ханств  и  российского  правительства.  Принятие  покровительства  Российской  империи  ханом 
Абулхаиром в 1731 г. не следует рассматривать именно как момент вхождения и территориального 
включения в Российскую империю. В начале 1730-х гг. ни в Казахстане, ни в Петербурге не знали 
наверняка, в какую сторону будет идти этот процесс в дальнейшем, и, тем более чем он завершится 
через полтора века. Поэтому не оправданны, например, такого рода утверждения, что «к 1743 г. ка-
захи Младшего, а затем и Среднего вошли в состав России» [1, с. 76; 2, с. 176]. О непосредственном 
подданстве, как справедливо отметил В.Я. Басин, правомернее говорить «лишь на завершающем этапе 
присоединения Казахстана к России… во второй половине XIX века» [3, с. 26,33.].
Определение политико-правового статуса казахских государственных образований – ханств – по 
отношению к России является одним из сложных вопросов историографии. Многие исследователи по-
разному оценивают и характеризуют систему казахско-русских взаимоотношений в Новое время
Например,  И.В.  Ерофеева,  отношения  обеих  сторон  в  момент  подписания  официальных  доку-
ментов  о  подданстве,  характеризуют  как  сателлитно-вассальные  [4,  p.  85].  Известный  учёный  Н.Е. 
Бекмаханова  в  коллективной  работе,  специально  посвящённой  становлению  и  развитию  системы 
управления России в регионах, приходит к выводу, что казахские ханства, «будучи включенными в 
состав России, сохранили многие элементы суверенитета… хотя и с ограничениями» [5]. В этой же 
работе, в заключительной главе, посвященной типологии «системы управления национальных окраин 
России»,  С.Г.  Агаджанов  характеризует  казахско-русские  взаимоотношения  как  «патронатные»  [6]. 
Если исходить из того, что казахи, по мнению ряда историков (например, К.К. Абуева), «подписавшие 
акт о подданстве, воспринимали его как военный и политический союз с Россией, которая берёт их под 
своё покровительство» (т.е. под патронат, если использовать латинский эквивалент этого понятия), то 
получается, что казахско-российские политические взаимоотношения в тот период выстраивались по 
«сценарию» именно казахской стороны [7, c. 159].
Исследователи Г.С. Султангалиева, А.К. Алитурлиева хронологически политические взаимоотно-
шения Казахстана и России представляют следующим образом: 1) 1731 - 1748 гг. – установление «по-
литического патроната Российского государства над кочевыми регионами»; 2) 1748 г. - конец XVIII в. 
– установление «политического протектората, сопровождавшегося согласованием, а затем и прямым 
назначением правителей степи – казахских ханов»; 3) конец XVIII в. - 20-е гг. XIX в. – формирование 
системы «приграничного политического регулирования жизни казахского общества»;   4) с 20-х гг. 
XIX в. – «переход от приграничного регулирования к прямому управлению кочевниками Казахстана» 
[8, c. 5]. С. Завгородняя период, охватывающий большую часть XVIII в. (30-е гг. XVIII в. – 20-е гг. XIX 
в.) характеризует как – «период номинального подданства или протектората» [9, c. 63]. 
Следует вспомнить позицию В.Я. Басина, который в 1960-е гг. подчёркивал, что «неправильно ис-
кать в отношениях между Россией и Казахстаном протекторат или вассалитет в чистом, классическом 
выражении» [3, с. 34]. Сам исследователь определяет данные отношения как «несколько видоизменён-
ный по содержанию и по форме институт протектората, сочетавшийся с элементами вассалитета» [3, 
с. 28,34]. Б.М. Абдрахманова казахско-российские отношения в XVIII в. делит на два качественных 
этапа: в первой половине века – это «пассивное приспособление [России] к специфическим социально-
политическим условиям самого казахского общества» и во второй половине века (в период правления 
Екатерины II) – уже активизация российской политики и попытки оказывать политическое и социаль-
но-экономическое влияние на дальнейший ход развития политических сообществ Младшего жуза [10, 
c. 11-12].
Важный вклад в теоретическую разработку вопросов политико-правового взаимного статуса казах-
ских ханств и России внес А. Кузембайулы. В течении XVIII в. комплекс казахско-русских он выделяет 
в первый период и определяет как «протекторат - форма зависимости, при которой протежируемое 
государство  (Казахстан)  теряло  часть  суверенитета,  в  частности,  лишалось  право  самостоятельных 

257
международных сношений. В обмен государство-протектор (Россия) обязывалось защищать интересы 
зависимого государства от третьих стран», при этом «в первый период российско-казахстанские взаи-
моотношения учитывали обоюдный интерес» [11, c. 124]. 
Начало XIX в.,  как отмечает А. Кузембайулы, характеризуется в военном отношении – интенсив-
ным строительством военных укреплений, казачьей колонизацией, а в политическом плане – привле-
чением на свою сторону некоторой части казахской верхушки. В частности он пишет что «назначая 
представителей  казахской  знати  на  административные  должности,  раздаривая  подарки  и  применяя 
другие  меры,  царское  правительство  создало  в  Казахстане  мощную  базу  для  будущей  марионеточ-
ной псевдогосударственной структуры. Опираясь на нее, Россия в одностороннем порядке попыталась 
ликвидировать ханскую власть на территории Младшего и Среднего жузов. Об этом свидетельствуют 
административные реформы П.К. Эссена в Младшем жузе и М.М. Сперанского в Среднем жузе» [11, 
c. 124]. 
Это привело к тому, что заметная часть территория казахских земель оказалась под юрисдикцией 
России,  однако  А.  Кузембайулы  оговаривает  что  «спецификой  правового  статуса  новоприобретен-
ных  земель  было  то,  что  сама  империя  присоединенные  земли  не  считала  своей  собственностью. 
Подтверждением этому является то, что земли, населенные казахами, назывались «внешними» окру-
гами,  т.  е.  чужими,  находящимися  за  пределами  России.  Да  и  Россия  все  свои  взаимоотношения  с 
Казахстаном осуществляла через Азиатский департамент Министерства иностранных дел. Данный пе-
риод можно считать переходным» [11, c. 124-125].
Следующий этап он связывает с упрочением позиций Петербурга в казахском крае, когда «вся сов-
ременная территория Казахстана вошла в состав Российской империи, была поделена между тремя 
генерал-губернаторствами и шестью областями. По Временным положениям 1867-1868 гг. вся земля 
в Казахстане объявлялась государственной собственностью, на территорию Казахстана распростра-
нялись  имперские  законы.  Были  осуществлены  экономические,  административные  и  политические 
реформы. Таким образом, Казахстан оказался колонией Российской империи со всеми вытекающими 
отсюда последствиями» [11, c. 125].
Если подытожить, то в целом периодизация казахско-русских политических взаимоотношений по 
А. Кузембайулы выглядит следующим образом: первый период – 30-е гг. XVIII в. – 20-е гг. XIX в. (пе-
риод протектората); второй – с 20-х по 60-е гг. XIX в. (переходный период); с 60-х гг. XIX в. начинается 
третий – колониальный период истории Казахстана.
Таким образом, в своих исследованиях А. Кузембайулыприходит к выводу, что установление коло-
ниального периода в казахско-российских взаимоотношениях относится к 1860-м гг., а XVIII в. харак-
теризуется им как период протектората [11, c. 125].
Рассматривая особенности установления договорных политических отношений между Казахстаном 
и Россией, необходимо выделить один важный момент – практически никакие платежи и повинности 
до начала XIX в. казахским населением в пользу империи не неслись. В 1788 г., то есть спустя более 
полувека после первой миссии А.И. Тевкелева в казахскую степь и последовавших после этого со-
бытий, И. Болтин отмечал, что «хотя казахи и называют себя подданными России и поручительство 
верности своея от себя дают аманатов, но податей не платят, служеб и повинностей никаких не отправ-
ляют, управляются своими обычаями и начальниками» [12, c. 389].
В.Я. Басин обратил внимание на то, что зафиксированные при принесении присяги обещания соби-
рать ясак (от 1 до 4 тысяч корсаков и лисиц в год) несли скорее формальный, «символический харак-
тер», если учесть, что население присягнувших жузов составляло несколько сот тысяч человек [3, с. 
29]. 
Другой важный момент это то что, при определении статуса взаимных отношений, как подчеркива-
ет, например В.В. Трепавлов, – «отношения подчинения и подданства русская сторона и ее партнёры 
зачастую воспринимали совершенно по-разному», при этом необходимо чётче представить «различия 
во взглядах на статус пребывания в составе России у русских властей и у присоединенных народов» 
[13, c. 7].
В процессе конструирования периодизации в изучаемом вопросе как нам кажется важным является 
учитывать региональный фактор. В силу крайней обширности казахских степей  в разных регионах 
различные исторические процессы и явления могли и вероятно протекали с разной степенью интенсив-
ности, что делает попытку общей периодизации казахско-русских взаимоотношений, по крайней мере, 
в течении XVIII в. не результативной. Именно поэтому предлагаем ниже периодизацию казахско-рус-
ских взаимоотношений непосредственно в Урало-каспийском регионе, где эти взаимоотношения полу-
чили импульс в первой трети XVIII века.

258
В целом, казахско-российские взаимоотношения в приграничном Урало-Каспийском регионе были 
весьма динамичны. В XVIII в. в этих отношениях прослеживаются следующие периоды:
Первый – 1710-е – 1760-е гг., – характеризуется инициированием и большей активностью со сто-
роны Ханства Абулхаира, особенно в момент начала установления особых отношений с Россией и 
приспособлением российской администрации к новому для неё уровню взаимоотношений в Урало-
Каспийском регионе; также характеризуется прямой зависимостью интенсификации взаимоотноше-
ний от личностного фактора (ханы в Младшем жузе и Оренбургские приграничные начальники) что 
приводило  к  значительному  варьированию  уровня  взаимоотношений,  от  деструктивных  (например, 
А.Р. Давыдов – Нуралы-хан) до активных, прагматичных, исходящих из сложившейся ситуации (на-
пример, Абулхаир-хан – А.И. Тевкелев; Нуралы-хан – Д.В. Волков). Уровень казахско-российских по-
литических взаимоотношений, который сформировался на первом этапе, может быть определён (по 
линии Петербург – Младший жуз) как номинально-патронатные отношения с невозможностью конт-
роля внутренней и внешней политики;
второй  период  –  середина  1760-х  –  начало  1780-х  гг.  –  начало  укрепления  позиций  Петербурга 
в регионе, что в тот период намечает процесс изменения политического статуса казахского ханства 
Младшего жуза (Ханство Абулхаиридов) в направлении определённого ограничения его государствен-
ного суверенитета. При этом в территориальном плане Младший жуз остаётся полностью суверенным. 
Происходит усиление потенциала и масштабов приграничной и трансграничной торговли в регионе. 
Личностный фактор, то есть значение способностей и индивидуальных взглядов оренбургских началь-
ников на характер казахско-русских взаимоотношений продолжают иметь в целом важное значение. 
На этом этапе уровень казахско-российских политических взаимоотношений характеризуется как ус-
ловно-патронатные  с  фактической  невозможностью  контроля  внешней  и  ограниченным  контролем 
внутренней политики.
В начале 1780-х гг. появляются предпосылки к модернизации российской приграничной политики, 
– в Петербурге начинают искать и применять подходы иные, чем в предыдущие десятилетия. В целом, 
в тот период, особенно в рамках «реформ Игельстрома» в Урало-Каспийском регионе была сформули-
рована и начала реализовываться новая модель казахско-российских приграничных взаимоотношений, 
для которой характерны следующие черты: установление и закрепление непосредственных политичес-
ких контактов родовой знати Младшего жуза и Оренбургской администрации; превращение родовой 
политической элиты в самостоятельного субъекта (актора) региональных казахско-российских поли-
тических взаимоотношений; создание новых для казахско-российских взаимоотношений политичес-
ких структур, таких как «совместные учреждения» (Пограничный суд, судебное присутствие, распра-
вы); трансформация традиционных для региона политических институтов (ханская власть, Ханский 
совет). 
Таким образом, довольно чётко проявились особенности, характеризующие политический уровень 
взаимоотношений в 1780-е и который продлился до первых десятилетий XIX  в., что позволяет выде-
лить третий период казахско-российских взаимоотношений и определить его как патронатно-ассоци-
ированные, характеризующиеся совместной координацией вопросов внешней и внутренней политики 
ханств  Младшего  жуза  с  объективным  учётом  материально-политического  потенциала  российской 
власти, в том числе в лице Оренбургской администрации.
В целом, хотелось бы отметить что, на сегодняшний день существуют различные оценки уровня 
взаимоотношений Казахстана и России на протяжении XVIII века. Хотя исследователи отмечают ка-
чественные изменения, относящиеся ко второй половине XVIII в., при этом заметны расхождения в 
точной оценке уровня взаимоотношений (ограниченный суверенитет, протекторат с элементами васса-
литета и др.), что, на наш взгляд, является во многом отражением динамичности и отсутствия стагна-
ции в казахско-российских отношениях

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет