Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл



Дата10.04.2023
өлшемі13,64 Kb.
#80967
Байланысты:
Тәуелсіздік


Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл

Тәуелсіздік – қайсыбір ел үшін де қастерлі де қасиетті ұғым. Сонау сан жылдар күрмеуінде жатқан жаугершілік, соғыс, тәуелділік, бодандық таңбаларының жойылуы. Еркіндік, бейбітшілік сөздерінің синонимі. Ел тәуелсіздігі – халық жүрегіндегі кеңдік пен еркіндіктің асқар шыңы іспеттес. Елдің айбындылығы мен ертеңінің айқындығы нұр шашып тұратын алып күмбез.


Бүгінде Тәуелсіз ел болып ірге көтергенімізге, қалпағымызды аспанға ата қуанып, ертеңгі болашақтың көзге қылаң бергеніне 30 жыл толыпты. Сол қара бұлтты жарған бір үзік сәулелі болашақ бүгінде бізбіз, бүгінбіз. Тоқсан бірінші жылы болған қан мен жанның айқасында қаншама біз үшін ұлы тұлғалар жан қиып кетті. Тіпті олардың жастарының дені тәуелсіздікпен де шамалас емес еді. Небәрі 18-25 аралығындағы жастар. Қыршын кеткен жастар. Бір үзік ғұмырлар.
Отыз жыл бойы Қазақстан өз деңгейінде ел болу жолында көп жетістікке жетті. Көптеген шыңдардан көрінді. Еңсесі биік, тұғыры нық ел бола білді. Ләйім, мәңгі солай болсын! Бейбіт елде өмір сүрген адам үшін әрбір таңның атары мен батары, сағаты мен минуты бағалы болуы керек. Дегенмен, бүгінде сол сұрапыл жылдарды көзімен көргендердің көші жылжып, бейбіт жылда өмірге келгендер орын теуіп жатыр. Асыра сілтегенім болмас, тап қазіргі кезеңде сол еркіндіктің қадірін білмей, білгенін жасап жүргендер қаншама?!
Тәуелсіздік сөзі ойымызға оралғанда, сананы тоқсаныншы жылдардың төңірегі ғана көлегейлейтіні мәлім. Шындығында, тәуелсіздік бір тоқсаныншы жылы ғана көкейді керген арман болған жоқ. Қазақ ұғымы пайда болғаннан бастап, қазақ халқының көргені аз болмады. Не түрлі қырғындарға ұшырап, не түрлі жаулардың қабырғасын қайыстырды. Не түрлі зұлматтарды бастан кешірді. Тіпті, жылап отырып оқитын тарих қойнауында қалды. Біз үшін бұлдыр болса да, тілге тиек ететініміз – жоңғар шапқыншылығы. Қазақ енді хандық болып іргесін көтере бастағанда жағадан алған бұл жау төрт ғасыр бойы кенедей жабысты. Бастарына қара бұлт болып үйірілді. Жалғыз жоңғар емес, Қытайдан да, Қоқан тағы басқа өз тұсындағы көптеген елдерден түртпек көріп келді. Сол кезде ел бола тұра, тәуелсіздікті аңсады. Міне, тәуелсіздік арманы сол кезден бастау алған. Қазақ хандығынан бағыт жылжытсақ, КСРО кезіндегі Қазақстан көзге шалынады. Ол кезде тіпті қазақ деген атауға зәру болып, «қырғыз» аталған ел, бодандыққа әбден ұшыраған еді. Кеңіс үкіметінің ойыншығы болғаны сонша, миға қонымсыз не түрлі реформамен миллиондаған халықтың санын да, сапасын да құртып тынды. Байларды қудалап, малды кедейлерге беруді алға тартып, қаншама малды қырып алды. Одан қалса, «жекешелендіру» деген сылтаумен ортадағы малды тауысты. Оны былай алғанда қолдан жұт жасап, елді аштықтан қырды. Қаншама зиялы, елдің қамын жегендерді «халық жауы», «жапондардың тыңшысы» деп атып жіберді. Елде зиялы кеткен соң, «ит жоқта шошқа үрердің» керісі келіп, білімсіз, мансапқорлардың дәурені жүріп, билігі артты. Бұның бәрін қойғанда қырқыншы жылғы бес жылға созылған соғыс та қазаққа оңай тиген жоқ. Қанша ер азаматынан қол үзіп, мал-мүлкінен айрылып, әбден жүнжіп бітті. Сол жылдардың бәрінде әрбір адамның көкейінде «тәуелсіз, бейбіт күнді көрсете көр» деген арман-тілек кетті. Бәрі де соны аңсап кетті. Бүгінгі арайлы таңның шапағын көре алсақ, ең алдымен, Тәңірдің, сонан соң, сол «Болашақ үшін» деп кеткен әрбір азаматтың дұғасының арқасы.
Бүгінгі таң, Егемен ел үшін әр таң арайлап атуда, шүкір. Кезінде арман болып, жырға қосып, ертегі еткен арманның қаншасы орындалды. Ұшқысы келді, ұшты, көлік мінгісі келді, мінді, ел-елді көргісі келді, көрді, ұрпағының білімді болғанын қалады, қазір білімсіз өмір де бұлаң тартады. Тек, өз көздерімен емес, ұрпағының бүгінімен көрді. Соған да тәубә! Қазақстан қазір әлемдік сахнаға шығып, өзге елдермен бәсекеге түсе аларлық алып ел болды. Сондай сұм да, ызғарлы ғасырларды артқа тастап, оны тарих етті де, өзі ертеңгі тарих үшін аянбай еңбек етуде. Елбасы халқы үшін бар жағдайын жасап, бар мұқтажын жамап берді, ел қатарына қосып, шекарасын бекітітті. Тіпті, елбасының жақсылығын жіпке тізудің өзі аз. Тек қадірін білу керек. Тәуелсіздік тақырыбы бүгін бастасаң, ертең бітпес ұлы тақырып. Әр әріпінен өткеннің үні сезілетін егемендік жайында қанша айтсаң да артық болмайды. Әйтсе де, өзгеге жазар дүние қалсын. Ел тәуелсіздігінің тұғыры биік болсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет