Жамбыл облысындағы Ұлы тұлғаларға арнап орнатылған ескерткіштер
Жамбыл өңірінде бой көтерген қайраткерлеріміздің бірқатар
ескерткіштері:
Мұхамед Хайдар Дулат (1499-1551)
– белгілі тарихшы, әдебиетші,
Моғолстан мен оған іргелес облыстардың тарихы жөніндегі аса құнды
түпнұсқа болып саналатын – «Тарих-и Рашидидің», «Джаһаннаме»
дастаныңың авторы.
1998 жылы туғанына 500 жыл толуы құрметіне М.Х. Дулат атындағы
ТарМу-дің алдына ескерткіші орнатылды.
Қойгелді Сартұлы (1702-1795)
– жоңғар басқыншыларына қарсы
азаттық күресте қол бастаған атақты қолбасшылардың бірі. Ол тӨле бидің
сенімді серігі, жұмсар батыры болған. Қойгелді түрлі шайқаста жекпе-жекке
шыққанда жеңіліс көрмей, жоңғарлардың 9 батырын өлтіріп, қазақ
сарбаздарын жеңіске рухтандырған ерлігі ел аузында аңызға айналған. Ол
қолбасы ретінде Жетісу жері жаудан азат етілгенше жүргізілген соғыстардың
бәріне қатысады. Қойгелді батыр ескерткіші 1998 жылы облыс орталығында
Төле би көшесі мен Қойгелді батыр атындағы көше қиылысында орнатылған.
Жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресінде қол бастаған атақты қол
басшылардың бірі. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Дулат тайпасының Шымыр руынан. Әкесі
Қойгелдіні жеті жасында Бұхара медресесіне оқуға береді. Ол сонда он жыл білім алып,
елге діни сауаты мол білікті азамат болып оралады. Оның ел ішінде хазірет атануы да
содан. Бірақ жаугершілік аман, ел басына түскен ауыр жағдай Қойгелдіні еріксіз
хазіреттің сәлдесін тастап, сауыт киюге, тәспиығын тастап, найза ұстауға мәжбүр етеді.
Қойгелдінің бүкіл өмірі, тағдыры Ұлы жүз елінің басшысы, қазақтың атақты биі – Төле
бимен ажырата алмастай тығыз байланыста өтеді. Ұлы бидің сенімді серігі, жауға жұмсар
батыры болған. Бұл ретте Төленің өмірін жазған Қазанғап: «Сол күндерде хазірет,
Сарттың ұлы Қойгелді, Төледен кейін бастаған, Ұлы жүзді сол еді» дейді. Сондай-ақ «
Төле би келмей жүріс жоқ, Қойгелді келмей ұрыс жоқ» деген, ел аузында сақталып,
мақалға айналған ескі сөз де сол бір аласапыран кезеңде айтулы екі тарихи тұлғаның ел
тағдырын шешуде қандай оырн алғанын айғақтап тұрғандай. Қойгелді әуелде
батырлығымен аты шығады. Түрлі шайқаста жекпе-жек шыққанда жеңіліс көрмей,
жоңғардың тоғыз батырын өлтіріп, қазақ қолын жеңіске рухтандырған ерлігі ел аузында
аңызға айналған. Кейін сардар болып, қол басқарғанда да ол әскери соғыс тәсілін жетік
меңгерген басшы ретінде сарбаздарын жеңістен жеңіске ұмтылдырып, үлкен
қолбасшылық қабілетін танытады. Атақты Аңырақай соғысына Қойгелдімен бірге оның
екі інісі Қожық пен Ақша бірнеше рет жекпе жекке шығып, жаудың бірнеше батырын
өлтірсе, Қожық Ұлы жүз қолының ту ұстаушысы болады. Баласы 13 жасар Қарабатыр
қаптама соғыста ауыр жараланып, ататн түсіп қалған ағасы Ақша батырды қашан әкесі
Қойгелді келіп алып шыққанша жауға бермей қорғап тұрады. Қойгелді қолбасшы ретінде
Жетісу жері жаудан азат етілгенше жүргізілген соғыстардың бәріне қатысады. Кейін елді
жаудан тазартылған жерге орналастыруда да үлкен еңбек сіңіреді. Кешегі Кеңес дәуірінде
Қойгелдіні орыс керуенін тонаушы қарақшы ретінде көрсетіп келді. Соның салқыны оның
кейінгі ұрпағына да тиіп, 1937 жылы олардың біразы «халық жауы» аталып, атылып,
айдалып кетеді. Шындығына келгенде, Қойгелдінің керуен тонағаны да, кейін Төле би мен
Шақшақ Жәнібек батырдың араласуымен орыс патшасының өкілі Карл Миллерге керуен
шығынына мал беріп, төлегені де рас. Бірақ ол не қылған керуен еді. Мәселе осында. Ол –
орыс патшасының қазақ жері арқылы жоңғар басқыншыларына жасырын қару-жарақ тиеп
алып бара жатқан керуені еді. Кейін 1756 - 1758 жылдардағы атамекенді жоңғакрлардан
тазарту жолындағы ақтық айқастарда осы орыс мылтықтары қазақ жауынгерлерінің
қолында «сөйлеп», жеңіс туының желбіреуіне үлес қосқаны белгілі. Қойгелді батыр 93
жасқа келіп, туған жерінде өз ажалынан қайтыс болған. Денесі сол кездің дәстүрі
бойынша Түркістанға жерленген.
Бауыржан Момышұлы (1910-1982)
– қазақ халқының әскери
қайраткері, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры. 1941
жылы
соғыс
басталысымен
генерал-майор
И.В.
Панфиловтың
басшылығымен Алматыда жасақталған 316-атқыштар (8-гвардиялық)
дивизиясы құрамында майданға аттанды. Батальон, полк командирі болды.
Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарды. «Ұшқан ұя»
кітабы үшін Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1976) атанды.
Тараз қаласының орталығындағы облыстық қазақ драма театрының алдына
2000 жылы қазан айында Б. Момышұлының ескерткіші орнатылды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың
көрнекті жазушысы. Туған жері Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау
мекені. Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған.
Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп,
запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл
қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып,
түрлі
әскери
бөлімдерде
взвод,
рота
командирі
болады.
1941 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс басталысымен, Бауыржан даңқты генерал майор
И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар
дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін
атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады.
Соғыс кезіндегі жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери
шеберлігімен ерекше көзге түседі. Бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман сау
алып шығады. Москва түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз
болып жайылады. Бауыржанның осындай ерлігі жөнінде белгілі орыс жазушысы А.Бек
«Волоколамское шоссе» (қазақшасы «Арпалыс») повесін жазды. Бұл шығарма кейін
бірнеше тілге аударылады.
Соғыстан кейін Бауыржан Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери
академиясын бітіреді. Әскери педагогикалық жұмыспен айналысып, Совет Армиясы
әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан
Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс
тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан
туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың
оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып
шығады.
Бауыржан бірнеше орден, медальдермен наградталады, Кеңестер Одағының батыры
атағын алды. Алайда халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл
атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген
болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.
Ақәділ Суханбаев (1920-1944)
– Кеңес Одағының Батыры.
Стжельцовизна деревнясы үшін болған ұрыста ол Александр Матросовтың
өшпес ерлігін қайталап, пулемет оқ шашқан доттың амбразурасын өз
денесімен жапты. А. Суханбаевтың ескерткіші 2005 жылы Тараз қалалық
әскери қорғаныс істері басқармасы алдында орнатылды.
Қосы Сәмбетұлы (1670-1760)
– қазақ-жоңғар соғысының айтулы
қаһармандарының бірі. Қосы батыр жауынгерлік ерліктерімен қоса мәмлегер,
елші ретінде де халқына көп қызмет еткен. Атақты қолбасшы Бөгенбай батыр
мен Төле бидің тапсырмасымен кең-байтақ қазақ өлкесінің талай түпкірін
шарлаған. Аңырақай шайқасында мыңбасы болған. Қосы батыр құрметіне
ұрпақтары 1998 жылы Байзақ ауданының Суханбаев ауылына Ақбақайдың
көк тасынан қашалған ескерткіш орнатты.
Байзақ Мәмбетұлы (1789-1864)
– Қазақстанның оңтүстік өңірінде
Қоқан хандығына және Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық күресті
ұйымдастырушы батыр. Байзақ датқа Қоқан отаршыларының айтқанына
көнбей, қазақтардың мүддесіне қорғай отырып, тәуелсіз саясат жүргізуге
ұмтылады. Оның сарбаздары Кенесары қолына қосылып, Қоқанның бірнеше
бекінісін алды. Созақ аймағын азат етуге қатысты. Қазақтар мен
қырғыздардың Қоқан хандығына қарсы көтерілісіне басшылық жасады.
Байзақ батыр ескерткіші Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылына
кіреберісте биіктеу төбе үстіне 1998 жылы орнатылды.
Жамбыл Жабаев (1846-1945)
– ақын, жырау, жыршы. Жамбылды нағыз
ақын ретінде байтақ елге танытқан, есімін бүкіл Жетісуға, Қырғызстанға,
Сыр бойына таратқан өнері – оның айтыстары. Екінші дүниежүзілік соғыста
ақын жырлары майдандағы әр ұлттан құралған жауынгерлердің жүрегіне
жетіп, жігерін қайрады. 2002 жылы облысымыздың Жамбыл ауданындағы
орталық алаңда Жамбыл ескерткіші бой көтерді.
Рысбек Шінетұлы (1741-1824)
– батыр. Оның батырлық даңқы 1729
жылы Аңырақай шайқасында ерлік жасаған Қойгелді, Өтеген, Сеңкібай,
Саңырық, Тойбек батырлармен бірге шыққан. 1757 жылы Сайрам мен
шымкент қалаларын жоңғар басқыншыларынан азат ету соғысына қатысып,
ерлікке толы қимылдарымен көзге түскен. Ескерткіші Жуалы ауданының Б.
Момышұлы ауылында 1991 жылы тұрғызылған.
Қарасай Алтынайұлы (1598-1671)
– ел ұраны болған, «Қазақтың
Қарасай батыры» аталған ерекше тұлға. 1652 жылы жоңғарлармен болған
шайқаста Жәңгір ханның өлімімен аяқталған қазақ жасақтарының
жеңілісінен кейін, ел басына қиын-қыстау күн туғанда, ел бірлігін, халық
намысын қорғауды Қарасай Алытнайұлы өз қолына алды. жауға қарсы жасақ
құрып, жоңғар әскерлерін Шу бойынан бастап қуып Іле өзенінен, одан әрі
Жоңғар қақпасынан асыра өткізіп тастайды. Суықтөбе басына жеңіс туын
тігеді.
1998 жылы Қордай ауданында Қарасай батырдың туғанына 400 жыл
толуы кең көлемде аталып өтті. Батырдың ұрпақтары мекендейтін Қарасай
батыр ауылында ескерткіш орнатылды.
Қазақтың қаһарман батыры, әйгілі қолбасшысы, есімі шапырашты
руының ұранына шыққан аса көрнекті тарихи тұлға. Қарасай батыр Алматы
облысының Жамбыл ауданына қарасты Суықтөбе тауының етегінде Қарасаз
деген жерде дүниеге келіп, арқа жерінде Көкшетау үшін болған шайқаста
ауыр жараланып дүние салған. Топырақ Көкшетау алабындағы Айыртау
сілемінің Құлшынбай деп аталатын төбесінен бұйырған. Қасына өзінің қанды
көйлек досы арғын Ағынтай батыр жерленген. Қос арыс - шапырашты
Қарасай мен арғын Ағынтай батырға және олармен бірге қанды шайқаста
қаза болған сарбаздарға қос күмбезді кесене орнатылған (1999).
Қарасай батырдың шыққан тегі ұлы жүз шапырашты. Шежіре дерегі
бойынша, Шапырашты Шам (Ыстық), одан Малды, Желді, Қалды есімді үш
ұл туады. Малдыдан Екей, Еміл, Емілден Жайық пен Есқожа туады.
Есқожадан Алысай, Алтынай, Шуаш есімді үш ұл туған. Алтынайдың
үшінші әйелінен Қарасай батыр туған.
Сөз орайында айта кеткен жөн, Қазақстан Республикасының тұңғыш
Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы Қарасай батырдың тікелей
ұрпағы. Атап айтқанда Қарасайдан Көшек, одан Айдыр, одан Мырзатай, одан
Еділ, одан Сапақай, одан Назарбай, одан Әбіш, одан Нұрсұлтан туады.
Қарасай батырдың өмір сүріп, ғұмыр кешкен заманы қазақ-жоңғар
арасында екі ғасырға созылған қан қақсап соғыстың енді тұтанып, енді
шиеленісіп, бірте-бірте екі көшпелі елдіің тактикасы мен стратегиясының
сынға түсе бастаған кезі еді. Бұл кезде қазақ халқының дербес ел болып, ірге
бекітіп, біртұтас этникалық сана-сезімнің орныққанына екі ғасырдың жүзі
болған. Содан да болар, қазақ-жоңғар арасындағы өрт тұтанған кезде елі мен
жерін қорғау үшін алғаш рет атқа қонып, елдің шетіне, желдің өтіне, жаудың
бетіне шығып, ерлік көрсеткен батырлар қатарында Қарасай да болды. Қазақ-
жоңғар соғысы XVI ғасырдың өзінде-ақ шиеленіскені жөнінде тарихшы
В.В.Вельяминов-Зернов жазады. Ал ағылшын көпесі А.Дженкинсон 1557
жылы Қытайға бармақшы болып жолға шыққан, бірақ қазақ-жоңғар арасында
Ташкент үшін қырғын соғыс болып жатқандықтан Қытайға өте алмағанын
жазып қалдырған. Демек, Қарасай батыр ат жалын тартып мініп, сарбаздар
сапына тұрған кезде көшпелі екі ел арасындағы соғыс тәсілдері, қорғаныс
әдістері әбден шыңдалып, өліспей беріспейтіндей шиеленісіп үлгерген. Міне,
бұл тұрғыдан келгенде, қазақ халқының ұлттық патриотизмін, ерлік дәстүрін
алғаш рет қалыптастыру, орнықтыру миссиясы Қарасай қатарлы
батырлардың пешенесіне жазылған. Жетісуда туған Қарасай батырға
Арқаның Айыртауынан топырақ бұйыруы, Қызылжарда туған Баян
батырдың соңғы демінің Іле бойында таусылуы, Еділ бойында туған тама
Қабанбай батырдың Арқадағы Сарысу бойындағы шайқаста қаза табуы,
Ерейментаудың Малайсарысының Алатау бөктерінде дүние салуы, сөз жоқ,
ұлттық-этникалық біртұтастықтың, мемлекеттіктің әбден орныққандығының,
сол мемлекет аясындағы ата мекеннің азаматтар санасында біртұтас киелі
сипат алғандығының ең бедерлі айғағы еді. Осындайда қазақ халқының
кейінгі ғасырларда бастан кешкен жойдасыз азапты өмірінде отаншылдық
сияқты ең киелі сезімдерінің шайылмауының басты себебі, сол бір
Қарасайлар заманында орныққан эпикалық ерліктер мен патриотизмнің негізі
беріктігіне де болар деген қорытындыға тоқтауға тура келеді.
Есім мен Жәңгір сияқты ақылды хандардың арман-аңсары Қарасай
сияқты біртуар батырларға, ру–тайпа көсемдеріне тікелей арқа сүйеу арқылы
жүзеге асып отырды. Жалпы XVII ғасыр аясында, яғни Қарасай батырдың ат
үстінде болған кемел шағында қазақ-жоңғар арасында әйгілі үш соғыстың
болғаны тарихтан аян. Мұның біріншісі – 1635 жылы болған Сібір-Тобыл
соғысы. Бұл соғыс туралы И.Э. Фишер «Сібір тарихы» атты еңбегінде
жазған. Тарихи деректерде осы кезеңде жалайыр, шапырашты руларының
Тобыл бойында болғаны айтылады. Сібір-Тобыл соғысына Қарасай
батырдың қатысқаны ешқандай күмән келтірмейді.
Екінші соғыс 1643 жылы болған. Бұл әйгілі Жәңгір сұлтанның (ол кезде
әлі хан тағына отырмаған) 600 жанкешті сарбаздарымен жоңғардың 50 мың
әскеріне қарсы тұрып, оған алшын Жалаңтөс батыр 20 мың әскерімен
көмекке келетін жойқын соғыс. Бұл соғыс жайында орыс тарихшылары Н.М.
Карамзиннен бастап И.Я. Златкинге дейін таусыла жазып, жалпы соғыс
тарихында сирек кездесетін оқиға ретінде атап өтеді, яғни шежіре
деректерінде шапырашты Қарасай батырдың 3 мың қолымен осы соғысқа
қатысып, жойдасыз ерлік көрсеткені айтылады. Әйгілі Сүйінбай жыраудың:
Қарасай халқы үшін атқа мінді,
Шыдамай жауыздыққа неше түрлі,-
дейтіні, немесе:
Сол қуғаннан қуылды Шудан бастап,
Қалмақ қашты баласын, малын тастап.
Әйеліне қарауға шамасы жоқ,
Келіп еді о баста жерді ластап,-
деп суреттейтіні Қарасай батырдың осы соғыстағы ерлігіне орай
айтылған.
XVII ғасырдың аясында қазақ-жоңғар арасында болған сұрапыл
соғыстың үшіншісі – 1652 жылы өткен. Бұл соғыста Жәңгір ханды жекпе-
жекте 17 жасар Қалдан Серен өлтірді. Осындайда «тарихтың тәлкегі» деуден
гөрі, «тарихтың заңдылығы» деуге болатын бір гәп еске түседі, сол Қалдан
Сереннің баласы Шарышты Аңырақай шайқасында 17 жасар Абылай сұлтан
(ол кезде хан емес) жекпе-жекте өлтіреді. 1652 жылғы соғыста Қарасай батыр
жалпы қазақ әскерлері қолбасшыларының бірі ретінде ақыл-парасатымен,
тапқырлық-табандылығымен танылған.
Сахара төсінің ежелден қалыптасқан тәртібі бойынша ел бастаған көсем
мен қол бастаған батырлардың есімі әдетте ру-тайпа атауына ұласып, ұранға
шығып отырған. Ондай ірі тұлғаларға жер атын беру рәсімі қалыптасқан. Бұл
ретте Қарасай батыр есімінің ру атауына ұласып, ұранға шығуы, бірнеше жер
атауларының берілуі, ең алдымен, іргелі рудың қам-қарекетін елдік мұрат-
мүддесімен тоғыстыра білген қайраткер- қолбасшылығына айғақ болса керек.
Белгілі зерттеуші П.П. Румянцевтің Жетісу тарихы мен шаруашылығына
арналған кітабы 1913 жылы Петербургте жарық көрді, «Материал
Семиреченской области» деп аталатын осы кітапта былай жазылған: «Батыс
Кәстек өңірінің жұрты шапырашты руынан шыққан Қарасай руы Ақмола
облысының жерін қоныс етеді. Қарасайдың бейіті Көкшетау уезінің Айыртау
деп аталатын өңірінде» - дейді.
Қазақ халқының тарихи тұлғаларына деген марапат-құрметінің соншалықты
баянды екені қайран қалдырады. Өлетін малмен, тозатын дүниемен
алдарқатпайды, еліне лайық ер туса, олардың есімін тұтас ру мен киеі туған
жерге бұйыртып отырған. Онысы жеріміз бүтін, еліміз аман болса, біртуар
ерлердің де есімі ұмыт болмайды дегені болуы керек. Қазақ халқының
мұндай мәртебеге лайық перзенті Қарасай батыр екенін тарихтың өзі
дәлелдеп отыр.
Бәйдібек Қарашаұлы (шамамен 6-7 ғ., кейбір деректерде 10-11, 14-15
ғ. өмір сүрген)
қазақтың елі мен жерінің тұтастығын қалыптстыру
жолындағы аты аңызға айналған тарихи тұлға. Ұлы жүздің Үйсін, Суан,
Дулат ру-тайпаларының түп атасы. Жетісуды, Арыс өзенінің алабын,
Ташкент пен Қаратау өлкелерін жайлаған елді басқарған. 2002 жылы Тараз
қаласындағы Достық алаңында елін, жерін қорғап, оның тұтастығы мен
бостандығы үшін күрескен батыр, әрі би, бүкіл алаш жұрты қастерлейтін ұлы
бабамыз Бәйдібекке еңселі ескерткіш ашылды. Қарашаұлы Бәйдібек (VI-VII
ғ.ғ.) Жетісу алабындағы көшпелі тайпалар көсемі. Ақыл парасатымен, ерлік
істерімен елге ұйтқы болған тарихи тұлға.
Ел ішіндегі қария сөздер далалық ауызша тарихнама бойынша (ДАТ)
Ұлы жүздің үйсін бірлестігінің құрамындағы албан, суан, дулат, сарыүйсін,
шапырашты, ысты, ошақты тайпалары Бәйдібекті өздерінің түп атасы деп
білдеі. Бәйдібектің әкесі Қараша (530-604) туралы, Бәйдібектің ұрпағы
Майқы би туралы, Қытай жылнамаларында, Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-
1551) еңбегінде деректер кездеседі. Бәйдібек жалпақ жатқан Жетісуды, Арыс
өзенінің шұрайлы алқаптарын, Қаратау мен Ташкент алабын қоныс етіп,
ондағы ру тайпалардың бас біріктіруіне, ел болып ұйысуына ықпал еткен.
Бәйдібек үш некелі болыпты. Бірінші әйелі Сары бәйбішеден Байтоқты
есімді бала туып, одан Түргеш (Сарыүйсін) өрбіген. Екінші әйелі Зеріптен
Жалмамбет туады. Одан Шапырашты, Ошақты, Ысты өрбіген. Үшінші әйелі
есімі исі қазаққа мәшһүр әулие Домалақ ана. Бұл кісінің шын аты Нұрила.
Домалақ анадан Тілеуберді туады. Тілеуберді ел аузында Жарықшақ
(Жарықбас) атанып кеткен. Жарықшақтан Албан, Суан, Дулат өрбиді.
Бұл аталардан бәрі де іргелі ру тайпаларға ұласып, қазақ халқының ел
болып ұйысуына тікелей араласқан.
Бәйдібектің Сары бәйбішесінен туған Байбоқтыдан басқа алты бірдей
ұлы соғыста қаза тауып, Қаратаудың шығысындағы Қошқарата өзенінің
бойына жерленген. Күні бүгінге дейін бұл жер «Алты сары басы» деп
аталады.
Бәйдібектің өзінің сүйегі балабөген өзенінің жағасына жерленген.
Басына көрнекті кесене тұрғызылған. Қазір Оңтүстік Қазақстан облысындағы
бір аудан Бәйдібек есімімен аталады.
Бәйдібектің өмір сүрген заманы Еуразияның Ұлы даласын
(Л.Н.Гумилев) қоныс еткен желдей еркін көшпелі тайпалардың арасында
этникалық тұтастану үрдісі қызу қарқынмен жүріп, мемлекеттің ірге тасы
қаланып, тарих сахнасына әйгілі Түрік Қағанатының шыққан кезі.
Шығысында Сарыөзен (Хуанэ) мен батысында Темірқақпаға (Дербент) дейін
қанат жайған алып қағанат өз кезегінде төңірегінде Қытай, Парсы, Үнді, Рұм
(Византия) сияқты империялар мен патшалықтарға ықпалын жүргізе
бастаған. Ең бастысы, түркі жұртының шаруашылық мәдени типі сараланып,
өзіндік төлтума өркениеті қалыптасып, енді түркі тектес ұлттар өз қоныс
тұрағымен, өзіндік тіл ділімен тұлға таныта бастаған.
Міне, осындай аса күрделі тарихи кезеңде Бәйдібек ақыл парасатымен
де, ерлік істерімен де ұлттың ұйысуына, елдің бас біріктіруіне, сөйтіп қазақ
даласындағы ру тайпалардың этникалық тұтастануына мұрындық болған
тарихи тұлға.
Бәйдібек, Домалақ ана кешендеріне 2000-2001 жылдары жүргізілген
қазба жұмыстары тарихи тұлғалардың қоғамда алар орнына, өмір сүрген
заманына қатысты толымды дерек мағлұматтар беріп отыр. Солардың ішінде
VI-VII ғасырда шығарылған тиын теңгелер Бәйдібек пен оның жұбайы
Домалақ ананың өмір сүрген заманына, олардың әлеуметтік статусына елеулі
айғақ ретінде ден қойдырады.
Халық жады арқылы атадан балаға жалғасып жеткен қария сөздер
Бәйдібектің ел қамы, халық тағдырына қатысты істерге ұйтқы болып, көреген
көсемдігімен жұртқа ықпал еткен тарихи тұлға екенін танытады.
Өтеген Өтеғұлұлы (1699-1773)
– XVIII ғасырдың бірінші жартысында
жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры. 1723 жылы Тауасар,
Райымбек, Ханкелді батырлармен тізе қосып жоңғарлармен айқасады. 1740
жылы Іле бойында қалмаққа қарсы жасақ жинаған Төле би әскеріне қосылып,
елін жаудан азат етуге атсалысады. Аңырақай даласындағы алапат шайқаста
қалмақтың бас батыры Бохтишарды жекпе-жекте өлтіруі шайқастың
жеңіспен аяқталуына жеткізген.
1999 жылы Қордай ауданының Өтеген ауылында батырдың 300 жылдық
мерейтойы өткізіліп, аудан орталығында еңселі ескерткіш орнатылды.
Өтеген батыр Өтеғұлұлы (Мүйізді Өтеген) (1699-1773) – XVIII
ғасырдың І жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен батыр.
XVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы
күрескен қазақ батыры. Шыққан тегі – Ұлы жүз Дулат тайпасының Жаныс
руынан. Өтегеннің ата-бабалары да есімдері елге танылған батырлар болған.
Бабасы Сырымбет қазақ ханы Салқам Жәңгірдің Самарқан әмірі
Жалаңтөспен бірігіп, жоңғардың 50 мың әскерін талқандайтын әйгілі
шайқасына қатысқан батыр. Өз әкесі Өтеғұл да талай қанды жорықты бастан
кешкен батыр адам болған. Шешесі Нұрбала атақты Қордай батырдың
немересі екен. Осындай тектілерден жаралған Өтеген де 15 жасында-ақ есімі
елге танылып, батыр атанады. Оның Тарпаң есімді баласы мен Шаншар атты
немересі де ел қорғап, жат жерліктерге найза түйреген белгілі батырлар.
Өтеген батыр жөнінде ел аузында аңызға бергісіз әңгімелер көп
сақталған. Солардың біразы Сүйінбай мен Жамбыл секілді жыр
алыптарының да дастандарына арқау болған. Ел оның есімін әулие тұтып,
қос мүйізі бар киелі деп біледі. Жамбыл Жабаевтың: «Қасара біткен
маңдайдан, жан еді қос мүйізді» - деп жырлап, оны батырлықтың белгісі
ретінде тануы да содан. Өтеген батырдың өмір жолын үш кезеңге бөліп
қарауға болатын секілді. Оның бірі - Бұхара медресесін бітірген ғұлама
ретінде ел ішінде хазірет атанған кезі. Екнішісі - батырдың елді «ақтабан
шұбырындыға» ұшыратқан жоңғар басқыншыларына қарсы күресі. Ол
күресте ерлігімен көзге түсіп, батыр атанған. Үшіншісі – жоңғарлардың 1734
жылғы екінші қайтар соққысынан кейін оңтүстік қазақтары қатты күйзеліске
ұшырағанда, Төле бидің жау өтінен шалғай жерден қоныс іздеуге жіберіп,
елге жайлы, малға қолайлы жер іздейтін кезі. Өтеген батыр мен Райымбек
батыр екеуі жауға бірге шапқан замандас кісілер екен. Райымбек бірде
Өтегенге : «өлгенде сен су астында қаласың» деген екен. Әулиенің сол
айтқаны дәл келіп, 1973 жылы Қапшағай су қоймасы салынғанда, Өтеген
батырдың бейіті су астында қалатын болады. Бірақ батырдың ұрпақтары
бұдан ертерек хабарлап, қам жасап, батыр бабаларының сүйегін алып, Өтеген
ауылына әкеп қайта жерлейді. Батырдың кезінде өзі тұтынған біраз мүлкі
сақталған. Солардың бірі – Абылай ханның жез тегенесі. Оны Абылай хан
Өтегенге кезінде өзі сыйлаған екен.
Ноғайбай би Дәулетбақұлы (1834-1910)
– он тоғызыншы ғасырдағы
қазақ халқының қайраткер ұлдарының бірі – Жетісу өңірінің белгілі шешен
биі. Ресей патшасы армиясының шенін алған. Ол өмір сүрген кезең Қоқан
хандығының қазақ, қырғыз жерінің бір бөлігін билеп-төстеп тұрған кезімен
тұс келді. Абылайлық саясатты қолданып қоқандықтармен де, орыстармен де
тіл табыса білген оның Шәбден манаппен де терең түсіністігі Кенесары
ханның өлімінен кейін ушығып тұрған қырғыз-қазақ қарым-қатынасын
қалпына келтіруге септігін тигізді.
2005 жылы маусым айында Қордай ауданының орталығында оған еңселі
ескерткіш ашылды.
Кенен Әзірбайұлы (1884-1976)
– жыр алыбы Жамбыл бастаған ауыз
әдебиеті сүлейлерінің соңы. Халық поэзиясы көгінде ең жарық, ең жарқын
жұлдыздардың қатарында орын алатын аса көрнекті өнер иесі, бір бойына
ақындық, сазгерлік және әншілік қасиеттері қатар дарыған, елімізге еңбек
сіңірген қайраткер.
Кененнің соңында 17 дастан, 150-дей ән, 10-нан астам айтыс, халық
қазынасынан жинаған том-том қолжазбалар қалды. Ол сонымен қатар күші
де еді. Қазақ КСР-нің Халық ақыны Кенен Әзірбаевтың ескерткіші Қордай
ауданының Кенен ауылында 2002 жылы орнатылды.
Жауғаш Қырбасұлы (1733-1782)
– Абылай ханның әскери
қолбасшысы, елші. Абылай хан оның ерлігін жоғары бағалап, «Жаралы
жолбарыс» деп атаған. 1754-1756 жылдары Абылай ханның арнайы әскери
қолын басқарды. Қытаймен арадағы қатынасты реттеуге қатысқан елші де
болған. Биыл Меркі аудаының орталығында Жауғаш батырдың ескерткіші
тұрғызылды.
Абылай ханның белгілі мәмілегерлерінің бірі, атақты батыр, қолбасшы,
өз дәуірінің көрнекті қайраткері. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Дулат
тайпасының Ботпай руынан. Қазіргі Алматы облысының жерінде туып,
Жамбыл облысының жерін мекендеген. Оның ер-тұрманы, қару-жарағы
қазіргі таңда Меркідегі өлкетану мұражайында тұр. Жауғаш та өз
замандастары секілді, ерте есейіп, қолына ерте қару алған. Ол қырғыздың
сарыбағыш руынан шыққан Есенқұл, Садыр деген батырлардың өз еліне
жасаған зорлық – зомбылығына кектеніп, 19 жасында Арқаға Абылай ханды
іздеп барады. Сонда жүріп Абылайдың сынынан өтеді. 21 жасынан бастап
қазақ жерін жоңғар басқыншыларынан тазарту жорықтарына қатысады. 1755
жылы ол Абылайханнан бата алып, Алатауға келіп, қырғыз елінің ру
басылармен ортақ тіл табысып, солардың жасақтарымен бірігіп, Қорғаты мен
Шу бойындағы, Меркі мен Кемін өзендері аралығындағы, Алатаудан
Балқашқа дейінгі жерлерді қалмақтардан тазартып, оларды Ілеге дейін
қуады. Хан тапсырмасын ойдағыдай орындап келгеннен кейін Жауғаш
Абылай ханның қасында болып, талай шайқастарға қатысады. Осындай
шайқастың бірінде Жауғаш бастаған сарбаздар жанқиярлық ерлік көрсетіп,
жараланған Абылай ханды қан майданның ортасынан суырып алып
шығады. Ол – бітімшіл мәмілегер. Қазақ хандығының 1756-1758 жылдардағы
Қытаймен келісімге келуіне, 1770-1774 жылдардағы қырғыздармен
қақтығысының нәтижелі аяқталуына ерекше еңбек сіңіреді. Абылай ханның
арнайы шақыруымен Жауғаш жетпісінші жылдардың аяғында қайтадан
Арқаға барады. Хан ордасын Түркістанға көшіргенде Тілеуберді, Бүрге
батырлармен бірге соның қорғаушысы болады. Жауғаш қандай жағдай болса
да сөзіне берік, досқа адал, әділ кісі болған. Өздерімен соғысқан дұшпаны
Садырдың бір баласын ертедегі достығы үшін өлтіртпей, ханнан өтініп сұрап
алуы соның айғағы. Оның досқа адалдығын Абылай хан да жоғары
бағалайды. Жауғаш батыр 49 жасында өз ажалынан қайтыс болды. Халқы
аяулы батырын арулап жуып, сүйегін Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи
кесенесіне қояды.
Сыпатай Әлібекұлы (1781/82 – 1867/68)
– XIX-ғасырдың бірінші
жартысында өмір сүрген қазақ батыры. Жастайынан қоқандықтардың елге
көрсеткен зорлық-зомбылығын көріп өскен Сыпатай Қоқан хандығынан елін
азат етуді өз өмірінің басты мұраты етеді. 2002 жылы Сыпатай батырға Меркі
ауданының іргесінен үлкен ескерткіш тұрғызылды.
Әлібекұлы Сыпатай (1782-1867) - Қоқан басқыншыларына қарсы
күресте аты шыққан батыр, ерлігі мен шешендігі, әділдігі мен ақылдылығы
жадында сақталып қалған үлкен бедел иесі. Шыққан тегі – Дулат
тайпасының Ботпай руынан. Әкесі Әлібек момын, етік тігіп, өрім өрумен
аймағына аты атынлған адам екен. Бірақ балалары – Андас та, Сыпатай да
намысқой, өр кеуделі жігіт болып өседі. Көз көрген қарттардан естігені
бойынша Сыпатай батыр кескінін Кенен Әзірбаев: «зор денелі, құлағы
сүйемдей, омырау жүні бір түп қамыстай, құлағына тұрған қырауды
қамшысымен қағып түсіреді екен. Сөзге де шешен, тапқыр болыпты», - деп
суреттейді.Тарихтан ХІХ ғасырдың басынан ортасына дейін Оңтүстік
Қазақстан аумағының біраз жерін қоқандықтардың басып алғаны белгілі.
Басқыншылардың елге көрсеткен зорлық-зомбылығын көріп өскен Сыпатай
Қоқан хандығынан елін азат етуді өз өмірінің басты мұраты етеді. Атқа мініп,
қол жинап, елге қырғидай тиіп, салық жинап жүрген Қоқан ханының
жасауылдарын айдап шығады. Міне, осы кезде оның ұйымдастырушылық
қабілеті жарқырай көрініп, ерлік істерімен ел құрметіне бөленеді. Арқадан
ығысқан Кенесары хан oңтүстікке келіп, Қоқан Хиуа хандығының
бекіністеріне шабуыл жасағанын естіп, содан рухтанып атқа қонған ел
азаматтарын бастап, Сыпатай да көтеріліске шығады. Кейін Кенесарыға
барып қосылады, оның сенімді батырларының біріне айналады. Бірақ
Кенесары қырғыздарға соғыс жасағанда, Сыпатай одан бөлініп, өз әскерін
бастап кетіп қалады. Оның өзіндік себебі де бар еді. Жиырмадан жаңа аса
берген албырт кездерінде өз елінің жуандары ағайынды екі батырды – Андас
пен Сыпатайды сыйғызбай қуып жібергенде, олар көрші қырғыздарға барып
паналаған болатын. Қырғыз ағайындар елін Қоқан басшыларынан қорғасқан
екі батырға риза болып, өз ұлдарындай көріп, алдарына мал салып, үстеріне
үй тігіп, қоныстығына жер береді. Қалың малын төлеп қыз әпереді.
Қырғыздың солто тайпасының манабы Қанай Сыпатайдың екінші әкесіндей
болып, үлкен қамқорлық көрсетеді. Өзін баласындай етіп өсірген елге
Кенесары шабуыл жасамақ болғанда, не істерін білмеген ол қатты қиналады.
Ақыры өздеріне адамгершілікпен соншалық жақсылық жасап, екінші
отанына айналған елге шабуыл жасауға ұжданы жібермейді, әрі ата
жұртының ежелгі көршісі бауырлас елмен қарым қатынасты бұзғысы
келмейді. Кенесары көтерілісі жеңілгеннен кейін, Қоқан езгісінен елді
құтқарудың жалғыз жолы – Ресей қарамағына өз еркімен ену деп түсінген ол
орыстың патшасы Александр ІІ-ге хат жазады. Орта Азияны жаулап алу
құлқының тесіп отырған патша өкіметі кідірмей, 1863 жылы Верный
қаласындағы полковник Черняевқа Қоқан хандығына қарсы жорыққа
дайындалуға бұйрық береді. Бұл жорыққа Сыпатайдың балалары қатысады.
Орыс патшасы Сыпатайдың еңбегін жоғары бағалап, шен және бағалы
сыйлықтар береді. Сыпатай - сексен бес жыл жасаған өмірінің саналы алпыс
жылын күрес-тартыспен өткізіп, шапқыншылықты күнде ерлігін, бейбіт
күнде мәмілегер әділдігін танытып, халқына қалтқысыз қызмет еткен
ерлердің бірі.
Биназар Ақеділұлы (1802-1860)
– Қоқан хандығына қарсы күресте
Сыпатай батырдың сенімді серігінің бірі болған батыр. Кейін Шу өзеніне
тоған салып, ауылын егіншілікпен айналысуға баулыған. Биназар
Ақеділұлының ескерткіші есімі берілген ауылда 2004 жылы Тәуелсіздік күні
мерекесінде ашылды.
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков (1966-1988)
– 1986 жылғы
Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы. Желтоқсан көтерілісінің бас құрбаны
болған Қайрат еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстан Жоғарғы Соты
Пленумының 1992 жылғы 21 ақпандағы шешімімен толықтай ақталды. Оған
«Халық қаһарманы» атағы берілді. Қайрат Рысқұлбековтың ескерткіші 1992
жылы Моынқұм ауданының Бірлік ауылында орнатылды.
Тұрар Рысқұлов (1894-1938)
– мемлекет қайраткері. 1918 жылы сәуірде
Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитеті төрағасының орынбасары болып
сайланып, өз күш-жігерін ашаршылыққа ұшыраған халықты төніп тұрған
ажал тырнағынан арашалап қалуға, орыстар мен қазақтардың арасындағы
қарым-қатынасты реттеуге, кеңестерге жергілікті халық өкілдерін көптеп
тартуға жұмсады. 1926 жылы Ресей Федерациясы Халық комиссарлары
кеңесі төрағасының орынбасары болып бекітілді. Бұл қызметіне қоса
Түрксіб темір жолын салу жөніндегі үкімет комиссиясының орнына 3 жылда
пайдалануға берілуін ұйымдастырды. 1937 жылы сталиндік жазықсыз
жазалау құрбаны болды. 2002 жылы Тұрар Рысқұлов ауданының Құлан
ауылында оның ескерткіші тұрғызылды.
Шоқай Қарабекұлы
Қаратау өңірінде, Саудакентте XIX-ғасырда өмір
сүрген белгілі тарихи тұлға. Шоқай Қоқан ханы сарайының лауазымды
қызметі – датқа атағын алғанмен, Құдияр ханға және оның шылауындағы
зорлықшыл топқа емес, өзінің халқына қалтқысыз адал қызмет етті. 2001
жылы Сарысу ауданының Саудакент ауылында ескерткіші орнатылды.
Ұлбике Жанкелдіқызы (1825-1849)
– қазақтың ғажап айтыскер ақыны,
жезтаңдай әнші, дәулескер күйші. Ұлбике ақынның шығармаларын В. Радлов
Петербургте бастырып, кейін орыс және неміс тілдеріне аударып жариялаған.
Ұлбике ақын ескерткіші туғанына 180 жыл толуына орай, 2005 жылы
Талас ауданының орталығы Қаратау қаласында тұрғызылды.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев (1912-1993)
– Қазақстанды ширек ғасыр
бойы басқарған қазақ халқының көрнекті мемлекет қайраткері. Үш мәрте
Еңбек Ері, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1952), техника
ғылымдарының докторы. Ірі ұйымдастырушы және көрнекті мемлекет
басшысы ретінде танылды. Талас ауданының Ақкөл ауылында 2002 жылы
туғанына 90 жыл толуына орай Д. Қонаевқа ескерткіш қойылды.
Төле би Әлібекұлы (1663-1756)
– қазақ халқының бірлігін нығайтуға
үлес қосқан атақты би, мемлекет қайраткері. Ол Қазыбек және Әйтеке бимен
бірлесе отырып, қырдың қатал заңын бір жүйеге келтіріп, оны жаңа
жағдайдағы тіршілікке сәйкес бай мазмұн мен түр беріп қайта түзді. «Жеті
жарғы» атанған түзілген құжатта ертеден келе жатқан дала демократиясы
ескеріліп, жаңаша көзқараста жер мен жесір дауы, құн мәселесі, т.б. әділ
шешімін тапты. Төле би бабамыздың ескерткіші 1993 жылы Шу ауданының
Төле би ауылында орнатылды.
Қазақтың Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандары
тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан аса ірі мемлекет және қоғам
қайраткері, ойшыл дана, Әз Тәуке хан құрған «БИлер кеңесінің» мүшесі,
атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» деп аталатын заңдар
кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасының
Жаныс руынан. Шежірешілер «тоғыз ұлды Құдайберді әулетінен Төлеге
дейін бай да, би де шықпаған. Олар «қарашоғыр» атанған қара шаруа болған»
деген дерек береді.
Төле би кезінде оқыған, ірі сауатты, халқының ақындық шешендік
өнерінен тәлім алған адам. Жастайынан ел арасындағы билікке араласып,
әділдішімен, шешендігімен, тапқырлығымен төңірегіне кеңінен танылады.
Тәуке ханның тұсында Төле би «Билер кеңесінің» мүшесі ретінде
мемлекеттік істердің оң шешілуіне айтарлықтай үлес қосқан, жыл сайын
өтетін бүкіл халықтық жиынды ұйымдастырушылардың бірі болған. Ол Орта
жүздің төбе биі Келдібекұлы Қазыбекпен, Кіші жүздің төбе биі Байбекұлы
Әйтекемен бірге Тәукенің Түркістан қаласын орталық етіп, үш жүз
ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп бірегей Қазақ хандығын
нығайтуға, жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қырғыз, қарақалпақ,
өзбек халықтарының одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға
белсене қатысады. Бұл Қазақ пен Жоңғар хандықтарының арасы шиеленісіп
тұрған кез болатын.
Тәуке хан өлгеннен кейін Қазақ хандығының іштей әлсіреуіне
байланысты Төле би Ұлы жүзді билеп, жоңғар басқыншылары Жетісуды
жаулап алуына байланысты біраз уақыт соларға тәуелді болады. Бірақ оларға
алым салық төлеп тұрғанымен, саяси билікті өзінше атқарып, «ақ табан
шұбырындыдан» кейінгі қазақ қауымын біріктіріп, оларды жоңғар
феодалдарының езгісінен зат етуде аса зор ұйымдастыру жұмыстарын
жүргізеді. Ол жоңғар қонтайшысына алым-салық төлей отырып, Абылай
ханмен, Барақ сұлтанмен, Шақшақ Жәнібек батырмен, сондай ақ Қоқан
хандығымен байланысын үзбейді. Бұл ретте жоңғардың Жетісу жерін
жаулаған қолбасшыларының бірі Сары Манджаның Төле бидің үйінде өлуі
де біраз жайды аңғартқандай.
Төле би Россия мен Қазақ хандығы арасындағы қарым қатынасты
қалыптастыруға күш салды. 1749 жылы Орынбор губернаторы И.И.
Неплюевке өзінің жиені Айтбай бастаған елшілік жіберіп, Россияға қосылу
ниетін білдіреді.
Төле би жоңғар билеушілерінің арасындағы тақ таласын өршіте қолдап,
ежелгі жаудың іштей әлсіреуіне ықпал жасайды. Абылай хан мен Төле би
таққа таласқан жоңғар нояндарын алма-кезек қолдай отырып, ақырында
Жоңғар хандығының құлауын қамтамасыз етеді. Бұл Төле бидің Абылай
ханмен бірлесе жүргізген сырт саясатының ірі нәтижесі еді.
Ел аузында Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар сақталған. Оның
атымен байланысты айтылатын нақыл сөздер, мақал мәтелдер, билік
кесімдер де ел арасына кеңінен тараған. Төле би есімі тек Ұлы жүзде ғана
емес, Орта жүз бен Кіші жүзде де аса құрметпен аталады. Бұл оның бүкіл
қазақ халқының тағдырына қатысты ірі оқиғалардың ортасында жүргенінің
айғағы. Бұған Төле бидің замандасы, тағдырласы Қаз дауысты Қазыбек бидің
«Төле би дүниеден өтті» деген суық хабарды естігенде: « Төле өлді дегенше,
дүниеден әділет өлді десейші. Бүтін билікке Төле жеткен, бүтін хандыққа
Есім жеткен, бұл екеуіне кім жеткен?» деп, жер таянып, көзіне жас алуы да
куәлік етеді. Бұл үш арысқа тірек болған үш асылдың бірінің екіншісіне
берген бағасы. Бұдан асырып, жеріне жеткізіп, айту мүмкін де емес. Өйткені
олар қасында бірге жүріп, бір бірінің қадір қасиетін жете таныған алыптар
ғой!
БӨЛТІРІК ШЕШЕН ӘМЕНҰЛЫ (1771-1854 ж.ж.) -
Қаратау қаласындағы
Талас аудандық тарихи-өлкетану музейінің алдына орнатылған. Ескерткіш
белгілі халық шешені, жастайынан батырлық, ақындық жолын қуып, есейген
шағында ел арасындағы жер, су, еңбек, құн және жесір дауларына талай рет
әділ төрелік айтқан Бөлтірік Әменұлына (1771-1854) арналған. Бөлтіріктің
шешендік сөздері оның заманы мен сол заман адамының ең бір маңызды да,
мәнді, ең көкейтесті мәселелеріне арналған. Бөлтірік шешеннің даналық
нақыл сөздері қырғыз бен өзбектер арасына да кездеседі.
Мәрмәр тас тақталармен қапталған төртбұрышты биік тұғыр үстіне Бөлтірік
шешен Әменұлының мүсіні қойылған.
Қазақ халық композиторы Ықылас Дүкенұлы (1843-1916) -
Шымкент
облысы, Созақ ауданында туып-ескен. Қобызда ойнау өнерінің жаңашылы
әрі майталман орындаушысы, осы аспаптағы көптеген туындылардың
авторы. Оның талдауы-ежелгі «Қорқыт күйі» ойнаудың жаңа әдістерімен
жетілдірілген. Оны музыка тіліне аударуға итермелеген халық аңыздары,
әңгімелері, поэмалары. Табиғаттың дыбыстарына, өз кезегінде қасқырлар
тобырының ұлуына үйреніп, өз шеберлігін ең жоғары деңгейге жеткізді.
Қобызға арналған «Қоңыр-күйі», «Қазан күйі», «Жезкиік», «Ерден күйі»,
«Ықыластың күйі» және т.б. халықтық эпикалық және лирикалық
поэмаларды шығарушы.
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Шығанақ ауылынан солтүстікке қарай 20
шақырым жерде зираты орналасқан. Бейітінің басына биіктігі 0,5 м құлыптас
орнатылды. Қабірлеудің аумағы (4,5 х 4 м) металл қоршаулармен қоршалған.
«Құдайберген Бәйетұлы (1820–1887)
- 1864 жылы Қоқан хандығына қарсы
соғыста ерлік көрсеткен мыңбасы, артына тарихи із қалдырған танымал
қоғам қайраткері.
Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылының орталығында,
Жібек Жолы даңғылы бойында ескерткіш орнатылған. Ескерткіште беліне
қылыш тағынып, сол қолына шиыршықталған хат ұстаған батыр бейнесі
салынған.
Достарыңызбен бөлісу: |