Қазақстан тоталитарлық ЖҮйесінде дәріс жоспары


-80 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік -экономикалық дамуы



бет4/10
Дата27.04.2023
өлшемі105,63 Kb.
#87483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
КО-17-22 Орынбасар Жанайым

11.4. 70-80 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік -экономикалық дамуы
1960 жылдардағы экономикалық реформа бастапқы кезде экономикалық дамуға белгілі бір дәрежеде серпін берді. 1970 жылдарға дейін кәсіпорындар өндірісінің 80% шаруашылық есепшотқа ауысты. Еңбектің өнімділігі мен көрсеткіштері жоғарылап, өнеркәсіптің барлық салалары жоғары қарқынмен дамыды. 1970 жылдан 1985 жыл аралығында өнеркәсіптік өндірістің көлемі 2 есеге ұлғайды. Қарқынды дамудың өндірістік индустриялық потенциалы белгілі дәрежеде өсе түсті.
1976-1980 жылдары салынған және іске қосылған ірі өндірістік орындар саны 117-ге, 1981-1985 жыл аралығында 60 қа тең болды. 1970 жыл басынан реформалар қабілетсіздігі көріне бастады.
Экономиканы басқаруды қатаң орталықтандыру кезінде шикізат бағыттарын сипаттайтын өндірістің құрылымдық салалары тұрақты сақталып қалды. Республика экономикасын дамытуда кеңестік минисртестволар приориттері өндіруші салаларға көңіл бөлді. Себебі ірі капитал ғылыми өндірістердің шығынына салынды.
Қазақстан экономикасында шикізаттың бағытталуы 70-80 жылдардағы өнеркәсіптік өндіріс пен кәсіпорындардың халыққа қажетті тауарды өндіруі өте төмен дәрежеде болды. 60% халыққа қажетті тауарлар кеңестік Республиканың басқа елдерінен келді. Олар негізінен Қазақстан шикізатынан жасалатын болды.
Экономиканы бір орталықтан басқару әдісі болды. Қазақстанның 50% жуық өндірісі, республика қызығына көңіл аудармау, әлеуметтік ортаның дамуы табиғи ортаның қорғау кеңестік министерстволардың бақылауында болды. Қайғы қасірет әкелген 8372 шаршы шақырымды алған Семей ядросының полигоны болды. 40 жыл ішінде (1949 ж. бастан) Семей және басқа полигондарда барлығы 470 тей (715-і Кеңес одағында жүргізілді) ядролық қарулар жарылысы болды: 26-сы жер бетінде, 87-і әуеде, 354-і жер астында. 17 жер асты ядролық қарулар жарылысы Азғыр және Каспий өңірінде, және 21 жарылыс республиканың басқа аймақтарында болды. Қазақстанда 100 мекен ядролық жарылыстарының қалдығымен анықталды. Радиоактивті техникалық ластану 35 шаршы шақырым жерді алды. Ядролық ақпарат құрылымы көлемді аумақты радиоактивті ластады және көптеген аурулардың пайда болуына әкелді.
Арал өңірі өлі аймаққа айналды. Арал теңізінің деңгейі 14 м төмендеді, аумағы 40%, су көлемі 65% төмендеді. Құрғап қалған теңіз түбінен тұз бен шанның көтерілуі күшейді. Бұл эпидемиялық аурулардың туындауына және онкологиялық ауруды кеңесте 15 есеге көтерді. 6717 шаршы шақырым аумақты алып жатқан Байқоныр космодромы өткір экологиялық проблемалардың біріне айналды.
Ауыл шаруашылығында дағдарыс жоғарылай бастады. Капиталдық қордың әрдайым өсуіне қарамастан оның энергетикалық қуатының екіреттік өсімі, валдық өнімнің көлемі өсіп қана қойған жоқ, керісінше төмендеуге тұрақты тенденция табылды. Ең сәтті орта есеппен өсу 1966-70 жылдары 28%,1971-75ж. 15%, ал 1981-85 ж. 0,1% тең болды, бұл жыл өсу мүлдем болмалы десе де болады. Республикамызда егістік жерлер көлемі үлкен болды, 25 млн га жерге егін салынды, бірақ 1981-85 ж. аралығында тұрақты егістіктің төмендеу беталысы байқала бастады. Колхоздар мен совхоздардың мемлекет нарығына ауылшаруашылық өнімдерінің жоғары бағамен сатуы жағдайды жақсартады. Ауылшаруашылық өнімдеріне баға 2-5 есеге, басқа өнімдерге 2 есеге жоғарылады. Кәсіпорындар колхоздар мен совхоздарға қажетсіз сапасы төмен техникаларды сатып алуға мәжбүрледі. Олар бірден сынып, жөндеуге кетіп отырды.
Нәтижесінде 1981-85 жылдар аралығында Қазақстанда совхоздар мен колхоздардың 53% жойылды, ал шығын көлемі млрд теңгені құрады. Қалдық көрсеткіштерге жету мақсаттарында төменгі тұқымды, яғни аз өнім беретін қара малының санының өсуіне әкелді. 1981-85 жж. мал басының өсуі тоқтатылды, қой етін өндіру 1970-85 жж. 19% қысқартылды және семізділігі де төмендеді.
Халық өмірінде халықтың шаруашылықта апаттық құлдырау белгісін берді. 70-80 жылдары тұрғындардың нақты кірісі шұғыл төмендеді. Халыққа қажетті тауарларға дефицит пайда бола бастады. Құнсызданудың анық көрінісі ретінде дүкендегі кезектерді айтуға болады. 1985 ж. Кеңес Одағында жылдық қоры 35 млн адамнан тұратын жұмыс уақыты кезекпен тұрумен өтті.
Сенімділік пен қателіктер әлеуметтік экономикалық саяси партия және басқарушылардың мемлекеттік қарым қатынасында айтылды, онда мәселелер шұғыл көтерілді. Интернационализм Қазақстанның тілдік саясатын тек өзара ұлтаралық тіл ретінде құптады, ал мемлекеттік тіл ретінде үнделеді. Мысал ретінде 1975 ж шыққан О.Сүлейменовтің «АзиЯ» кітабына «Жас гвардия», «Москва» журналында жазылған мақалаларында кітаптың идеологиялық бағыты мен мақсатына күмән келтірілді. Басқаша ойлаудың барлық түрі қудаланды. Антрополог О.Исмағұловтың «Қазақстанның этностық географиясы» деген кітабы идеялық тұрғыдан зиялы деп табылды. 70-80 жылдардағы дағдарыс халық өмірінің барлық салаларынан көрініс тапты.
1985 ж. Кеңес Одағында қайта құру «бірігу», «жылдамдату» және «жалпы жанарту» демократизацияның белгілерін жариялау курсы болды. Қайта құрудың басында Қоғам өмірінің барлық жағына ресми түрде орнатуды жариялау бірігу саясаты болды.
Бірақ 1986 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясының Орталық Комитетінің бірінші секратары Д.А Құнаев орнына босатылды, оның орнына КОКП Ульяновск облыстық комитетінің бірінші хатшысы Колбин тағайындалды. Орталықтың мұндай шешіміне жаппай толқу басталды.
17 желтоқсан күні Орталық Комитет партиясының ғимаратына мыңдаған адам жиналды. Басты бөлігі студенттер мен жұмыстағы жастар болды. Толқу милицияның, әскери және өрт сөндіру бөлімдері мен қызметтік иттердің көмегімен басылды.
17-18 желтоқсанда қайғылы оқиға орын алып, біраз адам өлтірілді және көптеген адам жарақат алды, 8,5 мың адам қамауға алынды. 99 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 309 студент оқудан шығарылды, 758 адам комсомол мүшелігінен босатылды. 300 адам мекемелерден босатылды. Бірақ осыған қарамастан 1986 ж. оқиға Қазақстанның қоғамының саяси демократизациясының католизаторына айналды. 80 ж. соңында формальды емес қоғамдық қозғалыс бірінші рет пайда болды.
1987 жылы М. Шахановтың ұсынысымен Арал төңірегіндегі халықтарға көмек беру үшін «Балқаш және Арал» проблемалары бойынша комитет құрылды. 1989 ж ақын О. Сүлейменовтің ұсынысымен болған «Невада-Семей» қозғалысы ядролық және басқа полигондардың жабылуына себеп болды. 1989 ж. «Әділет» ұйымы құрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет