Қазақстан тоталитарлық ЖҮйесінде дәріс жоспары


ХХ ғ. 40-60 жылдарындағы Қазақстан



бет8/10
Дата27.04.2023
өлшемі105,63 Kb.
#87483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
11.3. ХХ ғ. 40-60 жылдарындағы Қазақстан
Біздің тарихтың елеулі кезеңдерінің бірі 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы. Фашистік стратегтардың ойынша Қазақстан территориялары «Барбаросса» жоспары бойынша «Гросс-Түркістан» құрамына кіру керек болды. Сондай-ақ Қарағанды, Новосибирск және Кузнецк «индустриялық облыстарын» құру жоспарланды.
Соғыс жылдарында Қазақстан әскери бөлімдер мен бөлімшелерден құралған қатты әскери лагерге айналды. 12 атқыштар, қатты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы 50 дей жеке полктері мен батальондар жасақталды. Олардың ішінен үш атты дивизиясы мен 2 атқыштар бригадасы қазақтың ұлттық бөлімшелері болып құрылды. Соғысушы армия қатарына соғыс жылдары 2 млн 200 мың қазақстандық сапқа тұрды. Қазақстан территориясына 1,5 млн адам жер аударылды. Оның құрамында репрессияға ұшыраған халық жігі және жер аударған: поляктар, немістер, корейцтер, чечендер, ингуштар және басқалар болды.
Соғыс жылдарында Қазақстан майдан арсеналына айналды. Еуропа территориялары Кеңес Одағы үшін маңызды бөлігін жойғандығынан, Қазақстан ауылшаруашылығында ауыр өнеркәсіп өнімін өндіруде маңызды рөл атқарды. Экономиканы әскери тәртіпке бейімделу басталды. Толық мөлшерде өндірістің шикізат базасы іске қосылды. Қарағанды көмір басейні текелді полиметалды және Ақтау молибден-вольфрам комбинаты, Жезқазған марганец және хромдық кені жемісті жұмыс істеді. Майдан күзетінде Балхаш металлургия және Жезқазған мыс қорытушылар, Шымкенттің қорғасын өндірушілері тұрды.
Соғыс жылдарында Қазақстанның басты қалаларында орналасқан өндірістер қысқартылды. Қысқартылғандармен қоса 1941-1945 жылдары 465 өнеркәсіп салынды. Қазақстан одақтық көлемнің 85% қорғасын, 70% жартылай металды руда, 65% висмут металын, 50% қорғасын рудасын, 30% қара қорғасын, 20% вольфрам, 60% молибденін өндірді. Қарағанды шахтерлері соғыс алдында 34 млн т көмір өндірді және мұнайдың өндірілуін 39% -ке өсірді.
Майданға ересек адамдарды мобилизациялау ауыл шаруашылық еңбеккерлерінің қатарын қысқартты. Соғыс аяғына қарай көптеген колхозда жұмыс істеп жүргендердің 86% әйелдер құрды.
Қиындықтарды жеңу арқылы ауыл еңбеккерлері соғыс жылдары майданға 30,8 млн пұт нан, 15,8 мың центнер ет, 14,4 мың картошка мен көкөністер, 176 мың центнер жүн берді. Бұл соғыс алдындағы 5 жылдағы өсімінен жоғары болды.
Қазақ еңбеккерлері майданға 2,5 млн жылы киім, 1600 вагон кен және ұжымдық азық-түліктер жіберді. Майданға ерікті көмек ретінде халықтың патриоттық үлестерінен колониялар және «Қазақстан колхозы», «Қарағанды Шахтер», «Қазақстан комсомолы» эскадрильдері құрылды. Қазақстандықтардың майдан қажетіне ерікті үлесі 480 млн сомды құрды.
Соғыс басталысымен-ақ қазақстандықтар майданда нағыз патриоттықты көрсетті. Ерліктері үшін 497 қазақстандықтарға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Бұндай атақты 2 рет ұшқыш-штурмовиктер Т.Е. Бегельдинов, М.И. Беда, И.Ф. Павлов және ұшқыш-истребитель С.Д. Луганский алды. Пулеметші М.Ж. Мәметова және Ә. Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры және 110 қазақстандық Даңқ орденінің үш дәрежесіне ие болды. 410 мыңға жуық қазақстандық соғыстан оралмады.
Соғыстан кейін әбден шырқау-шегіне жеткен әміршіл-әкімшіл жүйе өзінің шарықтау шегіне жетті. Кеңестік қоғамның дамуына мемлекеттік органдардың құзырына жататын мәселелерді шеше отырып Коммунистік партия халық шаруашылығын және әлеуметтік-мәдени міндеттерді орындауға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды барынша тартқанмен, осы арқылы оларды дербестігінен айырды. Интеллигенцияға қатысты репрессия өкілдерінің жаңаша ойлау бағыты пайда болды. Қазақстанда «Бекмахановтың ісі» деген іс қарастырылды. Талантты тарихшы Е. Бекмаханов «Қазақ КСР-нің тарихын» даярлау үстінде жұмыс істеп жатқан ғалымдардың интернационалдық ұжымының мүшесі, 1947 ж. «XIX ғасырдың 20-40жж. Қазақстан» деген монографиясын жазды. Оның көзқарастары буржуазияшыл ұлтшылдардың концепцияларының дамытылған түрі-саяси зиянды деп жарияланды. 4 желтоқсанда 1952 ж. Қазақ ССР Жоғарғы сотының сот алқасы оны 25 жылға соттады, тек И.В. Сталин өлгеннен кейін ғана 1954 ж. Қазақстанға оралды. Республиканың
көрнекті қоғамтану ғалымдары А. Жұбанов, Х. Жұмалиев, Б. Сүлейменов, талантты жазушы Домбровский нақақтан таңылған саяси айыптармен жазаланды. Қудалауға ұшыраған Қазақ ССР Ғылым академиясының Президенті Қ. Сәтпаев пен аса көрнекті жазушы әрі ғалым М. Әуезов Қазақстаннан Мәскеуге кетіп қалуға мәжбүр болды.
Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстан эканомикасы үлкен кедергілерге ұшырады. Бірінші кезекте мемлекет Батыс аймағына эвакуацияланған елдің қайтып келуінен кейінгі өндірістік кәсіпорындарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін қойды. Осы себептен кадрлардың тұрақсыздық, еңбектік тәртіптің төмендеп, еңбектің өнімділігі төмендеді. Бірақ осыған қарамастан, аз уақыт ішінде халықтық шаруашылықты қалпына келтіру керек болды.
Қазақстан халқы мемлекеттің қайта құруына қатысуда белсенділік танытты. Экономиканы бейбітшілік сипатта құрылуы басталды. Айрықша көзқарас басты өндіріс салалары: қара және түсті металлургия тау-кен және көмір индустриясына бөлді. Сонымен қатар бұған бүкіләлемдік дамудың қорғаныс қуаты қосылды. Қазақстан әскери өндірістік комплекстің ірі звеносына айнала бастады. Әскери өндірістің инфрақұрылымының құрылуымен бірге мұнда Семейдегі атом полигоны және тағы басқа әскери обьектілер кейінірек Байқоңыр космодромының құрылысы басталды (1955 ж. ақпан).
1954-1958 жылдары Қазақстанда 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. 60ж.-басында Республикада жылу энегетика базасымен дамуын қолға алды. Қарағанды, Шымкенттің және басқада ТЭЦ-тердің қуаты артып, электроэнергиясын өндіру Республикада ең аз дегенде 2 есеге гидроэнергия 5 есеге өсті. 1940 жылға қарағанда барлық өнім көлем бойынша 732 % құрады.
Ауыл шаруашылықтың жағдайы төмен дәрежеде болды. Елде соғыс нәтижелері мен қорқынышты құрғашылық көріне бастады. Колхоздың өнімінің едәуір бөлігін мемлекетке бөлуді тоқтатпады. Қазақстаннан жиналған астықтың 56% тәркіленді. Міндетті қойылған көлем жыл сайын көбейтілді. 1941 жылмен салыстырғанда төмен болды. 40 ж. сонымен 50 ж. басында аграрлық саясат нәтижесінде өндірістік дамуда қиындықтар туындады. Мемлекеттегі әлеуметтік жағдайлар қиындады.
Ауыл шаруашылығын түбірімен өзгерту қажет деп есептелді. Мемлекеттің басшылығы экстенсивті даму жолын таңдады. Онда үлкен жер массивтерін қопарып, тыңайған жерлерді игеру басталды.
Тың жерді игеру бағыты КОКП Орталық комитетінің 1954 қантар-наурыз пленумында анықталды. Тың игеру жөнінде берілген тапсырма орындалып Қазақстанда 25,5 млн га жер жыртылды. Бір жылдың ішінде (1954-55жж. аралығында) 337 совхоз құрылды.
Республика өзінің қажеттігін қана емес, сонымен қатар бүкіләлемдік нарықта жоғары сортты астықты экспорттау керек болды.
Жерді зор көлемді жырту көптеген қиындық әкелді. 60 ж. басында жер қыртысын ұшырып кету тек жеңіл топырақты ғана емес ауыр топырақты жерлерді де қамтыды. 1960 ж. дейін 9 млн га астам жер жел эрозиясына ұшырады.
Тың жерлерді глобальды мөлшерде кеңейту Қазақстанда шабындық және жайылым жерлерді және созылынқы малшылардың дағдарысына әкелді.
1954-1962 жж. аралығында тың игеру үшін кеңес одағының еуропалық бөлігінен Қазақстанға 2 млн адам келді. Қазақстандықтардың Республикада қоныстауы 30% жетті. Ұлттық тілдің қызметіне және басқа өмір сүруді ара салмағы етуші факторларына қауіп төндірді. Бұл мемлекетаралық қарым-қатынаста көрінбей қалмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет