Қазақстан1 Республикасының ғылым және білім министрлігі


Жүгіріп келіп ұзындыққа екпін алып секіру



бет37/41
Дата13.04.2023
өлшемі0,6 Mb.
#82491
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41

Жүгіріп келіп ұзындыққа екпін алып секіру


Ұзындыққа екпін алып секіру. Жүгіріп екпін алатын жердің ұзындығы шектелмейді. Жүгіретін жолдарының ұзындығын әркім өзі өлшеп алуына болады. Ұзындыққа секіргенде, тақтайшадан серпіледі. Егер тақтайшаның жанынан немесе оны басып кетіп секірсе, онда дұрыс секірмеген болып есептеледі. Өтіп кету – серпілі орнын шектеп көрсететін пластилин немесе құм жолағында қалған ізден көрінеді. Жерге түскенен кейін қатынасушы шұңқырдан алға қарай немесе бір жаққа қарай шығып кетуі қажет. Егер ол артқа қарай шегініп шықса, онда секіру болған жоқ деп есептелінеді. Сәтті секірісті төрешінің: «Есепте!» деген пәрменінен кейін өлшейді. Сәтсіз секірісте төреші тарапынан: «Жоқ!» деген пәрмені беріледі. Секіру нәтижесі секірушінің кез келген дене мүшесі шұңқырда қалдырған жақын маңдағы ізінен бастап өлшенеді.
Жеңіл атлетиканың сбақтарында сендер өздеріңе бұрыннан таныс жүгіріп келіп ұзындыққа секіру техникаларын игеруді одан әрі жалғастырсыңдар. Секіру әдісі де алдыңғы сынптардағыдай болғанымен, жаңа сапаларға жету үшін өткенді еске түсірген жөн. Әдетте, ұзындыққа секіру кезеңнен тұрады:
1)Екпіндей жүгіру (екпін алу);
2) Серпілу (жерден көтерілу); 3)Самғау (ұшу немесе қалықтау); 4) Жерге түсу.
Екпіндей жүгіру. Екпіндей жүгіру жылдамдығы неғұрлым жоғары болған сайын, ұзындыққа секіру қашықтығы соғұрлым артады. Олай болмаса, былтырғы көрсеткіштерің өзгермесе, жақсы деген баға ала алмайсыңдар. Себебі, биылғы ұзындыққа секіру нормативтеріңнің талаптары басқаша. Жүгіру жылдамдығы серпілу кезеңіне жеткенде ең жоғары деңгейге көтерілуі керек.
Серпілу (жерден көтерілу). Жерден көтерілу кезінде жылдамдық әсте төмендемендеуге тиіс. Әдетте жерден серпілу сәті екпіндей жүгіріп келе жатып « кенеттен» жасалған сияқты болып көрінеді. Жерден көтерілу кезінде серпілген аяқ дереу тіктеле жазылып, денені жоғары әрі алға қарай лақтырғандай әсер қалдырады.
Самғау (ұшу немесе қалықтау).Жерден бір аяқпен серпіліс жасаған кезде екіноші тізені бүге ілгері сілтенген аяқ жоғары әрі алға қарай бағытталады. Бұл сәтте серпілетін аяқ әлі да артта болады («адымдап ұшу»). Бірақ бұл қас-қағымдық сәт. Ол сәл бүгілген қалыптан сілтенген аяққа қарай тез жақындай береді. Сөйтіп,екі аяқтың тізесі бір деңгейге келіп, сол сәтінде-ақ кеудеге жақындайды. Тізе төске жақындаған кезде, кеуде де тізеге қарай бүгіледі. Өйткені тізенің кеудеге жақындаған сәтінен тізенің жазылып, аяқтың алға созылу сәті басталады. Осы мезетте жерге түсуге әзірлене бастау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет