Қазақстанда 1997 жыл­дан бері жыл сайы



Дата16.03.2023
өлшемі0,88 Mb.
#74886

СРО жұмысы. Джаманкулова Улдана-ТФП 34 топ
«1997 жыл – Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы, маңыздылығы»
Қазақстанда 1997 жыл­дан бері жыл сайын Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Саяси қуғын-сүргін құрбан­да­рын еске алу күні аталып келеді.
Т
әуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 14 сәуірде жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы ҚР Заңы қабылданды. Ал, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы, сондай-ақ 31 мамыр – саяси саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жариялады. 
1930-1953 жылдары аралығында 40 миллионнан астам кеңес азаматтары репрессияға ұшыраған. Әсіресе бұл заңсыз жазалауға Кеңес Одағы құрамында болған барлық халықтар мен ұлттардың бетке ұстар интелегенция өкілдері ұшыраған. Осы кезеңде қазақтардың 40 пайызы қаза тапқан. Ал Қазақстан аумағында орналасқан лагерлерге корейлер, поляктар, Еділ немістері, Қырым татарлары, Кавказ халықтары және басқа да ұлт өкілдері қоныс аударылып келген.
Жалпы, зерттеушілер деректеріне сүйенсек, 1927-53 жылдары Қазақстан бойынша 125 мыңнан бастам адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 25 мыңы атылды. Осы қуғын сүргін жылдарында бүкіл елде 953 лагерь болған. Қазақстанда ГУЛаг-тың 20-дан астам лагері орналасқан.
Тәуелсіздік жылдары аралығында 146,5 мың күнәсіз жазғырылған отандасымыздың аттары жазылған 14 «Аза кітабы» жарыққа шықты. Заңнамаға сәйкес, 340 мыңнан астам заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар ақталды.
Қ
уғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау шаралары әлі де жалғасады. 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еске алу күніне орай жасаған үндеуінде «Кеңес заманында өмір сүрген халықтарға «үлкен террордың» орасан зор қасірет әкелгені есімізде. Зұлмат жылдарда Қазақстанға КСРО-ның түкпір-түкпірінен бес миллионнан астам адам жер аударылды», - деп тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырды. 
ҚазАқпарат - ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін - мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттерінің бірі екендігі шындық. Өйткені, әкімшілік-жазалаушы жүйе еңбектеген сәбиді де, еңкейген кәріні де, болмысы нәзік әйелді де аяған жоқ. Ал сол бір қасіретті жылдарды есте сақтау бүгінгі және келер ұрпақтың парызы екендігі сөзсіз. Сондықтан 1997 жылдан бері жыл сайын 31 мамыр Қазақстанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып келеді.
О
сыған орай ҚазАқпарат аталған күнді бекітуге қатысты тарихи құжаттарға назар аударған болатын. Солардың ең бастысы - 1996 жылдың 30 желтоқсанындағы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылды Жалпұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жариялау туралы Жарлығы. Аталған тарихи құжат республика азаматтарының, қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдарының көптеген өтініштерін ескере келе, жалпыұлттық татулықты, қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту мақсатында қабылданған.
Келесі құжат - 1997 жылдың 5 сәуірінде қабылданған ҚР Президентінің Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін белгілеу туралы Жарлығы. Онда 1997 жылдың Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жариялануына байланысты республика азаматтары мен қоғамдық бірлестіктердің тілектерін ескере отырып әрі саяси қуғын-сүргін құрбандарын мәңгі есте қалдыру мақсатында 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп белгіленетіндігі айтылған. Сонымен қатар құжатта ҚР Үкіметіне жыл сайын саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған шаралар әзірлеп, оларды 31 мамырда өткізу тапсырылған.
Айта кетерлігі, дәл осы күні елімізде 1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарын еске алу күні де аталып өтіледі. Ағымдағы жылы Алматы қаласында ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш ашылмақ. Жалпы, мұндай ескерткіш осыдан 5 жыл бұрын елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ресми ашылған болатын. Бұл оқиғаға сол күндері Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің делегаттары, көрнекті жұртшылық өкілдері куә болған еді.
Қазақстанда ғана емес Ресей, Украина, Беларусь жерлерін қамтыған алапат ашаршылық 7 миллион адамның өмірін жалмады. Оның ішінде Қазақстаннан ең кемі 1,5 миллион адам аштықтан ажал құшты. Біз алапат ашаршылық құрбандарының рухына тағзым ету үшін жиналып, Ашаршылық құрбандарына ескерткіш ашып отырмыз, - деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет