Құрметті съезд делегаттары! Қадірлі қонақтар!




бет1/10
Дата06.03.2017
өлшемі1 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2

АЛТЫН БЕСІК – А

ТАМЕКЕН 

    


Құрметті съезд делегаттары!

Қадірлі қонақтар!

Бүгінгі  басқосудың  орны  айрықша. 

Өткен  15  жылдың  қорытындысын 

шығару  тұрғысынан  және  болашақ 

бағдар  тұрғысынан  да  бөлекше  күн.  Бұл 

–  еліміз  «Қазақстан-2050»  Стратегия-

сын  қабылдағаннан  бергі  партиямыздың 

алғашқы басқосуы.

Біз  алыс  болашаққа  көз  тігіп, 

алдымызға  биік  межелер  белгіледік. 

Қандай мақсатқа қай жолмен жететінімізді 

нақтылап,  оны  жүзеге  асыруға  кірістік. 

Еліміздің  ертеңі  стратегиясын  қалай  іске 

асыруымыз  керек,  соны  ойластырамыз. 

Оны  мүлтіксіз  жүзеге  асырып,  Қазақ 

елін  дамудың  дара  жолына  бастау  елдегі 

ең  қуатты  саяси  күш  –  «Нұр  Отанға» 

жүктеліп отыр.

Ең  ұлы  жолдың  өзі  шағын  ғана 

қадамнан  басталады.  Осыдан  14  жыл 

бұрын партияның алғашқы съезіне небәрі 

400-ге жуық делегат қатысқан еді. Аз ғана 

жылда  «Нұр  Отан»  250  филиалы,  6300 

бастауыш  ұйымы  бар  алып  құрылымға 

айналды... 

Елімізді  әлемнің  ең  қуатты  30  елінің 

қатарына қосу – алдымыздағы үлкен, ұлы 

мақсат.  Бұл  «Нұр  Отанның»  болашаққа 

жол  сілтейтін  темірқазығы  болуға  тиіс. 

Бүгінгі  съезде  қабылданатын  «Нұр 

Отанның»  жаңа  Саяси  доктринасы  да 

осыны көздейді... 

Доктринада  мемлекеттік  тілдің  ел 

«ҚазаҚстан-2050» стратегиясы 

және «нұр Отан» партиясы

Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының 

Төрағасы Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ партияның XV съезінде сөйлеген сөзі.

Үстіміздегі жылдың 

қазан айының 18 күні 

Астана қаласында 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 

қатысуымен «Нұр Отан» 

партиясының кезектен 

тыс XV съезі өтті. 

Съезд жұмысына 

партияның барлық өңірлік 

бөлімшелерінен 1 мың 194 

делегат қатысты.    

Сондай-ақ, съезге Үкімет 

мүшелері, Парламент депу-

таттары, қоғамдық және 

жастар ұйымдарының 

басшылары, шетелдік 

дипломатиялық корпус 

және халықаралық ұйым 

өкілдері, мәдениет және 

спорт қайраткерлері, 

ұлттық холдингтер 

басшылары шақырылды. 

Съезде «Нұр Отан» 

партиясының жаңа саяси 

Доктринасы қабылданды. 

Елбасының осы съезде 

сөйлеген сөзін ықшамдап  

жариялап отырмыз.

бірлігінің  факторы  ретінде  аталғаны  да 

өте маңызды. Бұл мәселеге аса ден қоятын 

кез  келді.  Қазақ  тілін  білу  азаматтық  па-

рызды  ғана  емес,  ұлтқа  деген  құрметті 

де  білдіреді.  Отан  отбасындағы  өнегелі 

тәрбиеден бастау алады. Осыны әрбір аза-

мат есінде ұстауы тиіс.

Биыл тәуелсіздігіміздің 22 жылдығын 

атап  өтейін  деп  отырмыз.  Ол  –  ата-

бабамыздың аңсаған арманы. Соның бар-

шасында  осы  отырған  көпшіліктеріңіз, 

бірге  келе  жатқан  менің  серіктестерім, 

қызметтес 

достарым, 

жолдастарым, 

Үкімет  мүшелері,  Парламент  депутат-

тары,  барлық  деңгейдегі  әкімдер  бүкіл 

халықты  ұйымдастырып,  оны  жеңіске 

жеткіздік. Сол үшін баршаларыңызға зор 

ризашылығымды білдіремін.

Құрметті  делегаттар  мен  съезд 

қонақтары!

Бұл  форум  Қазақстанның  жаңа 

тарихының  бетбұрысты  белесінде  өтіп 

отыр.  Біздің  қоғамымыз  2050  Стратегия-

сында  жария  етілген  жаңа  ұлы  мақсатқа 

сенімді қадам жасады... 

Бағдарламаның 

өзегі 


– 

біздің 


әлемдегі ең дамыған 30 елдің бірі болуға 

тиісті  екендігіміз.  Мақсатымыздың  аса 

ауқымдылығы  айдан  анық.  Өзінің  тари-

хында  біздің  халқымыз  тап  қазіргісіндей 

экономикалық және әлеуметтік шыңдарды 

бағындырып көрген емес. Мұны жасау тек 

қазақстандықтардың  қазіргі  ұрпағының 


3

МЕНІҢ Е


ЛІМ – ҚА

ЗАҚСТ


АН

ғана  қолынан  келді.  Тәуелсіздікті  жария 

етіп,  Қазақстанымызды  дамыта  отырып, 

біз  дамудың  шалғай  шетінен  біржола 

шығып кеттік, Еуразияның лайықты жаңа 

мемлекеті болдық. Ендігі жерде қашанда 

бүкіләлемдік 

қоғамдастықпен 

қатар 

адымдауға тиіспіз.



Алдымызда ауқымды, күрделі жұмыс 

тұр.  2050  Стратегиясында  мен  ХХІ 

ғасырдың  жаһандық  10  сын-қатерін 

нақты  бөліп  көрсеттім.  Өткен  жыл  бұл 

болжамның дұрыстығын дәлелдеп берді... 

Жақында  ғана  Біріккен  Ұлттар 

Ұйымының  Бас  хатшысы  Пан  Ги  Мун 

БҰҰ  сарапшыларының  баяндамасын 

жария  етті,  онда  2050  жылға  қарай  Жер 

бетіндегі  халықтың  50  пайызы  судың 

қатты тапшылығын сезінетіні айтылған.

Таяу Шығыс енді «араб антикөктемін» 

бастан кешіруде. Египет пен Тунисте ис-

ламшылар бір жылдан аз ғана астам уақыт 

билік  басында  тұрып  еді,  сол  уақыттың 

өзі  ел  азаматтарының  қалың  тобының 

ондай  саясаттың  тығырыққа  тіремей 

қоймайтынын түсінуіне жеткілікті болып 

шықты.  Сириядағы  азамат  соғысының 

аяғы  жаппай  қырып-жоятын  химиялық 

қаруды  қорғансыз  әрі  ешқандай  кінәсіз 

жандарға қарсы қолданумен тынды.

Осындай 

қиындықтар 

мен 

дағдарыстар  орын  алып  тұрғанда  біздің 



еліміз  биыл  тұрақты  дамып  келеді. 

Болжамға  қарағанда,  биылғы  жыл  ІЖӨ-

нің шамамен 6 пайыз өсімімен аяқталады. 

Бұл  өткен  жылға  қарағанда  жоғарырақ 

көрсеткіш,  оған  жаһандық  нарықтағы 

құбылмалылыққа 

қарамастан 

қол 


жеткізілгенін қадап айтқым келеді.

Біздің  диқандарымыз  тамаша  астық 

алды – 20 миллион тонна бидай жинады. 

Елдің жиынтық алтын валюта резервтері 

көбейе түсуде. Биыл ол көрсеткіш Ұлттық 

қор  қаржысын  қоса  есептегенде  90  мил-

лиард  доллардан  асып  түсті.  Мұның  өзі 

біздің  әлемдік  экономикада  орын  алатын 

кез  келген  қиындықтар  мен  сүргіндерге 

қарсы  қояр  кепіліміз,  қайтарар  жауабы-

мыз болмақ.

Отандық дайын өнім әлемнің 111 еліне 

шығарылуда!.. 

Индустриялық  бағдарлама  аясын-

да  өнімнің  250-ден  астам  жаңа  түрлері 

игерілді.  Олар  –  мәшине  құрылысының, 

фармацевтиканың,  химия  өнеркәсібінің 

жоғары технологиялы өнімдері. Мысалы, 

емдік  заттардың  100-ден  астам  түрлерін 

шығару игерілген!

Қазіргі  таңда  биылғы  жылды  барлық 

негізгі  көрсеткіштер  бойынша  табысты 

аяқтап  шығамыз  деп  күтуге  толық  негіз 

бар.  2050  Стратегиясын  жүзеге  асыра 

отырып біздің еліміз түбегейлі жақсаруға 

тиіс... Бұл аса ауқымды жұмыстың да ба-

сында «Нұр Отан» партиясы тұруға тиіс!

Бұл  съездің  түйінді  міндеті  –  XХІ 

ғасырдың  орта  шеніндегі  біздің  барша 

ұлы  Мақсаттарымызға  қол  жеткізудегі 

«Нұр Отан» партиясының алар орны мен 

саяси маңызын айқындау.



Құрметті делегаттар!

Бірнеше  айдан  кейін,  келесі  жылдың 

наурызында  біздің  партиямызға  15  жыл 

толады... 

Бірінші  съездің  қалай  өткені  жады-

мызда біржола жатталып қалды. Ол кезде 

біздің батыл армандарымыздың өзі қазіргі 

жетістіктерімізге де ілесе алмай жататын. 

Қазір осы залда мен өзімнің Бірінші съезде 

айтқан  сөздерімді  қайталамақшымын,  ол 

сөздер 15 жыл өткенде де көкейкестілігін 

жоймаған:

        «Менің қымбатты жолдастарым, 

сіздерге  Отан  деп  соққан  жүректеріңіз 

үшін  үлкен  алғысымды  айтамын. 

Сіздердің 

халықтың 

қадір-қасиетін 

ойлайтындарыңыз, мемлекеттілікті сақтау 

мен  нығайту  жолында  бәріңіз  бір  үйдің 

баласындай жұмылғандарыңыз үшін рах-

мет деймін!».

Мен  өзіммен  бірге  жаңа  елді 

орнатысқан  барлық  қазақстандықтарға 

еңбегі  мен  төзімділігі  үшін  алғысымды 

білдіремін! 

Айрықша 

алғысымды 

менімен  бірге  біздің  партиямызды 

құрысқан  серіктестеріме  арнаймын! 

«Нұр Отан» партиясын өркендетуге үлес 

қосқандардың бәріне алғыс айтамын!..

Біз үшін алғашқы сынақ 1999 жылғы 

парламенттік сайлау болған еді. Міне, он 

бес  жылға  жуық  уақыттан  бері  партия 

бәсекелесті адал күресте талай рет сайлау 

науқанының  елегінен  өтті  және  әрқашан 

жеңіске жетіп отырды! Бізді қай кезде де 

әр сайлау өткен сайын беки түскен халық 

қолдауы жігерлендіріп жүрді. «Нұр Отан» 

партиясы  қолынан  келмейтінді  ешқашан 

уәде еткен емес. Ол әрдайым нақты істер 

партиясы бола білді.

Жүздеген  мың  нұр-отандықтардың 

күш-жігерінің,  әрбір  қазақстандықтың 

қажыр-лы еңбегінің арқасында 2030 Стра-

тегиясы  мерзімінен  бұрын  жүзеге  асы-

рылды... 

Бүгінде «Нұр Отанның» қатарында 900 

мыңдай  партия  мүшесі  бар.  Нұротандық 

депутаттар 

Парламент 

Мәжілісінде 

көпшілікті құрайды... 

Партия 

жанындағы 



қоғамдық 

құрылымдардың 

– 

Сыбайлас 



жемқорлықпен  күрес  жөніндегі  кеңестің, 

Құқықтық  Кеңестің  және  басқаларының 

қызметін  айрықша  атап  өткім  келеді. 

«Жас Отан» жастар қанаты белсенділігін 

арттыра түсуде... 

Біздің  партия  –  «Қазақстан-2050» 

Жалпы-ұлттық 

демократиялық 

коалицияның  біріктіруші  күші.  Бүгінде 

«Нұр Отан» – Қазақстанның ХХІ ғасырда 

табысты  қадамдар  жасауын  қамтамасыз 

ететін  саяси  көшбасшылықтың  ба-

сты  тетігі!  Қазір  бізде  халқымызды 

жаңа  жеңістерге  сенімді  жетелеу  үшін 

не  қажеттінің  бәрі  бар.  Ең  бастысы  – 

барлық  қазақстандықтардың  зор  сенімі 

мен қолдауы. Бұл – «Нұр Отанның» ХХІ 

ғасырдағы  саяси  көшбасшылығының 

негізгі  бастауы.  Қазір  партия  ресурста-

рын дұрыс бөлу керек. Әр нұротандықтың 

партиялық  жауапкершілігін  күшейту 

қажет. Біз партия жұмысының қуатын үш 

қайтара еселендіруге тиіспіз.

Құрметті делегаттар!

«Қазақстан-2050»  Стратегиясы  – 

біздің партиялық бағдарламаларымыздың 

негізі. Оны орындау «Нұр Отанның» саяси 



4

АЛТЫН БЕСІК – А

ТАМЕКЕН 

    


көшбасшылығымен  ғана  мүмкін  екеніне 

менің ешқандай күмәнім жоқ... 

Біздің  партия  қашанда  өзгерістердің 

басында  тұрып,  табысты  партиялық 

тәжірибенің жаһандық үрдістеріне ілесуі, 

қоғамға  қатысты  кез  келген  тәуекелдер 

мен  сын-қатерлерге  жедел  және  икемді 

үн қата білуі қажет. Біз қазіргі әлемде та-

быс тек нақты іс-қимыл стратегиясы бар 

саяси  күштерге  ғана  жолдас  болатынын 

анық көруге тиіспіз. Тек тұрақты даму мен 

халқымыз  бірлігінің  берік  кепілі  ретінде 

ұзақ  мерзімді  саяси  көшбасшылық 

қамтамасыз  етілетін  жерде  ғана  табысқа 

қол жетеді...

Сондықтан  «Нұр  Отанның»  әрбір 

мүшесі 

– 

министрден 



қатардағы 

нұротандыққа  дейін  –  партияның 

ХХІ  ғасырдағы  көшбасшылығы  нені 

білдіретінін нақты түйсінуі тиіс.



БІрІнШІ. «нұр Отан» 

басты патриоттық 

күш болуы шарт.

Партияның  аса  маңызды  мис-

сиясы 

– 

«2050» 



Стратегиясында 

жарияланған  Жаңа  Қазақстандық  Патри-

отизм  қалыптастырудың  жалпыұлттық 

түпқазығы болуы тиіс…



еКІнШІ. партия қашанда 

жалпыұлттық бірліктің орталық буы-

ны болуы тиіс.

Біріншіден,  «Нұр  Отан»  –  халықты 

топтастырушы партия.

Біз  бабаларымыз  сан  ғасырлар  бойы 

аңсаған  арманға  қол  жеткізгенімізді 

мақтан  ете  білуіміз  керек.  Ұлтымыздың 

ұлы  тарихының  жаңа  тарауы  қуатты  да 

табысты  тәуелсіз  мемлекеттің  шежіресі 

болып жазылуда... 

Бұл – ана тіліміз бен ата дәстүріміздің, 

ұлттық  мәдениетіміздің  Мәңгі  Жаңғыру 

Дәуірі.  «Нұр  Отан»  мемлекеттік  тілді 

нығайтуға, 

қазақтың 

дәстүрі 

мен 


мәдениетін  жаңғыртуға  байланысты 

қоғамдық-саяси  жұмыстардың  тиімді 

жүйесін жасауы тиіс.

Екіншіден, партияға біздің көпэтносты 

халқымыздың  бірлігі  үшін  жоғары 

жауапкершілік жүктеледі.

Бұл  ретте  түрлі  деңгейдегі  партия 

ұйымдары  мен  Қазақстан  халқы  Ас-

самблеясының, «Нұр Отан» парламенттік 

фракциясының 

және 

Ассамблеядан 



сайланған  Мәжіліс  депутаттарының 

бірлескен іс-қимылының тұтас бір жүйесі 

қажет.

Біздің  ұранымыз  «Бір  ел  –  бір 



халық  –  бір  тағдыр»  –  біз  нақты  өмірде 

дәйектілікпен жүзеге асырып келе жатқан 

аса маңызды қағидат.

Үшіншіден,  партия  ел  өңірлерін 

жақындастырып,  өңіраралық  байланыс-

тарды нығайтуы тиіс.

Қазір мемлекеттің жаңа өңірлік саяса-

тын қалыптастыру үдерістері жүруде.

Бүкіл  еліміз  бойынша  ауылдар  мен 

аудандық маңыздағы қалалар әкімдерінің 

сайлауы өтіп, жергілікті билік батыл түрде 

жаңартылды.

Басқару 

органдарында 

жұмыс 

істейтіндердің  корпусы  айтарлықтай 



жаңарды.

ҮШІнШІ. «нұр Отан» қашанда 

азаматтық қоғамның көшбасшысы 

болуы қажет.

Партия,  біз  қашанда  атқарып  келе 

жатқандай,  Азаматтық  Альянспен  бір-

лескен  жұмысты  дамытуы,  адамдардың 

нақты  проблемаларын  шешуші,  оларға 

көмектесуші  және  арқа  сүйеуші  барлық 

патриоттық  ҮЕҰ-лар  мүдделерінің  жол-

басшысы болуы тиіс.

«Қазақстан-2050»  Жалпыұлттық  ко-

алициясын  дәйектілікпен  нығайту  және 

кеңейту қажет. Бұл жұмысты босаңсытуға 

болмайды,  өйткені,  біздің  партия  елдің 

болашаққа қадам басуының ядросы болып 

табылады.



тӨртІнШІ. партиялық 

көшбасшылықтың басты 

мәселелерінің бірі – экономикалық 

және әлеуметтік инновациялардың 

жалпыұлттық эпицентрі болу.

Біздің 


партиямыз 

қоғам 


мен 

мемлекетті дамудың батыл, инновациялық 

идеяларымен нәрлендіруі тиіс.

Бүгін 


әлемдік 

экономика 

инновациялық  кәсіпорындар  мен  са-

палы  жұмыс  орындарын  құру  есебінен 

өсімді қамтамасыз ету бағытында жұмыс 

істеуде.  Сондықтан  тиісті  мамандар 

дайындау  қажет.  Біз  индустриялық-

инновациялық  даму  бағдарламасын  дер 

кезінде  қабылдадық  және  басқа  елдер 

де  бізден  кейін  осындай  индустриялық 

бағдарламалар  дайындады.  Біз  оны 

еліміздің бүкіл экономикасын дамытудың 

темірқазығы ретінде пайдалануға тиіспіз.

Осы екі мәселе де инновациялар және 

ғылыми  жаңалықтар  негізінде  шешілуі 

керек...


БесІнШІ. ХХІ ғасырдағы көшбасшы 

партия – жалпыхалықтық бақылаудың 

басты құралы.

Бәрінен бұрын, 2050 Стратегиясының 

міндеттерін  жүзеге  асыруда  «Нұр  Отан» 

фракциясының 

парламенттік 

және 


қоғамдық  бақылау  мүмкіндігін  кеңінен 

пайдалану маңызды.

Тек  бесінші  шақырылған  Мәжілістің 

жұмысы  барысында  ғана  нұротандық 

депутаттар 

партияның 

Сайлауалды 

тұғырнамасын 

орындаудың 

барлық 


қырлары бойынша мемлекеттік органдарға 

шамамен үш жүздей сауал жолдады. Бұл 

сауалдар  Сайлауалды  тұғырнаманың 

орындалуы  туралы  халыққа  баянда-

луы  үшін  мұқият  қарастырылуы  қажет, 

өйткені, ол біздің ортақ ісіміз.

Заң  жобасымен  жұмыс  кезеңінде 

халықтық  бақылаудың  маңызды  тетігі 

«Нұр  Отанның»  парламенттік  фракция-

сы  жанындағы  консультативті-кеңесші 

органдардың қызметі болды.

Олар маңызды заң жобалары бойынша 

сарапшылардың басын біріктіреді, қалың 

жұртшылықтың пікірлерін қаперге алады.

«Нұр  Отан»  фракциясының  салық 

салу  мәселелері  бойынша  қағидатты 

ұстанымын ерекше атап өткім келеді.

Мен  осыдан  бес  жыл  бұрын 

тапсырғандай,  сән-салтанат  заттарына, 

элиталы  жылжымайтын  мүлікке,  қымбат 

автомобильдерге жанама салықтар енгізу 

қажет.  Мұның  сол  сияқты  алкоголь  мен 

темекі бұйымдарына да қатысы бар.


5

МЕНІҢ Е


ЛІМ – ҚА

ЗАҚСТ


АН

Бұл  азаматтық  және  патриоттық 

ұстаным!

Үкімет  парламентарийлердің  пікір-

леріне  құлақ  түруі  тиіс.  Бір  жағынан 

алғанда,  біз  бюджетті  толықтыру  керек 

екенін және бізде корпоративтік және та-

быс  салығы  мөлшерлемелерінің  төмен 

екенін  түсінеміз,  соның  есебінен  біз 

ауқатты азаматтар табын құрдық.

Бұл дұрыс. Бұл біздің мақсатымыз еді. 

Бұл мақсатты бағытталған саясат.

Бай адамдар көбірек болуы керек және 

олар өз байлықтарын олардың осылай жа-

сауына  жағдай  туғызған  елдің  дамуына 

бағыттауы тиіс.

Енді, дәулетті адамдар табы ұлғайған 

кезде, олар әлеуметтік жауапкершілік ісіне 

өз үлестерін қоса алады және қосуға тиіс.

Бүкіл әлемде осылай жасалады.

Ал  бізде  миллионер  де,  жұмысшы 

да  бірдей  10  пайыздық  табыс  салығын 

төлейді.

Бұл жөнінде ойлану қажет.

Сондықтан  мен  өз  әріптестерім  – 

Мәжіліс  депутаттарының  бастамасын 

қолдаймын!

Консультативті-кеңесші 

органдар 

жұмысы  тәжірибесін  ұлғайту,  олар-

ды  мәслихаттар  жұмысында  пайдалану 

маңызды.


«Нұр Отан» – парламенттік партия.

Сондықтан  «Нұр  Отан»  жұмысын 

күшейтудің  маңызды  бір  бағыты  – 

Мәжі¬лістегі фракция қызметі.

Біздің  депутаттар  бастамашы  болған 

әрбір  заң  жобасы,  әр  шешім  елдің  ұзақ 

мерзімді  мүдделерін  айқын  түсінуге 

негізделіп,  Доктрина  қағидаттарымен 

келісілуі тиіс.

«Нұр Отан» ашық, мөлдір, тиімді және 

жауапты саяси күштің қандай болатынын 

өз қызметімен дәлелдеуі керек...

Партия 

жүйелі 


негізде 

өзінің 


Қоғамдық  қабылдауларының  жұмысын 

күшейтуі керек.

Тек  биылғы  жылы  ғана  Қоғамдық 

қабылдаулар  азаматтардың  жүз  мыңға 

тарта өтініштерін өңдеуден өткізді.

Сол  сияқты  таяу  күндері  біз  «Элек-

тронды партия» жобасын іске қостық.

Енді  Интернетке  қол  жеткізген  әрбір 

азамат  үйінен  шықпай-ақ  «Нұр  Отанға» 

өтініш жасай алады.

Азаматтармен  тұрақты  үнқатысу 

қажет.


«Нұр  Отанды»  халықтық  қолдаудың 

сарқылмайтын басты қайнар көзі де міне, 

осы!

аЛтынШы. ХХІ ғасырда 

көшбасшылыққа тек жастар белсенді 

қолдау көрсеткен партия ғана ие бола 

алады.

Сондықтан  мен  жастар  саясатын 

әлеуметтік жаңғыртудың маңызды бағыты 

ретінде белгіледім.

«Жас  Отан»  екі  жүз  мыңнан  астам 

адамның басын біріктіреді.

Бір  жыл  бұрын  «Жас  Отанның» 

Екінші съезінде мен жастармен жұмысты 

күшейтудің 

кешенді 


бағдарламасын 

ұсындым.


Жастар – біздің алтын қорымыз!

Жас  қазақстандықтардың  партия 

бағытын  қолдауы,  олардың  Стратегия-

2050-ді  жүзеге  асыруға  кеңінен  атсалы-

суы  зор  тарихи  және  тұрақтандырушы 

маңызға ие.

Мен  партия  съезі  мінберінен  барлық 

қазақстандық  жастарға  тағы  да  сөзімді 

арнағым келеді.

Біздің елімізде жасалған-дардың бәрі, 

ең алдымен, сіздер үшін!

Сіздер  үшін  Қазақстанда  барлық 

есіктер ашық!

Халықтың бірлігін сақтаңыздар!

Біз үшін осындай Қазақстанды құрып 

жатқан  біздің  ата-аналарымыздың,  аға 

буынның еңбегін бағалаңыздар!

Біздің  Отанымыздың  ұлы  болашағы 

үшін  қажырлылықпен  және  лайықты 

оқып, еңбек етіңіздер!

Осы  шаруаның  бәрі  жастар  үшін, 

еліміздің  тәуелсіздігі  ұзағынан  болуы 

үшін және көк туымыз мәңгілік желбіреуі 

үшін  жасалып  жатыр.  Мәңгілік  ел  болу 

үшін жасалуда. Келесі ұрпақ ел үшін, жер 

үшін, өзім үшін деп еңбек етуі керек. Тек 

қана еңбекпен бақытты боласың.

жетІнШІ. «нұр Отан» біздің 

мемлекетіміздің басты сыртқы саяси 

құндылықтарын белсенді жақтап және 

алға бастыруы керек.

Олар кеңінен мәлім.

Қазақстанның  өсіп  келе  жатқан 

халықаралық беделі соларға негізделген.

Біз  теңдестірілген  және  қауіпсіз, 

көпполярлы  және  толерантты  әлемді 

қолдаймыз.

Бұл  құндылықтарды  партия  өзге 

елдердің  рухы  мен  көзқарастары  бойын-

ша жақын саяси партияларымен байланы-

старды кеңейте отырып, парламентаралық 

және  халықаралық  қызметінде  алға  ба-

стыратын болады.

«Нұр  Отанның»  ХХІ  ғасырдағы  ұзақ 

мерзімді  көшбасшылығының  міндеттері 

осындай...

Қымбатты достар, әріптестер!

Біздің  басты  партиялық  брендіміз  – 

Қазақстан, тек қана алға!

Стратегия-2050-ді жүзеге асыруға бай-

ланысты ол одан да зор нақты мазмұнға ие 

болады.


Қымбатты достар!

Алдымызда биік белестер бар.

Олардан  алқынбай  асу,  белестерді 

барлықпай  бағындыру  –  біздің  өз 

қолымызда.

Мызғымас  бірлік  пен  тынымсыз 

еңбек,  жасампаздық  пен  жаңашылдық, 

жауапкершілік  –  біздің  ең  басты 

құралымыз осылар.

Біз  өзімізді  ұдайы  қамшылап,  алға 

ұмтыла  білсек  қана  «Қазақстан-2050» 

Стратегиясындағы биік мақсаттарға жете 

аламыз.

Партиямыз 



тұғырлы, 

елдігіміз 

ғұмырлы болсын.

Мәңгілік елді бірге жасайық!

алға, «нұр Отан»!

алға, Қазақстан!



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал