243
ген ашытқының мөлшерінің өзгертілуі жəне олардың сұйық немесе
кептірілген ашытқымен алмастырылуы мүмкін.
Қазіргі кезде наубайхана өндірістерінде бидай, қара бидай, би-
дай мен қара бидай ұндарының қосындысынан қамыр илеу əдістері
көп фазалы (екі, үш) жəне бір фазалы, үздікті жəне үздіксіз болып
бөлінеді.
Егер қамырды бір фазалы əдіспен дайындау қабылданса
өндірістік рецептурада бір фазаны (қамырды) дайындауға кететін
шикізат көрсетіледі. Көп фазамен (ашытпа, қамыр) қамыр илеу
кезінде өндірістік рецептурада шикізаттар фаза бойынша бөлініп
көрсетіледі.
Егер қамырды үздікті тəсілде дайындау қабылданса өндірістік
рецептурада бір дежа ашытпа (ашымал) жəне қамыр илеуге кететін
ұнның, шикізаттың, ерітінділердің жəне жартылай фабрикаттың
мөлшері көрсетіледі.
Қамырды үздіксіз дайындау кезінде өндірістік рецептурада 1 ми-
нут ішіндегі машинаның жұмыс істеуіне кететін жартылай фабри-
катпен шикізаттардың шығыны келтіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: