363
Шикізаттарды дайындау сатысында қантты елеп, магниттен
өткізу, тазалау жұмыстары орындалады. Осы сатыда сірнені де
тесігі 2 мм електен өткізіп сүзеді. Алма езіндісін бір ауысымға
жарайтындай етіп, əртүрлі сападағы ертінділерді қосып, олардың
сапасын тұрақтандырады. Əртүрлі ертінділердің ішінде пектин
мен қышқылдардың мөлшері əрқалай болғандықтан, олардың
сілікпелері де əртүрлі болады. Соларды қосып араластыруды ку-
паждау деп атайды. Осы қосындылардың өзі күшті сілікпеленгіш,
нашар сілікпеленгіш, қышқыл немесе тұщы болуы мүмкін. Оларды
тотықпайтын болат ыдысты араластырғыштарда жүргізеді. Олар
араласып болған соң, екінші рет қайта езіп, тесігі 1 мм електе сүзіп,
тазалайды да насоспен қайнату бөліміне аударады.
Пектин тек қышқыл ортада ғана сілікпеге айнала алады. Бірақ
осы қышқылдардың керекті мөлшері пектиннің саны мен сапасына
байланысты. Алманың қыстық сорттарының пектині сондықтан да
жақсы тұрақты сілікпе бере алады.
Мармелад сілікпесі тек қана белгілі мөлшерде пектин, қант
пен рН 2,8-3,2 шамадағы ертіндіде ғана пайда болады. Онда
пектиннің мөлшері 0,8-1,2%, қышқыл 0,8-1,0%, ал қант 65-70%
болу керек. Алма езіндісінде сілікпеге айналатын 1,1-1,2% пек-
тин, 0,6-1,0% алма қышқылы, 6-10% қант, 85-90%-ға жақын су
болады. Сонда қышқыл мен пектин жеткілікті болады да, тек қант
қосу керек. Қант пен алма езінді қоспаның ылғалдылығы 45-50%
Достарыңызбен бөлісу: