Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Құрақ қант шикізатын өңдеу



Pdf көрінісі
бет263/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   375
7.4. Құрақ қант шикізатын өңдеу
Құрақ қант шикізаты сахароза кристаллдарынан тұратын өнім, ол 
кристалларалық ерітіндінің қабыршағымен жабылған, сахароза мен 
қант емес заттардан құралады. 
Жақсы сападағы қант құрағының шикізаты ұзақ мерзім 
тасымалдауға жəне сақтауға аса төзімді келеді. Кубалық құрақ қант 
шикізатының орташа химиялық құрамында (оның салмағымен 
алғандағы %): сахароза – 96,6-98,0; су – 0,4; қант емес заттар – 1,5-2,0; 
оның ішінде редукциялаушы заттар – 0,6-0,9; өзгедей органикалық 
заттар – 0,7-1,0; көмір қышқылды күлдер – 0,4-0,5 мөлшерінде бо-
лады. Қант шикізаты ерітіндісінің түсі 40-50 шартты бірлікті, рН 
мөлшері 6,2-6,5 деңгейін құрайды. Қант емес заттардың құрамына 
пектинді заттар, декстриндер, протеиндер жəне басқадай жоғары 
молекулалық қосындылар енеді, олар қант шикізатын тазарту үрдісін 
аса қиындатады, өйткені олар ерітіндінің тұтқыр желімділігін артты-
рады жəне сүзу кезіндегі қасиеттерін төмендетеді. Сонымен қатар, 
редукциялаушы заттардың, бояғыш заттардың жəне органикалық 
қышқылдардың салыстырмалы түрдегі жоғары деңгейде болуы да 
құмшекер алу үрдісін қиындатады. Қант қызылшасын өндіру зауыт-
тарында қант құрағының шикізатын құрамындағы редукциялаушы 
заттарын толығымен ажыратып жіберуге арналған схема негізінде 
өңдейді. Ол үшін қант шикізатын, шəрбаттың құрамындағы құрғақ 
заттарының мөлшері 60% аспайтын мөлшерде клерлейді (ерітеді). 
Алынған клерленген өнімді рН мөлшері 11,5-11,6 жеткенше 8-10 
мин аралығында дефекациялайды. Известь ерітіндісінің мөлшері 
қант шикізатының салмағымен алғанда 3,6-6% СаО құрайды. 
Бұл кезде редукциялаушы заттары ыдырайды, олар органикалық 
қышқылдарға, кальций тұздарына айналады. Əрі қарай клерлеуді 
екі сатылы сатурациялаудан өткізеді: бірінші сатыда рН мөлшерін 
10-10,5 жеткізіп жүргізеді, екінші сатыда – 9-9,2 жеткізеді. 
Сатурациялаудың екінші сатысын жүргізер алдында клерлеуде қант 
шикізатының салмағымен алғанда 0,4-0,5% СаО мөлшерде известь 
сүтін арластырады. Сатурацияны аяқтағаннан кейін шəрбаттың тем-
пературасын 85ºС жеткенше қыздырады, дискілі сүзгілерде сүзеді, 
кейіннен рН мөлшерін 7,2-7,5 жеткізіп сульфиттейді, соңынан тағы 
да 80ºС жеткенше қыздырады, тағы да сүзеді де құрамындағы құрғақ 
заттарының мөлшері 92% жеткенше утфельді І қайнатуға жібереді. 
Утфельді І қайнатылғаннан кейін құмшекерді жəне қойыртпақты 


429
екі қайтара шығарып центрифугада айналдырады. Құмшекерді 
кептіруге жəне салқындатуға жібереді.
Утфельдің қойыртпақтары барлық қант емес заттарды жəне пайда 
болған инвертті қантты құрайды. Ерітіндінің түсі аса қоңырқайланып 
кетпес үшін оны тарқатады. Ол үшін утфельдің І кристаллданған 
кездегі қойыртпағының 80% алып, ІІІ кристаллданған кездегі 
қанттың клеровкасымен араластырады да технологиялық схеманың 
басталуы кезіндегі клеровканы дефекациялауға қайтарады, ал 
қалған бөлігін утфельдің ІІ қайнатылуына жұмсайды. Утфельдің 
ІІ қайнатылуын құрамындағы құрғақ заттарының мөлшері 92,5% 
болғанша жүргізеді, одан кейін центрифугада айналдырып, ІІ 
кристаллданған қант пен қойыртпақты алады. Қанттың ІІ кристалл-
дануын клерлейді жəне сульфиттеуге жібереді, ал қойыртпақтардан 
құрамындағы құрғақ заттарының мөлшері 94% жеткенше утфельдің 
ІІІ қайнатылуын жүргізеді. Утфельдің ІІІ қайнатылуын 60-72 сағ. 
аралығында салқындата отырып, қосымша кристаллдандырумен 
жүргізеді, кейіннен центрифугада айналдырып, ІІІ кристаллданған 
қантты жəне қойыртпақты (меласса) бөліп алады. Осы ІІІ 
кристаллданған қантты шайындылармен ерітеді де дефекациялауға 
жібереді. Тазалық деңгейі 54%жоғары мелассаны утфельдің ІІІ 
қайнатпасын жүргізу үшін қайта қайтарады, ал тазалық деңгейі 51-
54% аралығындағы мелассаны утфельдің ІІІ қайнатпасын қосымша 
кристаллдандыру алдында жұмсарту (сұйылту) үшін пайдалана-
ды. Тазалық деңгейі 50% жəне одан да төмен дəрежедегі мелас-
саны сақтау орнына жібереді, кейіннен оны өзгедей өндірістерге 
қолданады, мысалы қант қызылшасы мелассасын ашытқы өсіруде
биотин қоры ретінде қоспа түрінде пайдаланады. Алынатын 
қанттың құрамы 95-96% құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет