Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Өндіріске картопты жеткізу



Pdf көрінісі
бет265/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Өндіріске картопты жеткізу
Картопты қоймадан өндіріске гидравликалық тасымалдағыш 
арқылы жеткізеді, ол суланған картоптың козғалыс жылдамдығын 
қамтамасыз ету үшін, шамамен 1,0-1,5 м/с, алайда 0,75 м/с аспай-
тын қалыпта əдейі еңіс жасалған. Гидротасымалдағышқа тас пен 
жинағыш та орнатылады.
Гидротасымалдағыш жұмысында судың жұмсалуы картоптың 
қаншалықты бітеліп қалу дəрежесі мен сипатына қарай жəне 
тасымалдағыштың астаушасында қанша бұрылыстың болуы 
нəтижесіне тəуелді болады, ол 1 т картопқа 7т дейін жұмсалуы 
мүмкін.
Гидравликалық тасымалдағышта картоп түйнектері балшықтан 
біршама жуылып тазарады. Астаушадан алынғаннан кейінгі қалған 
балшық қалдыктары картоптың қандай топырақта өсірілгенін жəне 
жиналған кездегі ауа-райы жағдайын көрсетеді. Əдетте, астаушаның 
соңына тор орнатылған кішігірім ойықша орналастырылады, ол 
гидротасымалдағыштағы суды шығарып тастау үшін қажет. Картоп-
ты осы ойықшадан 
жууға ожаулы элеватордың (норий), бұрамалы 
тасымалдағыштың (шнек), көтергіш дөңгелектің жəне арнайы 
құрастырылған орталық айналу сорғышының көмегімен береді.
Картопты тасымалдауда көбіне 30° аспайтын бұрышта 
орнықтырылған бұрамалы шнек жиі пайдаланылады. Ашық шнектің 
бүкіл бойына картоптан түскен сазды жуып тұру үшін су шашқыш 
орнатады. Жылжымалы лента мен астаушаның ішкі жағының 
аралығындағы алшақтық Змм аспауы керек, бұдан үлкен аралықта 
картоп түйнектері бүлінеді. Шнектің ұзындығы көтеру биіктігіне 
байланысты.
Картопты жуып болғаннан кейін тасымалдау, жуу суларын 
тұндырғыштарда қоспалардан ажырату үшін тұндырып қояды, со-
дан кейн картопты гидротасымалдау үшін жүйеге қайта жіберіп пай-
даланады.
Картопты жуып болғаннан кейін автоматты өлшегіштерде 
өлшеуден өткізеді.
Картопты ұсақтау
Картоп түйнектерінен крахмалды бөліп алу үшін ең алдымен кар-
топ клеткасын ашу керек, бұл оның қабырғаларын бұзу арқылы қол 


432
жететін нəрсе. Басты міндет крахмалдын дəндерін сақтай отырып, 
клетканың кабырғасын барынша бұзып ұсақтау. Картоптың қабығы 
мен клеткасының қабырғасын асыра ұсақтап жіберу қажет емес, бұл 
дегеніміз қосымша тиімсіз электр шығынын жұмсауға əкеп соғады. 
Ол тек крахмал түйіршіктерінің бөлініп шығуын туғызып отыра-
тын дəрежеде ғана жургізілуі керек. Клетканың көп бөлігі аршылып 
болғаннан кейін түйнектер ұсакталған түрдегі қоспа алынады, ол бүкіл 
клетканың қабырғасы бұзылған крахмалдан, қабырғасы бұзылмаған 
біршама клеткадан жəне картоп шырынынан тұрады. Бұл қоспа 
кар-
топ ботқасы деп аталады. Қабырғасы бұзылмаған клеткаларда қалған 
крахмал өндірістегі жанама өнім - 
картоп мезгасында (ботқаны сүзіп 
алғаннан кейін бөлініп шығатын ұсақталған клетчатка) жойылып 
кетеді. Осы крахмалды 
байланысқан деп, ал картоп түйнектерінен 
бөлініп алынған крахмалды 
еркін деп атау қалыптасқан.
Картопты ұсақтау сыртқы бетінде егеулері бар картоп үккіште 
жүзеге асырылады немесе аса күшті қалыптағы ұсақтағышта 
жүргізіледі, соңғысында ұсақ мезга үккіште алынғанға қарағанда аз 
болады.
Картоп ұсақтау үдерісін бағалау үшін 
ұсақтау коэффициентін 
пайдаланады, ол клетканың бұзылуының дұрыстығы мен одан 
крахмалдың алынуын сипаттайды. Оны ботқадағы еркін крах-
малдардың саны мен өнімдегі крахмалдардың жалпы кұрамының 
арақатынасы арқылы, төмендегі формуланы колдана отырып 
анықтайды
Ʉ 
Ⱥ
Ⱥȼ
ή ͳͲͲǡ
(8.1)
Мұндағы, К -картопты ұсақтау коэффициенті, %; 
А- 100 г ботқадағы еркін крахмалдар массасы, г; 
В- 100 г ботқадағы байланысқан крахмалдар массасы, г.
Картопты ұсақтау коэффициентінің нəтижесі крахмалды 
шикізаттан бөліп алу мүмкіндігімен анықталады. Станса жұмы-
сының қалыпты жағдайыңда ұсақтаудың бұл көрсеткіші 90 % 
жоғары болуы қажет.
Үккіштердің бəрі негізінен бірдей кұрылымда болады, өзара олар 
өнімділігі немесс конструкциялық рəсімделуімен ғана ерекшеленеді. 
Барлық картоп үккіштердің қызмет ету барысы – айналмалы бара-
банда орнатылған жұмыс істеуге арналған сыртқы бетінде арнайы 
ұсақ тістері бар егеулер арасында түйнектерді үгіту.


433
Алғашқы ұсақтау кезінде үккішке ұзындығы 16-20мм жəне ені 
Змм болатын арнайы тесіктері бар тор қойылады. Ал қайталап 
ұсактау кезінде қолданылатын үккіштің тесіктерінің ені 2мм болуы 
керек. Тордан 30% көлемінде сұйықтық ағып шығатындай болуы 
тиіс.
Бастапқы ұсақтауда үккіштің егеулері барабанның үстінде 
1,5-1,7 мм болып орналасады, ал қайталап ұсақтау кезінде 1 мм 
аспауы керек.
Егеулердің тозығы жеткен жағдайда үккіштің өнімділігі де 
төмендейді, сондықтан жұмыс барабанының ауық-ауық (1-2 тəулікте 
1 рет) жаңа егеулері бар кезектегі барабанмен алмастырып отырады. 
Алынған барабанды егеулерін ауыстыру үшін, прокладкасын жəне 
тозған егеулерін шығарып алады, одан кейін барабанды оған жаңа 
егеулерді сала отырып қайта жаңартады.
Егеулер жоғары сапалы болаттан əзірленеді, ені 13 жəне 18 мм. 
Тістері тең қырлы үш бұрыш тəріздес, олар 10 см егеу ұзындығында 
71-ден кем болмауы тиіс.
Картопты ұсақтаудың сапалылығы шикізаттың жайына тəуелді 
(жаңа картопты ұсақтау мұздатылған немесе босаңсыған картопқа 
қарағанда анағұрлым жеңіл) жəне оның тазалығына, пайдаланудағы 
қондырғының конструкциясына, оны жұмысқа дұрыс икемдеуге 
байланысты болады.
Көптеген зауыттарда ботқаны қосымша ұсақтау жүргізіледі, 
нəтижесінде ондағы байланысқан крахмалдар құрамы төмендейді. 
Ұсақтау алдында ботқаны сүзгіден өткізіп шаяды, бұл ондағы 
еркін крахмалдардың басым мөлшерін бөліп алу жəне орталық 
айналымдағы сүзгіден су шығару ушін өткізеді, сөйтіп құрамында 
құрғақ заттары 10-12% болатын өнім алынады, ол қайталап ұсақтауда 
тиімділікті анағұрлым арттырады. Зауыт жақсы жұмыс істеген кез-
де картоп ұсақтау козффициенті 92-94% жетеді. Ұсақталған өнімнің 
сапалылығын жуылған мезгадағы байланысқан крахмалдардың 
құрамына қарап білуге болады, олар 40% аспауы керек. Екі қайтара 
картоп ұсақтауда үдерісті ұсақ мезганың аз мөлшерде құралуына 
қарай лайықтайды, себебі оның көлемі крахмалдың үлкен дəндеріне 
аса ұқсас. Бұл жағдайда алғашқы ұсақтау кезінде-ақ түйнектердің 
клеткаларын 87% дейін толығымен бұзады.
1т картоп ұсақтауға жұмсалатын энергия шығыны 5-6 кВт∙сағ 
шамасында, ал 1 т картопты ұсақтауға егеулердің жұмсалу шығыны 
– 1,2-0,4 м болады.


434
Крахмалдың сапасының жоғарылатылуы үшін, ең алдымен оның 
аппақ қардай ақтығын ұлғайту жəне ондағы микробиологиялық 
үдерістерді белсенділендіру үшін картоп ботқасына күкірт 
диоксидін немесе күкірт кышқылын қосады. Негізінен бұл мақсатқа 
сұйытылған күкірт диоксиді қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет