Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Клеткалық шырынның бөлінуі



Pdf көрінісі
бет266/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   375
Клеткалық шырынның бөлінуі
 Шырындағы азотты заттар құрамына тирозин кіреді, ол тирозина-
за ферменттерінің əсері арқылы қышқылданып, боялған түске енеді. 
Крахмалдың дəндері осы бояғыш заттарды адсорбциялау қасиетіне 
ие, ол дегеніміз, дайын өнімнің ақ түсін солғындатады. Крахмалдың 
шырында ұзақ тұруы оның клейстерінің желімділік дəрежесін 
төмендетеді. Өнім өндіру кезінде шырын қосындыларын енгізу аса 
күшті көбіктенуді туғызады, құрал-жабдықтарды ластайды, олардың 
металл бөліктерінің, құбыр желілердің жəне арматуралардың тотта-
нуына əкеп соғады.
Крахмалдың жоғары сұрпын алу, шырынның бағалы заттарын 
пайдалануды ұйымдастыру үшін жəне крахмал өндірісі үдерісін 
жаңа технологиялык схемада жургізу үшін картопты ұсақтап біткен 
бойда бірден картоп шырынын ботқадан бөліп алады. Шырынның 
жоғары құрамда бөлініп шығуы үшін ботқаға аздаған мөлшерде - 
оның салмағының 30% аспайтын мөлшерде су қосады.
Ботқаны сумен араластыру оны центрифугада сұйық фазада 
айналдырғанда крахмалдың жойылып кету мөлшерін азайту үшін 
қолданылады.
Суы азайған ботқадағы күрғақ заттар көлемі 32-43% құрайды, өзі 
жабысқақ, қамыр тəріздес болып келеді.
Ботқаның камераның қабырғаларына жабысып қалуын болдыр-
мау үшін ол қоюланған кезде белгілі бір мөлшермен үздіксіз су қосып 
тұрады. Ботқаны қабылдайтын орын шөгінді түсіретін камераның 
астына орналастырылуы керек.
Ботқаны сүзгіден өткізер алдында оны араластыру үшін 
қабылдағышқа су жібереді. Бұл центрифугадан шөгіндінің еркін 
бөлініп түсуін камтамасыз етеді жəне ботқа сумен жақсылап жылы-
нады.
Центрифугада 3,5-5% дейін жететін 70% дейінгі картоп шырыны 
бөлінеді, бұл үдеріс ботқаны алдын-ала сумен шылаудың нəтижесіне 
жəне қолданып отырған центрифуга түріне де тəуелді болады. 


435
Центрифуганың жақсы жұмыс істеген жағдайында шырындағы 
крахмалдың жоғалуы 0,2-0,3 г/л құрайды.
Ботқаны өндеген кезде шөгіңді жинайтын центрифугада шы-
рынмен қоса біршама мөлшерде ұсақ мезга да бөлініп шығады. 
Ботқадағы шырынды бөліп алу дəрежесі жəне мұндағы крахмалдың 
жоғалуы ОГШ центрифугасының конструкциялық ерекшеліктеріне, 
оның өніммен қаншалықты толтырылуына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет