483
ды бөлу қиын болып кетеді. Температура жоғарылағанда сусланың
тұтқырлығы төмендеп, сүзілу жылдамдығы өседі. Бірақ затор тем-
пературасы 75-78
0
С-дан аспауы керек, ал дробинаны жуатын судың
температурасы 78-80
0
С болуы керек, себебі жоғары температура
α-амилаза белсенділігінің төмендеуін негіздейді, нəтижесінде ыды-
рамай қалған крахмал клейстерленіп мөлдір емес сусла алынады.
Сүзу аппаратында сүзу үдерісі резервуарды дайындау, заторды
тұрғызу, бірінші сусланы сүзу, дробинаны жуу жəне оны алып тас-
таудан тұрады. Циклдың жалпы ұзақтығы 3,5-6,0 сағ аралағында бо-
лады.
Сүзгі-престе заторды сүзу кезінде сүзгі материал ретінде
мақта-матадан кішкентай материал қызмет атқарады, ол жоғары
шығымдағы экстрактымен мөлдір сусла жəне ұсақ ұнтақталған уыт
алуға мүмкіндік береді. Бірақта сүзгі-прес қызмет көрсету жағынан
көп еңбекті қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: