486
да болады. Сонымен қатар оттегі ақуыздың ұюын жəне
тұнбаның
жақсы тұнуын қамтамасыз етіп, жоғары мөлдірлікті негіздейді.
Салқындату жəне мөлдірлетудің алғашқы сатысы тоңазытқыш
тарелкада немесе тұрғызғыш аппаратта жүргізіледі.
Тоңазытқыш тарелка – аздап түбі бар биіктігі 30 см тегіс ашық
ыдыс. Тарелканың түбінде сусланың тұнбасын жəне ағындысын
кетіретін вентил орнатылған. Суслаға тұнба бөліктері жəне
басқа
да қоспалар кетіп қалмау үшін вентиль сусла ағындысына арналған
түбінде елекпен құбыр қамтылған. Тарелкадағы сусла қабатының
биіктігі 215-250 см, салқындату ұзақтығы – 2-6 сағ.
Тұрғызғыш аппарат ирек құбырмен қамтылған цилиндрлі жабық
резервуар. Аппарат сусламен 0,9 м
биіктікке дейін толтырылып,
ирек құбырға суық су жіберу арқылы салқындатылады. Сусла
қалтқы жалғанған құбыр арқылы ағызылады. Ағынды құбыр арқылы
сусланың өту деңгейі бойынша қалтқы бірге жіберіледі. Тұнба
екінші
құбыр арқылы бөлініп, сусла қалдығын бөліп алу үшін сүзгі-
преске бағытталады. Тұрғызғыш аппаратта сусланы салқындатудың
ұзақтығы – 20 мин.
Сусланың мөлдірлігін жоғарылату жəне оның тұнбамен бірге
шығындалуын төмендетуге сеперациялау жолымен немесе гидро-
циклонды аппараттың көмегімен қол жеткізуге болады.
Сусланы екінші салқындату сатысы пластинкалы жылуал-
мастырғыштың көмегімен немесе тоңазытқыш типінде (құбыр
құбырда) іске асырылады.
Сусланың залалдануын шығаруға мүмкіндік
беретін пластин-
калы жылуалмасуда ашудың алғашқы температурасында сусланы
салқындату əдісі кеңінен тараған. Сонымен қатар пластинкалы жы-
луалмасу аз ауданды алады, жəне онда жұмыс істеу оңай.
Мөлдірлетіліп алынған сусла сыраның түріне
қарай концентра-
циясы (құрғақ затының массалық үлесі), қышқылдығы жəне түсі
бойынша белгілі талаптарға жауап беруі керек.
Достарыңызбен бөлісу: