Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет311/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   375
Жартылай үздіксіз тəсілі. Ашытқыны өсіру жартылай үздіксіз 
тəсілінде суслоны дайындау (пастерлендіру, қышқылдандыру, 
салқындату) таза культураларға арналған екі аппараттан жоғары 
орнатылған пастеризаторда жүргізіледі. Дайындалған суслоны екі 
аппараттың біріне береді, өсірілген ашытқыны қосады жəне үздікті 
тəсілде қолданған жағдайда ұстайды. Суслоның концентрациясы 
14-15%-дан 4,5-5,0%-ға дейін төмендегенде, таза культураларға 
арналған бірінші аппараттағының жартысын екіншісіне құяды, 
сосын екеуіне пастеризатордан таза суслоны толтырып құяды да 
ашытқыны өсіру үшін ұстайды. Жетілген ашытқыны бір аппараттан 
ашыту аппаратына түседі, босаған таза культураларға арналған аппа-
ратты жуады, стерилдейді жəне жаңа циклді бастайды. Ашытқыны 
көбейту үдерісін, таза культураларға арналған аппараттарды кезекпе 
кезек босатып жəне стерилдеп қайталап отырады.
Үздіксіз тəсілі. Тізбектеліп қосылған І, ІІ жəне ІІІ сатылы ашытқы 
генераторлар жүйесінде жүзеге асырылады. Қанттанған сусло мен 
өсірілетін ашытқы І сатылы аппаратқа түседі, жүйелі түрде ашытқы 
генераторлары бойынша қозғалады, өндірістік ашытқының дайын 
культура түрінде соңғы аппараттан шығады жəне негізгі ашыту ап-
паратына жіберіледі. 


514
11.5. Қанттанған массаны ашыту
Қанттанған массаны ашыту үдерісі өндірістік ашытқы сал-
қындатылған суслоға түскен уақыттан басталады. Суслоға 
енгізілетін ашытқы көптеген жеке жасушалардан тұрады жəне беткі 
жағы өте дамыған болып келеді. Сондықтан олар ферменттерді, қант 
пен басқа да сусло компоненттерін өте жылдам адсорбциялады. 
Ашыту үдерісінің механизмін келесі түрде қарауға болады. Қант 
пен басқа да суслоның қоректік заттары ашытқы жасушасының 
беткі жағына адсорбцияланады, одан əрі ішне енеді жəне онда 
күрделі өзгерістерге ұшырайды. Ашытқы жасушасының ферменттік 
жүйелері əсерінен қанттың ашуы нəтижесінде негізгі өнімдер 
түзіледі – этанол мен көміртек диоксиді; қосалқы заттар глице-
рин, сірке альдегиді, пиро жүзім қышқылы жəне т.б. түзіледі. Сус-
ло құрамындағы басқа заттардан қосымша өнімдер синтезделеді
мəселен метанол (метил спирті) жəне жоғарғы спирттер (сивуш 
майы). Түзілуіне қарай ашытудың негізгі, қайталама, қосымша 
өнімдері ашытқы жасушасынан қоршаған ортаға шығады, онда 
олар ашымықтың түгелдей көлемі бойынша тез жайылады, соның 
арқасында олар жасушалардың жанында аса көп мөлшерде концен-
трация мүмкіндігін жоққа шығарылады. 
Көміртек диоксидінің көпіршіктері ашытқы жасушасымен 
мықтап қосылады жəне олармен бірге ашып жатқан суслоның беткі 
жағына көтеріледі, ол жерде көпіршік жарылады, ал ашытқы жа-
сушасы қайтып төмен қарай түседі. Сөйтіп, жалпы табиғаты бой-
ынша қозғалмайтын ашытқы жасушаларының алмасу процесстері 
қарқындай түседі жəне ашыту жылдамдайды.
Суслоны ашыту процессінде үш кезеңді атап бөлуге болады: ашы-
туды бастау, негізгі ашыту жəне соңғы ашыту. Ашытуды бастағанда 
өсіру сатысында жүретін ашытқының көбею жалғасады, сондықтан 
онда температураны 26-27
0
С шегінде ұстап отырады. Негізгі 
ашыту барысында 29-30
0
С температурасында негізгі моно- жəне 
дисахардың мөлшер санының қарқынды түрде ашытылуы жүреді. 
Соңғы ашыту процессінде декстриндер мен крахмалдардың қанттана 
түсу нəтижесінде пайда болған қанттың біртіндеп қанттануы жүреді. 
Соңғы ашыту барысында температураны 27-28
0
С дейін төмендетіп, 
ашымықтың қышқылдануын тоқтатады. 
Ашып тұрған суслоны 
ашымық деп атайды. Ашымық сапа-
сы көзге көрінетін тығыздық көрсеткіші (сүзбедегі сахарометрдің 


515
көрсеткіші), шынайы құрғақ заттар құрамы (спиртті айдағаннан 
жəне дистилденген сумен бастапқы көлеміне дейін жеткізілгеннен 
кейінгі фильтраттағы сахарометрдің көрсеткіші), күштілігі (көлем 
пайызындағы спирттің құрамы) жəне т.б. бойынша бағаланады.
Ресейдің спирт кəсіпорындарында батареяға тізбектеліп 
қосылған ашыту аппараттарында жүзеге асырылатын суслоны 
ашыту үздіксіз-ағынды, ағынды-рециркуляциялық жəне циклдік 
тəсілдерін қолданады. Үдеріс ұзақтығы 56, 51 жəне 66 сағат. Шағын 
кəсіпорындарда барлық ашыту кезеңдері 72 сағат бір аппаратта 
жүретін үздікті тəсілін қолдануға болады. 
11.4-суретте дəндікартоп суслосын өндірістік ашытқылармен 
үздіксіз өсіру үздіксіз-ағынды ашыту аппараттық-технологиялық 
сызбасы берілген. 
1-3 қондырғы ашытқыгенераторларының І, ІІ, ІІІ 
сатыларынан; екі негізгі 
4 ашыту аппараттарынан; өзара ағылмалы 
құбырларымен қосылған жəне бекіткіш арматурамен жабдықталған 
үш 
ашыта түсуге арналған ашыту аппараттарынан; 6 насостардан 
жəне 
7 спирт ұстағыштан тұрады.
Ашытқыны өсіру үдерісін үш сатыға бөлуінің, сусломен жүйелі 
түрде үздіксіз толтыруының жəне ашытқыгенераторларының ара-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет