Су-спирт қосындысын дайындау. Арақты дайындауға ректи-
фикатталған спиртті дайын жұмсартылған сумен араластырады.
Нəтижесінде алынған су-спирт қосындысын сұрыптама деп атайды.
Сұрыптама арақтың түріне қарай күштілігі 40 немесе 50% көл. дай-
ындалады. Спиртті сумен араластыру жылу шығаратын қосындының
жалпы көлемінің азаюмен (контракция құбылысы) қоса жүреді. Су-
спирт қосындысының сығылу дəрежесі мен шығатын жылу мөлшері
қосындыдағы спирттің қоюлығына байланысты. Түрлі күштіліктегі
сұрыптаманы дайындау үшін, контракция есебімен судың қажетті
көлемін анықтауға болатын арнайы кестені қолданады.
Сұрыптаманы герметикалық жабық аппараттарда дайындай-
ды. Араластырушы сыйымдылығы 300-ден 1200-ге дейін дал. Түбі
сфералық, қақпағы мен бұлғағышы бар цилиндрлі резервуар болып
келеді. Араластырғышқа өлшегіштен мөлшері есептелген спирт,
одан кейін су беріледі. Спирттің тығыздылығы судың тығыздығынан
төмен болғандықтан, ол жоғары қарай көтеріліп, жақсы араласуға
ықпал етеді. Сұрыптаманы араластырудың бірнеше тəсілдері
болады: механикалық – пропеллерлі бұлғағыштың көмегімен;
гидродинамикалық – сұрыптаманы құбыр жүйелері мен арнайы
саптамалары (шүмектер) арқылы төменнен жоғары қарай айдайтын
насостың көмегімен; араластырғыштың ішінде орналасқан барбо-
530
тер арқылы компрессормен берілетін сығылған ауамен араластыру.
Соңғы тəсіл жақсы араласуды жəне арақтың сапасының жоғары бо-
луын қамтамасыз етеді.
Сұрыптамаға арақтың осы түріне қарастырылған қосымшаларды
енгізеді. Дəмдік жəне хош иісті қосымшалар ретінде қант шəрбатын,
лимон қышқылының ерітіндісін, натрий ацетатын, натрий гидро-
карбонатын, калий перманганатын пайдаланады. Сұрыптамаға
арақтың осы түріне қарастырылған қосымшаларды енгізген
соң, оны араластырады жəне күштілігін анықтайды. Сұрыптама
белгіленген күштілігінен ауытқыған жағдайда оған спирт немесе су
қосылады жəне қайта араластырылады. Одан кейін сұрыптаманы
жинақтағышқа айдайды жəне кейін сүзбеге жібереді.
Сонымен қатар, су-спирт қосындысын ағынды көпсатылы
араластырғышта үздіксіз тəсілмен алуға болады. Араластырғыш
(12.2-cурет) бір-біріне орнатылған екі сыйымды ыдыстан жасалған.
Шеңбер тəрізді коллектор ретіндегі төменгі
2 ыдыс 1 жəне 3 кел-
те құбырларымен келетін спирт пен суды алдын ала араластыруға
арналған. Жоғарғы
4 ыдыс түпкілікті араластырушы үшін қызмет
етеді жəне
6 диафрагмасымен, 5 көп қабаттыы тормен жабдықталған
цилиндр түрінде болып келеді.
2 жəне 4 ыдыстары өзара 7 конустық
ыдысымен қосылған. Су мен спирт араластырғышқа бір уақытта
түседі, торлар мен диафрагмалар жүйесінен өтеді жəне жоғарғы
деңгейде біркелкі күйіне жеткенше араластырылады.
12.2-сурет. Ағынды көпсатылы араластырғыш
531
Араластырғыш спирт қоюлығын автоматтық бақылау мен реттеу
құралдарымен жабдықталған.