532
жоғары қарай шығатын су-спирт қосындысы келіп түсетін цилиндрлі
бағанға салады. Бағандағы көмір қабатының биіктігі 4 м. Су-спирт
қосындысының көмір бағандардан өту жылдамдығы көмірдің
белсенділігіне қарай реттеледі.
Су-спирт қосындысын көмірдің өлшенген қабатында өңдеу,
сұрыптама ол арқылы тізбектеліп өтетін 3-4 контактордан тұратын
үздіксіз істейтін қондырғыда өткізіледі. Контактор бөлшектерінің
көлемі 0,2-0,4 мм белсенді көмір салынатын түбі конусты цилиндр
ретінде берілген. Контакторға төменнен жоғары қарай 5-8 дм
3
(м
2
.
с) жылдамдығымен сұрыптама беріледі, одан аппараттың ішінде
турбуленттік қозғалыс пайда болады. Көмір қозғалмайтын күйден
өлшенген күйге ауысады, оның орын алған көлемі ұлғаяды жəне
көмірдің су-спирт қосындысымен өзара əрекет ету жағдайлары
жақсара түседі.
Белсенді көмірді пайдалану барысында оның сіңіру жəне
қышқылдандыру қасиеттері төмендейді, сондықтан өңделген көмір
уақыт салып регенерацияға – бағанда 110-115
0
С температурасын-
да су буымен термиялық өңдеуге ұшырайды. Көмірдің термиялық
өңдеуінде десорбация – ұшу қасиеттері салдарынан көмірді
жұтқан заттардан тазарту жүреді. Сондай-ақ, көмірді регенерация
мақсатында бағанда 200
0
С температурасында буландырады немесе
реактордан шығарады жəне арнайы пештерде 800-900
0
С температу-
расында шынықтырады.
Достарыңызбен бөлісу: