535
насостан тұратын экстракциялық қондырғыда дайындалады. Қысым
өлшеуішінен сұйықтық экстракторға құйылады, тұнған сұйықтықты
одан өлшегішке құяды. Ашыту жəне құю белгілі бір уақыты кесімінен
кейін жүргізіледі. Экстракциялық қондырғыда тұнба алудың жалпы
ұзақтығы 2-4 тəулік. Бұл тəсіл спирт шығынын азайтуға мүмкіндік
береді жəне өндірістік алаңдар мен ыдыстарды қажет ету талабын
азайтады.
Хош иісті спирт – күштілігі 50-60% көл. су-спирт қосындысы
құйылған, татымдылық өсімдік шикізатын қуалау жолымен
алынған өнім. Хош иісті спиртке қол жеткізу үшін жаңа піскен
немесе кептірілген эфир майлы шикізат, тұнбалар, жидек шыры-
нынан істелінген сусындар (морстар) жəне спирттелген шырын-
дар пайдаланады. Хош иісті спиртті жалпы айдау аппаратынан,
ректификациялық тізбектен, дефлегматор мен дистилят жинағыштан
тұратын арнайы айдау аппаратынан алады. Айдау аппаратына
шикізат салады (өсімдік материалы мен су-спирт қосындысы),
ректификациялық колоннамен қосады жəне су көйлекшесіне бу,
ал дефлегматорға су береді. Айдау 80-90
0
С, ал айдаудың соңында
– 100
0
С температурасында жүргізіледі. Айдау барысында алғашқы,
орталық жəне соңғы фракцияларын іріктейді. Орталық фракцияны
(хош иісті спирт) жинақтағыштың біріне, ал қалған екі фракцияны
– екінші жинақтағышқа іріктейді. Алғашқы жəне соңғы фракци-
яларды денатураттанған спирті алуға жібереді. Хош иісті спирттің
фракциясы бастапқы шикізаттың табиғи хош иісіне тəн жағымды
иісі бар, күштілігі 60-80% көл. мөлдір сұйықтық болып келеді. Хош
иісті спирт төмен температураны ұстап тұратын жабық ыдыста
сақталады.
Қант арақ-ликер өнімдеріне қоюлығы 65,8-73,2% шəрбат ретінде
енгізіледі. Сахарозаның кристалдануының алдын алу үшін оны
ішінара лимон қышқылымен инверсиялайды (алмастырады). Арақ-
ликер өнімдеріне қоңыр түс беретін бояғыш ретінде, құмшекерді
180-200
0
С температурасында қыздыру арқылы алатын колерді
қолданады. Колер электрмен (немесе газбен) қыздырылатын
қазандарда əзірленеді. Қазанға қантты салады, қант салмағынан
1-2% су қосады жəне араластыра отырып қыздырады, одан соң
ерітіндінің 1,35 ықшамдалған тығыздығына дейін су қосады. Дайын
колерді жинақтағышқа құяды. Колерді даярлаудың жалпы ұзақтығы
3-5 сағат.
Достарыңызбен бөлісу: