ресми баспа орындарында жариялануы қажет;
заңды тұлға мүлкінің иесі немесе құқытық тұлғаны тарату жөнінде
шешім қабылдаған орган бекіткен тарату балансы;
тарату балансын бектіу жөніндегі шешімі;
ішкі істер органының заңды тұлғаның мөрін жоюға қабылдағаны
жөніндегі квитанция (анықтама);
бюджетке қарызы жоқ екендігі жөніндегі салық органдарының
анықтамасы.
Филалды есептіктен шығару үшін әділет органдарына мыналар
тапсырылады:
1. өтініш;
2. филиал (өкілдіктің) қызметін тоқтату жөніндегі заңды тұлғаның
өкілетті органының шешімі;
3. есептіктік тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі куәліктің түпнұсқалары
– ережелер мен статистикалық карточкалар;
4. филиалдың тұрған жеріндегі салық органының оны салық
органдарындағы тіркеу есебінен шығару жөніндегі анықтама;
5. филиал (өкілдік) қызметінің тоқтатуды тіркеу үшін алым төлемі
тарулы квитанция (төлем тапсырмасының көшірмесі) – 1 АЕК.
Мәжбүрлі тәртіпте заңды тұлғалар сот шешімі бойынша таратылады.(
ҚР АК 49-бап, 2-т) сот шешімімен заңды тұлға мынадай жағдайларда
таратылады:
1) банкротқа ұшырағанда;
2) құрылу кезінде заңды қайта қалпына келтіруге келмейтін сипатты
бұзуға байланысты заңды тұлғаның жарамсыз тіркелуі мойындалғанда;
3) заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызметтердің
жүйелі түрде жүзеге асырғанда;
4) тиісті рұқсатсыз (лицензиясыз) қызметті немесе заң актілерімен
тыйым салынған қызметті жүзеге асырғанда, заңды бірнеше рет бұзғанда,
сондай-ақ корпоративтік жанама салық туралы декларацияны көрсетпеу
немесе заңмен белгіленген мерзімнің өтіп кеткеннен кейін декларацияны
көрсету, заңды тұлғада кредитордың болмауы, тұрғылықты жері бойынша
немесе іс жүзіндегі адресте заңды тұлғаның болмауы, сонымен қатар заңды
тұлға бір жыл бойы оларсыз жұмыс істей алмайтын қызмет тұлғалары мен
құрылтайшылар (қатысушылар);