КІРІСПЕ
Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің субъектілері заң жүзінде белгіленген.
Олар: Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалар, сондай-
ақ шетелдік жеке және заңды тұлға резидентттер болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға – азамат заңды тұлға құрып
немесе құрмай айнылыса беруіне болады.Ал
ұжымды кәсіпорындар
кооперативтер немесе әкімшілік-аумақтың кәсіпкерлік қызметтері өз
меншіктерінің негізінде заңды тұлғаға құру арқылы кәсіпкерлікпен айнылыса
алады. Енді аздап осы кәсіпкерліктің мәні мен маңызына тоқталайық. Бұл
жөнінде бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі көзқарастардан бөлек келешегі бар
концепцияда адамның мынадай іс-қимыл-әрекеті
өзінің сипатына
байланысты мынадай екі негізгі типке: бастапқы базистік еркін-ерікті
қызметке және қондырма еріксіз қызметке бөлінеді делінген.
Сол бірінші ерікті
қызмет кәсіпкерлікке жатады, өйткені ол қызметті
жүзеге асырушы тұлғаның мүддесіне, жүзеге асыру жолдары мен әдістерін
таңдау еркіне, мақсат
еткен нәтижесіне жетуіне, өзінің қаражат-мүлкіне
негізделген. Бірақ қанша ерікті қызмет болғанымен заңнан тыс шықпауы
қажет. Өйткені мемлекет мүддесіне, яғни ұйымдасқан қоғам мүддесіне зиян
келуі мүмкін.
Мемлекет тарапында жүзеге асырылатын
қызметтерге тұлғаның
жұмысқа кіруі ерікті сипатта болғанмен, басқару қызметі басқарушы органың
мүддесіне соған жету жолында жүзеге
асырылатын фукнцияларына,
әдістеріне және т.б. негізделгендіктен қызмет істеу еріксіз болып табылады.
Кәсіпкерлік мемлекеттің экономикасының басты элементі болып
есептелінеді, себебі ол өндіріс аясындағы
экономикалық қызмет ретінде
басқарушы қызметтен ерекшеленеді.
Мемлекеттің өзі саяси биліктің субьектісі және мемлекеттік меншік иесі
болғандықтан тікелей шаруашылық кәсіпкерлік (коммерциялық) қызметтерге
араласпайды, ол тек әзірше (мүмкіндігінше толығымен жекешелендірілген)
жұмыс атқарып, қызмет көрсетіп жатқан мемлекеттік кәсіпорындар,
шаруашылық ұйымдары арқылы кәсіпкерлік қызметке араласады.
Бұл турасында ҚР Азаматтық Кодексінің 10-бабында
дәл айтылған
сияқты. «Кәсіпкерлік-меншік түрлеріне қарамастан,
азаматтар мен заңдар
тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру
арқылы пайда немесе
табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке
кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына
(мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызмет»,. Кәсіпкерлік қызмет
кәсіпкердің атынан, оның тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен
жүзеге асырылады. Осыған орай кәсіпкердің кім екені жөнінде түсінік бере
кету қажет.
3