Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің субъектілері заң жүзінде белгіленген. Олар: Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалар, сондай-ақ шетелдік жеке және заңды тұлға резидентттер болып табылады



бет3/5
Дата02.12.2023
өлшемі85 Kb.
#131596
1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz-42112

2.Заңды тұлға түрлері

ҚР аумағында заңды тұлғалардың мынадай түрлері бар: мемлекеттік кәсіпорныдар, шаруашылық серіктестік, өндірістік кооперативтер, қоғамдық бірлестіктер, тұтыну кооперативі, діни бірлестік нысанындағы қоғамдық қор, заң құжаттарныда көзделген нысандағы қоғамдық қорлар.Заңды тұлғалардың атауына ерекше назар аудару қажет. Онда атау мен ұйымдасқан құқықтық үлгіге деген нұсқау болады. Коммерциялық ұйымның атауында мыналарды пайдалануға болмайды:



  • заңдылықтың талаптарына қайшы келетін атаулар;

  • қоғамдық моралдың номаларына қайшы келетін атаулар;

  • тұлғалардың жеке атаулары, егер қатысушылардың есімдеріне тұлғалардың жеке есімдері сәйкес келмесе, болмаса егер қатысушылар жеке есімдерді пайдалануға осы тұлғалардың рұқсатын алмаған жағдайда, тұлғалардың жеке есімдері;

  • тіркеуден өтіп қойған заңды тұлғалардың есімдері.

Егер құжаттар заңға сәйкес болса, тіркеу тәртіптерін әділет органдары 15 күннің ішінде тексерулері қажет; қоғамдық бірлестіктер үшін – 10 күн, кіші кәсіпкерліктің субъектілері үшін – 3 жұмыс күні.
Мемлекеттік тіркеу мәліметтері соның ішінде коммерциялық ұйымдарға арналған фирмалық атау заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге өткізіледі.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері – қызметкерлерінің саны ең көп дегенде 50 адам болатын және де бір жылдағы орташа алғандағы активтерінің жалпы құны алпыс еселі есептіктік көрсеткіштен аспайтын кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғарды (серіктестіктер мен өндірістік кооперативтер) тіркеу туралы ерекше айтқан жөн. Соңғы жылдары күшіндегі заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне жататын серіктестіктер мен өндірістік кооперативтер 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей тіркеуден өтеді және өз жұмысын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген 1997 жылғы 29-қазандағы № 1382 және 1998 жылғы 21 қыркүйектегі №928 Типтік жарғыларының негізінде жүзеге асырады. Осымен қатар олар тұрған жерлерін куәлендіретін құжатты көрсетуге міндетті емес.
Типтік жарғы бойынша ЖШС және ҚЖС мемлекеттік тіркеуден өткізгенде әділет органдарына тек қана белгіленген үлгідегі Өтінішті, мемлекттік тіркеуге төленетін жинақ туралы құжатты ұсынады («Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» ҚР Заңы).
Бұл орайда Өтінішке барлық қатысушылар қол қойып, нотариаттық түрде куәландырылады. Онда атауы, тұрған орны, жарғылық капиталдың мөлшері, барлық қатысушылардың тізімі, сонымен қатар жарғының Типтік болып табылатындығы көрсетіледі. Заңды тұлғаны тарату себептері мыналар (АК 49-бап): мүлік иесінің шешімі, сот шешімі немесе заңнамамен көзделген басқа да жағдайлар. ҚР АК екі әдісті қарастырады және заңды тұлғаларды тарату тәртіптерін қарастырады: өз еркімен және мәжбүрлі түрде.
Құқықты тұлғаны таратуға шешім қабылдаған (ҚР АК 50-бап, 1-п) заңды тұлға мүлкінің иесі немес өкілетті орган, осы жөнінде тіркеуші органға хабарлауға міндетті.
Тіркеуші органға таратуды тіркеу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
белгіленген нысан бойынша таратуды тіркеу туралы өтініш (мемлекеттік үлестік қатысуы бар ұйымдар үшін - тізілім ұстаушының белгісі бар өтініш);
заңды тұлғаны тарату жөніндегі шешім (соттың, өкілетті органның, заңды тұлға мүлкінің иесі және т.б);
құрылтайшы құжаттардың және статистикалық карточкалардың түпнұсқалары;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы;
таратуды тірке үшін алынатын алымды төлеу жөніндегі төлем тапсырмасының квинтациясы немесе көшірмесі (1 АЕК);
заңды тұлғаны тарату жөніндегі және кредиторлардың шағымдарын айту мерзім мен тәртіптері туралы мағлұматтардың жарияланғанын бекітуші құжат. Заңды тұлғаны таралуы жөніндегі ақпарат, сондай-ақ оның кредиторларының шағымдарды айту тәртіптері мен мерзімдері жөніндегі ақпараттар Қазақстан Республикасы әділет Министрлігінің ресми баспа орындарында жариялануы қажет;

  • заңды тұлға мүлкінің иесі немесе құқытық тұлғаны тарату жөнінде

  • шешім қабылдаған орган бекіткен тарату балансы;

  • тарату балансын бектіу жөніндегі шешімі;

  • ішкі істер органының заңды тұлғаның мөрін жоюға қабылдағаны жөніндегі квитанция (анықтама);

  • бюджетке қарызы жоқ екендігі жөніндегі салық органдарының анықтамасы.

Филалды есептіктен шығару үшін әділет органдарына мыналар тапсырылады:

    1. өтініш;

    2. филиал (өкілдіктің) қызметін тоқтату жөніндегі заңды тұлғаның өкілетті органының шешімі;

    3. есептіктік тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі куәліктің түпнұсқалары – ережелер мен статистикалық карточкалар;

    4. филиалдың тұрған жеріндегі салық органының оны салық органдарындағы тіркеу есебінен шығару жөніндегі анықтама;

    5. филиал (өкілдік) қызметінің тоқтатуды тіркеу үшін алым төлемі тарулы квитанция (төлем тапсырмасының көшірмесі) – 1 АЕК.

Мәжбүрлі тәртіпте заңды тұлғалар сот шешімі бойынша таратылады.(ҚР АК 49-бап, 2-т) сот шешімімен заңды тұлға мынадай жағдайларда таратылады:

  1. банкротқа ұшырағанда;

  2. құрылу кезінде заңды қайта қалпына келтіруге келмейтін сипатты бұзуға байланысты заңды тұлғаның жарамсыз тіркелуі мойындалғанда;

  3. заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызметтердің жүйелі түрде жүзеге асырғанда;

  4. тиісті рұқсатсыз (лицензиясыз) қызметті немесе заң актілерімен тыйым салынған қызметті жүзеге асырғанда, заңды бірнеше рет бұзғанда, сондай-ақ корпоративтік жанама салық туралы декларацияны көрсетпеу немесе заңмен белгіленген мерзімнің өтіп кеткеннен кейін декларацияны көрсету, заңды тұлғада кредитордың болмауы, тұрғылықты жері бойынша немесе іс жүзіндегі адресте заңды тұлғаның болмауы, сонымен қатар заңды тұлға бір жыл бойы оларсыз жұмыс істей алмайтын қызмет тұлғалары мен құрылтайшылар (қатысушылар);



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет