Қазақстанда осындай қасиетті жерлер көп. Дегенмен, Ұлытаудың орны бір басқа. Біздің жастарымыз оны біле бермейді. Біз өз та- рихымызды жаңадан игеріп, біліп жатқан елміз. Қазақтың тарихы



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата15.03.2017
өлшемі4,2 Mb.
#9730
1   2   3   4

Түйін.  Уақыт  зымырап,  зу-

лап өтуде. Өмірдің керуен көші 

жастарға  жол  ашып,  қарттар-

ды құрметтеумен шартарапты 

кезіп тоқтаусыз ілгерілей бер-

мек.

Жанар ЕЛЕШОВА

Бұл дүние бір керуен сарай-ды,

Кететіндер түсіп содан тарайды.

Алғы тізбек көшіп ұзап кеткенде,

Келіп түскен тізбек соған қарайды

Ахмет Игүнеки

КЕРУЕН ДҮНИЕ – 

ҚАРТТЫҚҚА 

ЖЕТКІЗЕР ЛЕЗДЕ

6

Көңіл пернелерінен

АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ ЕКЕН

«Жыр мұңайса, мен де бірге мұңайдым,

Өлең – аққу, ал қараңғы түн-айдын», деп бастайды бір өлеңін жас ақын. Жырмен мұ-

ңайып, жырмен шаттанған ол талайлардың жан сарайын тербетіп үлгерді. Бүгінде 

өңірімізге танымал жас ақын қыз Назерке Семейдің нәзік сезімге толы өлеңдерін жыр 

сүйер қауым жоғары бағалайды.



– «Ақындық жол – ауыр жол» деп 

жатады,  ақындық  өнерді  серік  етіп 

жүргеніңе қанша болды?

– Ақындықтың оңай жол емес екендігі 

белгілі.  Себебі  үздіксіз  ізденісті  талап 

етеді.  Ақындық  өнерімнің  бар  екенін 

мектеп  қабырғасында  оқып  жүргенде 

білгенмін. 5-сыныптан өлеңге ұқсайтын 

дүниелерді жазып, 8-сыныптан мүшəй-

раларға қатыса бастадым.



–  Өзің  сяқты  поэзияға  жаңашыл-

дықпен  келіп  жатқан  жас  ақындар 

бар. Ол туралы не айтасың?

–  Өлкеміздің  жас  ақындарының  өз-

дерімен де шығармашылықтарымен де 

таныспын.  Қатарластарымның  басым 

бөлігі айтыс өнерін серік еткен жандар. 

Абзал  Қабдраш,  Алтынбек  Мақсатхан 

сынды  дарындарымыз  жазба  ақыны-

дықты да, айтысты да қатар алып жүр. 

Олардың  шығармашылығына  зор  құр-

м е т -


пен  қарай-

мын!


– 

Кейінгі 

т о л қ ы н н а н 

өзің  сүйіп  оқи-

тын ақындар кім-

дер?

–  Танакөз  Толқын-

қызы,  Құралай  Омар 

əпкелеріміздің 

өлең-

дерін 


ерекше 

сүйіс-


пеншілікпен 

оқимын, 


жаттап  жүремін.  Олардың 

өлеңдері  мен  өз  туындыла-

рым арасынан тақырыптық үй-

лесім байқаймын.



–  Құдіретті  күш  «махаббатты» 

жырламаған ақын жоқ шығар.

Махаббат ессіздікке жол ашады

Шын сүйгенің бақытқа толы ошағы

Қорқамын, жүрегіме ұялаған

Махаббаттың  болмай  ма  деп  бола-

шағы,  –  деп  жырлаған  екенсің,  сол 

сезімнің түбіне жету мүмкін бе?

–  Шынымен,  махаббат  тақырыбы 

қашанда  өзекті.  Махаббаттай  ұлы 

сезімге арналған өлеңдерді қай ақын-

ның  шығармашылығынан  болмасын 

табуға  болады.  Махаббаттың  түбіне 

жету  –  мүмкін  емес!  Тек  адамға  ғана 

емес,  Аллаға,  отбасыңа,  достарыңа, 

жақындарыңа,  еліңе  деген  махаббат 

ұғымдарының  бар  екенін  ескерсек, 

ол сезімнің шексіз екеніне көз жеткізе 

аламыз.


– Өлеңдеріңді «жаман, жақсы» деп 

бөлген кезің болды ма?

– Болды. Кей өлеңдердің тілі ұнама-

са,  екінші  біреулерінің  тақырыбы  ұна-

май  жатады.  Жаңа  шыққан  туындыны 

əрине, бірден сынай алмаймын. Уақыт 

өте  келе  «Мына  өлеңнің  мазмұны  на-

шар»,  «Мына  өлеңдегі  ұйқас  мықты 

емес  екен»  деген  ойлар  туындап  жа-

тады.  Мұндай  жағдайда  бұл  кемшілік-

терді жоюға тырысамын.



– Əнге сөз жазады екенсің, осы ту-

ралы айта отырсаң.

– Иə. Шыны керек, əнге сөз жазамын 

деп ешқашан ойламаппын, ол жай ғана 

«орындалмас арман» сияқты көрінетін. 

Армандар  орындалады  екен.  Əнге 

сөзді  алғаш  осыдан  тура  бір  жыл  бұ-

рын жазыппын. Аты елімізге жайылған 

Мейрамбек Бесбаев ағамыздың шəкірті 

Райым Уайыс, Музарт тобының мүшесі 

Ерлан  Құлахмет,  еліміздің  жас  əнші-

сазгері  Ерхан  Алданазаров  пен  бетке 

ұстар  жас  актер  ағамыз  Елдар  Отар-

баевтың  орындауларындағы  əндердің 

сөзін жазу маған бұйырыпты. Оған қоса 

өлкеміздің керемет əнші қызы, ерекше 

дауыс иесі Əсел Құлжановамен де шы-

ғармашылық байланыстамыз. Осы күн-

ге  дейін  жазған  əндердің  бірқатарына 

жақын арада жаңа туындылар да қосы-

лып қалар.



–  Ақындықтан  басқа  қандай  қыр-

ларың бар?

– Əр қазақтың баласы өнерлі ғой, тек 

сол  өнерді  уақытылы  аша  білсек  бол-

ғаны.  Өз  басым  өлең  ғана  емес,  əңгі-

мелер, публицистикалық жəне ғылыми 

мақала  жазумен  айналысамын.  Оған 

қоса  аздап  əн  де  орындайтыным  бар. 

Болашақта  актерліқ  қабілетімді  ұшта-

сам ба деген ойым бар.

– Өмірде достарың көп пе?

– Достарым жоқ. Қазір қасымда жүр-

ген  адамдардың  бəрі  маған  туғаным-

дай болып кеткен. Мен ағам-əпкем деп 

үлгі  алатын,  «бауырым»,  «сіңлім»  деп 

жақсы  көретін  жандарымның  барына 

қуанамын.

–  Қандай  кітаптарды  оқығанды 

жақсы көресің?

– Көбінесе шетел əдебиетін оқимын. 

Əсіресе, орыс, түрік, ағылшын авторла-

рының  шығармаларымен  қазақ  ақын-

жазушыларының туындыларын салыс-

тырып оқығанды ұнатамын.



– Сүйіп оқитын жазушың жəне соң-

ғы оқыған кітабың?

– Сүйіп оқитын жазушыларым Мұхтар 

Əуезов пен Сəкен Жүнісов. Шетел жа-

зушыларынан  Эрнест  Хемингуэй  мен 

Пауло  Коэльоны  сүйіп  оқимын.  Соңғы 

оқыған кітабым Роллан Сейсенбаевтың 

«Бегство» атты кітабы.

–  Бүгінгі  қазақтың  жасы  қандай 

болу керек деп ойлайсың?

– «Мəңгі лаулап жану үшін ғаламда,

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,

Үлкен болып қалу үшін ғаламда,

Үлкен арман керек екен адамға» де-

мекші,


қазіргі қазақ жасы ең алдымен арман-

дай  білу  керек.  Арманына  қол  жеткізу 

үшін алдына зор мақсат қоя білу керек! 

Үнемі  ізденісте  жүріп,  мақсатын  орын-

дауда  алдына  жан  салмайтын  болса 

жəне «үлкен арманын» еліміздің бола-

шағымен  байланыстырса,  одан  артық 

не керек?!

– Мағыналы да қызықты сұхбат бер-

геніңе көп рахмет. Қаламың ұшқыр бол-

сын,  шығармашылық  табыс  тілеймін, 

жаңа туындыларың туа берсін!



– Əмин, рахмет!

Сұхбаттасқан Амангүл ТИЛЕЙ

Менің сені сағынып

Менің сені сағынып,

Сенің мені ұмытқаның белгілі.

Бүгін кешкен сағынышым – 

сағыныштың сеңгірі.

Нөсер көрген от сезімің неге 

өшті ертерек,

Таусылды ма дегбірі?

Көрініп ед біздерге

Тым жақын боп қос жүректің 

арасы.


Сенікі – бір, менікі – 

бір жыр жүректің дарасы.

Көзден кетіп қалсаң дағы, 

өшпей жатсың көңілден,

Шын ғашықпын шамасы.

Бір тіл қатшы сағынып,

Адастыршы мен бейбақты 

есінен.


Ажыратшы, үзіп алшы 

жалғыздықтың көшінен.

Жалған үміт, жалған сезім, 

естимісің барлығын…

…Барлығын да кешірем!

Қайда екенсің, бақытым?

Қайда жүрсің, амансың ба, 

білмедім…

Өмірімнің жыр есігін аштың, 

бірақ кірмедің…

Мен ұсынған төрді елемей, 

артық көрдің бір жанның

Жүректегі дүрмегін…

Оқырмысың, білмеймін…

Саған жазған кезекті 

өлең-хатымды…

Естірмісің кеше өзің жақын 

көрген жат үнді?!

Жұдырықтай менің бейбақ 

жүрегіме не дейсің,

Өшірмеген атыңды?!

Кешермісің, кеш десем…

Келермісің жүрек сені 

шақырса?


Жан арайым болармысың, 

мұнарланып таң тұрса?

Құшағыңды ашып қарсы 

аласың ба бұл жаным

Саған қарай талпынса?!

Жетім сұрақ барлығы…

Жауабы жоқ бірінің де 

бүгінде…


Үзіп алмақ менде ой жоқ 

үмітімнің түгін де…

Сен аман бол, мен де аман 

болайыншы, бəрібір

Бір боламыз түбінде!

Мен – Алланың 

құлымын, атым – Адам 

Мен – Алланың құлымын, атым – адам. 

Адамдықтың түсініксіз заты маған.

Құнды қағаз билеген бұл заманда

Не қалды ақша-алтынға сатылмаған?

Біреулер жүр айфон үшін бүйрек сатып,

Сүрінгенге күледі күйреп жатып…

Ойланбаймыз имансыздық түйреуішін

Ет жүрекке мəңгіге түйреп жатып.

Көрсоқырлар «шүберекті» əйел дейді.

Ал əйелдер «ақ-пəктігін» дəлелдейді.

Қыз қырғынның неліктен бас ауруын

Ақша менен көйлектер, сəн емдейді?!

Тəннен бұрын жанымыз қалжырайды.

Жұтып жатыр мəні жоқ əн-жыр айды.

Осы неге кір қағаздың кесірінен

Некедегі жұп арасы ажырайды?!

Көрмей өтіп туысты көшедегі

Киіледі үстіңе өр шинелі.

Адамдардың абыройы осы неге

Иман емес, қалтасымен өлшенеді?!

Ол болмаса, соңыңнан жан ермейді.

Мұңды жанды досың емес, əн тербейді…

Құрығыр бір теңгесі жетпей тұрса

Дүкендегі «апайың» нан бермейді…

Шірітуде ақша атомы қанымызды,

Сатамыз-ау шайтанға жанымызды… 

Көбейтуге асығамыз сауапты емес

Есеп шотта жиналған «санымызды»… 

«Имансыздық» дертіне шалдыққасын

Талайлар жүр сүйреп мисыз қалдық басын.

Жаны менен тілі жоқ «асыл» қағаз

Санасы бар біз бен сізден артық па шын?!

Жыр мұңайса, мен де 

бірге мұңайдым

Жыр мұңайса, мен де бірге мұңайдым 

Өлең –аққу, ал қараңғы түн-айдын.

Сен туралы жазбағалы, жарығым…

Көрініпті аппақ жүзі бір айдың…

Ойламаймын десем дағы ойдасың

Енді тағы сағынышқа құлаймын…

Сағыныш бұл махаббатқа сай ұғым

Сағынамын – осы ма еді айыбым?!

Есіп келем жалғыз сезім ескегін

Кешіп келем сенсіз өмір – Жайығын…

Ренжімеймін, жағада тұр, мен мінген

Болашақтың күтіп алсаң қайығын…

Ұшып кетті маңдайымнан бақ тағы

Бақытыма мендік сезім жақпады.

Сен – суретші, қылқаламың қолыңда

Шимайладың жүректегі тақтаны…

Соның бəрін өзің келіп өшірер

Атар ма екен өмірімнің ақ таңы?!

Бір қинайық деді ме екен екеуін?!

Оңайлықпен татпаспын бақ шекерін

Жүректегі сезімімнің білмеймін

Қаншалықты құр-бос, жалған, бекерін…

Бақытыңа жету үшін бір күні

Білем үміт үзбеу керек екенін…

Санап қалдым бақытымның бақырын,

Ал үнсіздік қиратты үміт шатырын.

Күнде көрем мен өзіңді түсімде

Ал өңімде арамызда шақырым…

Сенен көзді алмау үшін ешқашан

Кетсем бе екен мəңгі ұйқыға ақырын…


7

Таным


Химиялық және 

биологиялық қару

Ойланып  қарасақ,  қаруды  ойлап  тап-

қан  адамның  о  бастағы  мақсат-мұраты 

оң  болғаны  рас.  Өткен  дəуірлердегі  ба-

баларымызды  садағы  мен  айбалтасыз, 

найзасы мен шоқпарсыз елестету мүмкін 

емес.  Олардың  азығы  да  тыныш  өмірі 

де  осы  қарудың  арқасында  берекелі  де 

бейбіт  болғаны  белгілі.  Бүгінде  өркениет 

дамып,  адамдар  өздерін  «өркениеттіміз, 

мəдениеттіміз» деп асқақтайды. Өз-өзіне 

сенімді де заңғар адам бірін-бірі жою үшін 

нелер  сұмдыққа  барып,  жантүршігерлік 

өнертабыстар ойлап тауып келеді. Соның 

бірі – химиялық қару. Алғаш рет адамдар 

химиялық  қаруды  бірінші  дүниежүзілік 

соғыста  пайдасына  асырған.  Немістер 

осы соғыста газбен улау əдісін жиі қолда-

ныпты.  Осы  сынды  улы  қарудың  түрлері 

бүгінгі  бейбіт  заманда  да  көп  елдердің 

қолдарында жарақтаулы.

Ал  биологиялық  қаруға  келер  болсақ, 

оның  тарихы  ертеректе  жатыр.  1763 

жылы  америкалық  үндістерді  əдейілеп 

шешек  ауруымен  жұқтырып,  қырғынға 

ұшыратқан  деген  тарихи  мəлімет  бар. 

Ендігі  тарихи  деректерге  сүйенсек,  жа-

пондықтардың  Монғолия  мен  Қытайды 

жаулауға талпынған уақыттары қолданған 

тəжірибелерін  айтуға  болады.  Тəжірибе 

барысында  адамдарды  обамен  улаған. 

Биологиялық  қаруды  қолдану  турасында 

осы екі оқиғадан басқа ресми дерек жоқ. 

Алайда  биологиялық  қаруды  қолданыл-

ған теракттар болып тұрған. Əлі де көбінің 

есінде болар 2001 жылы АҚШ-та бірнеше 

мекен-жайға  сібір  жарасы  жұқтырылған 

хаттар  жолданған.  Ол  хаттарды  кейбір 

БАҚ кеңестері мен екі демократ-сенатор-

лар алып, нəтижесінде 5 адам дүниеден 

озды,  ал  17  адам  науқасқа  шалдықты. 

Биологиялық  қарулар  бойынша  халықа-

ралық  конвенция  1972  жылы  бұл  қауіпті 

де  қорқынышты  қаруды  кез  келген  сала-

да қолдануға қатаң тыйым салған. Ғылым 

күнделікті даму үстінде. Əр бір бес жылда 

адам өміріне өлім құштыратын биология-

лық  қару  түрі  пайда  болуда.  Соңғы  он-

жылдықта биологиялық қарудың тізімі өте 

сирек  кездесетін  ажалды  жұқпалы  дерт-

тер  түрімен  күн  санап  толығып  келеді. 

Тіпті санап та, еске сақтап та үлгермейсің.



Атомдық қару

Атомды зерттеу ХІХ ғасырдың соңында 

басталды.  Беккерель  уранның  радиоак-

тивтілігін,  Резерфорд  альфа  жəне  бета 

сəулелерін  ашады.  Адамзат  изотоптар-

дың  көп  түрін  біле  бастады.  Резарфорд 

пен  Содди  екеуі  бірлесе  радиактивті 

ыдыраудың заңын көпке жария етеді. Де-

генмен,  атомды  басқаруға,  адамзат  үшін 

пайдасына  қызмет  етуге  əлі  де  бірнеше 

онжылдықтар қажет еді.

1938  жылы  əлем  мəңгіге  өзгерді.  Міне 

осы тұстан бастап физика «қайырымды» 

жəне  «зұлым»  болып  екіге  жарылады. 

Біріншісі – адамға энергия қуатын берсе, 

екіншісі – қырып-жойғыш бомбаны береді.

Алғаш  зерттеулер  1945  жылы  өткен. 

Ядролық  тəжірибелі  сынақтарды  Күншы-

ғыс  елінің  бейбіт  халықтарына  жасалды. 

Адамды адам аяусыз ажалға құшу оқиға-

сы жаһанға Нагосаки мен Хиросима қала-

ларын əйгілі етті.

Ядролық  күш  күннен  күнге  қуаттай 

берді,  ал  халықаралық  қатынастар  шие-

леніскен  үстіне  шиелінісе  берді.  Содан 

бері əлем қаншама рет ядролық соғыстың 

дəл  алдында  тұрды,  ядролы  зымаранн-

дар  атқалы  тұрды.  Ядролы  қарулар  əлі 

де қынабын ажалға толтырып адам өмірін 

жалмауға дайын тұр.



Полиэтилен

Бұл  материалды  1899  жылы  Ганс  фон 

Пехман  ойлап  тапқан.  Полиэтиленге 

екінші рет өмір сыйлаған Эрик Фосет пен 

Реджинальду  Гибсон.  Алғашында  бұл 

өнертабысты телефон кабельдерін орау-

ға  арналған  еді.  1950  жылдан  бері  ғана 

затты орауға арналған материал ретінде 

қолданыла бастады.

Бір  қарағанда  полиэтиленді  кəдеге 

жарату  ядролық  қарудың  қасында  түкке 

тұрғысыз болып көрінеді. Əлбетте полиэ-

тилен ядролық қару сияқты жерді жылда-

мырақ  құртып  жібера  алмас.  Дегенмен, 

қолданылған  полиэтиленді  пайдаға  жа-

ратудың  жолдарын  қарастырмаса,  пла-

нетамызды  қоқысқа  орап  жіберуі  əбден 

мүмкін.  Ғалымдардың  есептеуінше  жер 

жаһан бойынша бір жылда 4 трлн. полиэ-

тиленді пакеттер қолданылатын көрінеді. 

Бұл  адамдардан  шығатын  күл-қоқыстың 

9  пайызы.  Оларды  өртеуге  болмайды, 

өйткені  одан  атмосфераға  шығаратын 

зиянды  заттар  химиялық  қарудан  кем 

болмайды. Өрттеу кезінде полиэтиленнен 

шығатын 800 микрограмм диоксиннен 80 

кг салмақты ер азамат бірден өлім құша-

ды.  Полиэтилен  қалдықтарын  көмуге  де 

болмайды.  Олар  жерге  ыдырамай,  мың-

жылдықтар бойы жерде қала береді.

Жыл  сайын  осы  полиэтилендердің 

кесірінен  теңіз  бен  мұхиттарды  мекен-

деушілердің 100 мыңға жуығы өледі. По-

лиэтилен  табиғатқа  сіңбей,  экологиялық 

теңгерімді бұзып келеді.

Көптеген дамыған елдердің дүкендерін-

де  полиэтилен  қабының  орнына  қағаз 

қап беру үрдісі пайда болуда. Мəселе бі-

реу-ақ – зиянды заттарды алмастыратын 

материалдар  қымбат.  Мəселен,  Израил, 

Ирландия  мен  Латвия  мемлекеттерінде 

полиэтилен қаптарына арнайы салық жү-

реді.

Адам өміріне қауіпті 

дәрі-дәрмектер

Алғашында  дəрілерді  ойлап  тапқан 

адамның  жүрегінде  ізгі  мұрат  болғаны 

шын.  Əсіресе  психологялық  ауруларға 

дерт болады деп ойлап табылған дəрілер 

бүгінде адамды үлкен тəуелділікке əкеліп 

отыр.  Соның  бірі  –  құрамында  d-лизер-

гинді  қышқылы  бар  дəрмектер  (ЛСД). 

1938  жылы  швейцарлық  ғалым  Альберт 

Хоффман кездейсоқ ойлап табқан. Тəжір-

бие  барысында  оның  терісі  арқылы  бұл 

дəрі  сіңіп,  ол  «психоделикалық  əсерге» 

ұшырайды.  Үш  күннен  кейін  ғалым  бұл 

дəріні саналы түрде қабылдайды.

Бұл дəрінің шипасынан гөрі, зияны көп 

екенін  клиникалық  тəжірибелер  анықта-

ды. Бұл дəріні ішіп алған адам агерссияға 

бой алдырып, жынданып, өзін-өзі өлтіруге 

дейін барады екен.

1965  жылы  препараттың  қолданысына 

тыйым салынады. Өкінішке орай бұл пре-

паратқа  одан  сайын  танымалдық  əкелді. 

Сол жылдары жастар арсында нашақор-

лық,  бұл  дəріге  тəуелділік  одан  сайын 

өрши  түсті.  Нашақорлық  сəнге  айналып, 

мəдениеттің  бір  бөлігіне  айналды.  Заты 

жаман  препаратты  Батыс  елдеріндегі 

беткеұстар  қоғам  қайраткерлері  насихат-

тай бастады. Хоффманнан бастап, жазу-

шы,  психлолог  дəрігерлер  де  қолдауды 

нысанаға алады. Сол дəуірдің жазушысы 

əрі психологы Тимоти Лари студенттеріне 

ескертпестен осы дəрілерді беруге дейін 

барады. Ағзадан тез-ақ шығып кеткенімен 

адам  санасында  өшпестей  ізін  қалды-

ратын  бұл  бəлекетті  бір  рет  қабылдаған 

адамның санасы оны ешқашан ұмытпай-

тын көрінеді. Сондықтан оны қалау бəрі-

нен басым болады.

Алюминий

Алюминийді  алғаш  рет  Ганс  Эрстед 

1825 жылы ашты. Ал 1886 жылы алюми-

ний  алудың  заманауи  əдістерін  Чарльз 

Холл мен Поль Эру жасап шығарды. Кəсі-

порындық өндіріс тек ХХ ғасырда бастал-

ды.

Бүгінде  алюмини  нарығы  болаттан 



кейінгі екінші орында. Жылына бұл жеңіл 

металлдың  40  млн.  тоннасы  өндіріледі. 

1 тонна алюминиді өндіру үшін атмосфе-

раға 40 кг жоғары токсинді фтор, диоксид 

сера, көмірсутек пен азоттың оксиді, ауыр 

металлдар тарайды. Адам ағзасына түс-

кеннен  кейін  бұл  заттар  іріңді  бронхит, 

өкпе  қабынуы  жəне  басқа  да  ауруларды 

қоздырады. Жалпы металлдың өзінің еш 

зияндығы жоқ.



Тізім жалғасы

Адамзат игілігіне бола ойлап табылып, 

кейін  адамзатқа  зиянын  тигізген  өнерта-

быстар тізімі мұнымен біте қоймас.

Бүгінде  ғаламда  мамандардың  мəлім-

деуінше  700  миллион  автокөліктер  бар. 

Орташа есептегенде, бір көлік жылына 4 

тонна оттегіні жұтып алады, есесіне 800 кг 

көміртек оксидін, 40 кг азот оксидін жəне 

200 кг газдарды шығарады. ДДҰ бұл өнер-

табыс түрі адам өмірін 4 жылға қысқарта-

ды деп дабыл қаға айтады.

Күнделікті  ұстап  жүрген  ұялы  телефон 

да мамандардың айтуынша жөнсіз қолда-

на берсе қатерлі ісік, басқа да аураларды 

тудырады. Сондай-ақ оны жасап шығару 

үшін  су  қоймаларына  қоршаған  ортаға 

зиянды  зат  –  перфтороктанды  қышқыл 

төгіледі. Əлемде қаншама су қоймалары 

уланып, қаншама су тіршілігіне зақым ке-

леді.  Мұндай  оқиғалардың  бірін  білсек, 

бірін біле бермейміз.

Қоғамдағы  өте  жылдам  дамып  келе 

жатқан  өзгеріс  қарқынымен  азық-түлік 

өндірісінің  сапасы  төмендеп  келеді. 

Өндірістік дəуірмен бірге тағамның таби-

ғылығы  да  төмендеді.  Дамыған  елдер-

де  табиғи  тағам  өте  тапшы.  Тағам  таби-

ғилыққа  жақындаған  сайын  қымбаттай 

береді.  Өйткені  өндірісті  қолжетімді  ету 

үшін арзан химиялық қоспаларды қолда-

ну керек болды. Мамандардың зерттеуін-

ше синтезді химиялық қоспалар балалар 

өнімдеріне көптеп қосылады екен. Мұның 

салдарынан  адам  денсаулығы  күрт  тө-

мендеді, ауруларға қабілетсіздік артты.



PS.  Заман  тым  жылдам  қарқын-

мен  дамып,  бір  қарағанда  тұрмыс 

жеңілденіп  келе  жатқан  сыңайлы. 

Баяғыдай  əйелдер  сиыр  саумай-

ды,  тезек  жасап,  отын  термейді, 

еркектер  ағаш  жарып,  су  тасымай-

ды, мал бағып, жүйрік баптамайды. 

Тізе  беруге  болады,  əрине.  Тұрмыс 

əлдеқайда жеңілденді, кір жуып, қа-

зан  аңдып  отырған  əйелді  бүгінде 

кір  жуғыш  мəшинелер  мен  мульти 

қазандар  алмастырған.  Айлық,  са-

ғаттық  жолды  қысқарттық,  адамды 

табу  да  бүгін  сөз  емес.  Сабылып 

жүріп,  оның  соңында  жүрмейсің, 

телефон  арқылы  хабарласуға  да 

болады.  Бұл  тұрмыстың  өтеуі  өте 

қымбат екенін өнертапқыштар, қол-

данып  жүрген  адамдар  түсіне  ме? 

Ауылда таза өнім жеп, таза ауа жұ-

тып, қара еңбекпен айналысып жүр-

гендерге  қызығатын  заман  туды. 

Өйткені  мұндай  өмір  салты  адамға 

ұзақ  өмір  мен  мықты  денсаулыққа 

кепіл бола алады.

Жанар ƏБДІҚАЛИҚЫЗЫ

АДАМЗАТҚА ҚАУІП 

ТӨНДІРГЕН ӨНЕРТАБЫСТАР

Ғалам өте жылдам қарыштап дамып келеді. Әр жиырма жыл сайын жаңа технологиялық дәуір орнауда. Компьютер, ғаламтор, 

ұялы телефон қызметтері жыл санап өсіп келеді. Алайда осы өнертабыстардың өмір қажеттіліктеріне жауап бергенімен, барлығы 

да адам өміріне пайдалы бола бермейтін көрінеді. Тіпті өте зиян деп айтсақ та қателеспейміз.

МЕНШІК ИЕСІ:

С.Торайғыров 

атындағы Павло-

дар мемлекеттік 

университеті

Редактор: 

Жанар Елешова



Дизайнер: Н. Яницкая

Тілшілер: М. Амантай, 

А. Тилей, Ə. Абетжанова, 

Н. Рабилова.

Ақылдастар алқасы: 

Қ. Алдабергенов, Ж. Бижан, 

А. Тойшыбайұлы, А. Эсеналиева.

Редакция мекен-жайы:

Павлодар қ., Ломов көшесі, 64, 

каб.427-А, тел.673648

• ГАЗЕТ  Қазақстан Республика сы ның 

Мəдениет жəне ақпарат ми нистр -

лігінде есепке алынып (04.12.2008), 

ол туралы №9722-Г куə лігі берілген.

• ГАЗЕТ бетіндегі автордың 

мақала лары, хаттары редакция ның 

көзқарасын білдірмейді

• ГАЗЕТ  Павлодар облыстық 

«Баспасөз үйі» ЖШС баспаханасын-

да басылды. Павлодар қ., Ленин к., 

143 үй, тел. 61-80-26

• ГАЗЕТ айына бір рет шығады, 

таралымы 500 дана. 

Тапсырыс № 2379



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет